4-тапсырма Ойлау дизайны әдісін пайдалану үшін түйткілді мәселені анықтап алуымыз қажет. Бұған да ерекше мән берген жөн, себебі міндет дұрыс болса, нәтижесіде оң шешімін табады. Мұғалім қай жерде, қай салада іздену қажет екенін айтып береді. Ойымызды жинақтап алу үшін төмендегі үлгіні толтырайық. Дизайнға қажет дүниені табу үшін алдымен мәселені анықтап алу керек. О л кейде арман-тілек түрінде (Мектебімізде ... болғанын қалаймын) болуы мүмкін. Кейде көңілі толмаған дүниені өзгерткісі келуі мүмкін (... болғаны ұнамайды). Екі нұсқа да дұрыс. Мұғалім ұсынған бағытты негізге алып, топ ішінде арман-мақсаттарыңды айтып, талқылаңдар. Бастапқыда ол көп болсын. Сонан соң бірнеше ұсыныстардың міндетін анықтаңыздар. Ол үшін не істеу керектігін нақтылап алыңдар. Сонда міндет айқын болып, түрлі жолдарын ойластырасыңдар. Кейін әрі қарай жұмыс істегенге лайық бір нұсқаны таңдап алыңдар. Жобаңды қысқаша сипатта. Сипаттама басқаларға түсінікті болуы керек (тапсырманы басқа адамға беретіндей етіп сипаттаңыз). Түйткілді мәселені көрсетіп, оған не себеп болғаны, оны қалай реттеуге болатыны туралы жазыңыз. Кеңес: мәселені қарапайым тілмен, бәрі оң шешімін табатындай етіп сипаттаңыз. Мәселе ауқымды болған сайын нәтижелері де бөлек болады.
Жобаны жоспарла
Ойлау дизайны үдерісі алуан түрлі болып келеді, ол бір күннен кейін, бір аптадан кейін немесе бір жылдан кейін т.с.с. жүзеге асуы мүмкін. Мүмкіндіктер мәнін жете түсіну, сондай-ақ тұжыр ымдаманы пысықтау деңгейі сіздің жобаңыздағы жұмыс ұзақтығына байланысты өзгеріп отырады.
«Кіріспе» бөлімін қорытындылай отырып, кестені толтыру тапсырмасы бар. Аталған тапсырма оқушыларды проблеманы және оларды шешу мүмкіндіктерін көру қабілеттілігін жаттықтыру үшін ұсынылған. Бірінші кезде сіз кестеде жазылғандай, өз мектептерінің мысалдарында жаттыға аласыз. Сонымен бірге, басты міндет сыныпты 5 адамнан оқушылар топтарына бөлу қажеттілігі болып табылады. Әрбір топ бүкіл тоқсанбойы дизайн-ойлауды пайдаланумен беліглі проблеманы шешу үшін бірігуі тиіс – барлық тәжірибелік жұмыстарды олар өз жобаларының мысалында орындайды.
Сіз оларға проблемаларды немесе міндеттерді өздігінен бере аласыз, барлық топқа біреуін анықтай аласыз (бірақ мұндай жағдайда оқушылардың жасампаздығы төмендейді). Міндеттер әртүрлі болуы мүмкін: оқушы үшін ең үздік портфель, такси жүргізуші үшін ең үздік әмиян, асхананы қалай супер танымалды ету, күнделікті ұлттық киім-кешек, мектеп оқушылар үшін сервис мысалы ретінде және т.с.с. Келесі сабаққа ұқсас топтар және жұмыстар тақырыптамасы дайын болуы тиіс.