«Компания стратегиясы және оның бизнес-үдерістерге қалай әсер ететіні | Naked BPM» бейне сабағын қашықтықтан және өз бетінше зерттеу үшін беріледі:https://youtu.be/cQkV5pE0prg
Бағалау
Сабақ барысында өзін-өзі бағалауды және өзара бағалауды ұйымдастыру. Оқушылар үшін onlinemektep.org. платформасында тапсырмаларды орындай отырып, қалыптастырушы бағалау жүргізуге болады.
Дескрипторлар:
Дамудың базалық стратегияларының мәнін түсінеді.
Экономикалық өсім, ЖІӨ, ЖҰӨ мәнін түсінеді.
Бизнес дамуының интен- сивті және экстенсивті тәсілдерін ажырата алады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
Бизнесті дамытудың қандай стратегиялары бар?
Шоғырланған өсу стратегиясының ерекшеліктері неде?
Интеграцияланған өсу стратегиясының ерекшеліктері неде?
Әртараптандырылған өсу стратегиясының ерекшеліктері неде?
11.4.2.1. Дамудың базалық стратегияларының мәнін түсінеді.
11.4.2.2. Экономикалық өсу, ЖҰӨ, ЖІӨ мәнін түсінеді.
11.4.2.3. Бизнес дамуының қарқынды және экстенсивті тәсілдерін танып біледі.
Сабақтың мақсаты
Экономикалық өсімнің, ЖІӨ, ЖҰӨ мәнін түсіндіреді.
Бизнесті дамытудың қарқынды және интенсивті тәсілдерін ажырата білуге үйретеді.