«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет128/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Сақтау шартынын нысаны. Сақтау шарты ауызша және жай жазбаша нысанда да бекітілуі мүмкін. Жазбаша нысаны өз бетінше толтыру жолымен немесе заңнамамен көзделген жағдайларда, сақтау құжатының барлық талап етілетін реквизиттерін сақтау жолымен алады. Ауызша нысанда сақтаудың тұрмыстық қызмет көрсетуге де шарттары бекітіледі. Сондай-ақ, ауызша нысанда заттарды қысқа мерзімге вокзалдардың, әуе жайлардың мекемелердің, кәсіпорындардың, тетатрлардың, мұражайлардың стадиондардың, асханалардың және т.б. сақтау камералары мен киім ілгіштеріне сақтаушының нөмірлерді, жетондарды және басқа да заңды деп танылған белгілерді беруі арқылы тапсыру жүзеге асырылады. Бұған қоса заттарды төтенше жағдайлар кезінде (өрт, су тасқыны және т.б.) сақтауға өткізу де ауызша нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

Аталған жағдайларды қоспағанда сақтау шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылған болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледі.

Егер шарттың заңмен көзделген нысаны сақталса не сақтаушы шарттың жасалу, оның орындалу фактісін дауламаса, онда сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жагдайда куәгерлік айғақтарға жол беріледі. Заттарды төтенше жағдайлар кезінде сақтауға өткізу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткізілген заттардың құнына қарамастан куәгерлік айғақтар бойынша дәлелденуі мүмкін.

Сақтау шартының мерзімі. Сақтауды реттейтін АК нормаларының мағынасына сәйкес сақтау шарты қысқа мерзімді ретінде бекітілуі мүмкін. Мерзімдік белгісі бойынша дәл осы шарттарды бөлудің тәжірибелік маңызы бар. Бұл олардың нысанының ерекшеліктерімен байланысты (оларды ауызша бекітуге мүмкіндік беретіндігімен). Қандай мерзімнің қысқа болып табылатындығы көрсетілмеген кейбір жағдайларда шарт мерзімі қалыптасқан жағдайдан айқындалуы мүмкін. Мәселен, театрдың стадионның мұражайдың киім ілгішіне сақтауға өткізілетін зат соларда болатын уақытқа ғана сақталады. Зат көлік ұйымдарының сақтау камераларына өткізілгенде сақтау мерзімі сақтаудың тиісті ережелерімен анықталады және бірнеше тәуліктен аспайды.

АК 773-бабында сақтау шартын талап етілмелі мерзімге немесе мерзімін көрсетпей бекіту мүмкіндігі туралы айтылады. Онымен қатар жоғарыда атап өтілгендей сақтаудың мерзімді шарттары да мүмкін.

Соңғыларының мерзімі сақтаушы міндеттерінің уақыт ішінде шектерін анықтайды. Басқа тұстарында ол талап етілмей немесе мерзімсіз шарт сияқты әрекет ете алады. Тек, мерзімді шарт бойынша сақтаушы мерзімнің аяқталу сәтіне затты қайтарудың барлық жағдайларын (мүмкіндіктерін) қамтамасыз етуге міндетті екенін есте ұстаған жөн. Өз кезегінде жүк беруші де құқық бұзушы рөлінде болып қалмас үшін мерзімнің аяқталу сәтінде затты алуға тиіс.

Талап етілмелі шарттың мәнісі - жүк берушіге шартты кез келген уақытта, шартты бұзумен сақтаушыға келтірілген шығындарды оған жүктеу қаупінсіз, бұзу құқығы берілетіндігінде. Талап етілмелі шарт мерзімді де мерзімсіз де сақтау шартының элементтерін қамтуы мүмкін.

Талап етілмелі шарттың бекіту сақтаушының да құқықтық жағдайын өзгертеді. Егер зат талап етілмелі сақтауға өткізілген болса (шарт мерзімі оны бекіту жағдайларынан туындайды), сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегі сақталу мерзімі өткен соң жүк берушінің заттарды қайтып алуын талап етуге құқылы. Сақтаушы, сонымен бірге, жүк берушіге затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім беруге міндетті.

Мерзімсіз сақтау шартының құрылымы сақтаушы мен беруші мүдделерінің теңдігіне негізделеді. Сақтауды аяқтаудың дәл қажетті мерзімі туралы сенімді емес жүк беруші сақтаушымен затты сақтау бойынша сақтаушы міндетінің жоғарғы шегі формальді түрде шектелмейтіндігі туралы келісімге келе алады. Осыған сүйене отырып, жүк беруші өзінің белгілі бір өзекті сатып алушыны тауып әкелуі мүмкін, оның өндірістік мақсаттарда пайдалануы мүмкін және т.с.с.

Сонымен бірге, сақтаушының мүддесіне затты шексіз сақтау кірмейді. Соның салдарынан, талап етілмелі шарт кезінде сияқты, сол бір немесе өзге жағдайларда әдеттегі мерзім өтіп кеткенде, сақтаушы жүк берушіге затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім бере отырып, оны қайтып алуды талап етуге құқылы болады. Сақтау шарты талап етілмелі шарт ретінде анықталмаған жағдайларда, жүк беруші де, шарт бойынша сақтаудың өзге мерзімі көзделсе де, кез келген уақытта затты сақтаушыдан талап етуге құқылы. Бірақ жүк беруші, егер шартпен өзгеше көзделмесе, сактаушыға мерзімінен бұзу салдарынан келтірілген шығындарды өтеуге болады.

Сақтау шартының субъектілері (тараптары). Жоғарыда атап өткеніміздей, сақтау шарты жеке тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандырушы бола алады. Бұл азаматтың ұзақ іссапарға кетуіне байланысты өз туысқанын (танысын) затты сақтауға қабылдауға өтінетін жағдайларда орын алады. Бұл сақтауға үй-жануарларын өсімдіктерді не т.б. беруге қатысты болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда сол бір заматтар қандай да бір объективті не субъективті себептер бойынша ломбард мекемелеріне (теле- радио жабдықтарын сақтау үшін) арнайы құрылған фирмаларға, асыл тастар мен металлдардан жасалған бұйымдарды, құжаттарды сақтау үшін банктерге жүгінетін болады. Сақтау жоғарыда аталғандай кәсіпкерлік айналым қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін сақтау шешуші маңызға ие. Егер тиісті түрде жабдықталған қоймалар пайдаланылмайтын болса, онда ауыл шаруашылық өнімін өндірудің өзі мағынаға ие болмайды, өйткені өнім бүлініп кетеді.

Сақтау шартының қолданылу аяларын қосымша сипаттау оның субъектілік қатарын айқындау мақсатында беріліп отыр. Аса көп жағдайларда сақтаушылар ретінде де жүк берушілер ретінде де азаматтар шыға алады (тұрмыстық сақтау). Кейде шартты азамат-тармен жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлға ретіндегі ұйымдастыру-шылық құқықтық нысандағы кәсіпкерлер, ломбардтар, банктер бекітеді. Бұл сақтау шартының тұтынушылық сипатын қамтамасыз етеді. Заңмен көзделген жағдайларда, кәсіби сақтаушылар жекелеген заттарды сақтауға лицензия алуға тиіс.



Коммерциялық болып табылмайтын заңды тұлғалар (мекемелер) сақтау қатынастарына тек сыртқы киімді, сөмкелерді, қол шатырларды, бас киімдерді және т.б. орналастыру үшін ғана түседі. Кейбір жағдайларда олар сақтауды (міндеттемені, сақтау шарты емес) іс жүргізушілік заңнама өзге де заңнама (мәселен табылған заттар орны (стол находок) нормаларының әрекет етуіне байланысты немесе өзінің арнайы құқық қабілеттілігін жүзеге асыру аясында жүзеге асырады. Коммерциялық емес заңды тұлғалар өздерінің уақытша бос тұрған үй-жайларын сақтау қызметтеріне мұқтаж субъектілермен сақтау жасасудың белгіленген режимін сақтауға міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет