Байланысты: « аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-
Лизинг шартыныц элементтері. Лизинг шартының тараптары ретінде лизинг беруші және лизинг алушы қатысады. Лизинг беруші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алушыға беретін лизинг мәмілесіне қатысушы. Лизинг беруші ретінде заңды тұлғалар және жеке кәсіпкер ретінде танылатын жеке тұлғалар болуы мүмкін. Лизинг шарттарында коммерциялық емес заңды тұлғалардың лизинг беруші ретінде қатысуы шектеледі, ол олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді, себебі, алдында көрсетілгендей лизинг шарты мамандандырылған мінезі бар қаржылық (кәсіпкерлік) кызметті қамтамасыз етеді.
Лизинг алушы-лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмілесіне қатысушы. Олар, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Мәміленің үшінші қатысушысы - сатушы, лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты және (немесе) лизинг шарты негізінде оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің өткізетін лизинг мәмілесіне катысушы.
Сатушы бір мезгілде лизинг нысанасының лизинг алушысы ретінде (қайтару лизингі) іс-қимыл жасай алады. (Қазақстан Республикасының Қаржылық лизинг туралы Заңының 2-6).
Лизинг шартының пәні ретінде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын жарамды, тұтынылмайтын заттар болуы мүмкін. Оларға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және т.б. жатады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.