«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет26/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Лизинг шартын өзгерту және бұзу. Лизинг шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша өзгертілуі немесе сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. Мерзімінен бұрын бұзылуының негізі жалпы ережелерге сүйенеді. Олар болып, лизинг беруші немесе лизинг алушы шарттың елеулі жағдайларын бұзғандығы болып табылады.

Кәсіпорындарды жалдау шарты. Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін кәсіпорынды ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпорынды толығымен біртұтас мүлік кешені ретінде пайдалануға, оның ішінде құқык иесінің фирмалық атауына және (немесе) коммерциялық белгісіне, қорғалатын коммерциялык ақпараттың құқығын, сондай-ақ жалға берушінің басқа тұлғаларға беруге құқығы жоқ құқықтар мен міндеттерін қоспағанда, шартта көзделген басқа да айрықша құқықтық объек-тілерді - тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін және т.б. (айрықша құқықтар кешенін) беруге міндеттеледі.

Кәсіпорынды жалдау шарты консенсуалды, өзара және қайтарымды шарт болып табылады.



Кәсіпорынды жалдау шартының нысаны. Бұл шарт заңға сәйкес жазбаша нысанда жасалады. Жазбаша нысанда жасалатын басқа шарттардан айырмашылығы кәсіпорынды жалдау шарты кәсіпорынды сатып алу-сату шартымен бірдей оған тараптар қол қойған бірыңғай құжаттарды жасау жолымен жүргізіледі. Кәсіпорынды жалдау шартының талап етілетін жай жазбаша нысанының сакталмауы шарттың жарамсыздығына әкеліп соқтырды.

Кәсіпорынды жалдау шартының элементтері. Кәсіпорынды жалдау шартының тараптары болып азаматтық-құқықтың әртүрлі субъектілері - жеке және заңы тұлғалар бола алады. Көбінесе мұндай қатынастарға кәсіпкерлік қызметтің субъектілері кіреді.

Шарттың нысаны болып кәсіпорын табылады. Ол бұдан бұрын көрсетілгендей (кәсіпорынды сатып алу-сату шарты бойынша) өзінің жұмыс істеуіне қажетті мүліктің барлық түрлерін өз құрамына кіргізеді: ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, шаруашылық қосымша заттарды, шикізат, өнімдерді, учаскелеріне құқықтарды, талап құқықтарын, қарыздарды фирмалык атауына, тауар белгісіне және басқа да интеллектуалдық меншікке құқықтарды. Сонымен, кәсіпорын құрамына азаматтық құқықтар объектісінің екі топтары кіреді:

1) заттар; 2) мүліктік қүқықтар.

Бұл мүлікті жалга бергенде заттардың құқықтық режимін және мүліктік құқықтардың құқықтық режимін, соның ішінде интеллектуалдық меншікке құқықтарды жүзеге асырудың тәрті-бін сақталуды талап етеді. Жалдау шарты бойынша, талап етуге құқықтың берілуінің ерекшелігі жалға берушінщ атынан жалға алушы оларды алады және жалға берушінің борышкерлері қа-рыздарды қайтару арқылы пайда болған мүлікке меншік құқығы емес, жалдау құқығы бекітіледі. Мүліктік кешен-кәсіпорын құ-рамына кіретін тектік тұтынылатын заттар мүлік жалдаудың ны-санасы болып объективті бола алмайды.



Кәсіпорынды жалдау шартыньщ мазмұны. Жалға беруші мүлік жалдаудың басқа да шарттары бойынша жалға алушыға мүлікті беруге міндетті. Жалға берушіге кәсіпорынды жалға беруге дайындықпен байланысты ауыртпашылықтар жүктеледі. Оны беру өткізу актісі бойынша жасалады. Өткізу актісін жасау мен қол қоюға ұсынуды қоса алғанда жалға берушінің міндеті болып табылады және оның есебінен жүзеге асырылады. Егер кәсіпорында борыштар болса, кәсіпорын жалға алушыға жалға берушіден міндеттемелерді тоқтатуды немесе мерзімінен бұрын орындауды талап еткен несие берушілермен есеп айырысу аяқталғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.

Жалға алушының басты міндеті жалданған кәсіпорынды шарт жағдайларына және оның құрамына кіретін мүліктің тағайындалуына сәйкес пайдалануды және арендалық төлемдерді (ақыны) төлеуде болып келеді.

Кәсіпорынды жалдау шартының кәсіпкерлік сипаттамасы болған соң кәсіпорынның құрамына кіретін мүлікке билік ету бойынша жалға берушінің құқықтарды едәуір кеңейтілген ҚР АҚ 578-бабының мағынасы бойынша жалға алушы, жалға берілген кәсіпорын мүлкінің құрамына кіретін материалдық құндылық-тарды (олар айналып қаражаттарына жатса) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушінің келісімінсіз сатуға, айырбастауға, не қарыз етіп беруге құқылы. Бірақ осының нәтижесінде кәсіпорынның құны азаймауы тиіс. Негізгі қорларды (қаражаттарды) жалға алушы уақытша пайдалануға, қосалқы жалға бере алады немесе осындай мүлік арендасының құқықтары басқа тұлғаға берілуі мүмкін. Жалға алушының мүлікпен осылай билеуі өзге тұлғалар құқықтары бұзылуына (кемсітілуіне) әкелмеуге тиіс. Егер жалға берушінің немесе басқа тұлғалардың мүддесіне залал келтірілетін болса, жалға алушы оны өтеуге міндетті. Шартпен немесе заңмен жалға алушының мүлікті билік етуге құқықтары шектелуі мүмкін.

Жалға алған мүлікті пайдалану үшін ақы шарт жағдайларына сәйкес төленеді, егер олар шартта қарастырылмаса, онда ақы мүлік жалдау шарттары бойынша ақы төлеу тәртібін бекітетін АК нормаларына сәйкес төленеді. Ең қолданымды (қолайлы) ақы нысандары болып ақшалай төлемдер жәөне өндірілген өнімнің белгілі үлесін бөліп беру келеді. Сондай-ақ, егер жалға алушы мүлікті жақсартатын болса, онда ол жасалған жақсартулардың құнын арендалық төлемдердің есебіне жатқыза алады.

Кәсіпорынды жалға алушының қүқықтарының көлемдігі тағы да мынадан көрініс табады. Жалға алушы жалға алынған мүліктік кешеннің құрамына өзгерістер енгізуге, оны қайта құруға, кеңейтуге, техникамен қайта аспаптауға құқылы және осының барлығы жалға беруішнің келісімін талап етпейді.

Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы тараптардың арасында басқа мүлік жалдау шартта-рының көпшілігіне қарастырылмаса, онда мүлікті күтіп ұстау ауыртпалығы толығымен жалға алушыға жүктеледі. Сондыктан оның үйлесуі туралы біз шартты айтып отырмыз. Кәсіпорын арендаторы шарт күшінде болатын барлық мерзімде кәсіпорынның тиісті техникалық күйін қамтамасыз етуге тиіс. оны ағымдағы және күрделі жөндеуін жүргізеді. Осымен бірге жалға алушы жалға алынған мүлікті тұтынумен (пайдаланумен) байланысты барлық өзге де шығындарды көтеруге міндетті.

Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда кәсіпорын тұтастай мүлік кешені ретінде ережелерді сақтай отырып жалға берушіге қайтарылуға тиіс. Өткізу актісін жасауды және оны қол қоюға табыс етуді қоса алғанда, кәсіпорынды жалға беруге дайындау, егер шартта көзделмесе, бұл жағдайда жалға алушынын міндеті болып табылады және соның есебінен жүзеге асырылады.

Жалға алушы кәсіпкерлік қызмет субъектісі болған соң оған берілген мүліктің сақтығы үшін кінәсіз жауапкершілікті қатерді жәме мүліктің жойылуы немесе бүлінуі бой бермейтін (дүлей) күштердің салдарынан болғанын дәлелдегенде ғана жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет