«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) Оқу-әдістемелік кешен Семей



бет27/151
Дата25.04.2022
өлшемі0,87 Mb.
#32259
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   151
Байланысты:
« аза стан Республикасыны Азаматты ы ы» (Ерекше б лім) О у-

Көлік кұралдарын жалдау. Көлік құралын (уақытша кеме жалдау) басқару және техникалық пайдалану бойынша кызмет көрсетуімен жалдау шарты (көлік құралын экипажымен жалдау шарты) бойынша жалға беруші жалға алушыға ақы төлетіп, көлік құралын уақытша иеленумен пайдалануға беруге және өз күшімен оны басқару мен техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетуге міндетті.

Көлік құралын экипажымен жалдау шартының мерзімі. Мүлік жалдау шартының бұл түрі белгілі мерзімге жасалуға мүмкін. Аренданың ақырғы (ең ұзақ) мерзімі шектелмеген. Осы-ған байланысты, бұдан бұрын аренда мерзімі туралы айтылған пікірлерімізге назар аудару қажет. Көлік құралын экипажымен жалдау шарттары мерзімі көрсетілмей (белгісіз, анықталмаған мерзімдерге) жасалуы мүмкін.

Көлік құралын экипажымен жалдау шартының элементтері. Шарттың нысанасы көліктік заңнама негізінде көлік түрлеріне жатқызылған көліктің данасы әуе, автокөлік, теміржол, ішікі су көлік құралы ( Казақстан Республикасында көлік туралы "Заңның 1-бабына сәйкес, көлік оның аумағында тіркелуге тиіс).

Шарттың тараптары азаматтық-құқықтық қатынастары-ның кезкелген субъектілері. Бірақ, жалға беруші тарап көлік құ-ралын жалға беру үшін, оны меншік құқығымен немесе езге де заттық құқығымен иелену керек.

Көлік құралын экипажымен жалдау шартыньщ мазмунын осы мүлік жалдау шартының түрінде тараптардың құқықтары мен міндеттерін (жалға берушінің және жалға алушының) жалпы және ерекше сипаттағы нормалардың әсерін ескерген кезде нақ-ты болады. Көлік құралы экипажының құрамы және оның биіктілігі тараптар үшін міндетті ережелер мен шарттың жағдайларына, ал егер тараптар үшін міндетті ережелермен мұндай талаптар белгіленбесе - көлік құралының осы түрін пайдаланудың әдеттеп практикасы талаптарына және шарттың жағдайларына сай келуге тиіс.

Қазақетан Республикасының Азаматтық кодексінің 588-6. 3-тармағымен экипаж мүшелері жалға берушімен еңбек қатынас-тарын сақтап қалатыны көзделеді. Бұл негізінен өте маңызды заңды ескерту, ол көлік жалдау шартының бүкіл заңды тегіне жүзеге асуына мүмкіншілік береді. Оның болғанының нәтижесінде жалға беруші көлік құралының жағдайына да басқару және пай-далану бойынша қызмет көрсетуіне де толық жауапты болады. Осы айтылған нормаға сәйкес, экипаж мүшелері жалға берушінің басқару мсн техникалық пайдалануға қатысты өкімдеріне бағынады. Егер өкімдер көлік құралын коммерциялық пайдалануға қатысты болса, онда экипаж жалға алушының өкімдеріне бағынуға тиіс.

Азаматтық кодекс экипаж мүшелерінің көрсеткен қызметіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды және оларды ұстау жөніндегі шығындарды көтеруге қатысты диспозитивтік нормасын қарастырады. Жалпы ереже бойынша осы міндет жалға берушінікі болып табылады. Тараптардың келісімі бойынша ол жалға алушыға жүктелуі мүмкін.

Жалға берушінің келесі міндеті пайдаланылатын көлік құралының бұзылу немесе жойылу қаупінің дәрежесі жоғары болатынына байланысты орнатылады. Жалға беруші көлік құралын немесе оны пайдалануға байланысты орын алуы мүмкін залал үшін жауапкершілікті сақтандыруға міндетті болады. Осы міндетті орындамауы жалға берушіні көлік құралы іске жарамсыз болып қалуына байланысты қолайсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.

Жалға алушы (немесе басқа тарап) көлік құралын коммерциялық пайдалануға байланысты туындаған басқа да шығындарды көтеруге міндетті. Жалға алушы жалға алынған көлік құралын коммерциялық пайдалануды жүзеге асыруда жалға берушінің келісімінсіз өз атынан үшінші, тұлғалармен, егер олар жалдау шартында көрсетілген көлік құралдарын пайдалану мақсаттарына, ал егер мұндай мақсаттар белгіленбесе көлік құралының мақсатына қайшы келмесе, тасымалдау шарты мен өзге де шарттар жасауға құқылы. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 591-б).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет