Бөлшектеп сатып алу-сату шарты
Тауар сату жөніндегі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кәсіпкерлік қызметке байланысты емес, әдетте жеке өзіне, отбасында, үйінде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге міндеттенеді (ҚР АК 445-бабы).
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт (Азаматтық кодекстің 445-бабының 2-тармағы). Оның осы қасиетіне байланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кәсіпорын немесе қандай да болсын кәсіпкер кезкелген шарт жасауға міндетті. Заңдарда (заңнамада) қарастырылғанды қоспаған кәсіпкер бөлшек сатып алу-сату шарттарын жасағанда бір тұлғаға өзге тұлға алдында артықшылық жасауға құқылы емес. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бірдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса тұтынушылардың бөлек санаттары үшін жеңілдік жасалуы мүмкін. Кәсіпорын тауарды беру мумкіншілігі бола тұрып бөлшек сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартса, тұтынушы өзіне негізсіз бас тартумен келтірілген шығындарды өндіріп ала алады.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы (оферент) бұл сатушы, ал шарт жасасу туралы ұсыныс (оферта) деп аталады. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты тараптар шарттың заты, бағасы және тиісті қажеттілігі туралы кемінде бір тарап айтатын өзге жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап жасалған болып табылады.
Ұсынысты қабылдау (акцепт) туралы айтып кетейік. Сатып алушы тарабының ол көпшілік жағдайларда тауардың бағасын төлеу арқылы жасалады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны. Әдетте бөлшектеп сатып алу-сату шарттарының нысаны ауызша болып келеді, сонымен қатар бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігі де жоққа шығармайды. Жазбаша нысан тараптардың құқықтары мен міндеттері болашақ уақытқа арналса орынды болып келеді. Мысалы, тауарлар алдын-ала тапсырыстар негізінде, пошта арқылы жіберу жолымен сатылады, жеңіл автокөлік сатылады ж.б.
Егер заң актілерінде немесе бөлшектеп сатып алу-сату шартында, соның ішінде сатып алушы қосылатын формулалардың немесс өзге де стандарттық нысандарының талаптарында өзгеше белгіленбесе, сатушы сатып алушыға касса немесе тауар чегін немесе тауарға ақы төленгенін растайтын өзге де құжатты берген кезден бастап бөлшектеп сатып алу-сату шарты тиісті нысанда жасалған болып ессптеледі. Аталған құжаттардың сатып алушыда болмауы оны шарттың жасалғандығын және жағдайларын растау үшін куәлік айғақтарға сүйену мүмкіндігінен айырмайды.
Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң төмендегілерді реттейді: тұтынушылардың тауар туралы ақпарат алуы кезіндегі қарым-қатынасты, сапаға сәйкес келетін тауар ауыстырып алуды, тұтынушылардың оларға сапасы тиісті болып келмейтін тауар сатылғанына жұмыстар орындау, қызмет көрсету туралы шарттардың бұзылуына байланысты құқықтары, тұтынушылар өздерінің өмірімен денсаулыққа құқықтарын асырғанына байланысты қатынастарды.
Жоғарыда аталғандар мен оның элементтері бөлшек сатып алу-сату шарттарындағы тараптар қарым қатынастары ерекшелігінің түйінін құрайды.
Шарт бойынша, сатушы болып тек қана кәсіпкер тауарларды сататын ұйым немесе азамат табыла алады.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысанасы айналымнан алынып тасталмаған кезкелген заттар болуы мүмкін. Олардың қатарына жеке сипаттарымен де тектік сипаттарымен де анықталатын заттар жатады. Бір ғана тауар бөлшек сатып алу-сатудың да тауар жеткізілімі шартының да нысанасы бола алады (егер мысалы, жеңіл автокөлікті өз мұқтажында көлік ұйымы сатып алса). Егер автомобиль сатушысы жеке тұлға болса, онда бұл Азаматтық кодекстің жалпы нормаларымен реттелетін қарапайым сатып алу-сату шарты болып келеді. Қолда бар затты сатумен қатар келешекте пайда болатын заттар да сатылуы мүмкін. Келешекте пайда болатын заттар каталогтарға енгізілуі, ал өздері болса өндірісте әлі де шығарылмауы мүмкін. Бөлшек сауда болашақтағы заттар сатылатыны тұтынушының жағдайын ешқалайша нашарлатпауы, оған тәуекелдерді жүктемеуі керек. Бұл шартты сипаттайтын ерекшелік — шарт шынайы орындалғанға дейін барлық тәуекелдер сатушының мойнында болып келеді.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмүны.
Сатушының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарында бірне-ше ерекше міндеттері бар. Бөлшек сатып алу-сату шартын жаса-мақ алдында сатушы сатып алушыға тауар туралы қажетті және сснімді ақпарат беруі керек.
Кәсіпқой ретінде сатушы сатып алушыға берілетін ақпарат мазмұнын өзі айқындайды. Дегенмен, ақпарат өзіне міндетті кезеңдерді енгізуі қажет: олар, баға жөніндегі сенімді және қажетті хабар алушының қызықтырған өнім туралы тұтынушылық қасиеті жайлы мәлімет, затты тұтыну жайлы ереже, оны сақтау және қауіпсіз пайдаға асыру тәртібі. Ал азық түлік өнімдеріне қатысты өнімнің құрамы, қуаттылығы, денсаулыққа зиянды заттар құрамы және сақталу мерзімі туралы ақпарат берілуі тиіс. Бұл ақпарат тұтынушыға тек ауызша түрде жеткізілмейді, сонымен қатар өнімнің техникалық құжаттамасында көрсетіледі, тауарда өнімнің дайындалған және сатылған мерзімі, өзге де белгілері болуы керек. Олар тауарға сауданың бір немесе өзге саласында қолданылатын тәсілдермен негізделеді.
Азық-түлік тауарлары, дәрі-дәрмек, косметика бұйымдарына (уақыт өте келе бұзылатын өнімдер) пайдалануға берілген мерзімі, пайдаланудан шығатын уақыты көрсетілуге міндетті. Кейбір тауарлар өзінің тұтынушылық қасиетін мерзімінен ерте жоғалтып алады. Сатып алушыға бұл жағдай да ескертілуі қажет, ал тауар уақытынан ерте бұзылған кезде оны сатуға шығаруды тоқтату керек. Сатушы сатуға шығарған бұйымның сатып алушының өзі мен жанүя мүшелерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірмеуге міндетті. Осыған сәйкес, тұтынушы өнімінің көрсетілген мерзім ішінде кауіпсіздігін талап етуге құқылы. Өнімнің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпсіздігіне қатысты талаптар міндетті болып келеді және мемлекеттік стандартқа сай анықталады. Мұндай өнім міндетті түрде сертификатталады, ал өнімде оның стандарттар талаптарына сәйкес келетінін растайтын белгісі болмаса өнімді сатуға және пайдалануға тиым салынады.
Барлық азық-түлік өнімдері, бояулар мен лактар, шампунь, тіс жуатын ұнтақтар мен пасталарға екі тілде де тауардың тұтыну қасиеті, қоспасы тауар құрамының консерванттары мен бояулары, пайдалану мерзімі, өндірушім туралы деректер болуы қажет. Мұндай түсініктемелер мен нұсқаулар мұздатқыштарға, кір жуғыш машиналарға, шаңсорғыштарға, теледидарға, ойыншықтарға берілуі кажет. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты сатушының тауарды жет-кізіп беру міндетін қарастыруы мүмкін. Азаматтық заңға сәйкес бұл екі жағдайда жүзеге асады. Біріншіден, бөлшектеп сатып алу-сату шарты үлгілер жүйесінде жүзеге асса, яғни сатып алушының тауардың үлгісімен танысуы (тауардың суреттемесі мен каталогы) арқылы жасалса. Егер заң актілерімен немесе шартпен басқа жағдай (талап) қарастырылмаса, сатушы тауарды шартта көрсетілген мекен-жайға мысалы азаматтық жұмыс орнына жеткізіп берсе, келісімшарт орындалған болып есептелінеді. Тауарды беру орны шартпен анықталмаса, онда тауар азаматтың тұрғылықты жеріне немесе заңды тұлғаның тұрған жеріне (орналасқан жеріне) жеткізілген соң тауар берілген болып есептеледі. Осы міндетті орындау мерзімі қисынды қажетті уақыт кезеңімен анықталады.
Екіншіден, бөлшектеп сатып алу-сату шарты арнайы тауарды сатып алушыға жеткізіп беру талабымен (жағдайымен) жасалуы мүмкін.
Осындай шарт жасалса сатушының және сатып алушының араларында жеткізу мерзімі туралы, сол сияқты сатып алушы сонда қабылдауды жүзеге асырғысы келетін қандай да болсын жер көрсетіледі. Өзгешелік заң актілерімен әлде шартпен қарастырылмаса, болмаса міндеттеме мәнісінен туындамаса сатушы тауарды сатып алушыға бергеннен кейін, ол жоқ болса квитанцияны немесе шарт жасалғанын растайтын өзге тұлғаға бергеннен кейін шарт орындалған болып есептеледі. Қазіргі уақытта оларды жасаған кезде ешқандай құжат толтырылмайтын, тауарды жеткізіп беру міндетін қарастыратын бөлшектеп сатып алу-сату шарттары кең тарады. Мысалы, телефон арқылы дайын тағамдарға, өзге тауарларға тапсырыс беріледі.
ҚР АК 451-бабымен бөлшектеп сатып алу-сату шартынын автоматтарды пайдалана отырып тауар сату сияқты бөлек түрі реттеледі. Автоматтарды пайдаланып тауарды сату негізінен сатушының міндеттерін өзгертпейді. Автоматты жүйемен сауда жасау кезінде автомат иесі (меншік иесі болу шарт емес) сатып алушыға тауар туралы ақпарат беруі керек (аты, саны, әр бірліктің бағасы т.б.). Сонымен қатар тауар сатушы туралы ақпарат та автоматты жүйеге енгізілуі қажет, оған сатушының атауы (фирмалық атауы), орналасқан жері, оның жұмыс кестесі туралы деректер жатады. Сол сияқты тауарды алуы үшін сатып алушы жасауы керек әрекеттер тізіліп аталады. Ақпарат автоматқа енгізуден өзге жолмен де берілуі мүмкін. Сатып алушының тауарды алу үшін жасалған әрекеттері аяқталғаннан ксйін шарт жасалды деп есептелінеді.
Егер сатып алушыға ақысы төленген тауар берілмесе сатушы тауардың сатып алушыға дереу берілуі немесе тауар үшін төленген ақшалай соманыңмтолық қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |