Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара субсидиярлы жауап беруге міндеттенеді /АК 330 б/.
Кепілдік пен кепіл болушылықтың негізгі айырмашылығы олардың қосымша міндеттеме ретінде ортақтастығында не субсидиялығында, сондай-ақ, кепілші мен кепіл болушының борышкер міндеттемесін орындауының шегінде және оларға талап қою тәрібінде.
Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау олардың жарамсыздығына әкеліп соқтырады.
Кепілдік берушінің жауапкер-шілігі. Кепілдік беруші несие беруші алдында, егер кепілдік шартында өзгеше белгілен-бесе, борышқор сияқты айыпақы, сый-ақы төлеуді қоса алғанда, борышты өндіріп алу жөніндегі сот шығындарын және борышқодың міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан туындаған несие берушінің басқа да зияндарын төлеуде тап сондай көлемде жауап береді.
Кепіл болушының жауапкершілігі.Кепіл болушы несие беруші алдында, егер кепіл болушылық шарттарында өзгеше көзделмесе, кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапты болады. Кепіл болушыға талаптар қойылғанға дейін несие беруші бұл талапты борышқор қанағаттандыратын-дай, атап айтқанда, қарсы талапты есепке алу және белгіленген тәртіп бойынша борышқордың мүлкінен ақы өндіріп алу арқылы ақылға қонымды шаралар қолдануға тиіс.
Кепілдік пен кепіл болушылықтың тоқтауы АК 336-бабында баяндалған.
Кепіл – бұл міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі , бұл кезде несие беруші (кепіл ұстаушы) борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемні орындамаған жағдайда өз талаптарын кепілге салынған мүлік құнынан , бұл мүлік тиесілі тұлғаның өзге несие берушілері алдында артықшылықпен қанағаттандыруға құқығы бар.