Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет110/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Бақылау сұрақтары:
1. Баланс активтері құралу көздерінің құрамы мен құрлымы өзгерісін талдау
2. Баланс активтері құралу көздерінің құрлымы өзгерісін талдау
3.Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:
4. Капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы
5. Капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті


40. тақырып Баланс активтеріннің құрамы мен құрлымы өзгерісін талдау

1. Баланс активтеріннің құрамы мен құрлымы


2. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
3. Баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау
4. 2018 жылдың басымен соңындағы «Астана» АҚ-дағы баланс активтерінің құрамы мен құрылуын есептеу
5. Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы 


Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау- кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсалютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан , ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда , кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгейі балангстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет. Отандық тәжірбиеде инфляцияны есепе алу тек негізгі құралдардың баланстық құның құру барысында жүргізіледі.
Баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды : ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оның пайдалану тиімділігінің өскендігін көрсетеді.
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі , кәсіпорынның салалық ерекшеліктеріне байланысты .Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің деңгейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.
Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай күйінде қандай сапалық өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның материалды техникалық базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын , оның өндірістік потенциялының маңызды элементінің жағжайын зерттеу қажет.
Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады.Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиындағы негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет