Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын коэффицинттер



бет107/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын коэффицинттер:
Төлем қабілеттігінің жалпы бағасын ағымды өтімділік (төлем қабілеттігі, жабу) коэффициенті береді. Егер ағымды өтімділік коэффициенті бірден аз болса, бұл проблема барын көрсетеді. Бұл көрсеткіш үшін қалыпты маңыз – екіден артық немесе тең.
Тез өтімділік коэффициенті (қатал өтімділік, ауыспалы баға). Маңызы бойынша алдыңғы көрсеткішке ұқсас, бірақ бұл коэффициент ағымды активтердің тар шеңберімен, есептен оның аз өтімділік жағы - өндіріс қоры шығарылғанда есептеледі. Осындай шығарудың логикасы қорлардың аз өтімділігінде ғана емес, өндіріс қорын амалсыз өткізу жағдайда алынатын ақшалай қаражат, оларды сатып алғандағы шығындардан өте төмен болуы. Коэффициенттің төменгі қалыпты шегінің бағасы бірден көп немесе тең. Бұл коэффициент динамикасын талдаған кезде, оның өзгеру факторларына назар аудару қажет. Солай, егер ауыспалы өтіділік коэффициентінің өсуі негізінде ақталмаған дебиторлық қарыздың өсуімен байланысты болса, кәсіпорын әрекеті жағымсыз жағынан сипатталады.
Ауыспалы өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздар және дебиторлық қарыздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ең қатаң өтімділік критериі деп саналады; қысқамерзімді несиелік міндеттердің қай бөлігі керегінде шұғыл төлене алатынын көрсетеді. Талданған көрсеткіштің қалыпты шектеуі 0,2-ден артық немесе тең.


Бақылау сұрақтары:
1.Қаржылық тұрақтылық туралы түсінік
2. Төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығы
3. Кәсіпорынның тұрақты жағдайының маңызды сипатамасы
4. Қаржылық жағдай сапасын анықтау
5. Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын коэффицинттер


39. тақырып Баланс активтеріннің құрамын талдау
1. Баланс активтері құралу көздерінің құрамы мен құрлымы өзгерісін талдау
2. Баланс активтері құралу көздерінің құрлымы өзгерісін талдау
3.Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:
4. Капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы
5. Капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті

Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оны құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.


Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін-өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік туғанда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиелерімен жабылады.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет