Құрамға кіргізілетін еңбек шығындарына қарай еңбек сыйымдылығы келесі түрлерге ажыратады:
1)технологиялық еңбек сыйымдылығы — негізгі (кесімді, мерзімді) жұмысшылардың барлық шығындарын қамтиды, ЕСтех;
2)өндіріске қызмет көрсету еңбек сыйымдылығы — көмекші жұмысшылардың еңбегінің шығындарын қамтиды, ЕСқызм;
3)өндірістік еңбек сыйымдылығы — негізгі және көмекші жұмысшылардың еңбек сиымдылығы, яғни технологиялық еңбек сиымдылығы,
ЕСтех + өндірісте қызмет ету еңбек сиымдылығы, ЕСқызм:
ЕСөнд= ЕСтех + ЕСқызм,
(6)
4)өндірісті басқару еңбек сыйымдылығы — мамандардың, қызмет етушілердің, жетекшілердің еңбек шығындары (инженерлі-техникалық жұмыскерлердің, қызметкерлердің, қызмет көрсету қызметкерлерінің жөне күзетшілердің еңбек шығындарын қамтиды), ЕСбасқ;
- толық еңбек сыйымдылығы — өнеркәсіптік-өндірістік қызметкердің барлық сатыларындағы еңбек шығындарын көрсетеді
Практикалық сабақ мазмұны: Тақырыптық тапсырмаларды орындау.
Әдебиеттер: К.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмагалиева. «Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау», Алматы-2001 ж.
Түсіндіру қажет: 1. Негізгі қорларды бағалау
2. Негізгі құралдарды бағалау түрлері 3. Негізгі құралдардың әдісі мен мөлшері
4. Негізгі құралдардың қозғалысын көрсететін мына коффициенттер
5. Негізгі өндірістік қорларды амортизациясының 4 әдісіне байланысты есептер
Негізгі құралдарды бағалау түрлері Негізгі өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарланғанда, сонымен бірге негізгі өндіріс құралдарының өндіріс құаттылығын анықтағанда табиғи және құн (ақшадай) түрдегі көрсеткіштері қолданылады.
Негізгі өндіріс құралдары былай бағаланады:
1.бастапқы құны бойынша (БҚ), оған қорға ие болғандағы құны (И) , оны жеткізу және құрастырып орналастыру шығындары кіреді (ЖҚО):
БҚ = И + ЖҚО;
2.қалпына келтіру құны бойынша, яғни оған негізгі құралдардың қайта бағалау нәтижесіндегі құны жатады
3.қалдық (баланстық) құны бойынша (ҚҚ), яғни бастапқы құнының немесе қалпына келтіріленген құнның жиналған өтелу сомасының айырмашылығымен анықталады.
ҚҚ = БҚ - ЖА
4.ағымдағы құны – негізгі құралдардың белгіленген күнге қолданыстағы нарық бағасы бойынша құны;
5.өткізу құны – бұл сатушы мен сатып алушы арасындағы негізгі қуралдармен айырбас жасау құны;
6.жойылу құны (ЖҚ) – негізгі құралдарды пайдалану мерзімінің соңында жою кезінде бөлшектеуге жұмсалған шығынды шегергенде қалатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардық болжалды құны;
7.негізгі құралдардың жыл басындағы құны, НҚб;
8.негізгі құралдардың жыл аяғындағы құны, НҚа:
НҚа = НҚб + НҚе – НҚш,
мұнда НҚе- негізгі құралдардың өндіріск ендірілген құны,
НҚш – негізгі құралдардың өндірістен шыққан (жойылған) құны;
9.кәсіпорын негізгі құралдардың ортажылдық құны негізгі құралдардың пайдалану деңгейін анықтау үшін керек. Мысалы, қорқайтарылымдық, қорсиымдылық, қормен қаруландыру көрсеткіштерін есептеу үшін.
НҚорт = НҚб + Σ(НҚе х t1 / 12) – Σ (НҚш х t2 / 12),
немесе
НҚорт = (НҚб+НҚа) / 2,
мұнда t1 – негізгі құралдарды жыл аяғына дейін жұмысқа ендірілген ай саны,
t2 – негізгі құралдарды жыл аяғына дейін тоқтап жұмыстан шығып қалған ай саны.
Мысалы, негізгі құралдар 1-ші маусымда іске қосылса, жыл аяғына дейін (яғни 31 желтоқсанға дейін) 7 ай істейді. Сондықтан t1 = 7 ай;
Егер негізгі құралдар 1-ші наурызда істен шығарылса, олар жыл аяғына дейін (31 желтоқсанға дейін) 10 ай істемейді. Сондықтан t2 = 10 ай.