Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет29/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Біріншіден, бұл тәжірибелік қажеттілікті қанағаттандыру. Ол өндірістік күштердің дамуына, өндірістік күштердің жетілуіне, өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты пайда болды.Кішігірім кәсіпорындарда қолданылған интуитивті талдау, жобалық есептер үлкен өндірістік бірліктер шарттарында жеткіліксіз болып қалды. Жан-жақты жинақталған шаруашылық қызметті экономикалық талдаусыз күрделі экономикалық процестерді басқару мен оптималды шешімдер қабылдау мүмкін емес.
Екіншіден, бұл экономикалық ғылымның жалпы дамуымен байланысты. Кез келген ғылымның дамуымен оның салаларының дифференциациясы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Бұрын экономикалық талдау қызметтері балансжүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржы, статистика және тағы да басқа ғылымдар шегінде қарастырылатын. Бұл ғылымдар шегінде талдауды зерттеудің алғашқы қарапайым тәсілдері пайда болды.


Бақылау сұрақтары:
1.Экономикалық талдаудың зерттеу міндеттері
2.Экономикалық талдаудың теориялық танымы
3.Жалпытеориялық экономикалық талдау.
4.Шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемесі
6. тақырып Экономикалық талдау және аудит.

1. Экономикалық талдау және аудит.


2. Аудит барысында қолданылатын бірнеше экономикалық талдау әдістері
3. Ішкі аудит және сыртқы аудит түрінде экономикалық талдау
4. Бухгалтерлік есептілікті жүргізу және қалпына келтіру


Аудит және экономикалық талдау. Арнайы оқулықтарда, ғылыми зерттеу басылымдарында «аудитті» экономикалық талдау деп анықтайды. Олай деп айтылуы орынды деуге болады. Себебі, тиянақты аудиторлық қорытынды жасау үшін кәсіпорын ақпаратына экономикалық талдау жасау өте қажет. Қазақстандық стандартта және халықаралық нормативте аудит қызметінің ішінде «қаржылық ақпаратының» экономикалық талдауы арнайы көрсетілген. Мысалы, 12 нормативте «аналитикалық процедурада» айтылған: аудитор өз қорытындысын жасау үшін кәсіпорынның барлық қаржы-табыс туралы ақпаратының, оның шаруашылығында экономикалық жағдайының дұрыс көрсетілгенін анықтау үшін аналитикалық есептеу процедурасын жасауы қажет. Онда ол қаржылық-табыстылық ақпараттың әр элементі өзі жасаған есептеу жолымен анықталуға тиісті.
Аудиторлық қорытынды жасау алдындағы экономикалық талдаудың құндылығы сол, ол кәсіпорын шаруашылығында болған толқулардың, өзгерістердің қандай себептерден болғанын, оның тиімді немесе тиімсіз, зиянды болу себептерін анықтап, олардың нәтижесінің қаржылық ақпаратына қандай әсерін тигізгенін тексеруінде, ақпарат көрсеткіштерінің дұрыстығын, факторлардың оған әсерін анықтауында. Аудитор аналитикалық процедура жасаудың алдында өзінің экономикалық талдау жасау программасын жасайды, ол үш этаптан тұрады: қойылған мақсатқа толық және оптималды жауап алу үшін тиімді экономикалық талдау әдісін белгілеу; талдау жасалынатын информация базасын анықтау; экономикалық талдауда анықталған ауытқу құбылыстарын шектеуге, түзетуге шешім қабылдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет