Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Басқарудағы бақылаудың түрлері мен функциялары



бет62/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Басқарудағы бақылаудың түрлері мен функциялары.Бақылаудың негізгі үш түрі бар: алдын ала, ағымдық, қорытынды. Іске асыру бойынша бақылаудың түрлері ұқсас, себебі олардың алдына қойған мақсаттары бірдей: нақты алатын нәтижелер талап етілетін нәтижелерге жақын болуы керек. Олардың айырмашылыктары іске асырылатын уақытында ғана.
Жоспарлау мен жаңа ұйымдық құрылымдарды құруда бақылауға сирек жатқызса да, олар ұйымның қызметіне алдын ала бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді. Бақылаудың бұл түрі алдын ала деп аталады, өйткені ол жұмыстың басында жүзеге асырылады. Алдын ала бақылауды жүзеге асырудың негізгі кұралдарына анықталған ережелерді, процедураларды және тәртіп сызықтарын жүргізу жатады. Ұйымдарда алдын ала жүргізілетін бақылау материалды, қаржылық және адамдардың қатынасы бойынша қолданылады.
Адам ресурстары саласындағы алдын ала бақылау қандай да болмасын міндеттерді орындау үшін қажет және дайындықтан өткен, мамандандырылған адамдарды таңдау, іскерлік және профессионалды, білімді таңдау есебінде іске асырылады. Қабылданатын жұмысшылардың тапсырылған міндеттерін орындай алатындығына көз жеткізу үшін білім деңгейін немесе жұмыс стажын бекіту керек және сипаттамалары мен құжаттарын тексеру қажет. Сапасыз шикізаттан жоғары сапалы өнім шығару мүмкін емес. Сондықтан да өнеркәсіптік фирмалар қолданылатын материалдық ресурстарына міндетті алдын ала бақылауды бекітеді. Бақылау сапаның минималды деңгейінің жасалу стандарттары және осы талаптарға түсетін материаддарға сәйкес физикалық тексеру жүргізу жолдарымен іске асырылады. Алдын ала бақылаудың бір әдісі — техникалық шарттарға сәйкес материалдармен жабдықтау мүмкіндігін дәлелдеген жабдыктаушының тандауы. Материалды ресурстарды алдын ала бақылаудың әдісіне ұйымның дефицитті болдырмайтын деңгейдегі қорлармен қамтамасыз етуі жатады.
Бақылаудың технологиясы: бақылаудың концепциясын таңдау, бақылаудың мақсатын анықтау, бақылаудың нормасының орындалуы, бақылау әдістері, бақылаудың көлемі мен қамту саласы
Адамдардың тәртібі - бақылаудың тиімділігін анықтайтын бір ғана фактор емес. Өзінің міндетін аткаруы, яғни ұйымның мақсатка жетуін қамтамасыз етуі үшін бақылауда бірнеше маңызды қасиеттер болуы керек.
1.Бақылаудың стратегиялық бағыты.
3. Нәтижелерге бағытталу.
4.Іске сәйкестендіру.
5.Бақылаудың өз уақытылығы.
5. Бақылаудың икемділігі.
6. Бақылаудың қарапайымдылығы.
7. Бақылаудың үнемділігі.
 
Бақылау процесі. Бақылау процесінің этаптары. Нормативтер мен стандарттарды қалыптастыру. Бақылау жүйесіндегі экономикалық талдау
Бақылау процесінде үш нақты кезең бар: стандарттар мен критерийлерді жасау, олармен нақты нәтижелерді салыстыру және қажетті іс-қимылдар қабылдау. Әр кезеңде әртүрлі шаралар кешені өткізіледі.
Бірінші кезенде жоспарлау мен бақылау функцияларының қаншалықты бір-бірімен жақын екендігін көрсетеді.
Стандарттар дегеніміз — нақты мақсаттар, прогресс олармен қарым-қатынаста өлшеуте жағдай жасалады. Бұл мақсаттар жоспарлау процесінен туындайды. Бақылау үшін қолданылатын барлық стандарттар ұйымның көптеген мақсаттары мен стратегияларынан таңдалып алынуы керек. Бақылау үшін қолданылатын стандарттар есебіндегі мақсаттардың өте маңызды екі ерекшелігі бар. Олар орындалатын жұмыс дәрежесінің нақгы критерийлерімен сипатталады.
Бақылау процесінің екінші кезеңі нақты жеткен нәтижелермен бекітілген стандартгарды салыстырудан тұрады. Бұл кезеңде менеджер жеткен нәтижелер, күткен нәтижелермен қаншалықгы сәйкес келетіндігін анықтап алу керек. Мұндайда ол тағы бір мынандай өте маңызды шешім қабылдайды: табылған ауытқулар стандартгардан қаншалықты мүмкін немесе қауіпсіз. Бақылау процедурасының екінші кезеңінде бағалау беріледі, ол қызметтің басталу шешімінің негізі болып табылады. Бақылаудың бұл кезеңіндегі іске асырылған қызмет бақылаудың барлық жүйесінің белгілі бөлігі ретінде көрінеді. Бұл қызмет ауытқу мөлшерін анықтайды, нәтижелерді өлшейді, ақпарат береді және бағалаумен қорытындыланады.
Үшінші кезеңде менеджерлер үш тәртіп сызығының біреуін тандап алуы керек: ештеңе істемеу, ауытқуларды алып тастау немесе стандартты қайта қарау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет