Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Объектілерді зерттеу әдістері бойынша



бет59/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   213
Объектілерді зерттеу әдістері бойынша:
1. Сапалық талдау.
2. Сандық талдау.
3. Экспресс-талдау.
4. Фундаменталды талдау.
5. Маржиналдық талдау.
6. Экономика-математикалық талдау.
1. Сапалық талдау – зерттеліп отырған құбылыстар мен процестерді эксперттік бағалауға және сапалық салыстырмалық сипаттамаларға негізделген талдау.
2. Сандық (факторлық) талдау – экономикалық құбылыстардың әртүрлі факторлардың әсер етуінен өзгеру сезімталдығының деңгейін зерттеуге және сандық салыстыруларға негізделген талдау.
3. Экспресс-талдау – белгілі бір нақты экономикалық құбылыстарға тән типтік белгілер негізінде ұйым экономикасының жағдайын диагностикалау үшін жүргізілетін талдау.
4. Фундаменталды талдау – математикалық әдістерді пайдалана отырып зерттеліп отырған құбылыстардың мәнін терең және кешенді зерттеу үшін жүргізілетін талдау;
5. Маржиналдық талдау – шығындарды тұрақты және ауыспалы деп бөле отырып, өзіндік құн, сату және пайда көлемдерінің себеп-салдарлық өзара байланыстарын зерттеу негізінде ұйымдағы басқару шешімдерінің тиімділігін бағалау және негіздеу үшін жүргізілетін талдау.
6. Экономика-математикалық талдау – экономикалық міндеттерді шешудің неғұрлым оптималды нұсқаларын таңдау арқылы қолда бар ресурстарды неғұрлым толық пайдалану есебінен өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтерін іздестіру мақсатымен жүргізілетін талдау. 
Бақылау сұрақтары:
1.Талдаудың объектісі, пәні және міндеттері
2. Экономикалық талдаудың басты міндеттері
3. Экономикалық талдаудың әдістерінде сипаттама ерекшеліктері
4. Объектілерді зерттеу әдістері


21.тақырып. Шаруашылық салалық экономикалық талдау

1.Шаруашылық қызметті талдау түсінігі, мазмұны, рөлі және мақсаттары


2. Талдаудың бұл функциясы
3. Шаруашылық субъектісінің ШҚТ негізгі мақсаттары
Табиғатты және қоғамдық өмірді зерттеуді талдаусыз жүргізу мүмкін емес. Талдау дегеніміз заттың немесе құбылыстың ішкі мәнін түсіну мақсатында оның құрамдас бөліктерге (элементтерге) бөлінуі. Мысалы, автокөлікті басқару үшін оның неден тұратынын білу қажет: бөлшектерін, торабын, олардың атқаратын міндеті мен әрекет ету қағидаларын және т.б. Бұл жағдай экономикалық құбылыстар мен үдерістерге де қатысты. Дәл осындай пайданың мәнін түсіну үшін оны табудың негізгі көздерін, сондай-ақ, оның шамасын анықтайтын факторларын білу қажет. Оны неғұрлым терең бөлшектеп зерттеген сайын қаржылық нәтижені қалыптастыру үдерістерін тиімдірек басқаруға болады. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Экономикалық талдау – бұл құрамдас бөліктерге бөлінуіне негізделген экономикалық құбылыстары мен үдерістердің мәнін танып білудің ғылыми тәсілі және олардың байланыстар мен тәуелділіктерінің әр алуандығын зерттеу.
ШҚТ мазмұны кәсіпорынды басқарушылық жүйесінде негізгі орынды алатын, өзі орындайтын функциялары мен рөлінен туындайды. Басқару- шылық жүйесі өзара байланысты келесідей жоспарлау, есеп пен бақылау, шаруашылық қызметті талдау және басқарушылық шешімді қабылдау сияқты функциялардан тұрады.
ШҚТ басқарушылық функциясы ретінде өндірісті жоспарлау мен болжаумен тығыз байланысты, өйткені бұл функцияларды терең талдау жасамай жүзеге асыру мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет