Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


ШҚТ түрлері және олардың жіктелімі



бет64/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   213
ШҚТ түрлері және олардың жіктелімі
Экономикалық әдебиеттерде ШҚТ әр түрлі нышандарымен жіктеледі және ол оның міндеттері мен мазмұнын дұрыс түсіну үшін үлкен мәнге ие.
ШҚТ салалық нышаны бойынша жеке салалар қызметінің ерекшелігін ескеретін салалық (өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, сауда және т.б.) және талдаудың салалық әдістемесінің теориялық және әдіснамалық негізі болып табылатын салаларалық (ШҚТ теориясы) болып бөлінеді.
Уақыт нышаны бойынша ШҚТ алдын ала талдау (шаруашылық операцияны жасағанға дейін) және келесі талдау (шаруашылық операцияны жасағаннан кейін). Болашақты талдау шаруашылық операцияны жүзеге асыруға дейін жүргізіледі. Ол басқарушылық шешімді және тапсырмаларды негіздеу үшін, сондай-ақ болашақты болжау үшін күтіліп отырған жоспарды бағалау үшін қажет. Келесі (өткенді шолатын, тарихи) талдау шаруашылық актіні жасағаннан кейін жүргізіледі. Ол жоспардың орындалуын бақылау, қолданылмаған резервтерді анықтау, кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалау үшін қолданылады. Бұл талдау түрлері өзара тығыз байланысты. Өткенді шолатын (ретроспективті) талдаусыз болашақты талдау жасау мүмкін емес.
ШҚТ нысаны
Әрбір ғылымның өзінің зерттеу пәні болады және ол оған тән әдістермен алдына қойған мақсатқа сәйкес зерттейді. Мысалы, медицинада зерттеу нысаны адам болып табылады. Жекелеген медициналық ғылымның зерттеу пәні адамның мүшелері, олардың функциялары мен өзара әрекеті болып саналады. Осы сияқты жағдай экономикада да байқалады.
Шаруашылық қызмет және ондағы болып жатқан үдерістер көптеген ғылымдардың: экономикалық теорияның, макро және микроэкономиканың, басқару, ұйымдастыру және жоспарлаудың, өндірістік-қаржылық қызметтің, статистиканың, бухалтерлік есептің, экономикалық талдаудың және т.б. зерттеу нысаны болып табылады.
ШҚТ қағидалары
ШҚТ жүргізе отырып, ғылым мен тәжірибеде жасалған белгілі бір ережелермен және қағидалармен жетекшілік ету қажет:
1.Таладау ғылыми сипатта болуы керек, яғни өндірісті дамытудың экономикалық заңдарының талаптарын ескеруі тиіс, ҒТП жетістіктерін пайдалану және жаңа экономикалық зерттеу әдістерін, алдыңға қатарлы тәжірибені пайдалануы қажет.
2. Талдау кешенді болуы шарт.
3.Талдауға қойылатын талаптың бірі жүйелік тәсілдемені қамтамасыз етуі. Әрбір нысан бірқатар элементтерден тұратын белгілі бір тәсілмен өзара және сыртқы ортамен байланысқан күрделі серпінділік жүйе.
4. Шаруашылық қызметтің талдауы нақты, дәл, шынайы болуы керек.
5.Талдау өндіріс нәтижесі мен өндірістің жүруіне белсенді ықпал етуі керек, сондай-ақ кемшіліктерін дер кезінде анықтап, бұл жөнінде кәсіпорын жетекшілігіне хабар беріп отыруы қажет.
6. Талдау жүйелі түрде жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Осы талаптан кәсіпорындағы талдамалық жұмысты жоспарлау қажеттілігі, оны орындау бойынша міндеттерді орындаушылар мен бақылаушылар арасында бөлу керек болады.
7.Талдау оралымды болуы қажет. Оралымдылық дегеніміз тез және нақты талдау жасау, басқарушылық шешім қабылдау.
8.Талдаудың қағидаларының бірі - оның ашықтығы. Талдауға кәсіпорын жұмыскерлерінің қатынасуы, бұл алдыңға қатарлы тәжірибені толық анықтауды және бар ішкі шаруашылық резервтерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
9.Талдау шаруашылық нәтижесін, үдерістерді, экономикалық құбылыстарды бағалау кезінде мемлекеттік көзқарасқа негізделуі тиіс.
10.Талдау тиімді болуы керек, яғни оны жүргізуге жұмсалатын шығындар бірнеше есе көп түсім беруі керек.
Осылайша талдаудың негізгі қағидалары ғылыми негіздеу, кешенділік, жүйелілік, нысандық, дәлдік, сенімділік, оралымдылық, демократиялық, тиімділік болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет