ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет193/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   382
Байланысты:
Философия

әлемді шығармашылықпен өзгерту,
адам-
гершілікке негізделген, яғни тұлғаның өз-өзін 
шығармашылықпен 
дамытуы үшін
, жан-жақты жетілген адамдардың өздері басқаратын 
қоғам құру.
Енді қазір сұрақты нақтылай отырып сұраймыз: олар философияға 
жаңадан не енгізді?
Маркс пен Энгельстің еңбегі бірізді, 
жүйелі материалистік фи
-
лософия
қалыптастыру болды. Егер Маркске дейінгі материалис-


213
тер Табиғатты материалистік көзқараспен жүйелі талдай отырып, 
қоғамның қызметін идеалистік деп түсінсе, ал Маркс 
тарихтың жаңа 
материалистік түсінігін
ұсынады.
Сұрақтың мәні мынада: алдыңғы өткен дәуірлердің ойшылда-
ры қоғамды қарау барысында адам – ойлай алатын тіршілік иесі 
және бірдеңені істемес бұрын, ол өзінің басында мақсатқа сай жос-
пар құрады деген айқын факт шектерінен аса алмады. 
Ой
қашанда 
нақты істердің
алдында жүреді. Бірақ солай болса, онда тарихтың 
тағдыры корольдар мен қолбасшылардың, ғалымдар мен заңгерлердің 
қолында – олардың идеялары мен есептері, жігерлі шешімдері қоғам 
дамуының негізінде жатыр. Демек, олар тарих доңғалағын қалаған 
жақтарына қарай бұра алады. Сонда олардың шешіміне кім ықпал 
етуі мүмкін? Сол тұлғаларға жақын жүретін адамдар және, бәрінен 
бұрын, әрине, «осы өмірдің мықтылары» жақсы көретін ақсүйек би-
кеш-арыстандар. Шамасы, «Cherchez la femme!» – 
«әйелді іздеңдер!»
деген француз мәтелінің тамыры қоғамды осылай түсінуде жатса ке-
рек. Егер біз француз романистері – әкелі-балалы Дюмалардың «20 
жыл өткен соң», «10 жыл өткен соң», «Виконт де Бражелон» деп ата-
латын шығармаларындағы тарихи тұжырымдаманы алатын болсақ, 
онда қанқұмар француз корольдары немесе соларға жақын жүретін 
кардиналдар Францияның тарихын жасайды, ал оларға шешуші ықпал 
ететіндер – олардың сүйіктілері. Қоғамның дамуы маңызды, шешуші 
дәрежеде жақсы заңдарға байланысты болады деп санайтын ұлы Мон-
тескьё де осындай көзқараста ойлайтын. Бірақ заңдар – тағы сол заң 
шығарушылардың шығармашылық әрекеттерінің жемісі емес пе.
Шамасы, бұл жерде марксистердің де адамға тән 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет