ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет194/382
Дата17.10.2023
өлшемі2,22 Mb.
#117011
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   382
Байланысты:
Философия

идеяларды
, яғни 
сананың
өнімдерін 
жоққа шығармайтынын
ерекше атап айтқан 
жөн болар. Олардың ойы бойынша, «драмаларының авторлары да, 
актерлері де – адамдардың өздері». Сонымен бірге олар өздеріне: 
«Нақты дәуірде пайда болатын ескі идеялардың бастаулары қайда 
кетеді?», «Уақыт өте келе, ескі идеялардың орнында жаңалары пайда 
бола ма?» – деген терең мағыналы сұрақтар қояды. Ол сұрақтарға жа-
уап бере отырып, олар сол идеялардың өздері нақты дәуір адамдарының 
өмір сүру шарттарынан, бәрінен бұрын, соларға тәуелді материалдық 
жағдайлардан келіп шығатынын көрсетеді. Қоғамдық қатынастардың 
бар жиынтығынан Маркс пен Энгельс анықтаушы ретінде өндірістік 
қатынастарды бөліп көрсетеді, ал ол әр алуан халықтардың тарихи 
дамуындағы қайталанушылықтарды табуға және әртүрлі елдердің 
ұқсас қоғамдық тәртіптерін бір негізгі ұғымға – 
«қоғамдық-


214
экономикалық формацияға»
жинақтауға мүмкіндік берді. Ол: 
өндіргіш күштер дамуының белгілі бір деңгейі негізінде пайда бола-
тын, олардың саяси және құқықтық құрылымына сай келетін өндіргіш 
қатынастармен, қоғамдық сана, отбасы, тұрмыс сияқты формалармен 
сипатталады.
Маркс пен Энгельс: «Адамдардың санасы олардың болмы-
сын айқындамайды, керісінше, қоғамдық болмыс олардың санасын 
айқындайды», – деген қорытындыға келеді. Әлбетте, қоғамдық өмірде 
миллиондаған адам әрекет етеді, онда олардың әрқайсысы саналы түрде 
өзінің алдына белгілі бір мақсаттар қояды және соларды іске асыруға 
талпынады. Бірақ бұл мақсаттардың барлығы және адамдардың талпы-
нысы бір-бірімен бәсекелесе, бір-бірімен қарама-қайшылықтарға түсе 
отырып, тарихи үдерістің параллелограмын құрады.
Екі ғұлама да қоғамның дамуына тарихтың жүйелі сатыларынан 
өту үдерісі ретінде қарады. Осы әбден дұрыс көзқарас тұрғысынан 
алғанда, Кеңес Одағының ыдырауының терең себептерінің бірі – 
большевиктердің «марксизмнің шығармашылық дамуы» дегенді жа-
лаулатып, әлі капитализмнің «қазанында қайнап үлгірмеген» Ресейге 
социалистік даму жолын таңғаны болды.
Марксистік философияда оның негізін салушылар жоғарыда 
аталған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   382




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет