Дін және қоғам. Діннің әлеуметтік функциялары
Дін қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыстың екі дербес шамалардың әрекеттесуі ретінде қарастырылуы дұрыс болмаған еді. Дін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды. Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қатар, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам мамандану және жіктелу жолымен жылжи отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып, оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді.
Бұл діннің атқарып отырған қызметтерін, егер мәселе дамыған қоғам жайында болса, олардың қоғамда қызмет атқарушы басқа да әлеуметтік жүйелер мен институттармен етене араласуы тұрғысынан қарастыру керек, ал егер дамушы қоғамда болса, ортағасыр кезіндегідей діннің жаппай билеп-төстеуі сияқты емес, сәйкес немесе ұқсас жолдары бойынша қарастыру керек екендігін білдіреді.
Мұндай көзқарас былай деп ұйғарады: біріншіден, діннің қызметі кез келген әлеуметтік әрекет белгілі бір құндылықтарға бағыт ұстанған субъективті ойдан өткізетін әрекет болып табылады деген негізгі фактілермен арақатынасы белгіленуі керек. “Қоғам” ұғымы қатаң әлеуметтанушылық мағынада топ мүшелері мен топтар арасындағы көп бейнелі әлеуметтік қатынастардың етене араласып кеткенін білдіреді. Бұл қатынастардың күрделілігі дін мен мәдениеттің әрекеттесуінен көрінеді. Егер Вебермен келісе отырып, қоғамды жеке адамдардың әлеуметтік әрекеті ретінде қарастыратын болсақ, онда ол олардың әрекетінің аумағы мен өнімі ретінде елестетіледі. Жеке адам әрекетті бастама ретінде көреді, әрекеттілік оның тарапынан келіп шығады. Мәдениет болса, мәжбүрлі түрде әрекет етушіні реттеу нормалары ретінде өмір саласының қалыптасып қалған амалдарын белгілейді, ол жеке адамға сырттан берілгендей болады. Осы тұрғыда дін адамның әрекеті және әлеуметтік феномен болады. Яғни, қоғамның өмірлік әрекетінің туындысы, одан кейін адамға сырттан берілген және міндетті түрдегі қарсы тұратын секілді. Дін бұл тұрғыда мәдениет түсінігімен арақатынасын белгілейді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде “дін және қоғам” мәселесі көбінесе “дін мен мәдениеттің” бір бөлігі болып табылады.
Дін әлеуметтік-мәдени байланыстардың бір буыны, оның қызмет етуі олардың құрылымын және пайда болуын түсінуге мүмкіндік береді. Дін әлеуметтік қатынастардың пайда болуының және қалыптасуының факторы ретінде көрінеді, біріншіден, қандай да бір әлеуметтік қатынастардың белгілі бір нысандарын заңдастыру факторы ретінде, екіншіден, дін қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік беретін және оның өзгерісін ынталандырушы фактор ретінде қарастырылуы шарт. Бұл діни белсенділіктің негізінде діннің басты қызметтерінің қатарына жататын - мағыналық пайымдау қызметі жатады, ол Вебер, Дюркгейм және басқа қазіргі заманғы діни әлеуметтанушылардың түсінігінде діннің негізгі қызметі болып табылады. Дін - адам өмірін саналы қылатын нәрсе, ол оны ең маңызды құрамдас бөлігі “мағынасымен” қамтамасыз етеді. Бұл діннің дүниенің (ғарыштың, универсумның) бейнесін беруінің арқасында болады, онда әділетсіздік, қайғы-қасірет көру, өлім, “менің өмірімді” қайғылы сәтсіздікке алып келетіннің барлығы үмітті үзуші, “менің тағдырымды бұзады, ол тіпті басқаша болуы мүмкін еді”, міне, осының бәрі “соңғы немесе түпкі нақтылық” перспективасында басым мағына мен мәнге айналады, ол жерде дін дүниені өз бейнесінде ұсынады. Егер қайғыру және өлім мағынаға ие болса, егер адам оның мәні неде екенін білсе, онда қайғыруды жеңе отырып, адамда өмір сүруге деген жігер пайда болады. Адамның не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады. Адам егер ешнәрсесі жоқ бостықты сезініп, өзімен не болып жатқанның мағынасын түсінуден қалған кезде ол әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып, өзін-өзі жоғалтқан қалыпқа түседі. Сол сияқты, егер адам, оның кездейсоқ жолы болып өзінің бақытты жеребе үшін еңбегі сіңгенін сезбесе, онда өмір мағынасыз болады. Осы жағдайда да өмір мағынасыз болады, өйткені барлық іс соқыр кездейсоқтықтан басталады, ешнәрсе сенімді емес.
Дін адамдарға біздің әлемімізде өмір сүретін басқа адамдар арасынан оның құрамына енетін топтың мәнін көрсете отырып, өздерінің кім екенін түсінуге көмектеседі. Діннің осы біріктіруші және адамның өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін қызметі индустриалдыққа дейінгі қоғамдарда ерекше күшті әрекет етті. Мысалы, американдық дінтанушы-әлеуметтанушылар плюралистік американдық қоғамда бірде-бір дәстүрлі діндер бұл мақсатты орындай алмай отырғанын айтады. Әлеуметтің сипатымен бірге өзгеруінен дін де өзінің қызметімен өзгеруде. Сондықтан діннің біріктіруші қызметі қазіргі қоғамда ең бір маңызды болып сақталуда, бірақ ол өзінің іске асыру амалдары мен нысандарын өзгертуде.
Дін қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге оның тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моральдық міндеттерді орындауы үшін алғышарттар жасайды. Адамдардың осы тыйым салынғандарды бұзу оқиғалары орын алғандықтан, көпшілік діндер қайта орнына келу және міндеттемелерді орындау үшін талпыныстарды қолдайтын амалдарға ие - тазалану және кінәсін жуу ырымдары, олар күнә сезімін бәсеңдетуі немесе оны арттыруы мүмкін.
Дінді бұлай түсіну Р.Беллдің жоғарыда келтірілген анықтамасында көрініс береді. Ол анықтама бойынша, дін тұтас әлемді қабылдау үшін символикалық жүйені және жеке адам мен әлемнің ортақ тұтастығы ретінде байланысын қамтамасыз етеді, ол жерде өмір және әрекет белгілі бір соңғы мағынасына ие болады. Қазіргі заманғы көрнекті әлеуметтанушы П.Бергердің сөзімен айтсақ, діни нышандар мен түсініктер белгілі бір мағына бере отырып, адамның өмір сүруінің тұрақтылығы мен мықтылығын қамтамасыз етеді. Дін адам өмірінің құндылықтары мен нормаларын түсіндіре отырып, әлеуметтік тәртіппен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына кепілдік беріп, қандай да бір “қасиетті шымылдықты” көзге елестетеді.
Қоғамның тұрақтылығы төрт деңгейдегі қызметтердің орын-далуымен: бейімдеуді, мақсатты бағыт ұстануды, қоғаммен бірігуді және мінез-құлықтың институцияланған мәдени үлгілерін орындау мен қолдауды қамтамасыз етумен орнығады. Бейімделу - ол қоғамның өмір сүру ортасына, ең әуелі табиғи ортаға үйренуі; бұл міндетті қоғам ішіндегі экономикалық шағын жүйе шешеді. Мақсатты бағыт ұстану - ол жерде жеке адамның қоғам үшін қиратушы, өзінің жалпы мақсаттарымен бәсекелесуші жағдайларды жете түсінбеуін қамтамасыз ету; қоғамдық жүйе ішінде бұл қызметті орындауға отбасы да қатысқанымен, оның негізінен саяси шағын жүйе орындайды. Ықпалдасу – ол бір-бірінен тәуелсіз белсенді тұлғалар арасындағы келісімді қамтамасыз ететін әрекет ету құрылымын жасау арқылы жанжалдар мен шашыраңқылық қаупін болдырмауды білдіреді. Функциялар институционалды түрде жіктелетін дамыған қоғам шеңберінде бұл қызметті әлеуметтік рөлдердің нормативтік анықта-маларын белгілей отырып, құқықтық шағын жүйе қамтамасыз етеді.
Сайып келгенде, егер де оның мүшелерінің әрекеті белгілі бір деңгейде шектелмесе, егер де олардың әрекеті өз бетінше және шексіз өзгеріп отыратын болса, ешқандай жүйе өмір сүре алмайды. Жүріс-тұрыстың белгілі бір заңдастырылған түрлерін сақтап және орындап отыру керек. Мұндағы әңгіме жай ғана нақтылы әрбір қоғамдағы нормативтік тәртіптер жөнінде ғана емес (бұл қызмет құқықтық шағын жүйенікі), сонымен қатар заңдастыру, яғни сол нормативтік тәртіптің өзінің өмір сүруін негіздеу және заңдастыру туралы болып отыр. Сөз қандай да бір заңды орындау туралы болып отырған жоқ, жалпы алғанда заңға деген көзқарас туралы, адамды заң түріндегі қандай да бір байланыстырушы нұсқау бар ма және оны мойындау керек пе деген сарында болып отыр. Парсонс бұл проблема құндылықтардың әлеуметтік емес мәдени жүйесіне қатысты екендігіне назар аудартты. Бұл мінез-құлықтың мәдени үлгілерін қолдану міндетін Парсонс діннің мәдени таратушы қызметі саласына жатқызады, өйткені ол саясатқа немесе құқыққа қарағанда адам мінез-құлқын оның нақтылы мақсаттар мен жағдайларға қатысты жекеліктің, партикулярлықтың шеңберінен шығатын нәрселердің ара қатынасын белгілеу арқылы, - оны “соңғы” немесе “түпкі” нақтылықтармен ара қатынасын белгілеу арқылы реттейді. Қандай да бір нормалардың дұрысына немесе бұрыстығына сілтеме жасау жеткіліксіз. Діннің міндеті - қандай да бір норманы заңдастыру емес, нормативтік тәртіптің өзін қабылдау. Тиісінше, сөз мінез-құлықты саяси құқықтық немесе экономикалық реттеуге қарағанда діннің тереңірек қызметі жайында айтылып отыр. Бұл теориялық тұжырымдама дінді оның қоғамдағы алатын орны мен атқаратын рөлі жөнінде тәжірибелік біршама кең көлемді мәліметтерді түсіндіруге мүмкіндік беретін құбылыс тұрғысынан түсінуді ұсынады. Алайда ол бірқатар қиыншылықтармен кезігіп, міндетті түрде мойындауды кездестіре бермейді.
Ең алдымен, ойдан шығармайтын нәрсе – дінді функционалдық тұрғыдан түсіну – жеткіліксіз түрде негізделген алғышарт негізінде құрылады: функционализм мықты қоғамдық ынтымықтастық пен тұрақтылық тек рухани-мәдени факторлар, идеялар, құндылықтар, мағыналар, нышандар жүйелерінің көмегімен қамтамасыз етілуі мүмкін дегенге сүйенеді. Дін бұл тұжырымдамада жан-жақты фактор ретінде қызмет етеді. Өйткені қоғам алдын ала діни шектеулерсіз басқаша қызмет ете алмайтын қандай да бір мәдени-рухани тұтастық ретінде түсіндіріледі. Функционализм әділетсіз, біржақты болып қалады. Ол, мысалы, адамға табиғатынан тән және тарихи дамыған қажеттіліктер, белгілі бір мүдделерді қанағаттандыру және оны келістіру негізінде, яғни сол әлеуметтік-мәдени жүйенің механизмі арқылы қоғамның нығайып, бірігуі мен тұрақтылығы мүмкіндігін елемейді. Шынайы жағдайда жоқ дегенде ықпалдасудың рухани-мәдени факторлары және қоғамдық тәртіпті негіздеу, әлеуметтік жүйені сақтау деңгейінде әрекет еткен күш көрсету мен мәжбүрлеу сияқты факторлар назардан тыс қалады. Бұған тағы эмпирикалық мәліметтер қоғамдық-моральдық жағдайына діннің әсері бүгінгі күнде айтарлықтай әлсіз және бұрын да қоғамның “моральдық архитектурасын” монопольды түрде қамтамасыз ете алғаны күмәнді екенін куәландыратынын қосқан абзал. Шамасы, қоғамның бірігуін бірқатар факторлар қамтамасыз етеді (немесе қамтамасыз етуге ықыласты). Бұл тарихи өзгермелі жағдай. Мысалы, әлеуметтанушылар қазіргі дамыған демократиялық қоғамда ықпалдасудың белгілі бір деңгейін көп мөлшерде заңдар қамтамасыз ететінін, жалпылама құндылықтардың (адам құқығын) таратушы рөлін көп мөлшерде құқықтық институттар өз қолына алуда екенін айтуда. Бұл қоғамның секуляризациялануының бір көрінісі.
Тағы бір проблема дін қоғамдық ықпалдасудың факторы ретінде ғана болмай, сонымен қатар кері ықпалдасу, яғни кері ықпалдау қызметін атқаруымен байланысты болып отыр. Жалпы нысанында дін тіпті кері қызметті болуы мүмкін екенін айтуға болады, мысалы, экономика саласында еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерін, техникаларын енгізуге кедергі бола отыра, қоғамның экономикалық тоқырауын күшейтуі мүмкін. Яғни, діннің қандай түрі болмасын атқаратын қызметтері қоғам үшін жағымды да, жағымсыз да мәнге ие болуы мүмкін.
Дін ықпалдасу мен тұрақтылық әкелуші емес, қиратушы, жанжал әкелуші фактор ретінде әрекет етуі мүмкін екендігін айғақтайтын фактілер жанжалдар теориясы шеңберінде қарастырылды. Проблеманы таптық күрес аспектісі арқылы шешкен К.Маркстің пікірінше, дін тарихи қажеттілік, оны таптық күрес арқылы төңкерістік қайта құруды талап етіп отырғанда, ол әлеуметтік ықпалдасудың факторы ретінде қызмет етуші және билеп-төстеуші таптарға қоғамның тұрақтылығын ұстап тұруына көмектесетіндіктен, жағымсыз рөл атқарады дейді. Дін өмір сүруші қоғамдық құрылымды ақтайды, онымен татуластырады. Сыни көзқарасты оятудың орнына, мойындауды миына құяды. Ал бұл нәрсе түбінде қоғамды жанжалға алып келеді.
Функционализмге, яғни қоғам өзімшілдік мүдделері бар және бүкіл қоғамның тұрақтылығы мен бірлігін қамтамасыз ететін құндылықтық сенімдері болмайтын топтардан тұрады деген көзқарасқа тікелей қарсы шығады. Қоғам жанжалдармен, күш көрсетумен, түрлі топтар арасындағы билік үшін күрестермен сипатталады. Тұрақтылық тек уақытша тепе-теңдік ретінде ғана мүмкін. Әлеуметтік қатынастардың қалыптасуының шешуші факторы топтардың өзімшілдік мүдделері болып табылады. Діни топтар - бір-біріне араз топтардың мүдделері қарама-қарсы тұратын, соқтығысатын жүйенің бір тетігі. Ортақ сенімдердің болуы олардың әлеуметтік бірігуінің шартты түрде маңызды емес жағдайы ретінде қарастырылуда болса, ал діни айырмашылықтар тамыры терең жанжалдарды сырттай безендіру ретінде қарастырылады. Бұған мысал ретінде христиан елдеріндегі еврейлерді қудалауды келтіруге болады, оның түбінде экономикалық фактор жатты, Ирландиядағы протестанттар мен католиктер арасындағы дау-дамай, ортодокстар мен “дін бұзарлар” арасындағы күрес және басқалар. Этникалық және топтық айырмашылықтар діни айырмашылықтармен шиеленісіп кеткен уақытта жанжалдар айрықша өткір сипат алады. Діни жанжалдар сыртқы көрінісінде этникалық немесе таптық негізде қақтығысуды бүркемелеуі мүмкін. Егер экономикалық мүдделер және этникалық байланыстар қоғамның бірігуіне жол ашатын жағдайларда, діни айырмашылықтар жіктелудің жалғыз ғана нышаны болады. Басқа діни топ өкілдерінен жауларды көру әдеті көптеген нақтылы жағдайларға байланысты күшейе түсуі немесе әлсірей түсуі мүмкін.
Дін дінаралық жанжалдармен қатар, оның сауатты қоғамда өмір сүруімен байланысты жанжалдарды да тудырады. Мысалы, діни құндылықтар жүйесі құрметке сай жалғыз өзі секілді, сауаттылардың құндылықтар жүйесіне қарама-қарсы қойылатын жағдайлар сирек емес. Дін жолын ұстаушылық діни ережелерді сақтау мен заң арасындағы жанжалға алып келуі мүмкін. Мұндай бейнедегі мысалдарды діни мінез-құлықтың ортақ ережеге бағынатынын көрсету үшін жанжал теориясының жақтастары ұсынып отыр: кез келген мінез-құлық өзімшілдік мүдделерді басшылыққа алады.
Шындығында, жанжал топішілік ықпалдасудың мүдделі көзқарас тұрғысынан функционалды, діни топ ішіндегі бірлесу көзі болуы мүмкін. Сондықтан кейбір топтар жанжалды сыртқы әлеммен байланыстырады, одан оқшаулану қаншалықты күшті болса, ішкі ауызбіршілік соншалықты мықты болады. “Бөтендерге” деген өшпенділік қауымдастық сезім туғызады, сүйенішті тек “өз адамдарынан” іздеуге шақырады. Сонымен әлеуметтік жанжал және әлеуметтік ықпалдасу бір үлгінің екі жағы ретінде көрінеді және бір-бірімен байланысты тұрғыдан қарастырылуы керек. Мұндай үрдіс айрықша айқындығымен, былайша айтқанда, ислам аймағында орын алуда, бұл жерде ол экстремизм және қарулы қақтығыс сипатына ие болуда.
Жанжалдар тек діни топтар арасында ғана болмайды, сонымен бірге олардың ішінде де болады. Топ ішіндегі әлеуметтік мінез-құлықтар көбіне жеке адамдардың өзімшілдік мүдделерін қанағаттандыруға ұмтылуының нәтижесі болып табылады және билік, артықшылық, мәртебе үшін күрес барысында жанжалдар туындайды. Мысалы, діни топтардың көпшілігінде (ортодоксальді иудаизмге қатысты, правословиеде, католик шіркеуінде, протестанттық конгрегациялардың көпшілігінде, исламда солай) ер адамға басым рөл беріледі, әйел адам дін қызметкері бола алмайды. Басқа бір қарапайым жанжал – ол клир мен миряндар арасында. Ол дін басылар көпшілік қоғамдарда, пұрсатты қоғам топтарының еншісінде болуы сияқты әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Қазіргі заманғы қоғамда діни өмір консерватор-дәстүршілдер мен модернистер, діни жаңару мен ренысандардың жақтастары арасындағы жанжалдармен көрініс береді. Әдетте, олардың арасындағы күрес таза теологиялық пікірталас шеңберінен шығып кетеді және дін басыларының әлеуметтік саяси бағыт ұстануының біртекті еместігін көрсетеді.
Дін ішіндегі жанжалдар көбінесе қоғамдағы өзгерістердің де көзі болып келді, оған әулиелік діндер мысал бола алады. Көне Өсиетте әулиелер, құдай әлеуметтік теңдікті көреді, оны құдай жасап берді, ал адамдар оны өз еркімен бұзды деп жария еткен. Әулиелер үлкен әділеттік үшін қоғамды өзгерістерге шақырды және көбінесе төмен, кедей таптардың мүдделерін қорғаушылар ретінде алға шықты. Германиядағы шаруалар соғысында бұқара халықтың жетекшісі реформацияның радикалды қанатының өкілі Томас Мюнцер болды. Ол жер бетіндегі тәртіптерді ортақ мүдделерге сәйкес (билеп- төстеушілердің мүддесінде ғана емес) қайта өзгертуге шақырды. Бұл жерде ол құдайдың о баста ойластырғанының орындалуын көрді. Бұл дінішілік жанжал (Мюнцер католик шіркеуін және дін қызметкерлерін сынға алады, бірқатар қасаң қағидаларды мойындамады) қалайша нағыз соғысқа әкелетін әлеуметтік жанжалға айналуының мысалы бола алады.
Осыған орай дін әлеуметтануы харизмалық жетекшілердің рөлі туралы мәселеге ерекше назар аударады. Вебер харизмадан әлеуметтік тұрақтылықтың іргелі қарсы әсерін және өзгерістердің маңызды бастамасын көрді.
Дін қоғам тұрақтылығының факторы ретінде ғана емес (бұл жерде функционалистер оның негізгі қызметін жиі көреді), сонымен қатар, әлеуметтік өзгерістердің қайнар көзі болып қызмет етеді. Мысалы, Вебер протестанттық реформацияның шешуші рөлін “капитализм рухын” жасауда кальвинизмнің ерекшеліктеріне негіздеді және нәтижесінде Еуропа тарихында жаңа дәуір мен индустриалдық өркениеттің дамуының басталуын білдірген орасан зор тарихи алға басушылықты дәлелдеді.
Басқаша түрдегі мысалдар келтіруге болады. Алайда діни тұрақтылық көбінесе бүкіл қоғам үшін сөзсіз өте үлкен игілік бола отырып, радикалды саяси қозғалыстарға өзін балама ретінде көрсетті, ал белгілі бір жағдайда функционалды түрде қоғам үшін пайдалы болатын тұрақтылықты қиратуға бағытталған қозғалысқа қосылуы мүмкін. АҚШ-тағы Мартин Лютер Кинг бастаған негрлердің азаматтық құқық үшін күш көрсетусіз түрде болған қарсылығы апартеидке қарсы болған діни қозғалыспен байланысты болды. Егер діни идеология барлық адамдар құдай алдында тең деп айтқанымен де, әлеуметтік, ұлттық теңсіздік құқығын шектеушілік болатын болса, онда жапа шегуші топ өкілдері үшін құдай алдында адамдардың бәрі тең дегені жайындағы діни оқылымдар теңдік үшін, бостандық үшін күрестің рухани себепкері ретінде қызмет етуі мүмкін.
Сонымен, егер фукнционалды теория діннің тұрақтылықты ұстап тұратын фактор ретіндегі рөліне назарын шоғырландыратын болса, жанжалдар теориясы оның өзгерістердің шығатын көзі ретіндегі рөліне назарын шоғырландырады. Жанжалдар теориясы діннің рөлі туралы түсінігін, салмақты тарихи мәліметтермен дәлелдеу мүмкіндігіне ие. Ол әлеуметтік статикаға бағыт алушы, тек функционалды байланыстарды анықтауға ғана көңіл бөліп, жанжалдарды елемеуге бейім қоғам туралы түсініктерге маңызды түзетулер енгізеді. Діни жанжалдар әлеуметтік өзгерістерге жол ашуы мүмкін және өз кезегінде әлеуметтік өзгерістер мен әлеуметтік жанжалдар діни салада өзгерістерге алып келуі мүмкін немесе алып келеді.
Сонда да жанжалдар теориясы өз назарын қарама-қарсылық пен күреске шоғырландыра отырып, оларсыз қоғам өмір сүруге қауқарсыз деп, ынтымақтастық пен кооперацияны түсіндіруде айтарлықтай қиыншылыққа тап болады. Әлеуметтік өмір теориясы екі сәтті де - үйлесім мен диссонансты есепке алуға міндетті, - алайда олардың сәйкестенуі, тепе-теңдігі нақты материалды таңдауда бірде басқасына, екіншісінде басқасына екпін салуға мүмкіндік бере отырып, айтарлықтай кең шектерде құбылып отырады. Нәтижесінде бұл екі көзқарас өзара жоққа шығарушы емес, өзара бірін-бірі толықтырушы болады. Діннің қоғамдағы рөлі тек фунционалдыққа немесе тек дисфункцио-налдыққа келіп тірелуі мүмкін еместігі анық. Діннің кері ықпалдасудың, қиратудың, жанжалдың факторы ретінде көрініп жататын жағдайлары оны әлеуметтік патология қатарына қосу үшін негіз болмауы керек.
Діннің жіктелу мен теңсіздікке көзқарасын біз бірқатар жағдайларда, шындығында, әлеуметтік бөлінудің діни заңдастыруы бар екендігінен көреміз. Бұған мысал ретінде көбінесе Үндістандағы касталық жүйе келтіріледі. Онымен бірге дін құлдық пен нәсілшілдікті тікелей ақтап алу үшін пайдаланылғандығы белгілі. Алайда дін әлеуметтік теңсіздіктің түрлі көріністерін қатаң түрде айыптап, сөккені жайлы да мысалдар келтіруге болады. Діни сенім түрлі әлеуметтік жағдайлар мен қатынастарды ақтап алатыны, нақты бишаралықтың да, оған қарсы наразылықтың да көрінісі ретінде қызмет ету мүмкіндігі айқын (Маркстің сөзімен айтқанда). Бұл діннің әлеуметтік негізі бар екендігін және оның қызметтерінің әлеуметтік айқындалғанын тағы да дәлелдейді.
Қарастырылып отырған ара қатынастың маңызды жағы - белгілі бір әлеуметтік топтардың, қоғамдық стратификация мен наным-сенімдердің белгілі бір жүйелері арасындағы байланыс. “Тек-топ, таптар, дін” мәселесі Вебер тарапынан “әлемдік діндердің шаруашылық этикасы” атты жұмысында өте тамаша қарастырылған. Ол қандай да бір топтардың өмірлік мінез-құлықтары тиісті діндердің іс жүзіндегі этносына күшті әсер еткенін және оларға бір-бірінен ерекшеленіп тұратын өзіндік ерекшелігі бар белгілер бергенін көрсетуге тырысты. Айталық, конфуцишілдік пайда болған ақсүйектік ұтымды бюрократияның тектік-топтық этикасы болды. Ерте индуизм иеленушілері әдеби тұрғыдан ойдан құрастырылған мұрагерлік касталардың өкілдері болды; керісінше, ешқандай қызмет орындарында болмаған, тек ведалық білімі бар брахмандар діни дәстүрлерді иеленуші шынайы діни тек-топ ретінде болды. Буддизм болса, ойға шомуға берілген және дүниеден безіп қаңғырып, ел аралап жүрген монахтар тарапынан көпшілікке таратылды. Ислам алғашында дін үшін күресуші жауынгерлердің, басқыншылардың, рыцарьлық орденнің діні болған. Иудаизм вавилондық тұтқыннан кейін “пария-халық” діні болды; ал христиандық әуел баста ел аралап жүрген қолөнершілердің ілімі, сипаты бойынша өзіндік ерекшелігі бар қалалық дін болды.
Тағы бір естен шығармау қажет жағдай – діни тиістілік кез келген топтарды “сәйкестендіру” арқылы біріктіру құралы бола алады, мысалы, ескі дәстүршілер ресми-православиелік ортада, иудаизмнің жақтастары христиандық ортада, яғни азшылық жағдайда қызмет етуі мүмкін.
Діннің саясатқа қатынасы түрлі аспектілерде зерттелген. Мемлекеттің пайда болуы мәселесі ерте кезеңдерде діни тұрғыдан қарастырылды. Алайда деректі тарихқа жүгінер болсақ, ол жерде дін мен саясат архаикалық мәдениет заманынан бері екі дербес сала ретінде көрінеді. Онымен қоса, саяси билікті заңдастыру қажеттілігі туындайды, бұл қызмет белгілі бір қатынастарда саяси элитамен бәсекелестікке түсе алатын ерекше топтың, діни кәсіпқойлар мен дін басыларының қолына шоғырланды. Алайда мемлекеттік-ұйымдасқан қоғамдардың көбінде саяси элитаға діни жағынан шынайы қауіп тудыру өте сирек болды. Атап айтқанда, антикалық Грекияда немесе Римде. Сонда да дін басыларының саяси кеудемсоқтықтарының белгілі бір жағдайда күшейе түсуі (былайша айтқанда, “құтқарушы діндерде” олардың нақтылы тарихи күштердің әрекет ететін саласынан тыс жататын бұл әлемдік емес мақсаттары - “құдай патшалығы” деген ұстанымдарымен) әбден мүмкін. Осындай негізде өзін шіркеуге саяси жақындығы бар зайырлы биліктен жоғары қоятын теократиялық мұрат түріндегі баламаның қалыптасуы мүмкін. Әсіресе исламда азап шегу мен қарама-қайшылықтарда рухани және зайырлы биліктің тең ұстанымдарының қалыптасуы жүреді, ол жерде о бастан діни шектеулер қасаң қағидашылық түрінде бекітілген.
Қазіргі қоғамда діни және саяси институттардың өзара қатынасы келесі екі аспектіде қарастырылады. Біріншісі – діннің сол қоғамның құндылықтарын негіздеу мен қолдау қызметін орындауымен байланысты. Бұл құндылықтар заңға және билікке қатысты көзқарасқа әсер ете отырып, саяси әрекетке (қарсы шығу немесе қолдау) тартылған. Екіншісі - діннің саясатпен, қандай да бір әлеуметтік топтардың ықпалының күшеюіне байланысты мүдделерін білдіруші институт ретінде қатыстығын анықтау. Діни ұйымдар, институционалды діни ұйымдарды қоса алғанда, белсенді идеологиялық әрекет арқылы саясатқа араласады, адамдардың ақыл-ойы үшін идеологиялық шайқастарға қатысады. Діни топтар қалай болғанда да түрлі нысандарда және түрлі дәрежеде қоғамның саяси өміріне қатысады. Бұл қатысу діни идеологиямен немесе оның қызмет етуінің объективті жағдайларымен анықталады. Қатысу саяси енжарлықтан, араласпаушылықтан халықтың белгілі бір бөлігінің биліктен жатсынғанын білдіретін бұл топтардың қатыстырылмауынан көрінуі мүмкін.
Қазіргі тарихи кезеңнің ерекшелігі этикалық өлшемдермен санасатын саясатқа қажеттілік болып табылады. Моральдық міндеттемелерге тәуелді болмайтын саясат ядролық ғасырда өте қауіпті. Осыған байланысты діннің саясатқа саяси күштердің күресінде төреші рөлін орындаушы этникалық фактор ретінде әсер етуі ұлғая түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |