Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті



бет21/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
Дәріс институт

Діннің экономикамен ерекше байланыстары бар. Вебердің шаруашылықтың капиталистік жүйесінің пайда болуында протеста-низмнің рөлі туралы зерттеуі дін мен экономика арасындағы әрекеттесуге көңіл бөлуді күшейте түсті. Бұл бағыттағы жұмысты Р.Белла жалғастырды. Ол жапон дінінің белгілі бір белгілері елдің жылдам экономикалық дамуында маңызды рөл атқарғанын көрсетуге ұмтылыс жасады. Ол жапондық самурайлардың діни-этикалық жүйесінде протестанттық этиканың баламасы бар екенін көрсетті. Олар, Р.Белланың болжауынша, Жапонияда капитализмнің дамуына жол ашты.
Вебер ұсынған бағытпен қатар экономика саласында сиқыршылық әрекеттердің рөлін де зерттеу жүргізіліп жатыр, этнологтар бұл әрекеттер қажетті түрде тиімді және қоршаған әлемге бейімделуді қамтамасыз ете алушы бола алатынын көрсетті.
Жалпы діннің басқа әлеуметтік институттармен қатынасы проблемасының бүкіл жиынтығы діннің әлеуметтік-мәдени өзгерістердегі рөлі деген басты мәселелермен байланысты. Бұл мәселе діннің рөлі қоғамда болып жатқан өзгерістерді уақыт бойынша қандай да бір артта қалушылықта болумен шектеліп отырады ма немесе дін осы өзгерістердің қозғаушы күші – “моторы” болып табыла ма деген мәселе жөнінде. Қазіргі уақытта бұл проблеманың тәжірибелік жоспары “үшінші әлем” елдерін жаңарту процесінде пайда болатын өте өткір қарама-қайшылықтар мен қиыншылықтарға байланысты аса мол.
Мысалы, христиандықтың бірте-бірте дамуының қазіргі фазасын көбінесе “сектанттық” деп атайды. Оны діни плюрализм және дінді жекешелендіру деп сипаттауда. Сенушінің әрекеттеу саласы өзіне-өзі жауап бола отырып, еңбек етіп, өмір сүретін секуляризацияланған қоғам болып табылады. Қазіргі кездегі христиандықтың негізгі проблемасы - бұл дәстүрлі христиандық этиканы қазіргі замандағы қоғамның күрделі проблемаларын түсінуге сәйкестендіре алатын, қоғамда христиандық құндылықтарды тереңірек түрде іске асыруға жол ашатын жаңа “өмірлік құндылықтар” жүйесін жасап шығару болып отыр.
Осыған байланысты қазіргі дін әлеуметтануында діннің қоғамға әсер етуінің екі тұтас процесі және діннің әлеуметтік факторлардың әсерімен өзгеруі, қоғамның тарихи даму барысында өзгеруі ретінде дін эволюциясының тұжырымдамасы жасалуда.
Дін әлеуметтануы діннің дамушы құбылыс ретіндегі талдануына көңіл бөле отырып, ислам дінінің зайырлы мәдениетпен және дінсізденген қоғаммен әрекеттесуіне, қазіргі әлеуметтік-саяси процестерге, сонымен қоса Еуразия кеңістігіндегі коммунистіктен кейінгі қоғамдар жағдайында ислам ықпалының мүмкіндіктері мен сипаты сияқты қазіргі кезеңнің маңызды проблемаларын қозғауда.

Діни ұйымдар мен діни жеке адам тұрпаттамасы


Дін зайырлы институттармен әрекеттесе отырып, “әлемде” өмір сүру үшін қандай да бір әлеуметтік ұйымдасқан нысанға айналу керек. Әрине, бұл проблема әлеуметтік жіктелудің дамуының айтарлықтай жоғары кезеңінде пайда болады. Ерте кезеңдерде діни топтар құпиялы қоғамдар түрінде пайда болды, олардың оны құрғандағы және іс-әрекетіндегі мақсаттары тек діни мақсаттар ғана болған жоқ. Жоғары деңгейде дамыған мәдениеттерде жаңа феномен пайда болуда, ол - әлеуметтік топтардың діни негізі бойынша қалыптасуы.
Ежелгі Шығыс қоғамдарында діни құрылым мемлекеттік құрылыммен сәйкес келді. Оларды межелеп бөлудің алғашқы қадамы заң, құқық саласының дінге табынушылықтан бөлінуі болды. Рухани биліктің зайырлы биліктен, діни міндеттердің азаматтық міндеттерден, діни ұйымдардың саяси немесе корпоративті ұйымдардан әрі қарай жекелене түсуі христиандықпен байланысты.
Діни қауым - о баста діннің негізін қалаушы, оқытушы мен оның оқушыларын біріктіруші топ. Бұл ешқандай тұрғыдан ресми бекітілмеген жеке байланыс. Тек кейінірек христиандықта діни иерархия қалыптасады, ол шіркеуге айналады.
Өзіндік ерекшелігі бар діни топтың ұйымдастырушылық бекітілуі оның “әлемнің” белгілі бір сипаттарына ие болуымен және олармен ымыраға келе алу міндетімен байланысты. Діни ұйымдардың түрлерін әлеуметтану тұрғысынан талдау кезінде діни ұйымдардың қоғамға көзқарасы жөніндегі мәселе негізгі мәселелердің бірі болады және “шіркеу” мен “секта” арасындағы қатынастарды анықтайды.
Діни топ әрекетінің ұйымшылдығы басшылықпен, рухани жетекшінің іс-әрекетімен анықталады. Әлеуметтану үшін маңызы зор рухани басшылардың бірнеше түрлері болады. Ең маңызды түрінің бірі - “пайғамбар”, діни оқылымдарды немесе құдайды мадақтаушы, жеке-дара харизманың иегері. Пайғамбар осы ертеректегі ашылым-дарды мадақтай алады және сол кезде ол жаңа дін құрмайды, бірақ ескі дінді жаңа арнаға салады, яғни діни ренысандар ретінде алға шығады. Егер пайғамбар дүниеге мүлдем жаңа ашылым алып келсе, онда ол діннің негізін қалаушы болады.
Пайғамбарларға қарағанда дін қызметкерлері өз қызметінің міндетіне сәйкес құтқару, аман-саулық береді, олардың беделі жеке ашылымға немесе харизмаға емес, дәстүрге негізделген; олар ұйымды білдіреді. Олар “өзінен шыққан” оқылымдарды емес, мазмұны бар қатаң белгіленген және бақылаушы оқылымдарды мадақтайды.
Рухты шақыра алатын және о дүниемен сөйлесе алатын сиқыршы мен дуалаушының ісі жеке адамның харизмалылығы арқасында іске асады. Сиқыршының дін қызметкерлерінен айырмашылығы бар. Оның “ісі” - оқылымда емес, парызда емес; ол көбіне анық болған нәрселерді түсіндіреді. Бұл кезеңде ашылым ғайыптан келген кітапты немесе транс сезімін мадақтаушы нысанында көрінеді. Пайғамбар көбінесе “кәсіби түрде” болжам жасауды, емдеуді, кеңестер беруді тәжірибеден өткізеді. Мұндай жағдайларда олар болжағыш, түс көргіш, ғажайып іс жасаушы, құтқарушы ретінде алға шығады. Тағы бір түрі - әулие, оның мәртебесі жеке жетістіктері мен дін саласындағы ерліктеріне байланысты. Діни қайраткерлердің қызметін бұлайша талдау Вебер үшін пайғамбар жолын жеке ұстанушылық, қауым ішінде оның оқылымдарын орындаудың қарапайым процесі, ол арқылы оқылым бірлестіктің арнайы діни мақсаттарға қызмет етуі үшін дайындалған қандай да бір үнемі жұмыс істеуші мекеме шеңберінде күнделікті өмірге енеді деген маңызды тұжырымын негіздеуге мүмкіндік береді. Алдымен бұл миряндардың ерікті бірлестігі, қауымдастығы еді. Қозғалыстар көбінесе діни ренысандар кезінде үнемі әрекет ететін қауымдардың ұйымдасуына алып келеді. Бұл ұйымдар саяси билікпен ара қатынасқа түседі. Діни қауымда діни тиістілігі түсінігі қалыптасады; діни қауымдастықтардың бірігуі және басқарушы орталығы пайда болуы шіркеулік ұйымның құрылуына алып келеді.
Вебердің пікірінше, “діни ағымдардың” өзгешелігі оның барлық уақытта қауымдастықтардың жабық бірлестігі ретінде қалыптасуында, сондықтан діни ағымға тиістілік барлық уақытта жеке қауымға келісім-шарт негізінде енуге байланысты болады. Шіркеулер болса барлығын құтқару ісін басқарып отырады. Діни ағымдар, керісінше, олар іріктеп алынғандардың қауымы болғысы келеді.
Шіркеу мен сектаны айыра отырып, баға беру өлшемі емес, таза әлеуметтанушылық өлшемді басшылыққа алу керек, себебі сектаға кіру саналы түрде қабылданатын шешім болып табылады; секта шіркеуге қарағанда көп нәрсеге міндеттемейді, бұл жерде секта мүшелерінің оның белсенді әрекетіне белсенді қатысуы айтылып отыр. Секта өз мүшелері үшін жауапты болады және оған кіру кезінде өз еркімен мойнына алынған міндеттерін орындамай жүргендерін шығарып тастайды. Сондықтан діни ағымға тиістілік адамның діни байсалды түрінің кепілі, онымен іс жүргізу болатындығының куәсі ретінде қызмет етуі мүмкін.
Түрлендірудің жоғарыда келтірілгеннен біршама басқаша түрі бар. Оның авторы Трельг болды. Ол ұйымның үш типін бөліп көрсетті - шіркеулік, сектанттық және мистикалық. Шіркеу әлеуметтік конформизмді таныта отырып, “Христос үшін бүкіл әлемді жаулап алуға” тырысады және қоғамды қандай күйде болса, сол күйінде қабылдайды. Секталар керісінше, олар қоғамды құтқару емес, христостық этикалық өсиеттерге қатаң бағына отырып, өмірді құтқаруға тырысады, сондықтан оларға “дүниені” қабылдамау, оның “жалғандығына” қарсылық көрсету тән. Шіркеуден сектаны бөліп алу - ол әділеттілік пен теңдік жайындағы қамқорлықты орнына қайта келтіру үшін талпыныс, шіркеу бұл шараға қоғамға ықпалын сақтап қалу үшін барып отыр. Мистиктер дүниеден одан әрі артта қалуда және құдаймен бірігу сезіміне жетуге тырысады. Оларда этикалық кемелденудің үлгісі болуға тырысқаннан гөрі, басқа істер маңызды. Трельгте діни ұйымдардың типтерін айырмау өлшемі олардың әлеуметтік нақтылыққа көзқарасы болады. Шіркеу мемлекеттілікке, мемлекеттік шіркеуге, кертартпалыққа жақын. Секта - ол діни оппозиция, дүниені жатсынғандықтың, оны қабылдамаудың діни көрініс беруі. Бұл мемлекетке, қоғамға өшпенді сенушілер қауымы. Шіркеу құдайы өмірге бар нәрселерге ризашылығын білдіреді, секта құдайы айыптайды, қарғайды. Діни ағымның қайнар көзі - әлеуметтік әділетсіздік, азап, қорлық көргендердің қарсылығы. Ертеректе христиандық империяға қарсы бишаралардың сектасы болды, кейінірек ол Рим империясының мемлекеттік шіркеуіне айналды. Міне, оның бірте-бірте дамуынан шіркеулік діндарлық пен сектанттық діндарлық өздерінің әлеуметтік және саяси ұстанымдары бойынша әжептәуір айырмашылығы бар екенін көреміз.
Діни ұйымдарды типке бөлудегі келесі бір қадам өткен ғасырдың 20-шы жылдарында Р.Нибур тарапынан жасалды. Ол секта мен шіркеуді діни ұйымның даму кезеңдері ретінде көрді: секта шіркеуге айналуы мүмкін, ал шіркеу секта болып кетуі мүмкін. Нибур әзірге қалыптасу, эволюция, ұйымдастырушылық дайындық кезеңінде тұрған діни бірлестіктерді атау үшін деноминациялар деген түсінік енгізді. Ол шіркеу мен секта арасындағы айқын шекараларының жоқтығына, бұрынғы оппозициялығын жоғалтқанына назар аударды. “Дүниені” жоққа шығару оны мойындаумен ауысуда, секталар өзінің дүниеге деген көзқарасы бойынша шіркеуден ерекшеленуін қойды, алайда олар бірқатар басқа қатынастарда “шіркеу” деген түсінікке сәйкес келмейді.
Осындай барлық ұйымдар деноминация деген атқа ие болады, ұзақ уақыт бойы өмір сүруші секталар соңына келгенде дін ұстануға айналады, мысалы методизм. Ол тағы бір түсінік - табынушылық түсінігін ұсынды. Бұл әдетте қоғамда өмір сүруші құндылықтарды, ресми көзқарастарды, т.б. қабылдамаушы адамдар бірлестігі әлеміне қатысты сектаны еске салушы ретінде көрінеді. Бұл қандай да бір діни, харизмалық типтегі жетекшінің айналасында шоғырланатын, өте көп ізбасарлары бар айтарлықтай аморфты бірлестік. Қазіргі кездегі діндердің мысалына спиритуализмді, трансцендентальды медитация қозғалысын, астрологияға сенуді, т.б. жатқызуға болады. Кейде бұл ұғым Христостың мыңжылдық патшылығының орнығуы үшін милленаристік (мыңжылдықты) қозғалыстарды атау үшін қолданылуда.
Бұл ұғымдардың барлығы христиандықты талдауға негізделген, діни ұйымның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Алайда кейбір ірі діндерде дамыған бюрократиялық иерархия жоқ, мысалы, индуизмге, исламға қатысты секталарды айтуға болады. Және басқа да әлемдік діндерде осы сияқты топтасқан топтар болады. Бірақ олар “секта-шіркеу” деген міндетті дихатомияға енгізілмеген.
“Шіркеу”, “секта”, “деноминация”, “дін ұстану”, “табынушылық” түсініктерін біршама шартты түсініктер деп санауға болады. Сонда олар діни өмірдің жағдайы мен нысандарын сипаттаушы маңызды үрдістерді талдау үшін пайдалы болады. Қазіргі кезде әлемде түрлендіру проблемасы, шіркеуден тыс діндарлықтың дамуына байланысты қажетті деңгейдегі мәнге ие болуда, зерттеушілердің назары жеке адамның ішкі діншілдігі мен қатаң тәртібі, салты, ұйымы бар шіркеулік институционалданған діншілдіктің ара қатынасына қарай ауып отыр. Типке бөлу діни топтарды эмпирикалық зерттеуді дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Сондықтан қорытынды ретінде дінді жалпы әлеуметтану теориялары деңгейіндегі ерекше әлеуметтік шағын жүйе ретінде әлеуметтану тұрғысынан зерттеп-білу, тек діннің нақтылы тарихи нысандарын, тұтас әлеуметтік жүйе шеңберіндегі әлеуметтік байланыстар мен институттардың айрықша типін сипаттаушы эмпирикалық материалға сүйенгенде ғана табысты болады деп айтуға болады. Сол себептен жеке адамдар санасының белгілі бір жағдайымен айқындалған, әлеуметтік топтардың дін ұстанушылық белгілерімен біріккен немесе ажыратылған мінез-құлықтарын зерттеу маңызды болып отыр.
Егер дін зерттеудің санаты ретінде жекелеген тұлғаларға діни сенімдердің, әрекеттердің және қатынастардың субъектісі ретінде тікелей көңіл бөлмейтін болса, онда діншілдік ортақ сенім мен дін бойынша біріктірілген және топқа кіретін жекелеген адамдардың санасында және мінез-құлқында діннің жалпы әлеуметтік табиғаты қалай іске асырылып жатқанын анықтауға негізделген нақтылы әлеуметтік қауымдастықтар мен жеке адамдарды зерттеуді талап етеді.
“Діншілдік” түсінігі әлеуметтанушылық зерттеудің тікелей объектісі - тұлғааралық белгілі бір жиынтығымен ара қатынаста болуы мүмкін және осы қатыстылықты теориялық талдау негізінде зерттеліп отырған жиынтықтың діншілдік белгілерін зерттеу рәсімі жасалынады. “Діншілдік” түсінігін талдау, оның эмпирикалық түсіндірілуі оны зерттеудегі нақтылы ғылыми әлеуметтану бағдарламасын жасаудың басты әдістемелік алғышарты болады.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеуде бір-бірінен мазмұны өзгеше және діншілдіктің эмпирикалық толысуын толық мөлшерде ашу үшін айырып алуды және анықтауды талап ететін бірқатар басқа да ұғымдар қолданылады. Діннің жеке адамға әсер ету деңгейін белгілеп алу бізге, былайша айтқанда, діншілдену дәрежесін береді. Ол діншілдіктің эмпирикалық белгілерін саптау және тиісті шаманы құру негізінде анықталады. Ол діншілдік дәрежесі бойынша ерекшеленетін тұлғаның мүмкін болатын бірнеше типтерін қамтиды. Сонымен қатар бірқатар әлеуметтанушылардың дінді кеңейтілген күйінде түсінуге бейімдігін есепке ала отырып, бұл белгіні қандай да бір діни бағыттың жолын ұстанушылық дәрежесі деп түсіндірме беруге болады, себебі адам жалған діни ортада немесе топта, айталық, онда сенім объективті қасиетсіздендірілген және о дүниелік әлемде болмайтын азаматтық дінде және сенім жағдайында, табынушылық тәжірибеде, мінез-құлықта болуы мүмкін.
Белгілі бір адамдар тобының, аймақ тұрғындарының, демографиялық немесе әлеуметтік топтың белгілі бір дінге көзқарасы діншілдік деңгейін білдіреді. Ол діншіл адамдарды топтың жалпы санынан бөліп алу және олардың пайыздық ара қатынасын анықтау негізінде анықталады. Сол қауымдастықтағы немесе аймақтағы тұрпаттамалық топтардың ара қатынасын анықтау да мүмкін екендігі айтылуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет