Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы



бет2/7
Дата18.10.2022
өлшемі207 Kb.
#43765
1   2   3   4   5   6   7
Жұмыстың өзектілігі
Халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарына соның ішінде бастауыш және орта буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені білім мен тәлім тәрбиенің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Қандай да болсын пәнді, соның ішінде бастауыш және орта мектептегі математиканы, оқытып-үйрету арнайы мақсат көздейді.
Қазіргі жағдайда математикалық біліммен, әсіресе теңдеу ұғымымен және оның өзіндік әдіс-тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің қай саласына болса да аса қажетті.
Оқу пәні ретінде математика курсы оқушылардың белгілі бір білім көлемін игеруін көздейді.
Математикалық теңдеулер нақты түрде ұсынылмайды тікелей оқушыны қоршаған ортамен байланыстырады, демек олардың танымдық қызығушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады.
Кіріспе

Кез келген мемлекеттің болашағы – бүгінгі жас ұрпақ екені белгілі қағида. Дамыған 50 – елдің қатарына енуге мүмкіндік беретін құдіретті күш – білім.


Математика сөзінің өзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Олай болса ежелгі замандардан - ақ математикалық білімді ғылымның жоғары дәрежесі ретінде қабылдаған.
Математика – ғылым болмысынан балама ұғымдар. Сондықтан да математика барлық ғылымдардың логикалық негізі – күре тамыры ретінде қарастырылады.
Мектеп математика курсында теңдеу тақырыбы - елеулі орын алар математиканың ерекше бөлімі деуге болады.
Шығамын десең биік шыңның басына,
Адал досың – Біліміңді ал қасыңа.
Зула, топ жар! Бәйгеге түс, бекем бол,
Тула, толқы, шығар барлық теңдеуді!
дей отыра адамдар бір шаруаның шешімін таппағанда, түсініксіз тығырыққа тірелгенде, бұл бір ЖҰМБАҚ НӘРСЕ екен деп айтып жатады. Ал математиканың жұмбағы –ТЕҢДЕУЛЕР.
Теңдеулерді шешуді ойға қонымсыз абстракциялы ұғым деп түсінбеймін, керісінше, оны кез келген оқиғаның ақиқат не жалған екендігіне көз жеткізу деп білемін. Егер адам шындыққа құмар жан болса, онда өмірдің қойған сансыз сауалдарына жауап беруге тырысады деген ойдамын. Теңдеулер тек математикада емес, сонымен қатар теңдеулер – өмірдің сан алуан белгісіз, құпия, сыры ашылмаған, әлі беймәлім, тығырықтан шығар жолды іздеумен, тек ізденумен жұмыс жасауды қажет етеді.
Белгісіз элемент есеп шығару арқылы немесе байқап көру, іздену үрдісімен жүреді. Ойша болжай білу, тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Аңғарымпаздық өз білімін пайдалана білудің көрсеткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет