МОНИТОР ЭКРАНЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҰЗАҚТЫҒЫН РЕГЛАМЕНТТЕУ ҒАНА ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР КҮНІ БОЙҒЫ ЖӘНЕ АПТА БОЙҒЫ ОНЫҢ ЖИЫНТЫҚ ҰЗАҚТЫҒЫНА ДА ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРУ КЕРЕК. Қашықтықтан оқыту кестесін жасау кезінде педагогтардың келісілген жұмысы қажет. Барлық сабақтарды онлайн-сабақ түрінде өткізуге болмайды. Электрондық құрылғыларды пайдаланатын сабақтар балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, ұзақтығы бойынша да, олардың саны бойынша да қатаң регламенттелуі тиіс.
Қашықтықтан оқыту баланы бірнеше сағат бойы онлайн-жұмысқа қосу ретінде қарастырылмауы тиіс. Онлайн-оқытудан басқа қашықтықтан жұмыс істеудің басқа түрлерін белсенді пайдалану және әр түрлі қызмет түрлерімен алмастыру қажет.
Оқушы тапсырмаларды орындаған кезде оны экраннан дәптерге көшіріп отыруы керек жұмысты азайту немесе толығымен алып тастау қажет екендігіне ерекше назар аударған жөн. Бұл қызмет көру жұмысының үнемі өзгеруімен байланысты, демек, айқын көру шаршауын тудырады. Сонымен қатар, мұндай тапсырмаларды орындау кезінде ұтымды жұмыс қалпын сақтау қиынға соғады және мұндай жұмыс оқушының айқын әрі тез шаршауына әкеледі.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде көру жүктемесіне байланысты техникалық оқу құралдарын қолданғаннан кейін, көздің шаршауын алдын алу үшін жаттығулар кешенін, ал сабақ соңында жалпы шаршауды алдын алу үшін дене жаттығуларын жүргізу қажет.
Компьютерде жұмыс істеу нәтижесінде пайда болған көздің ауырсынуын жеңілдету үшін, 1-2 минут ішінде көзге арналған ГИМНАСТИКА жүргізілуі тиіс. Гимнастиканы сабақтың басталуынан 15-20 минуттан кейін немесе көздің шаршау белгілері пайда болғаннан бастап жүргізілуі керек.
Көру гимнастикасын өткізу сабақтың міндетті элементі болуы керек. Жаттығулар педагогпен бірге және оның бақылауымен орындалуы тиіс. Жаттығулар тұрып немесе отырғанда, экраннан ритмді тыныс алумен, көз қозғалысының максималды амплитудасымен орындалады (1 қосымша).
Сабақты өткізген кезде СРГІТУ СӘТТЕРІН қарастырған жөн. Оларды уақытында өткізу шаршаудың алдын алумен қатар, баланың жалпы ақыл-ой жұмысын, қабілетін арттыруға ықпал етеді. Мазмұны жағынан олар әртүрлі және белгілі бір бұлшықет тобына немесе ағза жүйесіне әсер етуге арналған. Балаларда шаршаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде 2-3 минуттық дене жаттығуларын жүргізу қажет (шамамен 15-20 минуттан кейін).
Сергіту сәттерін өткізудің ең ыңғайлы уақыты туралы мәселені педагогтың өзі шешеді. Жаттығу кешендерін кезектестіру қажет (2-қосымша).