Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


жылғы эксперимент мәліметтері бойынша V-VIII сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының сипаты *



бет61/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

1968 жылғы эксперимент мәліметтері бойынша V-VIII сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының сипаты *
Кесте 23

Оқушылардың қызығушылықтары

V сынып – 39 адам

VІ сынып -34 адам

VII сынып -31 адам

VIII сынып -29 адам

Аморфты
Кең
Өзекті
Оқуға қызығушылығы жоқ

17 (43,5)
16 (41)
6 (15)
-

12 (35,5)
11 (32)
9 (26,5)
2 (5,5)

7 (23)
9 (29)
13 (42)
2 (6)

13 (45)
7 (24)
7 (24)
2 (7)

*Жақшаның ішінде сыныптағы оқушының жалпы санына шаққандағы пайыз есебі.


Кестеден үш сынып оқушыларын қызығушылық сипатына қарай бөлуге бірдей үрдіс тән екені байқалады. VII сыныптан басқа сыныптардың оқушыларының көпшілігіне аморфты қызығушылық тән, кең түрдегі қызығушылықты әр сынып оқушыларының біршама бөлігі құраса, азғантай бөлігіне өзекті қызығушылық тән.


Мұғалімдерден алынған сұхбатта күшті, үлкен танымдық сұранысқа ие деп бағаланған VII сынып оқушыларының аморфты қызығушылықтарға иелер аз да, өзекті қызығушылық жоғары.
І. 23- кестеден көрініп тұрғандай, аморфты қызығушылық танытқан жасөспірімдер саны өте жоғары және мұндай оқушылар топтары азаймайды, қайта жоғары сыныптарда көбеюі мүмкін. Бұл факт бізге мектептерде танымдық қызығушылықты қалыптастыру бағытындағы жұмыстар өте нашар жүргізілетінін көрсетеді, мұғалімдердің оқушылардың білімін байыту бағытындағы жұмыстары жеткіліксіз дәрежеде және оқытудың барлық бағытын қамтымайды, осыған байланысты оқушылардың белгілі бір бөлігінің білімді меңгеруге деген ынталары төмен және мұғалімге оқу жұмысында қолдау көрсетпейді.
Көптеген оқушыларда аморфты қызығушылықтар неліктен байқалады?
1) Бәрінен бұрын оқушылардың көпшілігі саналы түрде қызығушылық таныта алмайды, нені үйренгісі, нені оқығысы келетінін, нендей мәселе қызықтыратыны туралы өзіне есеп бере білмейді және оның басқадан қандай артықшылығы бар екенін айқындай алмайды;
2) танымдық қызығушылықтың бұл түсініксіз сипаты бесінші сыныптықтарда оқытудың жаңа сипатына байланысты пайда болды. Әртүрлі сипаттағы (бірі - математиканы оқытуда, екіншісі - географияны оқытуда, үшіншісі - әдебиет сабағында) өскелең жаңа талаптар мен бұрынғы оқыту сатысында қалыптасып, енді жаңаша қайта құрыла алмай отырған үйренудің осы сынып оқушыларының кейбір топтарының арасында жасқаншақтық, ұялшақтық, шешімсіздік, жүрексіздік, өзінің оқу әрекетіне сенімсіздік сияқты оқу тәсілдері арасындағы қарама–қайшылық туындайды;
3) аморфты қызығушылық танытатын оқушылар тобында әрқашан ескі әдеттерге терең негізделген репродуктивтік (өнімсіз) іс-әрекетке, үлгімен жұмыс істеуге басымдық беріледі. Біздің «конверттермен жұмыс әдістемесі» атты экспериментімізде бұл топтардың өкілдері барлық тапсырмалардың ішінен бірінші тараудың жаттанды, жауаптары шектеулі басымдыққа ие тапсырмаларын таңдады. Ізденуді қажет ететін, шығармашылық тапсырмаларға мұндай оқушылар қызығушылық танытпайды, өздерінің мұндай тапсырмаларды орындай алатынына сенбейді, орындай алмайтынына ұялып, қысылады немесе ондай тапсырмалардан бас тартады.
4) мұндай топ балалары таным үдерісіне тереңдеп енуге ұмтылмайды, оқуда жақсы нәтижеге қол жеткізуге таласпайды. Оларды танымдық қызметтің нәтижесі емес, мәтінді көшіре салу, контур картаны бояу сияқты «жасап тастайтын» үдеріс қызықтырады. Сондықтан, олардың оқуға, үйренуге қызығушылығы табысты емес, үдерістік болып табылады.
5) мұндай жасөспірімдердің білім шеңбері бағдарлама шегінен шықпайды, білімді кеңейтіп, байыту үшін қосымша ақпарат көздері пайдаланылмайды.
6) аморфты танымдық қызығушылық негізінде белсенді танымдық үрдіс болмайды, ол тұрақсыз, ұйымдастырылған оқыту шеңберінен шықпайды, жасөспірімді бос мезгілінде қандай да болсын сүйікті ісімен айналысуға жетелемейді. Мұндай оқушылардың оқу пәндеріне икемі байқалмайды. Сондықтан олар бұл салада кітап оқу көкжиегінің тар екенімен сипатталады.
7) бұл топтың оқушылары оқу үдерісінде үнемі сыртқы әсерді қажет етеді, өздігінен белсенділік көрсетпейді, өз бетінше жұмыс жасау дағдысы жоқ; олар ойланбастан оқытушының айтқанын ғана орындайды. Олардың оқуға деген жалғыз оң көзқарасы «сабақты жақсы түсіндіретін» мұғалім ғана.
8) оқушылардың аморфты танымдық қызығушылығының басты себебі – оқып үйренуді қайта құруға, қиынырақ тапсырмаларды орындау үшін барынша жетілген біліктілікті меңгеруге деген ынта–жігерінің жоқтығы. Оқушылардың бұл тобы, әдетте, жақын даму аймағы әртүрлі бола тұрса да, мұғалімдер тарапынан әлсіздер санатына жатқызылады.
Осындай топ оқушыларының қызығушылығының аморфтығы, белгісіздігі, жетімсіздігі олардың оқып үйренуге талаптануын тежейді, сөйтіп, бір жағынан әрбір қадам сайын селсоқтықты жеңіп отыруға тура келеді, ал екінші жағынан осы селқостықтың артында оқуға деген келеңсіз көзқарастың жоқ екендігін мұқият зерттеу керек.
Оқушылардың мұндай тобының ішінде, әрине,оқушылардың бірі болмаса біріне өзіндік өмірлік тәжірибесіне әсер ететін көптеген жеке нұсқалар болады. Бұл оқушыларды өмірлік көзқарастарындағы оқу, білімге деген белгісіздік, немқұрайлылық біріктіреді. Дегенмен, пайда болған жағдаятқа, сыртқы жағдайдың өзгеруіне байланысты олар оқушы өмірінен басқаша орын алуы мүмкін.

ІІ. Жасөспірім жастағы оқушылардың сыныптарында (ширек шамасында немесе одан да көп) белгілі бір бөлігін кең танымдық қызығушылығы бар оқушылар құрайды. Кіші жастағы оқушылар арасында мұндай қызығушылығы бар балалар ерекше көп, себебі қызығушылықты саралау білімді саралаумен және үдерістің өзінің тереңдігімен байланысты. Осы осы типті қызығушылығы бар кіші жастағы жасөспірімдердің кең еліктігіштігіне сүйене отырып, үлкен қызығушылықтар оларды жетілдіру жолындағы нақты мақсатты жұмыстың болмауынан, өте жеңіл – желпі жұмыстар атқарылуынан деп ойлауға мүмкіндік береді (оқушы бәріне де аз-аздан қызығады, тез қызынады, тез суынады). Сондықтан, бұл топпен жұмыс өзінің келешегіне орай оқушылардың білімін тереңдету, олардың қызығушылықтарын қандай да бір мәселе (гуманитарлық, жаратылыстану, физика - математика) төңірегіне тұрақтандыру қажет болады.


Кең танымдық қызығушылықтың көрсеткіштері қандай?
1) Кең танымдық қызығушылықтың айқындалған бір көрсеткіші – ізденушілік танымдық міндетті шешуге ұмтылу. Тіпті ол үшін қажетті білік болмағанның өзінде оқушылар оған тоқталып, өздерінің көңілін бөліп, ойланып, толғанып, шешімін табуға ынталанып, өзін бұл мәселені тез шеше алмағаны үшін кіналайды («Бұл қалай болды? Мен бұл туралы оқыған едім ғой»! Әлі ойланып көруге тура келеді!»);
2) Кең танымдық қызығушылыққа ие оқушының қызмет үдерісі тұлғалық қатынасынан байқалды. Ол кейбір оқушылардан сабырлылығымен, екіншілерден – зейінділігімен, ал үшіншілерден – абыржушылығымен ерекшеленеді. Бұндай оқушылардың барлық әсерленуі мынаны көрсетеді: танымдық үдеріс олар үшін бәрібір емес, онда аз да болса өзбетінше ізденіс жасалады (я тез шешімін табу, немесе ұзақ ойлану);
3) Кең танымдық қызығушылыққа ие жасөспірімдер таңдалған аймақта бағдарлама шегінен шығуға ұмтылады. Олардың қызығушылығы «үлкен ғылымға», қазіргі заманғы ғылыми жаңалыққа бағытталған. Олар қосымша ақпарат пен дерек көздерін іздейді және оны табады;
4) Олардың көпшілігінің дүниетанымы кең, көп оқиды және бос уақытының бір бөлігін кезкелген өзінің сүйікті пәніне арнайды; олардың кейбірінде қызығушылық оның икеміне сәйкес келеді;
5) танымдық белсенділік, жасап көруге ұмтылу, білуге құмарлығы – олардың ерекше қасиеті. Олар сабақта белсенді, сұрақтар қояды, қойылған мәселені талқылауға тез араласады, кейде қызу таласады (немесе бер көзқарастарды сынайды, немесе өзінің көзқарасының дұрыстығын сенімді түрде дәлелдейді);
6) дегенмен, бұл топтағы оқушылардың арасында жеңіл білімділері де болады. Бұлар өздерінің білімін жетілдіруге, барынша күрделі біліктерді игеруге жеткілікті күш жұмсамағандар. Бұл топ оқушыларының арасында айырмашылық, барынша кең білім алуға ұмтылушылық пен бұл білімдерді жеткілікті негізде меңгеру мүмкіндігі арасында қарама-қайшылық байқалады.
Тұлғаның құрылымында кең танымдық қызығушылық – құнды құрыылым. Дегенмен, қажетті педагогикалық әсер болмаған жағдайда ол білімді меңгеруге атүсті, өте жеңіл қарауға негіз құруы мүмкін.
ІІІ. Алынған мәліметтерге сәйкес өзекті қызығушылықтар әр жасөспірімдер сыныбының 1/5 – 1/3 бөлігін құрайды. Өзекті қызығушылықтардың айырықша ерекшеліктері:
1) пәнге бағытталуда өте үлкен мақсаттылық және тар, шағын шеңбердегі ұйымдастыру;
2) жоғары белсенділік және практикалық әрекетшілдік;
3) оқушылардың икемділігімен тығыз байланысты жұмыс істеу.
Бұл типтегі қызығушылықтар көптеген факторлардың әсерінің ықпалында, әсіресе сабақтан тыс (жанұя: «анасы – химик» немесе оқушының бір пәнге бағытталуына әсер ететін қандай да болсын өмірлік жағдаяттар - жазда ауылда демалу кезіндегі атпен қыдыру, ит үйрету, туристік саяхатта болу, экскурсия кезінде әсер еткен нәрселер және т.б.).
Өзекті, кең қызығушылықтардың ортақ белгілері бағдарламалық материалдан шығып, одан тыс жұмыс жасауға тырысуы, қосымша ақпарат көздерін іздеуге бастамашы болу, өзі сүйетін пәнге бос мезгілінің біразын жұмсау.
Өзекті қызығушылықтардан оқушының кіші жасөспірімдік кезінен бастап сәйкес икемділігі дамып, қатайып, болашақ кәсіби қызметіне бастау алуы мүмкін, бұл өзекті қызығушылықтар ерте кәсібилікке апарады деген сөз емес. Сонымен бірге, өзекті қызығушылықтар барлық уақытта бірдей теориялық бағытқа апара бермейтінін де ескеру керек. Ол іс-әрекет үдерісіне жиі сүйенеді (оқушы есеп шығарғанды жақсы көреді) немесе айқын көрінетін аз да болса белгілі бір нәтиже көрінетін практикалық бағыт ұстайды (жануарларды үйрету, химиялық тәжірибе жасау).
Өзекті қызығушылық тұлға қалыптастыру үшін үлкен құндылық болып табылады, өйткені бұл қызығушылық жетекші ынта рөлін атқарады және тұлғаның бағдарына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар белгілі жағдайларда және қажетті педагогикалық ықпал болмағанда өзекті қызығушылық жасөспірімнің жан-жақты білім алып, дамуына кедергі болуы да мүмкін. Сондықтан педагогикалық ықпалдың бұл топқа әсер ететін басты перспективалық жолы өзекті қызығушылықты танымдық қызметтің жалпы арнасына салу, оған бөлектену мен тұйықталуға жол бермеу, бірте-бірте терең танымдық мән мен ғылыми сипат беру (итті үйретуден мінез-құлық тетігін түсіну, нерв жүйесінің құрылымы мен қызметін тереңірек зерттеп білу; тәжірибеден физикалық–химиялық құбылыстардың заңдылықтарын түсіну).
Оқушылардың бұл тобы оқыту үдерісінде де, одан тысқары жағдайда да олардың танымдық қызығушылықтарына үнемі қанағаттанғандықты талап етеді.
IV. Жасөспірімдер сыныбының оқушыларының танымдық қызығушылықтары жеке педагогикалық әсер етуді, ықпалды талап етеді. Олар, зерттеу мәліметтері көрсеткендей, жастары мен жас ерекшеліктерінен гөрі, кіші және үлкен жасөспірімдердің жеке дамуына жағдай жасалуына соншалықты тәуелді.
Бұл қарастырылған қызығушылықты сынып жасөспірімдерінің арасында әртүрлі сипатына қарай бөлу үрдісі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылатын танымдық қызығушылықты қалыптастыру үдерісінде педагогикалық ықпалдың әртүрлі топтарына әсерінің тиімді бағдарламасын (моделін) жасауды көздейді.
1968 жылы жасалған зерттеуде жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарының даму деңгейлері анықталды. Осыған байланысты біз мұғалімдермен болған сұхбаттың нәтижесінде оқушылардың білімге және бір нәрсені ойлап табуға қызығушылығының дамуы жоғары дәрежедегі (күшті, терең, тұрақты қызығушылық), даму деңгейі орта және төменгі дәрежедегі үш тобын айқындап, қызығушылықтың даму деңгейлерінің көрсеткіштерін анықтадық (24- кесте).
Кесте 24




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет