Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет60/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Щукина Галина Ивановна
(1908 – 19 )
Көрнекті педагог, ПҒА корреспондент мүшесі (1971), РБА корреспондент мүшесі (1993), педагогика ғғылымдарының докторы, профессор (1969) Галина Ивановна Щукина Петербор қаласында 1908 жылы дүниеге келген. А.Н.Герцен атындағы Ленинград мемлекеттік пединститутын бітірген (1936). Педагогикалық қызметін Саратовта орта мектепте пионервожатый болып бастады, сонан соң Ленинград балалар үйінде істеді, 1936 жылда ЛМПИ–де дәріс берді. «Педагогика» лекциялар курсының (1966), «Мектеп педагогикасы» құралының (1977), дидактикалық жұмыстардың авторы.
Г.И.Щукина аспиранттарға жетекшілік етті, өзінің ғылыми мектебін құрды. Ол дидактика саласының зерттеушісі бола тұрып, педагогиканың әдіснамасымен, тәрбие теориясымен, мұғалімдерді даярлаумен, педагогикалық тәжірибемен, талдау жасаумен айланысты.
Көп жылдар бойы Г.И.Щукина ең маңызды ғылыми мәселе ретінде оқушылардың танымдық қызығушылығын зерттеді. Танымдық қызығушылықтың тұтас педагогикалық тұжырымдамасын жасады. Оның «Танымдық қызығушылық – педагогикалық мәселе» деген монографиясы 1971 жылы жарық көрді. Мұғалімдерге арналған «Оқыту үдерісіндегі әрекеттің рөлі» деген кітабы 1986 жылы басылып шықты.
Г.И.Щукинаның ғылымти идеялары жүйесінің болжамдық және эвристикалық әлеуеті зор. Оның көзқарастары өміршең болғандықтан қазіргі уақытта ғалымдар Г.И.Щукинаның идеяларына сүйенеді.
Г.И.Щукинаның табысты ғылыми–педагогикалық және қоғамдық жұмысты мемлекет тарапынан марапатталды: «Құрмет белгісі» ордені, К.Д.Ушинский атындағы және Н.К.Крупская атындағы медальдар.
Шығармалары: Формирование познават. интересов в процессе обучения. М., 1962, Проблема познават.интереса в педагогике. М.,1971; Активизация познават. деятельности учащихся в уч.процессе: М., 1979; Актуальные вопросы формирования интереса в обучении. М., 1984.
3.1.1 Г.И. Щукина. Педагогикадағы танымдық қызығушылық мәселесі.


5 тарау. Жасөспірім мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтарының сипаты

Психология ғылымында қызығушылық іріктелу дәрежесіне, тұрақтылығына, мазмұнына (пәндік бағыттылығына), сонымен қатар оның адамның іс-әрекетіне әсер ету күшіне байланысты (С.Л. Рубинштейн, М.Ф. Беляев, В.Г. Иванов, А.Г. Ковалев және т.б.) айқындалады.


Ленинград мектептерінің жасөспірімдерінің қызығушылықтарын зерттей отырып, біз бір сыныпта оқитын оқушылардың өздерінің қызығушылықтарының өте үлкен айырмашылықтары болатынын байқадық. Пәнге деген көзқарастары, қызығушылық сипаттары, сол сияқты олардың даму деңгейлері де әртүрлі болды. Қызығушылықтың осы параметрлеріне тығыз байланысты оқу үдерісіндегі оқушының орнын, оның оқуға, үйренуге ынтасы мен көзқарасын және оқу қызметінің ерекшеліктерін, тіпті оның нәтижесін де сипаттауға мүмкін болды.
Бұл айырмашылықтар оқушылардың сабақтағы оқу қызметтерін жүйелі бақылау арқылы айқындалды:

  • кейбір оқушылардың өте төмен белсенділігі, жай ойлауы, хабарланған оқу ақпаратына әлсіз эмоционалдық жауап қатуы және ұсынылған танымдық міндеттерге түсініксіз, тұрақсыз, өзгермелі кейіп танытуы байқалды;

  • екінші біреулері кезкелген сабақта танымдық белсенділік көрсетіп, көптеген пәндерге қызығушылық, оқу іс - әрекетіне ыңғайлылық танытты. Олар барлық уақытта ізденісте жүрді, көтерілген мәселені талқылауға әруақытта дайын болды. Күрделі проблемалық ситуацияларда ерекше пікір білдіріп, бағдарламадан тыс материалдар бойынша ізденісте жүрді.

  • Үшіншілері өздерін өте өзгеше жақтарынан көрсетті. Көптеген сабақтарда олар оқуға деген ерекше ұмтылыспен, қызығушылықпен ерекшеленді. Сонымен қатар олар кейбір пәндер бойынша белсенділігімен, пайымдылығымен, орнықты жауаптарымен көзге түсті. Өздері сүйетін пәндер бойынша мұндай сабақтарда олар ерекше ынтамен жұмыс істеп, мұғалімге көптеген сұрақтар қойып, тапсырмаларды ықыласпен орындап отырды, қазіргі ғылым жетістіктерінен кең хабардарлық танытып, қызықты мәліметтер мен материалдар тапты.

Әрине, оқу үдерісі бұл топтарда өзінше ырғақпен жүріп отырды және оқушылардың танымдық ерекшелігіне сәйкес тұлғаны толыққанды дамыту бағытында айырықша жетекшілікті қажет етті.
Көрсетілген топтардағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарының сипаты қандай?
Ең алдымен мазмұнға қызығушылық олардың белгілі бір оқу пәніне деген таңдау бағытында болады. Қызығушылықтың мұндай таңдауы оқушыда өте түсініксіз, аморфты (сенімсіз, дәйексіз, құбылмалы) сипатта болуы мүмкін. Ол одан әрі дамып, ғылыми ауқымды үлкен құбылысқа, оқиғаға айналуы мүмкін, немесе қандай да бір тар шеңбердегі шағын, бір – екі ғана басым тетіктің айналасына шоғырлануы мәселе болып қалуы мүмкін. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарының осындай таңдамалық сипатына, ерекшеліктеріне байланысты біз оны былайша жіктеп анықтадық: аморфты, яғни түсініксіз, өзгермелі сипатты; кең ауқымды пәндік және тұтас оқу қызметін қамтитын қызығушылыққа ие – кең, ал шағын, тар шеңберлі қызығушылықты – өзекті.
Оқушылардың танымдық қызығушылықтарының басқа ерекшеліктерін шәкірттердің өзіндік танымдық қызметтерінің пайда болуын талдаудан айқындауға болады. Бұл кезде оқушының, біріншіден, қандай да оқу материалына (сипаттамалық, теориялық, фактологиялық, қолданбалы) деген басым көзқарасы, екіншіден, әртүрлі типтегі қызметке (репродуктивтік, ізденімпаздық, шығармашылық, практикалық) икемділігі байқалады.
Жас өспірімдердің танымдық қызығушылықтарын зерттей отырып, біз олардың ықпалымен оқушылардың үйренуге, білімді меңгеруге деген көзқарастарының қалай өзгергенін байқадық. Оқушы құбылыстар мен оқиғаларды сипаттаумен ғана шектеліп қала ма, әлде одан әрі құбылыстарды зерттеп, олардың заңдылықтарын, қызығып отырған пәннің теориялық жағын тереңірек білуге ұмтыла ма, ол оның танымдық қызығушылығының сипатына байланысты. V-VІІІ оқушыларымен өткізілген эксперимент әртүрлі сыныптағы жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарының бір – бірінен айырмашылықтары мен ортақ белгілерін анықтауға мүмкіндік берді. Экспериментке қатысқан сыныптардың оқушыларының танымдық қызығушылықтарының олармен қатар сыныптар оқушыларынан айырмашылығы бар екені байқалды. Эксперимент барысында алынған мәліметтер мұғалімдердің берген сұхбаттарымен, оқушылардың оқу үдерісі кезіндегі және сабақтан тыс мезгілдегі әрекеттерімен салыстырылды.
Біз жүргізген «конверттермен жұмыс әдістемесі» атты эксперимент әдістемесі әртүрлі сипаттағы танымдық міндеттерді еркін таңдауға негізделген. Міндеттердің бірінші тобы оқушылардан репродуктивті қызметті талап ететін оқу материалдарын қабылдауға арналды. Екінші топқа өзбетінше ізденісті, белсенді ойлауды талап ететін күрделі логикалық операциялармен байланысты міндеттерді жатқыздық (мұнда сонымен қатар заңдылықтарды, себеп – саладарлы байланысты түсінуге бағытталған міндеттер де енді). Үшінші топта мәселенің шешімін іздестіруде қалыптан тыс шығармашылықпен ойлауды, өз бетінше пайымдау, ойша елестетуге бағытталған шығармашылық сипаттағы міндеттер қарастырылды. Төртінші топ міндеттеріне оқушылардың бағдарламадан тыс білімдерін көрсететін, олардың икемділіктері мен қабілетін айқындайтын тапсырмалар мен мәселелер енгізілді.
Тапсырмалар сыртына ооқу пәнінің аты жазылған конвертке салынып, сәйкес сынып оқушыларына жеке лабораториялық – эксперимент жағдайында: а) конвертті еркін таңдау; б) өзін қызықтырған мәселеге байланысты тапсырмалар мен сұрақтар таңдау; в) тапсырмалар мен сұрақтарға өз еркінше жауап беру және міндетті шешуді кезкелген уақытта тоқтату; г) қалауы бойынша бірінші конверттегі тапсырмалар мазмұнымен танысқаннан кейін екінші рет басқа конвертті де алуға мүмкіндіктері беріле отырып ұсынылды.
Эксперимент барысында оқушының барлық әсері (реакциясы), оның әрекетініңбүкіл барысы белгіленіп отырылды. Қажет болған жағдайда эксперимент оқушымен оның бас уақытын қалай пайдаланатыны, немен айналысатыны, қандай әдебиеттер оқитыны туралы әңгімелесумен аяқталып отырды.
Осы экспериментті қоя отырып, біз оқушылардың танымдық қызығушылықтарының көрсеткіштері, сонымен бірге оның күші мен тереңдігі төмендегі белгілермен анықталатынын көздедік:
Бірінші белгі – конвертті таңдаудың өзі оқушының қандай оқу пәніне артық мән беретінін айқындайды. Осыдан біз өзімізге конвертті таңдау арқылы оқушының тек қана оқу пәніне қызығушылығы ғана емес, неғұрлым «жеңілдеу», өзі жақсы білетін пәнді таңдауға ұмтылатыны туралы білдік.
Екінші белгі – тек қана оқушының орындағысы келген танымдық міндеттерді таңдау. Бұл көрсеткіш барлық уақытта бірдей дәл бола бермеді, себебі «сен ұсынылған тапсырмалардың барлығын орындауға міндетті емессің, тек қана өзің керек дегенін ғана орындауыңа болады» дегенге қарамастан, кіші жастағы жас өспірімдер барлық сұраққа жауап беруге тырысты. Солай бола тұрса да біз үшін жасөспірімдердің зерттеушілік, шығармашылық жұмысқа қандай көзқараста екенін және олар қандай сұрақтарға жауап бере алмайтынын анықтау маңызды болды. Әдетте білімқұмар жасөспірім зерттеушілік және шығармашылық жұмыстан қашпайды, тіпті орындай алмағанның өзінде: «Мен мұны үйге алып кетіп, ойланып көрейінші, ол қызық екен, тек қазір ойлай алмай тұрмын» дейді.
Үшінші көрсеткіш - жасөспірімнің қызмет үдерісі және танымдық міндеттерді шешу сипаты: а) біріншіден, зерттелушілердің эмоциялық көңіл – күйлері: шабытпен, енжарлықпен немесе конверттегі мәселені шешуге, өзінің жауабына парықсыздықпен қарау, сол сияқты қызу жауап беру; б) екіншіден, ұғыну деңгейі, білімнің тереңдігі, қосымша мәліметтерді тарту, жіктеу және жалпылау сипаты – мұның бәрі зерттелушінің танымдық бағытын және оның қойылып отырған мәселенің мәніне түсінуі; в) үшіншіден, оқушының өзінің жауабына көзқарас сипаты: табысқа жетуге ұмтылу, өте жақсы нәтижеге жетуге ұмтылу немесе өзінің нәтижесіне немқұрайлылық, айналып өту жолдарын немесе шешудің қосымша тәсілдерін іздеу, жауап табудың жолында жігерлену және қиыншылықты жеңу.
Ақырында 4- ші топ сұрақтары бойынша танымдық қызығушылықтың сипаты, оның тұрақтылығы, беріктік деңгейі айқындалды.
1968 жылы экспериментке V-VIII сыныптардың (V сыныптан – 39, VІ сыныптан -34, VII сыныптан -31 және VIII сыныптан -29 оқушы) 4 жасөспірімдер тобынан 133 оқушы қамтылды.
1964-1965 жылдары азғантай оқушыны (36 оқушы) салыстырмалы зерттеу арқылы біз жоғарғы сынып болсын, төменгі сынып болсын бір сыныптың өзінде өзінің сипатына қарай қызығушылықты 4 топқа бөлуге болатынын анықтадық: аморфты, кең, өзекті және мектептегі оқу үдерісіне қатыссыз қызығушылықтар.
1968 жылы бұл эксперимент барынша көбірек оқушыны қамтыды. Бір сыныптың ішіндегі оқушылардың қызығушылықтарының сипаты туралы мәліметтер төмендегі 1 кестеде берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет