6-сурет. Ұғымдарды бөлудегі толқу мысалы.
4. Бөлу өлшемді болу керек, түрлік ұғымның көлем суммасы бөлінетін түбірлік ұғымның көлеміне тең болуы керек. Бұл ереже бұзылса, екі қателік жіберіледі. Ұғымның көлемін ықшам бөлу және ауқымды бөлу қателігі
а) ұғым көлемін ықшам бөлу оның мәні: түбірлік ұғымды бөлуде оның көлеміне кіретін барлық түрлер аталмайды. Мысалы, элементар бөлшектердің сипаттамасын атағанда, тек заряд пен спин сөз болады.
б) ұғым көлемін ауқымды бөлу, оның мәні: бөлінетін ұғымның көлеміне кірмейтін түрлер енгізіледі, түрлік ұғым көлемінің суммасы түбірлік ұғым көлемінен көп. Мысалы, механикадағы СИ жүйесінің физикалық өлшемдерін өлшеу бірліктерін оқушы келесідей атады: метр, килограмм, ампер, ньютон, джоуль, секунд. Бірақ ампер, ньютон және джоуль көрсетілген ұғымның көлеміне кірмейді. Ампер – механикадағы емес, СИ жүйесіндегі өлшеудің негізгі бірліктері, ал джоуль мен ньютон - өндірістік бірліктер.
Салыстыру операциясында барлық ұғымдар салыстырылатын және салыстырылмайтын болып бөлінеді. Салыстырмалы дегеніміз – қандай да бір ортақ белгісі бар ұғымдар. Мысалы, «атом», «молекула» – бұл «заттың құрылымдық формалары». Салыстырылмайтын дегеніміз – көлемі, мазмұны жағынан да салыстыруға келмейтін ұғымдар. Мысалы: «үстел», «түйе», «бұлбұл», «карандаш».
Қатынас сипаты бойынша салыстырмалы ұғымдар екі топқа бөлінеді: үйлесімді және үйлесімсіз.
Үйлесімді дегеніміз – ортақ түбірлік ұғымы (түбірлік белгі) бар ұғымдар. Мысалы: «Социалистік мемлекет» - «СССР» (7.а.-сурет) немесе толықтай «Ұлы орыс өзені», «Еділ» (7.б.-сурет).
а) б)
Социалистік мемлекет Ұлы орыс өзені
Еділ СССР-әлемдегі бірінші социалистік мемлекет
7-сурет. Үйлесімді ұғымдар көлемі.
Үйлесімді ұғымдар 3 түрге бөлінеді: тең мәнді, бағынышты, қиылысатын (8-сурет).
Үйлесімді ұғымдар
Тең мәнді
Қиылысатын
Бағынышты
8-сурет. Үйлесімді ұғымның түрлері.
Тең мәнді ұғымдар – бұл берілген заттың түрлі тұсын сипаттайтын, тірлік белгісі бойынша ерекшеленетін үйлесімді ұғымдар (7.б.-сурет). Қиылысатын ұғымдар дегеніміз – ортақ түбірі бар, заттар мен құбылыстардың жалпы тұсын жеке және спецификалық бейнелейтін түрлік ұғымдар. Мысалы: «оқушы», «спортшы», «инженер», «өнер тапқыш». Мұндағы түбірлік ұғым – «адам» (9-сурет).
Өнер тапқыш Инженер Спортшы Оқушы
9-сурет. Қиылысатын ұғымдар.
Үйлесімсіз ұғымдар дегеніміз – бір-бірінен түрлік белгілерді жоққа шығаратын, ортақ жақын түбірлік ұғымы бар ұғымдар. Мысалы: «батыл» - «қорқақ», «ақ» - «қара», т.б. үйлесімді ұғымдар көлеміне жалпы элементтер кірмейді. Үйлесімді және үйлесімсіз ұғымдарға ортақ нәрсе – олардың ортақ жақын түбірлік ұғымдары (салыстырмалы) болады.
Бағынышты ұғымдар өздеріне ортақ түрлерді бейнелейді. Мазмұны жағынан олардың ортақ белгілері болады. Мысалы, рефрактор мен рефлектор – бұл аспан денелерін бақылауға арналған оптикалық құралдар. Алайда, оларды ажыратуға болатын белгілер бар, рефрактор – бұл телескоп, оның объективі жарық түсіретін линзалар, ал рефлектор – айналы объективі бар телескоп. Бағынышты ұғымдар арасындағы қатынасты Эйлер дөңгелегімен (4-сурет) көрсетуге болады (немесе 5,10-суреттер). Егер де бағынышты ұғымдар үйлесімсіз болса, онда олар ұғымдарды бөлудің барлық ережелеріне қатаң бағынады. Сондықтан олар қиылыспайды (10.а.-сурет).