Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет97/160
Дата30.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#112059
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   160
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Ұғым көлемін бөлу (латынша: devisio). Белгілі түбірлік ұғымға, әдетте, бірнеше түрлік ұғым сәйкес келеді. Мысалы, «элементарлық бөлшектер» ұғымына сәйкес келеді: электрон, нейтрон, фотон, позитрон, протон, т.б., «жапырақты ағаштар» - қайың, үйеңкі, т.б; «ғаламшар» ұғымына – Жер, Марс, Юпитер, т.б.
Түбірлік ұғымның көлемі ашылатын ойлау операциясында оның түрлері анықталады. Логикада ол ұғым Көлемін бөлу деп аталады. Көлемі бөлінетін ұғым бөлінгіш деп аталады, ал бөліну нәтижесінде алынған ұғымдар – бөліну мүшесі деп аталады.
Ұғымдар көлемін бөлу ерікті түрде болмайды. Ол түбірлік және түрлік ұғымға тән қандай да бір белгінің негізінде жүзеге асады. Бөліну жүргізілетін белгі – бөлу негізі деп аталады (pricipium). Ұғымдар көлемін бөлуді нақты белгілер негізінде орындау керек. Негіздерге қарай бөлу әртүрлі түрге ажыратылады:



Бөлінетін ұғым

Бөліну мүшесі

Бөліну негізі

«Үй»

«Тасты»
«Ағашты»

Материал
Шпаты

«Үй»

«Бірқатарлы»
«Екіқатарлы»

Қатар
Саны

«Қозғалтқыш»

«Механикалық»
«Жылулық»
«Электрлік»

Механикалық энергияға айналатын энергия түрі

«Жылулық қозғалтқыш»

«Поршендік»
«Турбиналық»
«Реактивті»

Әрекет принципі

Ұғымдарды бөлу операциясын балалар 1-сынаптан бастап орындайды. Мысалы, олар мынадай ұғымдарды бөледі:


«Оқу құралдары»: кітап, дәптер, қарындаш; «Киім»: пальто, көйлек, жейде; «Балық»: шортан, көксерке, т.б.; «Ағаш»: үйеңкі, қайың, шырша;
Мұндай логикалық операциялар бастауыш сыныпта әрбір сабақта жүргізіледі. Ал орта мектепте күрделі ұғымдарды бөлу орындалады. Мысалы:
«Металдар» - күкірт, кремний, фосфор, т.б.;
«Өндірістік қатынастар» - құл иеленушілер, феодалдық-капиталистік, социалистік;
Бөлу операциясын жүзеге асырғанда келесі ережелерді ескеру керек:
1. Бөлу мүшелері (түрлік ұғымдар) бірін-бірі жоққа шығару керек, әрбір пән тек бір түрлік ұғымның көлеміне кіреді.
2. Бөлу кезінде бөлудің бір ғана негізін қолдану қажет. Мысалы, «жұмысшы» түбірлік ұғымы «кәсіп» негізіне қарай келесі түрлерге бөлінеді: «дәнекерлеуші», «ұста», т.б., ал «білім» белгісі бойынша – «10 класты бітірген», «8 класты бітірген», т.б. Кез келген ұғымды түрлі негіз бойынша бөлуге болады. «Сан» ұғымын түрлі белгі бойынша бөлу мысалдары:
1). Оң және теріс;
2). Бүтін және бөлшек;
3). Қарапайым және құрамды;
4). Атаулы және атаусыз;
5). Жұп және тақ;
6). Рационалды және иррационалды;
7). Жалған және шынайы;
Оқу тәжірибесінде бөлуді бірнеше негіздермен жүргізу орын алады. Мысалы, оқушылар (кейде мұғалімдер) қозғалыс түрін былай атайды: тік қозғалыс, еркін қозғалыс, тік сызықты, қисық сызықты; ал геометрия сабағында үшбұрыштарды бір қатарға орналастырып атайды: теңбүйірлі, тікбұрышты, ұқсас бұрыш.
3. Бөлу мүшелері (түрлік ұғымдар) берілген түбірліктің жақын түрлік ұғымы болуы керек, яғни түбірден жақын түрге өту қажет. Мысалы, жапырақты ағашқа қайың, үйеңкі, т.б. жатады. Бірақ орман – жапырақты, аралас, қайың, үйеңкі болады деу қате. Мұндай типтегі бөлу де қате: «Жануарлар – ит, мысық, түйе, піл, бегомот» (барлығын атау мүмкін емес). Ең дұрысы: «Жануарлар – жабайы және үй жануары». Бұл ереженің бұзылуы бөлудегі толқу деп аталады. Оған мысал: «Аспан денелері – жұлдыз, ғаламшар, Жер». «Аспан денесі» «Жер» ұғымына жақын түбір емес. «Жер» ұғымына жақын түбір – бұл «Ғаламшар». Берілген ұғымдар көлемінің қатынасын схемамен көрсетуге болады (6-сурет):



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет