Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Әдіснамалық білімдердің педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін көтерудегі рөлі



бет126/161
Дата04.11.2023
өлшемі2,59 Mb.
#121815
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   161
Байланысты:
2 Ой-сана 8 том

Әдіснамалық білімдердің педагогикалық зерттеулердің теориялық деңгейін көтерудегі рөлі
Әдіснамалық зерттеулер педагогикалық теорияның өмірге қажет күрделі мәселелерді шешуге күші жетпей қалғанда аса қажет болып табылады. Мұны білім мазмұны мен оқыту әдістері теориялары мысалында көрсетеміз.
Баспасөзде және педагогикалық мәжілістерде білім беру мазмұнын құрудағы кемшіліктер атап көрсетілді: оқу жоспарында дене тәрбиесі мен эстетикалық тәрбиеге уақыттың аздығы; іргелес (шектес) пәндер арасындағы алшақтық, әртүрлі пәндерде бір материалдың қайталануы; мектеп сабақтарының политехникалық және тәрбиелік бағыттылығының жеткіліксіздігі, оқулықтардағы білімдердің құрылымының айқын болмауы, шығармашылық ойлауға бағытталған сұрақтар мен тапсырмалардың аздығы және басқалар.
Бұл кемшіліктердің болуының бір себебі – жалпы және политехникалық білім беру теориясының жасалынбағындығы. Осылардың бәрі білім беру мазмұнын таңдауды ойластыруға және оқытудың мектептегі курсын ғылыми негіздеудің тәсілдері туралы көптеген мәселелерді зерттеуге түрткі болды. В.В.Краевскийдің іргелі зерттеуі «Оқытуды ғылыми негіздеу мәселелері: (әдіснамалық талдау)». (М.,1977) осы мәселеге арналды. Бұл кезге дейін оқытуды ғылыми негіздеу арнайы әдіснамалық талдаудың нысанасы болған емес еді. Бұл зерттеудің түпкі мақсаты – ғалым-педагогтарды, әдіснамашыларды, дидактарды, әдіскерлерді, оқулықтардың, бағдарламалардың, әдістемелік нұсқаулардың авторларын әдіснамалақ бағдарлармен қаруландыру.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде автор оқытудың ғылыми негізделген құрылымдық-қызметтік моделін құрды, осы негіздеменің циклін тұтасымен, қажетті әрекеттің бірізділігін, оқытудың танымдық сипаттамасын және нормативті саласының өзара байланысын қамтамасыз етуін көрсете алды. Оқытуды ғылыми негіздеу үшін оқытудың тұтас үдеріс ретінде теориялық қағидасы қажет екенін және бұл қағиданы психология, социология, кибернетика және басқа ғылымдар тек осы үдерістің жеке жақтарын бейнелейтіндіктен жасай алмайтынын сенімді түрде дәлелдеді.
Оқытудың тұтас жүйелі модельдік түсінігін тек дидактика ғана бере алады және беруге тиіс.
Оқытуды ғылыми негіздеудегі дидактика мен әдістеменің қыметтері айқын анықталды. Сонымен бірге автор дидактиканың пәнін және оның негізгі ұғымдарын нақтылады. Бұл іргелі әдістемелік зерттеудің нәтижелері білім беру мзмұнының қазіргі заманғы теориясын жасауды пайдаланылды. Білім беру мазмұны теориясының жалпы әдіснамалық негізгі марксизм-ленинизмнің коммунистік қоғам адамының жан-жақты дамуы, теория мен практиканың бірлігі, маркстік-лениндік таным теориясы болып табылады.
Білім беру мазмұнының дидактикалық теориясын жасаудың нақты тұғыры мына үш қырдың: 1) әлеуметтік мәнінің; 2) білім мазмұнының педагогикалық мәселеге жататындығының және 3) оны қарастырудың жүйелілік-әрекеттік тәсілінің бірлігімен сипатталады.
Теорияны құрудың негізгі бастау көздері ретінде зерттеушілер диалектикалық және тарихи материализм қағидаларын, жалпы білім беру мазмұны және сол мазмұнының өзінің тұжырымдамаларын жасаудың жәйін әдіснамалық, социологиялық және дидактикалық тұрғыдан талдау қолданылды.
Жасалған теория мына негізгі сұрақтарды қамтиды: кеңес орта мектебіндегі жалпы білім беру мазмұнын қалыптастыру теориясының жайы; жалпы орта білім беру теориясының әдіснамалық негіздері; жалпы білім беру мақсаттары – оның мазмұнының қалыптастыруының негізгі және жетекші бастауы; жалпы орта білім мазмұнының қалыптасуының қайнар көздері мен факторлары; жалпы білім берудің құрамы мен негіздері; бағдарламалар мен оқулықтардың мазмұнына қойылатын дидактикалық талаптар және басқалар. Теорияда білімдердің, біліктіліктер мен дағдылардың түрлері мен типтері негізделді.
Бұл теорияның ерекшелігі, ол ең алдымен педагогикалық шындық болмысқа, педагогикалық практикаға бағдарланған.
Сондай-ақ, П.И.Ставскийдің политехникалық білім беру мазмұнының теориялық мәселелеріне арналған зерттеуі әдіснамалық тұрғыдан үлкен қызығушылық тудырды. Автор политехникалық білім беру мазмұны теориясын құруда логикалық-әдіснамалық құралдарды қолданды.
Оқыту әдістері мәселесінде де осыған ұқсас жағдаят қалыптасты. Әдіснамалық қағидаларға сүйне отырып, И.Я.Лернер өзінің «Оқыту әдістерінің дидактикалық негіздері» атты еңбегінде (М., 1981) әдістің жалпы дерексіз ұғымын және оның құрылымын қарастырады. Бұл оған кезкелген әдістің анықтаушы факторларын табуға мүмкіндік жасады. Кезкелген іс-әрекеттің әдісі, И.Я.Лернердің тұжырымдамасына сәйкес, әрекеттің мақсатын, әрекеттің өзін және оның құралдарын, мақсатқа жету тетігін және қол жеткен мақсатты қамтиды. Әдістің осы жалпы ұғымы мұғалім әрекетінің нысанының ерекшеліктерін ескере отырып нақтыланды. Оқыту әдісінің құрылымына қосымша оқушы мақсаты, оның іс-әрекеті мен құралдары, оқушының өз әрекетінің әсерімен өзгеруі сияқты қосымша бөліктер кіргізіледі. Бастапқы пункт – білім беру мақсаттары мен мазмұны. Одан әрі білім беру мазмұнының белгілібір түрлерін меңгерудің объективті тәсілдері – яғни оқушының пайдаланатын құралдары, оның іс-әрекеті, мазмұнды меңгеру әрекеті, оқыту үдерісіндегі мұғалімнің қолданатын құралдары, оның осы құралдарды пайдалану әрекетінің түрлері талданады.
Логикалық әдіснамалық құралдарды пайдалану оқыту әдістерін тереңірек қарастыруға мүмкіндік берді.
И.Я.Лернердің теориялық зерттеуі теориялық және эмпирикалық зерттеулердің арақатынасы сияқты әдіснамалық мәселені қарастыруға алғышарт болды. Ф.Энгельс кезкелген ғылыми салада, табиғат саласы, сондай-ақ, тарих саласы болсын мәліметтерді фактілерден бастау керек деген еді. Эмпирикалық зерттеулер – фактілердің (деректердің) маңызды қайнар көзі. Осыған сәйкес қазіргі заманның философтары мен ғылымтанушылары фактілерде, эмпирикалық білімде көрініс тапқан құбылыстар, олардың мәні туралы теориялық абстрактілік білімнің шығуының бастапқы материалы болып табылады. Шындық болмыстың кезкелген саласындағы ғылыми таным эмпирикалық зерттеулерден басталады. Мұндай зерттеу – ғылымның базасы және негізгі мазмұны. Ғылымда көптеген фактілерді түсіндіру қажет болғанда, тәрбие мен оқыту практикасының міндеттерін табысты шешуге эмпирикалық білімдер жеткіліксіз болғанда теориялық зерттеу қажет.
В.Е.Гмурман теориялық және эмпирикалық деңгейдегі зерттеулерді ажырата келіп, эмпирикалық білім құбылыстардың сыртқы байланыстарын табуға көмектеседі деп тұжырымдайды.

*Әдіснамалық зерттеулердің деңгейлері.


Әдіснаманың түрлі деңгейлері бар. Педагогиканың әдіснамасын В.Е.Гмурман өте сәтті сипаттаған. Ең жоғары деңгейі – философия (танымның маркистік-лениндік теориясы), табиғат диалектикасы, тарихи метриализм, ғылыми коммунизм теориясы. Одан әрі жалпы ғылымилық пәндер – жүйелер теориясы, кибернетика, информатика. Келесі деңгей – жалпы педагогиканың бөлігі - педагогикасының әдіснамасы.


Педагогиканың құрамына бірнеше педагогикалық пәндер енетіндіктен педагогиканың жалпы әдіснамасынан басқа осы пәндердің, тәрбие теориясының, дидактиканың, педагогика тарихының, мектептанудың және басқалардың әдіснамалық мәселелерін зерделеу қажет. Ең соңында, нақты зерттеулердің әдіснамалық негіздері туралы да сөз етуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   161




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет