Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Топан су – жергілікті аудандағы су деңгейінің көктемгі қардың еруінен бірте-бірте көтерілуі. Тасқын су



бет20/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   264
Топан су – жергілікті аудандағы су деңгейінің көктемгі қардың еруінен бірте-бірте көтерілуі.

Тасқын су – толассыз жауынның нәтижесінде су деңгейінің жылдам көтерілуі.

Айдалған су тасқындары - қатты желдің өзен, көл суларын жағалауға айдауынан туындайтын су тасқыны.

Цунами – суасты жер сілкіністерінің нәтижесінде мұхиттар мен теңіздердің жағалауында туындайтын су тасқыны.

Бөгеттердің бұзылуы – гидротехникалық қорғаныс үймереттерінің бұзылуы немесе су көлемінің мөлшерден тыс құйылуы нәтижесінде туындайтын су тасқындары.

Су тасқынының қиратушы факторлары:

1. Үлкен су массасының қарқынды ағысы;

2. Биік толқындар, су айналымдары;

3. Судың төмен температурасы;

4. Судағы қалқынды заттар;

5. Электр сымдарының үзілген жағдайларындағы электр тогы;

6. Инфекциялық аурулар.

Су тасқынының салдары

Су тасқыны үлкен көлемдегі территорияның жылдам су басуына әкеліп соғады; адамдар және жануарлар жарақат алып, қаза табады; ғимараттар мен үймереттер, коммуналдық тұрмыстық объектілер, жолдар, көпірлер, электр және байланыс желілері бұзылады немесе зақымданады. Суға химиялық және жарылыс қауіпті заттар (мұнай өнімдері, тыңайтқыштар, улы химикаттар) түседі. Топырақ жамылғысының өнім беретін қабаты шайылып кетеді; ауыл шаруашылық өнімдері жойылады; жергілікті рельеф өзгереді; шикізат, отын, азық-түлік, жем-шөп қорлары жойылады немесе залалданады. Су тасқыны опырылмалардың, шөккіндердің, сырғымалардың пайда болуына және селдің басуына әкеліп соғады. Эпидемиялық аурулардың туындау себебі де болуы мүмкін. Су тасқынының масштабы және салдары келесілерге тәуелді: су тасқынының ұзақтығына, жергілікті рельефке, жыл мезгіліне, ауа-райына, топырақ жамылғысының сипаттамасына, судың көтерілу биіктігіне, су ағысының жылдамдығына, су ағысының құрамына, тұрғындар мен құрылыс нысандарының тығыздық дәрежесіне, гидротехникалық үймереттердің күйіне, болжамның нақтылығына және су басқан аудандарда іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу жеделдігіне.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет