Су ағысында қалып қойған жағдайда:
- су бетінде қалқып тұруға тырысыңыз;
- сырт және аяқ киімдеріңізді шешіңіз;
- жағалауға немесе құрылыс нысандарына жетуге тырысыңыз;
- жағылауға немесе құрылыс нысандарына жақындай отырып, ағыс бойымен жүзіңіз;
- судағы су айналымдарынан, бөгеттерден қашыңыз;
- жүзу құралдарын қолданыңыз.
Су тасқынының ауыр салдарын жеңілдетуге болады, егер келесі қауіпсіздік ережесін ұстанса:
- көктемде қарқынды қар ери бастаған кезде, қолайсыз ауа райында, сел жүре бастаған кезде төмен өзен жалағалауына тоқтауға болмайды;
- апатты су тасыған кезде тез төмен жерлерден кету керек, тым болмаса бедердің жоғарғы жағына қарай жету керек;
- су қоймасы бөгетінің және өзендердің жанында орналасқан саяжайға барудан бас тарту керек;
- өзендердің үстінен өтетін терең және кең жырадан, арналардан, орлардан және басқада конструкциялардан өтуге болмайды;
- құрлықтан алшақ болмау үшін өзендердегі түбектерге баруға болмайды;
- жазатайым оқиға болмау үшін белгісіз жерлерден, өзендердің, арықтардың, басқада суаттағы мұздың үстімен өтуге болмайды;
- балалардың өзендердің, қазаншұңқырлардың, терең жыралардың жанында ойнауына тыйым салыңыз;
- балықшылар осы кезеңде су толық түскенге дейін балық аулаудан бас тарту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |