Жасанды сел тасқыны - арнайы зерттеулер мен тәжірибелік мақсаттарды жүзеге асыру үшін табиғи жағдайда сел тасқынын жасау. Жасанды сел тасқыны бөгеннен не су қабылдағыштан суды ағызу арқылы жасалады, мұнда оның (тасқынның) көрсеткіштерін басқарудың мүмкіндігі сақталады.
Селдер Солтүстік Кавказ, Орал, Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстың кейбір аудандарында болады. Қазақстанда сел Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауынан ағатын өзендерде жиі кездеседі.
Сел тасқыны мол және ұзақ уақыт жауған жаңбырдан, қар мен мұздықтардың қарқынды еруінен, су қоймасының тасуы, жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауынан кейін туады. Ол кенеттен пайда болып, үлкен жылдамдықпен (10 м/с дейін және одан да көп) қозғалады және ондаған минуттардан бірнеше сағаттарға дейін көбінде бірнеше толқын түрінде келеді. Сел толқынының алдыңғы ірі шебінің биіктігі 15 м және одан да биік болуы мүмкін. Қозғалып келе жатқан сел тасқынының сарқыры мен гүрілі алыс қашықтықтан естіледі. Апатқа адамдар (саяхатшылар, геологбарлаушылар, шекарашылар, жергілікті тұрғындар) тұрғын үйлер, инженерлік және жол имараттары ұшырауы мүмкін. Селдердің жіктелуі 4 кестеде келтірілген.
Селдердің негізгі туындау себептері:
- таулардағы толассыз жауын;
- қар мен мұздықтардың қарқынды еруі;
- тау өзендері бөгеттерінің бұзылуы;
- тау баурайындағы ормандарды кесу және өсімдіктерді жою;
- карьерлердегі жару жұмыстары;
- тау-кен өндірісі технологиясының бұзылуы;
- үлкен көлемдегі тау жыныстарының бұзылуы;
- көп мөлшердегі су;
- құламалы суағарлар.
Кесте 4.
Селдердің жіктелуі [10]
Достарыңызбен бөлісу: |