Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ


Өздік диктантына арналған қанатты сөздер



бет46/49
Дата17.10.2023
өлшемі263,9 Kb.
#117424
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Диктанттар жинағы

3.2 Өздік диктантына арналған қанатты сөздер

Адам баласы жан жемісін таппай, өнердің терең мағынасын, шын мақсатын түсіне алмайды.


М. Әуезов
Тарих үш өлшемге негізделеді.Адам.Уақыт.Кеңістік. Әр пенденің бүгінгісі,ертеңгісі(өткендегісі), болашағы бар. Өткені – ғибратты, бүгінгісі –жарқын, болашағы кемел болмаса, бұл өмірінде мән де,сән де, нәр де жоқ.
Манаш Қозыбаев

Жамандықтың өлетін жері жақсылардың кеудесі.


Көкейін ақша тескен баланың кіндігін де ақшамен кескен шығар.

Әдемілігімен көзіңе жақын, әдептілігімен көңіліңе жақын.


Ақылды әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатады.
Бұлағы бар өзен ұзақ ағады.


Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.
Ж.Баласағұн

Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз
Сенека
Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Т.Фуллер.

Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды.
А.П.Чехов

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін - тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасатамын»
Альберт Эйнштейн

"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Шоқан Уәлиханов

Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
А.С. Макаренко
«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі"
К.Д.Ушинский

Құт берекең- атаң қымбат, 
Аймалайтын анаң қымбат. 
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың- әкең қымбат.

Қазыбек би


Бiр әрiп үйреткенге 40 жыл сәлем бер.


Ұстаз – анаңдай ұлы.


Ұстаз ұстаз емес өз шәкiртi үшiн күймесе,шәкiрт шәкiрт емес өз ұстазын сүймесе.


Ана мейiрiмiмен ұстаз мейiрiмi егiз.


Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.


Мектеп –кеме,бiлiм – теңiз. Барар жерге тез жетемiз. 


Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.


Жүсіпбек Аймауытұлы

Ана тілің – асылың, оны білмеген – масылың.
Қадыр Мырза Әлі

Ал екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім…
Мұқағали Мақатаев


Адамның адамдық, ұлттың ұлттық ең жоғарғы қасиеті – тіл өткірлігі
ойымасын, тіл сұлулығы кемімесін!
Ғабиден Мұстафин
Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.
Ғабит Мүсірепов

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов


Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына… 
Жүсіпбек Аймауытов

Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы

Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.
Ғабит Мүсірепов
Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт.Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.
Мұхтар Әуезов


Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәні интеллигент емес деуге болады. Себебі ол қандайлық мамандық білімі болса да рухани, ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
Мұхтар Әуезов

Тіліңді жоғалту, су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.
Жалау Мыңбаев

«Тіл – әр халықтың кешегі жүріп өткен жолын, бүгінге жалғасқан ғұмырының ертеңге апарар мүддесін бейнелеуші, яғни бар тарихының куәгері, деректі көзі»
С. Аманжолов
“Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?”


Мұхтар Әуезов

Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл.
Нұрсұлтан Назарбаев.


Сөз сайыста жеңілген де бір – тілі кесілген де бір.
Тоқсары

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
Абай


Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.

Дүниеде нені арман етсең де іздемей қолыңа түспейді.Керегіңді іздеу жолында жалықпа да торықпа.


Жаман киімді кісінің бәрі жаман емес.Алтын тас арасында да жатады.”Ерді кебенек ішінде таны” деген сөз бар.


Халықтың қасиетін кетіретін үш нәрсе бар және ол үш нәрсені жоқ қылады:


1.Ғалымдар мен қарттарды сыйламаушылық кісінің келешегін жояды.
2.Елді басқарған өкіметі сыйламау – ел ішінің бірлігін жояды.
3.Асты күтпей ысырып ету – берекені кетіріп ашығуға апарып соғады.

1.Удан ащы не бар?


2.Қайтып оралмайтын сүйкімді сағат қай мезгіл?
3. Күннің жақсысы қайсы?
4. Бір жетілік қуаныш қай кезде болады?
5. Адамның жасыра алмайтыны не?
6. Тірі адамның өлетін уақыты қайсы?
7. Жүдемейтін көңіл қандай адамда болмақ?
8. Тәртіптің зынданы не?
Оның жауаптары мынадай:
1.Удан ащы – әдепсіз адамның аузынан шыққан сөз.
2.Балалық шағың.
3.Патшалар үшін таққа мінген күн, ғалымдар үшін еңбегін аяқтаған күн.
4. Саудагердің қуанышы бір жетіден артпайды, жетіден кейін аз пайда алса ренжиді.
5.Өлім.
6.Өтірік.
7.Жүдемейтін көңіл – әйелі сыйлаған адам.
8. Ата-ананың тілін алмаған бала.

Әр адам өз қуатын білуі керек. Бұл оның дүниеден өз үлесін алуға себеп болады.Қуатына қарай іс істеп, қуатына қарай ас ішпеген адам ауруға шалдықпай тұрмайды.


Өлетінін білетін адам кеселден сақтанып жүруі керек. Ажалды ауру жақындатады.
Кімнің қызысың?
-Ауыл кісісі үйір үйдің қызымен, төбесі биік үйдің қызымын.
-Онда даланың ұлығының қызы екенсің ғой.
-Өзіңіз кімсіз?
-Сіз бүкіл елдің әкімі екенсіз ғой, - депті қыз.

Жақсы адамның өз мойнына алған борышы темір шынжырдан да, аттың кісенінен де мықты.


Не жаман? Жақсы әйелдің есалаң ері болса, рақымды, жомарт жандардың ақшасы жоқ болса, сол жаман.
Қайғыда не қайғы?Жаңбырда жолға шыққан қайғы, сүйікті адамыңмен тез ажырасқан қайғы.
Не ұнамсыз? Сөз білместің сөйлегені ұнамсыз, дауысы жоқтың ән салғаны ұнамсыз, жақтырмайтын әйелдің сүйіспеншілік көрсеткені ұнамсыз.

Ғалымдар – қоғамның шамшырағы


“Құран кәрім”
Кім үлкенді құрметтеп сәлем берсе оған төрт қасиет: ұзақ өмір, көп білу, даңқ пен саулық рухының нұры жауады.
Үндінің мәну заңынан

Өнерден жақсы нәрсе, білімнен – үлкен, ұяттан – сұлу нәрсе, қызғаншақтан асқан дұшпан жоқ.


Сократ

Елінің ауыр жүгін көтеріп, аз қуанып, көп қиналғың келсе – ақын бол.


Бердак
Алла тағаладан не сұрау керек?
- Екі дүние жақсылығын.
Өмірді қалай өткізу керек?
-Өмірді жүректің қалауымен өткізген мақұл.
Жақсы адамды қалай тануға болады?
-Үш нәрсемен:білімділігі ,жомарттығы,ақжарқындығымен.

Мына бір сөздерді мәңгілік есімізде сақтайық: Басқа адамның қол сұғылмас дербестігін қадірле,кемтігін, кемтарлығын ая.Адамдарға залымдық ойлама, адамдарды ренжітпе, адамдардың жанын ауыртпа,мазасын алма, тыныштығын кетірме.Өзіңе көрсетілген сезімталдық,төзімділік үшін қайырымдылыққа рақмет айт.




Кәрілік бақыт бола алмайды. Бақытты кәрілік дегенді надандар ғана ойлап тапқан. Кәрілік тыныштық немесе қасірет болуы ғана мүмкін. Сый-құрметке ие болғанда ғана, ол тыныштық болады.Ұмытшақтық пен жалғыздық оны қасіретті етеді. Адам өзінің ұрпағы арқылы өмірде көп жасайды.Адамның өлместігі де осында.Өліп кеткендердің бейнесін үнемі есте сақтап ,айта жүру керек екен. Кімнің жан дүниесінде өткеннің бейнесі болмаса, ондай жанда болашақ та бола алмайды.

Баласы жаман туғанның әкесін түйе үстінде ит қабар.


Білім берудің қай түрі болмасын — тәрбие.
Білім мен құдіреттілік — екеуі де бір нәрсе.
Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады.
Көп білем десең, аздан бастап үйрен.
Білімдінің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев

Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік.
Ақансері Қорамсаұлы

Бақыт жолы біліммен табылады
Ахмед Үйегнеки

Білім — адам баласының ортақ қазынасы
Жүсіп Баласағұн

Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей
Шал ақын

Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр
Махмұд Қашқари

Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман


Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді
Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады 
Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз – өмір тұл.

*** 
«Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны»

*** 
Бүгін қазақстандықтар – жас және серпінді ұлт

*** 
Жас қазақстандық азамат дегені­міз – бұл тек құқық қана емес, бірінші кезекте өзі, өзінің отбасы және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілік екенін есте ұстаулары тиіс 

*** 
Денсаулықты бірінші кезекте адамның өзі қалыптастыруы керек 
*** 
Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустрия­лық әлемге қарай жылжып келеміз 

*** 
Мен біздің халықтық игілігіміз болып табылатын қазақстандық табыс­тың үш кілті туралы еске сала кеткім келеді


*** 
140 этностың басын құрайтын барлық қазақстандықтардың бірлігі – бұл ғаламат құндылық.


*** 
Біздің міндетіміз – Отанды қорғау, сақтау және байыту.


*** 
Біз әлемдік мұхитта өз бағытымен аман–есен жүзіп келе жатқан қайығы­мыз­ды ешкімнің шайқауына жол бер­мейміз.


*** 
Екінші. Біздің барлығымызға және әрқайсымызға тән тағаттылық.


*** 
Этностық және діни айырма­шы­лық­ты байыппен түсіну және құрметпен қабылдау.


*** 
Осының арқасында біздің әр ­алуан­ды­ғымыз біздерді бөлмейді, қайта бірік­тіреді.


*** 
Егер біздің тағаттылығымыз болмаса, онда біздің қайығымыз бағытынан ауытқып кетуі ықтимал және әрі қарай апаттан қорғалмайтын болады.


*** 
Біздің мақсатымыз – өзгермелі әлемдегі жаңа жағдайларда тек тірі қалу емес, сондай-ақ бұрынғы табыс­тарымызды нығайта, осы жаңа әлемге өзіміздің ықпал ету мүмкіндігімізді кеңейте отырып, дамуымызды жал­ғастыру.


*** 
Тек осы біздің құндылық­тары­мызды нығайта және көбейте отырып қана біз әр қазақстандық отбасы үшін қауіпсіз және бақытты болашақ құра аламыз


*** 
Біздің еңбексүйгіштігіміз біздің құнды жеңісіміз болып табылады

*** 
Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы 

*** 
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген.


*** 
Біз өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз.


*** 
Мына заманда «Өнердің кілтін тапқан ғана өрге шабады».


*** 
Тәрбие басы – тіл


Махмұд Қашқари
*** 
Тіліңді тый – тісің сынбайды
Ахмет Игүнеки
*** 
Басқа пәле – тілден
Жиренше
*** 
Аяққа кісен салуға болар, қолға кісен салуға болар – тілге кісен салуға болмас
Бәйдібек Қарашаұлы
*** 
Қыз тілімен түйілген түйінді – жігіт тісімен шеше алмас
Төле би
*** 
Тіл – өткір найза
Майлықожа Сұлтанқожаұлы
*** 
Тіріде – жанға тыным жоқ, қызыл тілде буын жоқ
Базар Оңдасұлы
*** 
Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды
Абай
*** 
Тілден – зікір, көңілден – пікір
Сұлтанмахмұт
***
Адам көңілден азады, тілден жазады.

* * *
Ана тілі – бәріміздің анамыз, 


Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.


* * *
Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

* * *
Ашынған тілді болар, 


Ашыққан ұры болар.

* * *
Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.


* * *
Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.


* * *
Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа, 


Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.

* * *
Көнектей басыңа шүмектей тілің жау.


* * *
Қазақтың ақылы – көзінде, Қасиеті сөзінде.


* * *
Кісі қызыл тілден өледі, 


Түлкі қызыл жүннен өледі.

* * *
Қылыш жарасы бітер, 


Тіл жарасы бітпес.

* * *
Қызыл тіл – жанның мияты, 


Абырой – ердің қуаты.

* * *
Ішімдегінің бәрі тілімде


Тілімдегінің бәрі түрімде.

* * *
Өз тілің – бірлік үшін, 


Өзге тіл – тірлік үшін.

* * *
Тіземнен сүріндірсе сүріндірсін, 


Тілімнен сүріндірмесін.

* * *
Тіл – қылыштан да өткір.


* * *
Тіл – тас жарады, тас жармаса да бас жарады.


* * *
Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры, 


Сыйынатын тәңірі.
* * *
Тіл қоса алар жер мен көктің арасын, 
Тіл айырар анасынан баласын.

* * *
Тілдің майын тамызып, 


Сөздің балын ағызып, 
Хас шешендер сөз айтар
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған тілімізді ұмыту – бүкілата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б.Момышұлы
* * *
Тіл – халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.

* * *
Дүниенің ең басты жұмбағы адам.

* * *
Адамдар дүниенің бәрін түсіндіргенмен, өздерін өздері әлі де болса түсіндіре алған жоқ.

* * *
Алпыс адам бір жақ, ақын өзі бір жақ.


* * *


Әкеңді білмеген ештеңе емес, қаптаған халықтың ішінен ұлтыңды білмеген үлкен сұмдық!

* * *
Адам алысқа қараймын деп, жақындағысын көрмейді.



* * *
Әулиелік туралы айту үшін өзің де әулие болуың керек

* * *
Дүниеге шын ақын, ұлы ақын келген күні сонымен қабаттасып даңқ та туады.
Азаппен келген даңқ – мәңгілік.
Талант – халық қазынасы. Талантты қадірлемеу халықтың намысына тиеді.

Қор қылу да, құдай қылу да халықтың қолында.
Пайғамбар жасау халықтың қолында, бекерге мәз болып, өзіңді-өзің алдау, алдану өз қолыңда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет