Бос аммиакқа реакция. Приборлар мен ыдыс: су моншасы, 100 °С-тық термометр, химиялық стакан немесе бюкс, сағат шынысы. Реактивтер: қызыл лакмус қағазы, дистильденген су.
Анықтау әдістемесі: Етті ұсақтап турап, оның 1/3 көлеміне дейін бюкске немесе химиялық стаканға салады. Қызыл лакмус қағазын дист.сумен ылғалдандырып, оны етке тимейтіндей етіп екінші ұшын ыдыстың қақпағы астына орналастырады. Жабылған бюксті немесе стаканды 50-60 °С температуралы су моншасына 10-15 минутқа қояды және қағаз түсінің өзгеруін бақылайды. Егер ет балғын болса, онда лакмус қағазы көгермейді. Егер ет балғын болмаса, онда лакмус қағазы көгереді. Ет балғындығы дәрежесі туралы лакмус қағазы көгеруінің интенсивтілігі мен жылдамдығына қарап баға беруге болады.
Аммиакқа Несслер бойынша реакция.Приборлар мен ыдыс: тамшылатқыш ыдыс, өлшеуіш цилиндр, конустық колба (250 мл-лік), пробиркалар. Реактивтер: Несслер реактиві.
Анықтау әдістемесі: Массасы 10 г майсыз және сіңірсіз етті 30-40 кесекке бөліп, 250-мл-лік конустық колбаға салады. Колбаға 100 мл салқындатылған қайнаған дист.су құяды және арасында араластыра араластыра отырып, етті 15 минут тұндырады. Содан кейін оны қағаз сүзгісі арқылы сүзеді. Пробиркаға 1 мл алынған сулы фильтратты құяды және оған біртіндеп тамшылатып Несслер реактивін қосады. Қосылған әр тамшыдан кейін пробирканы шайқайды және ерітінді түсі мен мөлдірлілігінің өзгеруін бақылайды.
Егер ет балғын болса, онда Несслер реактивінің 10 тамшысын құйғаннан кейін ерітінді сарғаймайды және лайланбайды. Егер ет балғындығы күмән тудыратындай болса, онда Несслер реактивінің 6-7 тамшысын қосқанның өзінде ерітінді түсі мен мөлдірлілігі өзгереді. Одан кейін пробирканы 20 минутқа штативте қалдырса, пробирка түбінде аздаған тұнба пайда болады.
Егер ет балғын болмаса (несвежее), онда ерітіндінің сарғаюы және лайлануы Несслер реактивінің бірінші тамшыларын қосқаннан кейін жүреді. Реактивтің 10 тамшысын қосқанда интенсивті сары немесе қызыл-қоңыр түс пайда болады, ерітінді лайланады және тұндырғаннан кейін тұнба түзіледі.