Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты


С витаминінің мөлшерін иодометрлік титрлеу арқылы сандық анықтау (зертханалық жұмыс)



бет40/49
Дата04.10.2022
өлшемі4,13 Mb.
#41294
түріПрактикум
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Байланысты:
Таурбаева Г.О. Тағам өнімдері анализі бойынша практикум (1)

3.2 С витаминінің мөлшерін иодометрлік титрлеу арқылы сандық анықтау (зертханалық жұмыс)

Аскорбин қышқылы (С витамині) басқа витаминдер сияқты адамның қалыпты тіршілік қызметі үшін қажет, цингаға қарсы фактор, тотығу-тотықсыздану реакцияларын сутек атомдарын өзіне қосып алу немесе беру арқылы жылдамдатады, орталық нерв жүйесінің жұмысына оң әсер етеді, адамның экстремалды әсерлерге қарсы тұру қабілетін арттырады. С витаминінің барлық қажетті мөлшерін адам тағаммен алады. Оның негізгі көздері: көкөністер, жеміс-жидектер. Витаминнің жас итмұрындағы мөлшері 300-2000, қара қарақатта 200-500, капустада 50-70, жас картопта 20-30 мг %. С витамині тұрақты емес, жарықта ауадағы оттегімен, сонымен қатар темір және мыс іздері қатысында оңай бұзылады. Сілтілік ортаға қарағанда қышқылдық ортада неғұрлым тұрақты. Тұрақсыз болғандықтан сақтағанда оның көкөніс-жемістердегі мөлшері тез азаяды. Тек жас және тұздалған капустадағы мөлшері тұрақты болады. Тағамды жылулық өңдеу кезінде 25-60 %-ы жойылады.


Аскорбин қышқылы күшті тотықсыздандырғыш болып табылады, ерітіндінің белгілі бір рН мәнінде (мысалы, рН 7) иодометрлік титрлеу әдісімен анықтала алады. Иодпен титрлегенде аскорбин қышқылы тотығып, дегидроаскорбин қышқылын түзеді:
Аскорбин қышқылы + I2 → дегидроаскорбин қышқылы + 2НI
Жұмыс барысы: а) Өсімдік тағамының (картоп, капуста, пияз, әртүрлі жидектер және т.б.) ұсақталған 2 грамын үгіткіште аздаған құм немесе ұсақталған шынымен қосып, үгітеді. Содан кейін осы келідегі массаға 10 мл 2 %-дық НСl ерітіндісін қосады. Жақсы араластырылған массаны воронкаға салынған мақта арқылы сыйымдылығы 50-100 мл конустық колбаға сүзеді. Сүзгідегі массаны бірнеше су тамшысымен шаяды. Фильтратқа 1 мл 0,5 %-дық крахмал ерітіндісін қосып, иодтың 0,003 н. жұмысшы ерітіндісімен көк түс пайда болғанша титрлейді. Тағамдық өнімдегі С витаминінің мөлшерін есептегенде анықталатын зат бойынша титр шамасының көмегімен массаны анықтау формуласы пайдаланылады:
m = Cн · Мэ · V / 1000 (г),
мұндағы Сн – иод эквивалентінің мольдік концентрациясы; Мэ – аскорбин қышқылы эквивалентінің мольдік массасы, ол 88 г/мольге тең; V – титрлеуге кеткен иод ерітіндісі көлемі (мл). Витаминнің 100 г өнімдегі мөлшерін есептеу үшін Х = m · 100/ 2 формуласы пайдаланылады.
б) Тағамдық өнімнің массасын екі есе көбейте отырып, фильтрат алғанға дейін тәжірибені қайталайды (а). Фильтратты екіге бөледі. Бір порцияны бөлме температурасында қалдырады, екіншісін 20 минутқа 40 0С (60 0С, 80 0С) температуралы су моншасына қояды. Содан кейін суық су ағынымен салқындатып, екі сынамадағы С витаминінің мөлшерін анықтайды.
в) Құрамында аскорбатоксидаза бар ерітінді қосқаннан кейінгі С витаминінің мөлшерін анықтау. С витаминіне бай көкөніс, жеміс-жидектерде болатын аскорбатоксидаза ферменті аскорбин қышқылының тотығуын жүзеге асырып, оның тағамдағы мөлшерін азайтады. Тағамдық өнімді ұсақтаған кезде аталған ферменттің активтілігі артады (әдетте ол активті емес немесе визикул ішінде болады). Аскорбатоксидаза көзі ретінде жас қияр қолданылады. Жас қиярды пластмасса ұсақтағышпен ұсақтап, дистильденген су қосады. Он минут ұстайды, тұндырады. Содан кейін одан 2-5 мл-ден алып, аскорбин қышқылының мөлшері белгілі ерітінділерге қосады (бір ерітіндіні бақылау ерітіндісі ретінде алып қалады). Жиырма минутқа қалдырады да, С витаминінің мөлшерін анықтайды.
Барлық тәжірибелер бойынша қорытындылар жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет