Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет9/9
Дата22.12.2016
өлшемі8,01 Mb.
#230
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ГЛОССАРИЙ 
 
АБСОЛЮТНЫЕ  ИЗМЕРЕНИЯ  -  АБСОЛЮТТІК  ӨЛШЕУ.  Гравибарлау 
кезінде өлшенетін ауырлық күшінің толық мәнін әрбір пунктте өлшеу. 
АДСОРБЦИЯ  -  АДСОРБЦИЯ.  Қатты  заттардьщ  сыртқы  қабатының 
ерітіндіні (газды, суды) жұту қабілеті. 
АКУСТИЧЕСКАЯ  ЖЕСТКОСТБ  -  АКУСТИКАЛЫҚ  КАТТЫЛЫҚ.  Толқын 
таратып өтетін ортаның акустикалық қасиетін сипаттайтын параметр. 
АЛГОРИТМ  —  АЛГОРИТМ.  Алға  қойылған  тапсырманы  (математикалық 
есепті) орындау барысында шешуге тиіс амалдарды алдын-ала белгілеу жүйесі. 
АЛЬФА-РАСПАД  (α  —  распад)  —  АЛЬФА-ЫДЫРАУ  (α  —  ыдырау). 
Өздігінен  болатын  радиактивті  ыдырау  кезінде  атом  ядросының  альфа- 
бөлшектер шағаруы. 
АМПЛИТУДА  -  АМПЛИТУДА.  Толқынның  ең  жоғары  немесе  төменгі 
тербеліс  шегі,  яғни  толқын  жотасының  биіктігі  немесе  оның  ойысының 
тереңдігі. 
АНАЛИЗ  -  ТАЛДАУ.  Геофизикалық  мағлуматтарды  әр  түрлі  төсілдермен 
талдау жасау үшін қолданылатын термин. 
АНОМАЛИЯ  —  АУЫТҚУ.  Белгілі  бір  құбылыстың  қалыпты  жағдайдан 
мәнінің ауытқуы деген ұғымды білдіретін термин. 
АСТЕНОСФЕРА  -  АСТЕНОСФЕРА  (грек.азіһеns  -  осал,  sһаіrа  -  шар). 
Жоғары  мантияда  орналасқан  жұмсақ  қабат,  литосфераның  төсеніші.  Мұнда 
тау  жыныстарының  тұтқырлығы  мен  сейсмикалық  толқындардың  таралу 
жылдамдығы төмен дәрежеде болады. 
БЕЗГРАНИЧНАЯ  СРЕДА  —  ШЕКСІЗ  ОРТА.  Өріс  теориясында  пайдала- 
нылатын математикалық түсінік. 
БЕТА-РАСПАД (β — распад) — БЕТА-ЫДЫРАУ (β— ыдырау). Радиактивті 
ыдырау  кезінде  атом  ядросынан  әр  түрлі  жылдамдықтармен  бөлініп  шығатын 
теріс зарядты электрондар мен оң зарядты позитрондар. 

115 
 
ВАРИАЦИЯ  -  ВАРИАЦИЯ  (ӨЗГЕРУ,  ҚҰБЫЛУ).  Геофизикалық  өрістер 
параметрлерінің уақытқа және т.б. шарттарға байланысты өзгеруі. 
ВАРИОМЕТР  —  ВАРИОМЕТР.  Гравитациялық  өрістің  өзгеруін  өлшеіітін 
аспап. 
ВЕКОВОЙ  ХОД  -  ҒАСЫРЛЫҚ  ЖЫЛЖУ.  Жердің  магнит  өрісі 
элементтерінің уақытқа байланысты баяу өзгерісі. 
ВЗАИМНЫЕ  ТОЧКИ  -  ӨЗАРА  СЫБАЙЛАС  НҮКТЕЛЕР.  Жарылыс 
жасайтын  пункт  пен  қабылдау  пунктінің  орындарын  алмастыру  барысында 
толқынның таралу уакыты бірдей нүктелер. 
ВОЗРАСТ  ГЕОЛОГИЧЕСКИЙ  -  ГЕОЛОГИЯЛЫҚ  КӨНЕЛІК.  Нақтылы 
геологиялық құбылыс болып өткеннен бергі уақыт мөлшері. 
ВОЛНОВОД  —  ТОЛҚЫН  АРНАСЫ.  Серпімді  толқындардың  таралу 
жылдамдығы бәсеңдейтін қабат. 
ВОЛНА 
ЛЯВА 
— 
ЛЯВА 
ТОЛҚЫНЫ. 
Сейсмикалық 
беткейлік 
толқындардың  бір  түрі.  Оның  таралу  барысында  зат  бөлшектері  тек  қана 
толқынның бағытына перпендикуляр көлденең жазықтықта тербеледі. 
ВОЛНА  РЕЛЕЯ  — 
РЕЛЕЙ  ТОЛҚЫНЫ.  Сейсмикалық  беткейлік 
толқындардың  бір  түрі.  Оның  гаралу  барысында  зат  бөлшектері  тек  қана 
толқынның таралу бағытына сөйкес тік жазықтықта тербеледі. 
ВОЛНЫ-ПОМЕХИ  –  БӨГЕУІЛ  ТОЛҚЬІНДАР.  Сейсмикалық  барлау 
барысында  пайдалы  толқындармен  қатар  тіркелетін  пайдасыз  (зиянды) 
толқындар. 
ВСТУПЛЕНИЯ  ВОЛН  -  ТОЛҚЫННЫҢ  ЖЕТУ  УАҚЫТЫ.  Қоздырылған 
нүктеден таралған толқынның қабылдау (тіркеу) пунктінде алғашқы тіркелеген 
уақыты. 
ВЯЗКОСТЬ  —  ТҰТҚЫРЛЫҚ.  Зат  бөлшсктерінің  сыртқы  күш  әсерінен 
қозғалыстарға ұшырауға көрсететін қарсылығы. 
ГАЛ - ГАЛ. Дененің еркін түсу үдеуінің өлшем бірлігі (1 гал =1 см/с
2
). 
ГАММА-ЛУЧИ (γ- лучи) - ГАММА-СӘУЛЕЛЕР ((γ- сәулелер). Табиғи және 

116 
 
жасанды  радиактивті  элементтер  ядросынан  ұшқындайтын  қысқа  толқынды 
электрмагнитті толқындар. 
ГЕОИД - ГЕОИД. Жер бетінде салмақ күші потенциалының бірдей мәндерін 
бір-бірімен ойша қосқанда пайда болатын шартты жазықтық. 
ПРИКЛАДНАЯ  ГЕОЛОГИЯ  -  ҚОЛДАНБАЛЬІ  ГЕОЛОГИЯ.  Геологияның 
өндірістік салаларын топтастыратын бірлестік атауы. 
ГЕОМАГНЕТИЗМ - ГЕОМАГНЕТИЗМ. Жердің магнит өрісі туралы ғылым 
саласы. 
ГЕОМАГНИТНОЕ  ПОЛЕ  -  ГЕОМАГНИТТІК  ӨРІС.  Жердің  магниттік 
өрісінің әсері байқалатын кеңістік. 
ГЕОЛОГИЧЕСКИЕ  СЛОИ  -  ГЕОЛОГИЯЛЫҚ  ҚАТПАРЛАР.  Шөгінді  және 
метаморфтық 
тау  жыныстары 
қабаттарының  өз  тұтастығын  бұзбай 
деформацияға  ұшырауы  нәтижесінде  қалыптасатын  иілімдер 
жүйесі. 
Қатпарлар  табиғатта  өздерінің  нысанына,  мөлшеріне  және  пайда  болу 
механизміне  байланысты  әр  түрлі  болып  келеді:  антиклиналды  (оң  қатпарлар 
дөңестігі жоғары қарай) және синклиналды (теріс қатпарлар — дөңестігі төмен 
қарай) иілімдер олардың басты түрлері. 
ГЕОСИНКЛИНАЛЬ - ГЕОСИНКЛИНАЛЬ. Жер қыртысының тектоникалық 
белсенділігі  жоғары,  шөгінді  тау  жыныстарының  қалың  қабатымен, 
сипатталатын  магматизм  процесінің  қарқынды  болуымен  ерекшеленетін 
ауқымды аймақ. 
ГЕОТЕРМИЯ  (ГЕОТЕРМИКА)  -  ГЕОТЕРМИЯ  (ГЕОТЕРМИКА).  Жердің 
жылу өрісін зерттейтін геофизика ғылымының бір саласы. 
ГЕОФИЗИЧЕСКОЕ  ПОЛЕ  -  ГЕОФИЗИКАЛЫҚ  ОРІС.  Жердің  әр  түрлі 
физикалық өрістері, мөселен жердің магнит өрісі, электр өрісі және т.с.с. 
ГЛУБИННЫЕ  РАЗЛОМЫ  -  ТЕРЕҢ  ЖАРЫЛЫМДАР.  Жер  қыртысы  ірі 
блоктарының  бір-бірімен  жапсарынан  көрініс  бере  отырып,  олардың 
дербестігін қамтамасыз ететін белдем. 
ГОДОГРАФ  -  ГОДОГРАФ.  Сейсмограммада  жазылған  толқындардың 

117 
 
қоздыру  көзінен  қабылдау  пунктіне  дейінгі  таралу  уакытының  ара 
қашықтығымен байланысын көрсететін график. 
ГОРНЫЕ ПОРОДЫ - ТАУ ЖЫНЫСТАРЫ. Жер қыртысын құрайтын табиғи 
материя.  Әдетте,  тау  жыныстары  қатарына  қатты  тастар  жатады.  Тау 
жыныстары  шөгінді  (құм,  саз,  ізбес  тас  т.б.),  магмалық  және  метаморфтык 
(гнейс, мәрмәр, тақта тас) болып үш топқа бөлінеді. 
ГРАВИМЕТР  —  ГРАВИМЕТР.  Ауырлық  күші  үдеуін  өлшейтін  арнаулы 
геофизикалық аспап. 
ГРАВИТАЦИОННОЕ ПОЛЕ ЗЕМЛИ - ЖЕРДІҢ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ӨРІСІ. 
Әлемдік  тартылыс  заңына  сөйкес  (Ньютон  заңына)  массалардың  өзара 
тартылыс күші байқалатын кеңістік. 
ГРАДИЕНТНАЯ СРЕДА — ГРАДИЕНТТІ ОРТА. Толқын жылдамдығы жер 
бетінен  тереңдеген  сайын  үнемі  өзгеріп  отыратын  (көбейіп  немесе  азайып) 
орта. 
ГРАДИЕНТОМЕТР  —  ГРАДИЕНТОМЕТР.  Ауырлық  күшінің  градиентін 
өлшейтін арнаулы аспап. 
ГРАНИЧНАЯ 
СКОРОСТЬ 

ШЕКАРАЛЫҚ 
ЖЫЛДАМДЫҚ. 
Жер 
қойнауында толқынның екі қабаттың шекарасын бойлай таралу жылдамдығы. 
ДЕНСИТОМЕТР  —  ДЕНСИТОМЕТР.  Тау  жынысының  минералдық 
тығыздығын өлшейтін аспап. 
ДЕФОРМАЦИЯ — ДЕФОРМАЦИЯ (лат. (deformatio — ақаулану, бұрмалау, 
өзгеру).  Сыртқы  күш  әсерінен  дененің  геометриялық  пішінінің  өзгеруі 
(серпінді деформация). 
ДИАГРАММА 

ДИАГРАММА. 
Геофизикалық 
процестер 
мен 
құбылыстардың  өзара  байланыстарын  сипаттайтын  сандық  көрсеткіштерді 
сызбалық түрде кескіндеу нәтижесінде алынған нұсқалар. 
ДИАПАЗОН - ДИАПАЗОН. Өлшенетін геофизикалық шаманың аумағы. 
ДИЛАТАНСИЯ  -  ДИЛАТАНСИЯ.  Жер  қыртысындағы  серпінді  жөне 
серпінсіз өзгерістерге байланысты тау жыныстары көлемінің өсуі. 

118 
 
ДИПОЛЬ  -  ДИПОЛЬ  (ҚОСӨРІС).  Бір-бірімен  тым  жақын  (сыбайлас) 
орналасқан тең мөлшерлі, бірақ зарядтары әр аттас екі нүкте жүйесі. 
 ЗАЗЕМЛЕНИЕ  —  ЖЕРГЕ  ҚОСУ  (ҚАЗЫҚ  ҚАҒУ).  Токты  жерге  жіберу 
үшін  (электрлік  барлау  әдісінде)  оған  арнайы  дайындалған  қазықтарды  қағып 
қою.  
ЗАЛЕЖЬ  НЕФТИ  (ГАЗА)  -  МҰНАЙ  (ГАЗ)  ШОҒЫРЫ.  Коллектор  ролін 
атқаратын біршама кеуек жыныстардағы, өз бойынан мұнай (газ) түйіршіктерін 
өткізбейтін шымыр жыныстармен қалқаланған мұнай (газ) шоғыры. 
ЗЕМНАЯ  КОРА  -  ЖЕР  ҚЫРТЫСЫ.  Жердін  ең  жоғары  қатты  қабаты.  Оның 
қалыңдығы  құрлықтарда  30-40  км,  таулы  аймақтарда  50-70  км,  ал  мұхиттар 
астында 10—20 км болады. Жер қыртысы үш қабаттан тұрады: жоғары шөгінді 
қабат, ортаңғысы граниттік қабат, төменгісі базальттық қабат деп аталады. 
Мұхиттар түбінде граниттік қабат мүлде болмайды. 
ЗОНД — ЗОНД .Ұңғыманың ішіне енгізетін  зерттеу аспабы. 
ИЗО...  -  ИЗО...  .  Белгілі  бір  шаманың  мөлшерлерін  белгілейтін  нүктелерді 
бір-бірімен  қосу  нөтижесінде  алынатын  сызықтар  жиынтығы.  Мәселен, 
изономалдар  -  аномалиялары  тең  мәнді  нүктелерді,  изодинамдар  -  жердің 
магнит өрісінің мәндері бірдей нүктелерін және т.с.с. қосатын сызықтар. 
ИНТЕРПОЛЯЦИЯ  -  ИНТЕРПОЛЯЦИЯ.  Бірқатар  өлшенген  шамалар 
бойынша олардың аралық мәндерін табу. 
ИНТЕРПРЕТАЦИЯ  -  ТАЛДАУ.  Геофизикалық  мағлұматтарды  геологиялық 
тұрғыдан тұжырымдау. 
ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ - ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ. Толқындардың таралу барысында 
қабаттасу нәтижесінде бір-бірін күшейтуі немесе әлсіретуі. 
ИСТИННАЯ  СКОРОСТЬ  -  НАҚТЫ  ЖЫЛДАМДЫҚ.  Толқындардың  әрбір 
қабаттан таралып өткендегі нақты бақыланған жылдамдығы. 
КАБЕЛЬ  КАРОТАЖНЫЙ  -  КАРОТАЖ  КАБЕЛІ.  Ұңғымаға  түсірілген 
геофизикалық  аспаптарды  жер  бетіндегі  басқару  жүйесімен  қосу  үшін 
қолданылады. 

119 
 
КАВЕРНА  —  КАВЕРНА.  Үңғыманы  бұрғылау  барысында  диаметрінің 
үлкеюі.  Әдетте,  мұндай  өзгеріс  сазды  жыныстарда  ұңғыма  оқпанын  жуатын 
сұйықтың дұрыс болмауына байланысты. 
КАВЕРНОМЕР  —  КАВЕРНОМЕР.  Бұрғыланып  жатқан  ұңғыманың 
тереңдеген  сайын  диаметрінің  өзгерісін  қадағалау  үшін  ұңғыманың  ішкі 
құрылысын суретке түсіретін аспап. 
КАРОТАЖ  -  КАРОТАЖ.  Үңғыма  ашқан  тау  жыныстарының  физикалық 
қасиеттерін және химиялық құрамын зерттейтін әдістер жүйесі. 
КЕРН -  ТАСБАҒАН. Бұрғылау  кезінде ұңғымадан алынған тау жынысының 
үлгісі. 
КОЛЛЕКТОР  -  КОЛЛЕКТОР  (ЖИНАУЫШ,  ТҰТҚЫШ).  Құрамында 
пайдалануға  болатын  мұнай  мен  газы  бар,  кеуектілігі  және  мұнай  мен  газ 
өтімділігі жоғары тау жыныстары ортасы. 
КОРРЕЛЯЦИЯ 

КОРРЕЛЯЦИЯ 
(СӘЙКЕСТЕНДІРУ). 
Сейсмикалық 
барлауда 
сейсмикалық 
толқындар 
фазаларын 
көршілес 
орналасқан 
трассалардан табу. 
КРИТИЧЕСКЙ  УГОЛ    -  ЕРЕКШЕ  БҰРЫШ  (ТОЛЫҚ  ІШКІ  ШАҒЫЛУ 
БҰРЫШЫ). Екі ортаның арасындағы беткейге түскен толқынның түсу бұрышы 
үлкейе  келіп  бір  шамаға  жектенде,  толқын  екінші  ортаға  өтпей  шекара 
бойымен  таралады.  Демек,  бұл  бұрыш  толық  ішкі  шағылу  бұрышы  деп 
аталады. 
ЛИТОСФЕРА  - ЛИТОСФЕРА (грек. lithos - тас, shiara - шар). Жер кыртысы 
мен  литосфералық  мантиядан  тұратын,  табаны  астеносфера  қабатымен 
шектелген  Жер  шарының  қатты  сыртқы  қабаты.  Литосфераның  қалыңдығы 
құрлықта шамамен 200 км болса, мұхит астында - 50-80 км. 
...ЛОГИЯ  (грек.  логос  -  сөз,  үғым,  ілім)  -  күрделі  сөздердің  соңына  жалғана 
отырып,  өр  түрлі  ғылым  түрлерін  даралау  үшін  қолданылатын  жүрнақ. 
Мысалы,  сейсмология  —  жер  сілкінуі  туралы  ғылым,  геология  —  жер  туралы 
ғылым т.с.с. 

120 
 
ЛУЧ  -  СӘУЛЕ.  Сейсмобарлауда  толқын  энергиясының  таралу  бағытын 
көрсететін, оның алғы шебіне перпендикуляр сызық. 
МАГНИТНЫЕ  БУРИ  -  МАГНИТ  ДАУЫЛДАРЫ.  Жердің  магнит  өрісінің 
қалыпты жағдайдан мезгіл-мезгіл ауытқып отыру құбылысы. 
МАГНИТНОЕ ПОЛЕ - МАГНИТТІК ӨРІС. Жер шарының қейбір нүктесінде 
болмасын  -  жер  бетінде,  терең  шахтада,  ұңғымада,  ғарыштық  ортада  - 
магниттік күштер бар. Магниттік өріс деп, міне осы  жердің магниттік  күштері 
білінетін кеңістікті айтады. 
МАГНИТОМЕТР  -  МАГНИТОМЕТР.  Магнит  өрісін  өлшеуге  арналған 
арнайы аспап. 
МАНТИЯ  ЗЕМЛИ  -  ЖЕР  МАНТИЯСЫ.  Жер  қыртысы  мен  жер  ядросы 
аралығындағы  орналасқан  қабат.  Жер  мантиясы  жоғары  және  төменгі  болып 
екіге  бөлінеді.  Жоғары  мантия  900  км-ге  дейінгі  терендікті  қамтыса,  төменгі 
мантия 2900 км тереңдікке дейін созылады. 
МАГМА  —  МАГМА  (грек.  магма  -  қамыр,  қою  ақпа).  Жоғары  мантия 
өңірінде балқымалар түрінде қалыптасқан, өте ыстық масса. 
МАКРО  (грек.  макрос  -  үлкен)  —  МАКРО.  Үлкен,  ірі  деген  үғымдарды 
білдіретін терминнің алдына жалғанатын қосымша. 
МИКРОСЕЙСМЫ  -  МИКРОСЕЙСМАЛАР.  Сейсмикалық  шу  есебінде 
үздіксіз  таралатын  әлсіз  сейсмикалық  толқындар.  Олар  теңіз,мұхиттағы 
толқындардың, жел мен адам қызметі әсерінен пайда болады. 
НЕОДНОРОДНАЯ  СРЕДА  -  БІРТЕКТІ  ЕМЕС  ОРТА.  Құрамы  және 
физикалық қасиеттері біркелкі емес геологиялык орта. 
НОМОГРАММА  -  НОМОГРАММА.  Бірнеше  айнымалы  шамалардың  өзара 
тәуелділігін бейнелейтін кесте. 
ОБМЕННЫЕ  ВОЛНЫ  -  АУЫСПАЛЫ  (АЛМАСҚЫШ)  ТОЛҚЫНДАР.  Бір 
шекаралық  беттен  шағылғаннан  кейін  өзгерген  толқындар.  Мәселен,  беткейге 
түскен қума толқын болса, шағылғаннан кейін ол көлденең толқынға айналады. 
ОДНОРОДНОСТЬ  -  БІРКЕЛКІЛІК.  Қандай  геологиялық  орта  болмасын, 

121 
 
оның физикалық қасиеттері барлық жерінде бірдей болуы. 
ОЧАГ  -  ОШАҚ.  Жер  сілкіну  кезінде  сейсмикалық  энергия  бөлініп  шығатын 
тұйықталған  көлем.  Оның  сыртқы  шекарасын  әр  түрлі  әдістермен  (кейінгі 
дүмпулер эпицентрлері орналасуы, макросейсмикалық зерттеулер арқылы және 
т.б.) анықтауға болады.  
ПАЛЕТКА  -  ПАЛЕТКА.  Әр  түрлі  геофизикалық  әдіетердің  тура  және  кері 
есептерін  графиктік  тәсілмен  шешу  үшін  қолданылатын  есептеулі  қисық 
сызықтар жиынтығы. 
ПЕРФОРАТОР  —  ПЕРФОРАТОР.  Ұңғыманың  ішіне  түсіріліп,  оның 
оқпанының қабырғасындағы қаптама бойын тесуге арналган аспап. 
ПОТЕНЦИАЛ  -  ПОТЕНЦИАЛ.  Физикалық  өрістің  сипатын  аныктауға 
арналған  скалярлық  не  векторлық  көмекші  шамалар.  Потенциал  туындылары 
физикалық өрістің кернеулігін көрсетеді. 
ПРЕОБРАЗОВАТЕЛЬ  -  ТҮРЛЕНДІРГІШ.  Энергияның  бір  түрін  екінші  бір 
түріне айналдыратын аспап. 
ПРОФИЛИРОВАНИЕ 

ПРОФИЛЬДЕУ 
(ПРОФИЛЬ 
БОЙЫМЕН 
БАҚЫЛАУ).  Жер  бетінде,  жер  астында  немесе  ұңғымада  профиль  бойымен 
жүргізілетін бақылаулар жүйесі. 
ПРОФИЛЬ - ПРОФИЛЬ. Геофизикалық өлшеулер жүргізу үшін белгіленген 
бағыт.  Оның  бойымен  белгілі  ара  қашықтықта  белгі  пикеттер,  яғни  қазықтар 
қағылады. 
ПОПЕРЕЧНЫЕ  ВОЛНЫ  -  КӨЛДЕНЕҢ  ТОЛҚЫНДАР  (S).  Тек  кана  қатты 
денелер  арқылы  таралатын  басты  “екінші”  (secundа)  серпімді  толқындар. 
Олардың  пайда  болу  себебі  -  зат  бөлшектерінің  тербелісі  толқынның  таралу 
бағытына перпендикуляр болып, олардың нысанының өзгеруінен. S толқындар 
тобы сұйық ортада таралмайды. 
ПРОДОЛЬНЫЕ  ВОЛНЫ  -  ҚУМА  ТОЛҚЫНДАР  (Р).  Қатты  денеде 
таралатын  “бірінші”  (prima)  басты  серпімді  толқындар.  Олардың  пайда  болу 
себебі - зат бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына сөйкес келіп, 

122 
 
бүл  бағытта  заттың  көлемі  ұлғайып  немесе  кішірейіп,  өзгеріске  ұшырайды. 
Қума толқындар көлденең толқындарға қарағанда орта есеппен 1,7 есе жылдам 
тарайды. 
ПЕРИОД  ВОЛНЫ  -  ТОЛҚЫН  ПЕРИОДЫ.  Көршілес  толқын  жоталарының 
ара қашықтығы (секунда есебімен). 
ПЛАСТ  ВОДОНОСНЫЙ  -  СУЛЫ  ҚАБАТ.  Жер  қойнауындағы  сулы 
қабаттың құрама бөлігі. 
ПОВЕРХНОСТНЫЕ 
СЕЙСМИЧЕСКИЕ 
ВОЛНЬІ 

БЕТТІК 
СЕЙСМИКАЛЫҚ  ТОЛҚЫНДАР.  Жер  бетін  жанай  таралатын  сейсмикалық 
толқындар.  Олардың  таралу  жылдамдығы  қума  жене  көлденең  толқындарға 
қараганда әлдеқайда аз. Әдетте, беттік толқындар екі түрде кездеседі: Лява (Q) 
жене Релей (R) толқындары. 
ПОВЕРХНОСТЬ  МОХОРОВИЧИЧА  -  МОХОРОВИЧИЧ  БЕТІ.  Жер 
қыртысы  мен  жоғары  мантия  аралығындағы  сейсмикалық  толқындар 
жылдамдығының  кенеттен  өсуіне  әсер  ететіп  шекара.  Бұл  шекара  мұхиттар 
астьнда 5 км тереңдікте, ал таулы аймақтарда 50-70 км тереңдікте орналасқан. 
ПРЕЛОМЛЕНИЕ  ВОЛНЫ  -  ТОЛҚЫННЫҢ  СЫНУЫ.  Толқынның  таралу 
жалдамдықтарында  озара  айырмашылықтар  бар  екі  ортаның  (төменгі  қабатта 
толқынның  таралу  жылдамдығы  жоғары  қабатқа  қарағанда  жоғары) 
шекарасынан толқынның екінші ортаға бастапқы бағыттан ауытқып етуі. 
ПРОЧНОСТЬ  ГОРНЫХ  ПОРОД  -  ТАУ  ЖЫНЫСЫНЫҢ  БЕРІКТІГІ.Тау 
жынысының  сығуға,  жыртуға,  июге,  соққылап  уатуға  қарсылық  көрсету 
қабілеті. 
РАДИОМЕТР  -  РАДИОМЕТР.  Иондалған  сәулелердің  қарқындылығын 
өлшейтін аспап. 
РЕДУКЦИЯ  -  РЕДУКЦИЯ.  Өлшенген  геофизикалық  өрістер  параметрлерін 
талдау барысында түзетулер енгізу арқылы қолайлы, қарапайым түсінікті түрге 
келтіру. 
РИФТ  -  РИФТ  (ағылшын.  -  шатқал,  жарық  сай).  Ұзындығы  жүздеген,  тіпті 

123 
 
мыңдаған  километрге  созылып,  жарьлымдармен  шектелген  ойпат  (шұңқыр). 
Рифтік  белдемдердің  ені  жүздеген  километрге  дейін  өзгереді.  Әдетте,  ішкі 
континенттік және мұхитаралық рифтілер болып бөлінеді. 
СЕЙСМИЧЕСКАЯ ВОЛНА - СЕЙСМИКАЛЫҚ ТОЛҚЫН. Жер сілкінісінен, 
жарылыстан  және  т.б.  сыртқы  әсерлерден  пайда  болып,  жер  көлемінде 
таралатын серпімді толқын. 
СЕЙСМИЧЕСКАЯ  ТРАССА  -  СЕЙСМИКАЛЫҚ  ТРАССА.  Әрбір  бақылау 
пунктінде 
орналасқан 
сейсмоқабылдағыштың 
жер 
беті 
тербелісін 
сейсмограммадағы жазу жолы. 
СЕЙСМОГРАММА 

СЕЙСМОГРАММА. 
Жер 
беті 
тербелісінің 
сейсмикалық станция арқылы жазылып алынған түрі. 
СЖИМАЕМОСТЬ  ГОРНЫХ  ПОРОД  -  ТАУ  ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ  СЫ- 
ҒЫЛҒЫШТЫҒЫ.  Жыныстың  ылғалдығына,  құрылымына,  кеуектілігіне  және 
әсер етуші күшке байланысты сығылуы. 
СИНТЕЗ  -  СИНТЕЗ  (ҚҰРАСТЫРУ,  ЖИНАҚТАУ).  Зерттелетін  нысанға 
байланысты алынған әр түрлі элементтерді қосып, біртұтас жүйелеу. 
СКИН-ЭФФЕКТ 
(ПОФЕРХНОСТНЫЙ 
ЭФФЕКТ) 

СКИН-ЭЭФЕКТ 
(БЕТТІК-ЭФФЕКТ).  Электрмагниттік  толқындардың  өткізгіштің  беткей 
жағымен көбірек таралуы. 
СМЕЩЕНИЕ НУЛЬ-ПУНКТА - НОЛЬ-ПУНКТТІҢ ЫҒЫСУЫ. Бір пункттегі 
геофизикалық 
аспап 
(гравиметр, 
магнитометр) 
көрсеткішінің 
уақыт 
аралығында  өзгеруі. 
СЕЙСМИЧЕСКАЯ  ГРАНИЦА  -  СЕЙСМИКАЛЫҚ  ШЕКАРА.  Қума  немесе 
көлденең  толқындардың  таралу  кезінде  өздерінің  жылдамдықтарын  күрт 
(кенеттен) өзгертетін жұқа қабат. 
СЕЙСМИЧЕСКАЯ 
КОСА 

СЕЙСМИКАЛЫҚ 
ЖЕЛІ. 
Сейсмоқабылдағыштарды сейсмостанциямен қосатын көп тарамды  жұмырсым 
(кабель). 
ТОЧКА  КЮРИ  (ТЕМПЕРАТУРА  КЮРИ)  -  КЮРИ  НҮКТЕСІ  (КЮРИ 

124 
 
ТЕМПЕРАТУРАСЫ).  Ферромагнитті  заттардың  парамагниттерге  айналу 
температурасы. 
ТРАНСФОРМАЦИЯ 
ПОЛЯ 

ӨРІСТІ 
ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ 
(ТАСЫМАЛДАУ).  Әр  түрлі  тәсілдерді  қолдана  отырып  өлшенген  күрделі 
геофизикалық  өрістен  зерттелетін  нысанға  байланысты  ғана  аномальды  өрісті 
даралау. 
ТЕКТОНИЧЕСКИЕ  ДВИЖЕНИЯ  -  ТЕКТОНИКАЛЫҚ  ҚОЗҒАЛЫСТАР. 
Жердің  ішкі  күштері  әсерінен  оның  сыртқы  бөлігіндегі  аумақты  тау 
жыныстарының деформациялану (нысанын және түрін өзгерту) процесі. 
ФИЛЬТР  -  ФИЛЬТР  (СҮЗГІ).  Жиілігіне  байланысты  пайдалы  жөне  бөгеуіл 
толқындарды ажырату үшін қолданылатын құрал. 
ШУМ  —  ШУЫЛ.  Пайдалы  толқындарды  тіркеу  барысында  кедергі 
жасайтын бөгеуіл толқындар. 
ЭЛЕКТРОД - ЭЛЕКТРОД. Электрбарлауда жер койнауына ток жіберу үшін 
пайдаланылатын металдан жасалган қазық. 
ЯДРО  ЗЕМЛИ  -  ЖЕР  ЯДРОСЫ.  Жер  бетінен  2900  км  терендіктен  (жердің 
радиусы  6371  км)  басталатын  жердің  орталық  белігі.  Жер  ядросы  темір  мен 
силикаттардан тұрады деген болжам бар. Сыртқы ядро балқыған  күйде болса, 
ішкі ядро қатты түрде деп пайымдайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

125 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Бобровников Л.З., Кадыров И.Н., Попов В.А. Электроразведочная аппаратура 
и оборудование. - М.: Недра, 1979. - 336 с.
 
2.  Дьяков С.Н. Инструкция по проведению работ ГСЗ с аппаратурой «Тайга-2». - 
Апатиты: Изд-во КФ АН СССР, 1982. - 36 с.
 
3.  Гурвич И.И., Номоконов В.П. Сейсморазведка: Справочник геофизика.
 

М.: Недра, 1981. - 464 с.
 
4.  Кунщиков Б.К., Кунщикова М.К. Общий курс геофизических методов 
разведки. - М.: Недра, 1976. - 429 с.
 
5.  Мудрецова Е.А. Гравиразведка: Справочник геофизика. - М.: Недра, 1981. - 
397 с.
 
6.  Нейштадт Н.Н. Методические рекомендации по пьезоэлектрическому методу 
разведки. - Л.: ОНТИ НПО Рудгеофизика, 1984. - 98 с.
 
7.  Никитский В.Е., Глебовский Ю.С. Магниторазведка: Справочник геофизика. -
М.: Недра, 1980. - 367 с.
 
8.  Нұрмағамбетов Ә., Геофизикалық барлау әдістерінің негіздері. – Алматы.: 
Ғылым баспа орталығы, 2003. – 278 бет.
 
9.  Тархов А.Г. Электроразведка: Справочник геофизика. - М.: Недра, 1979. - 518 
с.
 
10. Федынский В.В. Разведочная геофизика. - М.: Недра, 1967. - 672 с.
 
11. Якубовский Ю.В., Ляхов Л.Л. Электроразведка: Учебник для техникумов. - 
М.: Недра, 1982. - 381 с.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

126 
 
МАЗМҰНЫ 
КІРІСПЕ........................................................................................................................3 
БІРІНШІ БӨЛІМ  
1. ГЕОФИЗИКА ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА.....................................................5 
1.1. Геофизиканың шығу тегі................................................................................5   
1.2. Дүниежүзілік экономиканың дамуына геофизиканың  
сіңірген еңбегі........................................................................................................7 
1.3. Геофизика және оның жер туралы алатын орны...........................................8 
1.3.1. Жер туралы ғылымдар................................................................................8 
1.3.2. Геофизика.....................................................................................................10 
ЕКІНШІ БӨЛІМ 
2. 
ПЕТРОФИЗИКА........................................................................................................16 
2. 1. Тау жыныстарының физикалық қасиеттері....................................................16 
2.2. Магниттік қасиеттері..........................................................................................18 
2.3. Тау жынысының тығыздығы.............................................................................22 
2.4. Электрлік қасиеттері..........................................................................................24 
3. Поляризациялық қасиеттері.................................................................................27 
ҮШІНШІ БӨЛІМ 
3.БАРЛАУ ГЕОФИЗИКАСЫ ӘДІСТЕРІ................................................................30 
3.1. Жалпы ереже.......................................................................................................30 
3.2. Геофизикалық аномалия өрістер.......................................................................31 
3.3. Геофизикалық өрістерді тіркеу.........................................................................34 
3.4. Гравиметриялық барлау.....................................................................................36 
3.4.1. Гравибарлаудың мәні мен мақсаты...............................................................36 
3.4.2. Аппаратуралардың қысқаша техникалық сипаттамалары..........................38 
3.4.3. Далалық байқау әдістемесі.............................................................................43 
3.4.4. Байқауды бастапқы өңдеу...............................................................................46 

127 
 
3.4.5. Гравиметриялық түсірімдер деректерінің интерпретациясы......................48 
3.5. Магнитометриялық барлау әдісі.......................................................................50 
3.5.1. Магниттік барлау әдістемесінің мәні мен мақсаты......................................50 
3.5.2. Аппаратураның қысқаша техникалық сипаттамасы…................................52  
3.5.3. Далалық бақылаулар әдістемесі.....................................................................54  
3.5.4. Бақылауды бастапқы өңдеу ...........................................................................56 
3.5.5. Магниттік түсірім деректерінің интерпретациясы.....................................57 
3.6. Электрбарлау әдісі..............................................................................................61 
3.6.1. Кедергі әдісімен электрбарлау.......................................................................61 
3.6.2. Геологиялық мәселелерді шешудегі электрбарлау.....................................65 
3.6.3. Аппаратураның қысқаша техникалық сипаттамасы...................................68 
3.6.4. Далалық байқаудың әдістемесі......................................................................69 
3.6.5. Бастапқы өңдеу және байқауды интерпретациялау.....................................70 
3.7. Сейсмобарлау әдісі............................................................................................73 
3.7.1. Серпінді толқындар........................................................................................73 
3.7.2. Геометрикалық сейсмика..............................................................................76 
3.7.3. Серпінді толқындар түрлері .........................................................................77 
3.7.4. Сейсмикалық барлау әдісінің мақсаты және мәні.......................................80 
3.7.5. Сейсмикалық барлаудың негізгі тәсілдері ..................................................81 
3.7.6. Шағылған толқындар тәсілі ...........................................................................82 
3.7.7. Сынған толқындар тәсілі ...............................................................................83 
3.7.8. Шағылған және сынған толқындар тәсілдерінің ерекшеліктері ................84 
3.7.9. Сейсмикалық аппаратуралар..........................................................................88 
3.7.10. Сейсмикалық бақылаулардың далалық әдістемесі....................................91 
3.7.11. Сейсмобарлау мәліметтерін интерпретациялау.........................................92 
3.8. Радиометриялық әдіс.........................................................................................96 
3.8.1. Атом ядроларының құрылысы және радиоактивтілікің ыдырауы............96 
3.8.2. Табиғи радиоактивті элеметтер және олардың сәулеленуі.......................99 
3.8.3. Аппаратураның қысқаша техникалық сипаттамасы .................................101 

128 
 
3.8.4. Далалық байқау әдістемесі.........................................................................103 
3.8.5. Бастапқы өңдеу және радиометрия деректерінің интерпретациясы........105  
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................108 
ГЛОССАРИЙ....................................................................................................109 
ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................................................120 
 
 
 
 
 
 
        
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет