Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.
Кірме сөздердің қазақ тіліне енуінің алғышарттары
мен ерекшеліктері қандай?
2.
Публицистикалық стильде жазылған мәтiн бойынша
орыс
тiлiнен
енген
сөздердi
терiп
жазып,
орфограммасына талдау жасаңыз.
3.
Орыс тiлiнен енген сөздерге қосымша қосудың
ережеге бағынбайтын сөздердің тізімін жасаңыз
(жоғарыда келтірілген мысалдардан басқа.)
4.
Құрамы өзгертіліп алынған кірме сөздердің кестесін
жасаңыз.
Біздің
оқу
құралымыздың
мақсаты
–
қазақ
орфографиясының қалыптасу тарихы және оның мәселелерін
саралау, әр жылдары жарық көрген еңбектерде көтерілген
мәселелерде жүйелеп, жинақтап беру болатын. Аталған
мақсатты орындау үшін қазақ тiлiнiң тазалығы үшiн күрес,
сырттан алынған терминдердi дұрыс жазу мәселесiмен
айналысып жүрген ғалымдардың пікірлері басшылыққа алынды.
Қазақ жазу графикасы әрдайым даму, қалыптасу
кезеңдерінен өтіп отырған. Соған сәйкес халықты сауаттандыру,
емле ережелерін біріздендіру мақсатында орфографиялық даму
деңгейі де жиі реформалану процесіне ұшыраған. Қазақ жазу
тарихындағы жалпыхалықтық сауаттандыру, тұрақты біркелкі
жазу нормасын қалыптастыруға бағытталған кезеңдердің
ішіндегі қиындығы мен тәжірибесі мол байқалғаны 1929-40
жылдардағы латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшу кезеңі
деп атауға болады. Бұл кезеңде көтерілген ең өзікті мәселенің
бірі – түркі халықтары әліпбилерін бірыңғайластыру болатын.
Еңбекте, сонымен қатар, әр кезеңде баспадан шығып отырған
орфографиялық сөздіктердегі сөздер салыстырыла отырып
талданды.
Емле
ережелеріне
баса
назар
аударып,
тақырыптардың соңында сұрақтар мен тапсырмалар берілді.
Сөздердің айтылуы мен жазылуында бірізділіктің болмай
жатуы ол Мемлекеттік терминологиялық комиссиясының
бекіткен орфографиялық сөздіктің негізгі ережелеріне мән
бермеудің нәтижесі. Сондықтан оны еліміздің әрбір азаматы
жетік білуі қажет.
Тест сұрақтары
1. Орфография дегеніміз не?
А. Сөздерді дұрыс жазу емлесі
B. Сөздерді дұрыс айту емлесі
C. Тыныс белгілерін зерттейтін сала
D. Дыбыстар үндесуі
E. Терминдер туралы ғылым
2. Дыбыс пен әріптің басты айырмасы неде?
A. Дыбыс – айтылым, әріп тыңдалым құралы
B. Дыбыс – жазылым, әріп тыңдалым құралы
C. Бірі жазба тілдің, бірі ауызша тілдің құралы
D. Дыбыс – ауызша әдеби тілге, әріп жазбаша әдеби тілге тән
E. Дыбыс - өзгеріске бейім, әріп өзгермейді
3. Қазақ орфографиясында қандай ұстанымдар басшылыққа
алынады?
A. Морфологиялық
B. Фонетикалық
C. Фонематикалық
D. Морфологиялық, фонетикалық, дәстүрлі
E. Дәстүрлі
4. Қазақ жазу емлесінде фонетикалық ұстаным қандай
орындарда қолданылады?
A. Түбір мен қосымшаның аралығында
B. Төрт түрлі жалғаудың қолданылуында және сөз
аралығындағы қ, п, к дыбыстарына қатысты
C. Біріккен түбір аралығында
D. Тіркескен сөздер аралығында
E. Бір түбірдің бойындағы қатаң, ұяң дыбыстарға қатысты
5. Қазақ жазу емлесінде морфологиялық ұстаным қандай
орындарда қолданылады?
A. Біріккен сөз сыңарлары өзгертілген күйінде жазылады
В. Түбір мен қосымшаның, біріккен сөз сыңарларының
аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпалы ескеріледі
C. Түбір мен қосымшаның, біріккен сөз сыңарларының
аралығындағы дыбыстардың бір-біріне ықпалы ескерілмей,
түбірі сақталып жазылады
D. Тарихи түбірлердегі диссимиляция құбылысы арқылы
E. Сингармонизм заңдылығы сақталатын орындарда
6. Қазақ жазу емлесінде қатысты мәселенің күн тәртібіне
қойылуы қай кезеңнен басталады?
A. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап
В. Кеңестік кезеңнен бері
C. Тәуелсіздік кезеңі басталған соң
D. Қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуымен бірге
E. Қазақ елінің Ресейге бодан болуымен тұстас
7. Алғашқы қазақ баспасөз беттерінде қазақ тілінің қандай
мәселелері сөз болды?
A. Аударма мәселесі
B. Қазақ тілінің тазалығы, терминдерді пайдалану, қазақ
графикасын жасау мәселесі
C. Қазақ тіліндегі стиль түрлерін қалыптастыру
D. Қазақ жазуына латын графикасын пайдалану мәселесі
E. Қазақ графикасындағы бас әріп мәселесі
8. Қазақ жазуына орыс графикасын қолдану туралы мәселені
алғаш қай ғалымдар көтерді?
A. Бірен-саран қазақ ғалымдары және орыс ғалымдары
B. Бірен-саран қазақ ғалымдары
C. Орыс ғалымдары
D. Европалық ғалымдар
E. Шығыстанушы ғалымдар
9. Қазақ жазуына орыс графикасын қолдану туралы қандай
жобалар ұсынылды?
A. Қазақ жазуына ыңғайлап араб жазуын пайдалану
B. Латын графикасын пайдалану
C. Орыс графикасына қазақ дыбыстарын бейнелейтін қосымша
таңбалар қосу және орыс графикасын өзгеріссіз қолдану
D. Орыс графикасындағы таңбаларды өзгеріссіз қолдану
E. Алдымен араб, кейін латын графикасын пайдалану
10. Қазақ жазуына графика таңдау туралы қазақ
зиялыларының
арасында қандай пікірлер болды?
A. Орыс жазуын өзгертпей пайдалану
B. Латын графикасын пайдалану
C. Орыс графикасын қазақ дыбыстық жүйесіне лайықтап
пайдалану
D. Араб не латын графикасын таңдау
Е. Көне руна жазуын қайта жаңғырту
11. А.Байтұрсынұлының араб графикасынан қазақ дыбыстық
жүйесіне ыңғайлап өзгерту туралы ұсынысы алғаш рет қай
жылы, қай басылымда жарияланды?
A. 1912 жылы «Айқап» журналында «Жазу тәртiбi» деген
мақаласында
B. 1912 жылы «Айқап» журналында, «Шаһзаман мырзаға»
мақаласында
C. 1913 жылы «Шора» журналында, «Қазақша сөз
жазушыларға» деген мақаласында
D. 1912 жылы «Айқап» журналында «Қазақша сөз
жазушыларға»
деген мақаласында
E. 1913 жылы «Айқап» «Қазақша сөз жазушыларға» деген
мақаласында
12. А.Байтұрсынұлы ұсынған реформаның ең басты өзгешелігі
неде?
A. Бас әріпті енгізген
B. Араб графикасындағы басы артық таңбалардан арылтып, тек
қазақ дыбыстарын бейнелейтін таңбаларды қалдырған
C. Бас әріпті және тыныс белгілерін енгізген
D.Жуан және жіңішке дыбыстарды бөлек таңбалармен
белгілеген
E. Әріп саны артқан
13. А.Байтұрсынұлы реформасын қолдамаған қазақ зиялылары
қандай уәж білдірді?
A. Орыс тілін, мәдениетін үйрену үшін араб жазуы кедергі
келтіреді деді
B. Басқа түркі халықтарынан бөлектеніп қаламыз деді
C. Араб жазуында басы артық таңбалар көптігін тілге тиек етті
D. Араб мәдениетімен байланысты болғандығы үшін қолдамады
E. Араб графикасының жазып үйренуге қолайсыздығын дәлел
етті
14. А.Байтұрсынұлының реформасын қолдап пікір білдірген
кімдер?
A. Қ.Жұбанов
B. М.Дулатов, А.Жанташы
C. Ш.Жияшев
D. Қ.Жұбанов, А.Жанташы
E. М.Дулатов, Қ.Жұбанов
15. А.Байтұрсынұлы реформалаған араб графикасына
негізделген жазу түрі қай жылы, қайда ресми түрде
қабылданды?
A. 1926 жылы Бакуде өткен Бүкiлодақтық Түркологиялық
съезде
B. 1929 жылы 24 қаңтарда «Жаңа алфавит туралы» Қазақстан
Халық комиссарлар кеңесiнде
C. 1930 жылы бас әрiпке байланысты арнайы қаулыда
D. 1929 жылы ғылыми конференцияда
E. 1924 жылы Орынборда өткен қазақ-қырғыз бiлiмпаздарының
тұңғыш құрылтайында
16. Қазақ жазуына латын графикасын қолдану туралы мәселе
қашан заңдастырылды?
A. 1926 жылы Бакуде өткен Бүкiлодақтық Түркологиялық
съезде
B. 1929 жылы 24 қаңтарда «Жаңа алфавит туралы» Қазақстан
Орталық Кеңес комитетi президиумы мен Халық комиссарлар
кеңесiнiң қаулысында
C. 1930 жылы бас әрiпке байланысты арнайы қаулыда
D. 1929 жылы ғылыми конференцияда
E. 1924 жылы Орынборда өткен қазақ-қырғыз бiлiмпаздарының
тұңғыш құрылтайында
17. Қ.Жұбанов 1929 жылғы жазу емлесі туралы ғылыми
конференцияда қандай ұстанымды негізге алу керек деп
көрсетті?
A. Сөз түбірін қосымшаның ыңғайымен өзгертіп жазу
B. Түбірді де, қосымшаны да өзгертпей жазу
C. Сөздерді айтылуы бойынша жазу
D. Фонетикалық ұстанымды басшылыққа алу
E. Морфологиялық, яғни түбірін сақтап жазу
18. Қ.Жұбанов 1935 жылы қазақ тілі терминологиясы туралы
басты қандай пікір айтты?
A. Басқа тілден енген термин сөздердің бастапқы қалпын сақтап
жазған дұрыс деп көрсетті
B. Басқа тілден енген термин сөздерді қазақ тілінің дыбыстық
ыңғайымен өзгертіп жазуды ұсынды
C. Басқа тілден енген термин сөздерді қазақша аударып
пайдалануды дұрыс деп есептейді
D. Басқа тілден термин алып пайдалану дұрыс емес дейді
E. Қазақ тілі термин жасауға қолайсыз, терминдерді тек шеттен
алу керек деді
19. Қазақ жазуы қазірге дейін қай жылы қабылданған ережені
пайдаланып келді?
A. 1940 жылғы
B. 1957 жылғы 5 маусымда қабылданған емле – ережелердi
C. 1963, 1978, 1988 жылдардағы
D. 1983 жылғы 25 тамыздағы
E. 1988 жылғы
20. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі қай жылдары шықты?
A. 1991 жылы
B. 1963, 1978, 1988 жылдары
C. 1940, 1988 жылдары
D. 1957, 1983 жылдары
E. 1983, 1988 жылдары
21. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері қандай
бөлімдерден тұрады?
A. Түбір сөздер мен күрделі сөздердің жазылу емлесі
B. Бас әріптің емлесі, қосымшалардың жазылу емлесі
С. Дыбыс әріптерінің емлесі, түбір сөздің жазылуы,
қосымшалардың жазылуы, бас әріптің емлесі
D. Орыс тілінен енген сөздердің жазылу емлесі, төл сөздердің
жазылу емлесі
E. Түбір мен қосымшаның, күрделі сөздердің жазылу емлесі
22. Ә дыбысының әріптік таңбасының жазылуында қандай
ерекшеліктер бар?
A. Ә әрпінің жазба түрі мен баспа түрі бірдей
B. Ә әрпінің бас әріп түрі болмайды
C. Кейде ә дыбысының орнына а әрпі жазылады
D. Ә әрпі сөз басында жазылмайды
E. Ә әрпі сөз соңында жазылмайды
23. 1957 жылғы қазақ тiлiнiң орфографиялық ережелер
кодексiне қай жылы толықтырулар мен түзетулер енгiзілді?
A. 1992 жылы
B. 1972 жылы
C. 1983 жылғы 25 августа
D. 1978 жылы
E. 1920 жылы
24. Ұ, ү әріптерінің емлесі туралы не білесіз?
A. Негізгі түбір сөздің бастапқы буынында ғана жазылады
B. Буын талғамайды
C. Сөздің аяғында жазылады
D. Екеуі бірінің орнына екіншісі жазыла береді
E. Бірі жуан сөзде, екіншісі жіңішке сөзде жазылады
25. Ы, І әіптерінің жазылуында қандай ерекшеліктер бар?
A. Сөздің екінші буындарында көмескіленіп естілсе де, жазуда
таңбаланады
B. Буын талғайды
C. Буын талғамайды
D. Сөз аяғында жазылмайды
E. Сөз басында р, л әріптерінің алдында барлық уақытта жазыла
бермейді
26. Ю әрпінің емлесі туралы қандай ережелер бар?
A. 1 ғана ереже бар: қазақ тілінде ю әрпі жоқ
B. 1 ғана ереже бар: қазақ тілінде иу дыбыс тіркесін таңбалайды
C. 2 ереже бар: қазақ тілінде ю әрпі жоқ, орыс тілінде иу қосар
дыбысын таңбалайды
D. 3 түрлі ереже бар: 1 [иүу], 2 [иұу], 3[у] дыбыс тіркестерін
таңбалайды
E. Арнайы ереже жоқ
27. У әрпі қандай қызмет атқарады?
A. [ұу], [үу] дыбыс тіркесін, у үнді дыбысын таңбалайды
B. Қазақ тілінде қызмет атқармайды
C. Орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады
D. Үнді у дыбысын таңбалайды
E. бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыстарды таңбалайды
28. И әрпі қандай дыбыстарды таңбалайды?
A. Үнді и дыбысын таңбалайды
B. Қазақ тілінде қызмет атқармайды
C. Орыс тілінен енген сөздерде ғана қолданылады
D. [ый], [ій] дыбыс тіркесін, й үнді дыбысын таңбалайды
E. бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыстарды таңбалайды
29. Ф,х,ч,ц дыбыстарының жазылу емлесі
A. Қазақтың төл сөздерінде жазылады
B. Қосымшаларда жазылады
C. Орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады
D. Түбір сөздерде ғана жазылады
E. Буын талғайды
30. Қазақ тіліндегі түбір сөздердің жазылу емлесі
A. Түбірі сақталып жазылады
B. Қосымшаның ыңғайымен жазылады
C. Арнайы ережесі жоқ
D. Бірыңғай жуан жазылады
E. Бірыңғй жіңішке жазылады
31. Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, кс, нк, рк, нкт дыбыстар
тізбегіне біткен сөздерге қазақ тілінің қосымшалары қалай
жалғанады?
A. Әрдайым жуан жалғанады
B. Әрдайым жіңішке жалғанады
C. Бірде жіңішке, бірде жуан жалғанады
D. Қатаң дыбыстан басталып жалғанады
E. Дауыстыдан басталып жалғанады
32. –ев (-ева) қосымшасы сөзге қалай жалғанады?
A. Әрдайым жуан сөздерге жалғанады
B. Әрдайым жіңішке сөздерге жалғанады
C. Бірде жіңішке, бірде жуан сөздерге жалғанады
D. Сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамастан
жалғана береді
E. Дәнекер әріптерден кейін жалғанады
33. нд, мп, кт, нг, нк, мб, ск, фт тәрізді дыбыс тіркесіне біткен
орыс сөздеріне қосымша қалай жалғанады?
A. Соңғы дыбыстың ыңғайына қарай бірде қатаң, бірде ұяң
B. Тек жуан дауысты қосымшалар
C. Тек жіңішке дауысты қосымшалар
D. Қатаң дыбыстан басталып
E. Ы, і дәнекері арқылы
34. Қандай сөз түрлері бірге жазылады?
A. Тұлғасы өзгеріп барып, біріккен сөздер
B. Қосарланған сөздер
C. Еш, әр, кей сөздері зат есіммен тіркескенде
D. Идиомалық тіркестер
E. Есім, еліктеуіш сөздерден құралған күрделі сөздер
35. ақ, ау, мыс, ды, ді шылаулары сөйлемде қалай жазылады?
A. Өздерінен бұрын тұрған сөзден бөлек жазылады
B. Өздерінен бұрын тұрған сөзге біріктіріліп жазылады
C. Өздерінен бұрын тұрған сөзден дефис арқылы ажыратылып
жазылады
D. Өздеріне мағыналық жақтан қатысты болған сөздің алдында
тұрады
E. Өздеріне мағыналық жақтан қатысты болған сөзден кейін
тұрады
36. Бас әріп қандай орындарда қолданылады?
A. Одағай сөздерге байланысты
B. Сөйлем басында, жалқы есімдерде, қысқарған сөздерде,
мемлекеттік атаулар мен лауазымдарда
С. Оңашаланған айқындауыш мүшеге қатысты
D. Сөйлем ішінде, жалпы есімдерде, сөз тіркестерінде
E. Төлеу сөзге байланысты
37. Сөздер қандай жағдайда тасымалданбайды?
A. Бас әріппен қысқарған сөздер, бір буынды сөздер, бірінші
буыны бір дыбыстан тұратын екі буынды сөздер, кісі атының
инициалы
B. Көп буынды сөздер, алғашқы буындарынан қысқарған сөздер,
кісі есімі
C. Мемлекет, лауазым, қызмет атаулары
D. Бас әріппен қысқарған сөздер, алғашқы буындарынан
қысқарған сөздер
E. Кісі атының инициалы, мемлекет, лауазым, қызмет атаулары
38. 1978 жылғы сөздік пен 1963 жылғы сөздіктің қандай
айырмашылығы бар?
A. Ғылым мен техниканың дамуына орай жаңа сөздер көптеп
енгізілді, орыс тіліндегі терминдер түгел қазақшаланып берілді
B. Құрамы толықтырылды, жалқы есімдер алынып тасталды,
вариант сөздердің екі нұсқасы қатар берілді
C. Ғылыми терминдер алынып тасталды, көне сөздер мен
диалектизмдер енгізілді
D. Жаппай орыс сөздері енгізілді
E. Көне сөздер мен диалектизмдер енгізілді
39. Соңғы сөздіктерге (90 жылдардан бергі) қандай
толықтырулар енгізілді?
A. Біріккен сөздердің жазылу емлесі алынып тасталды
B. Қос сөздердің жазылу емлесі алынып тасталды
C. Жеке әріптердің жазылу емлесі қысқартылды
D. Орыс тілінен енген сөздер қысқартылды, күрделі сөздердің
жазылу емлесі қайта қаралды, сөздерге қосымша қосып
жалғаудың жаңа үлгілері берілді
E. Орысша ай аттарының жазылу емлесі алынып тасталды
40. Клубқа, уставқа, педагогке сөздеріндегі қосымшалардың
жалғануында қазақ тілінің төл табиғатына үйлеспейтін
қайшылық бар ма, болса қандай ?
A. Бар. Берілген сөздерге қазақ тілінің қосымшасы тек жіңішке
жалғануы тиіс
B. Бар. Педагог сөзінің соңғы буыны жуан болғандықтан
қосымша жуан жалғануы тиіс
C. Жоқ.
D. Бар. Клуб сөзіне қосымша ұяңнан бастап жалғануы тиіс
E. Екі қайшылық бар: қазақ сөздері б, г дыбыстарына
аяқталмайды, ұяңға аяқталған сөзге қосымша қатаңнан басталып
жалғанбауы тиіс
41. И және у әріптерінің жазылу емлесінде кездесетін
қиындықтар немен байланысты?
A. Бұл әріптерді дауыссыз дыбыстардың таңбасы деп танумен
байланысты
B. Бұл әріптерді дауысты дыбыстардың таңбасы деп танумен
байланысты
C.
Бұл
әріптер
тек
орыс
тілінен
енген
сөздерде
жазылатындықтан
D. Бұл әріптердің дыбыстық түрлері кейбір сөздерде түсіріліп
айтылатындықтан
E. Бұл екі әріп бірінің орнына екіншісі қолданыла беретіндіктен
42. А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов арасындағы и және у
әріптеріне қатысты негізгі пікір алшақтықтары
A. И және у әріптерін ый, ій, ұу, үу дыбыс тіркестерінің таңбасы
ретінде тану және жеке дауысты дыбыс құрамына қоспау
B. И және у әріптерін тек жуан дауыстылардың таңбасы ретінде
тану
C. И және у әріптерін тек жіңішке дауыстылардың таңбасы
ретінде тану
D. И және у әріптерін тек үнді дауыссыздардың таңбасы ретінде
тану
E. И және у әріптерін тек орыс тілінен енген сөздерде қолдану
43. Қазіргі қазақ орфографиясындағы төл дыбыстардың
жазылуына байланысты қандай қиындықтар бар?
A. Қысқарған сөздердің жазылуына байланысты
B. Күрделі сөздердің бөлек не бірге жазылуына, вариант
сөздердің берілуіне байланысты
C. Біріккен сөздер мен қос сөздердің жазылуына қатысты
D. Жеке дыбыс әріптерінің жазылуына байланысты
E. Бас әріптің жазылуына байланысты
44. Сөздердің бірге жазылуының тұлғалық факторына не себеп
болады?
A. Сөз сыңарлары грамматикалық формаларының элизияға
ұшырауы, редукциялануы, фонетикалық контиминацияға
ұшырау, бір екпігне бағыну
B. Сөз сыңарларының семантикалық оқшаулануы
C. Сөз сыңарларының грамматикалық бірыңғайлануы
D. Сөз тұлғаларының жеке мағыналарын сақтап қалуы
E. Сөздердің тұлғалық дербестігін сақтауы
45. Сөздердің бірге жазылуының семантикалық факторы немен
айқындалады?
A. Жеке сөздердің тұлғалық ерекшелігіне байланысты
B. Сөздегі ұлттық астармен қатысты
C. Тілдік бірліктердің қызметіне орай
D. Адамның дүниені тану деңгейінің тілдік фактордағы көрінісі
арқылы
E.
Құрамындағы
сөз
сыңарларының
семантикалық
арақатынасымен
46.
Күрделі
сөздердің
жазылуындағы
аффиксоид
құрастырушыларға қандай қосымшалар жатады?
A. Тіркескен сөзге белгілі бір стандарт мағына үстейтін
қосымшалар
B. Сөздердің мағыналарын бір-біріне ұластыратын қосымшалар
C. Толық мағыналы сөзден аффикске өткен қосымшалар
D. Жаңа үстеме мағына тудыратын қосымшалар
E. Сөз сыңарлары арқылы берілетін ұғымды жинақтау қызметін
атқаратын қосымшалар
47. Вариант сөздердің қолданылуы, тілде қалыптасуы қандай
бағытта болады?
A. Екі түрлі жағдайда: екі сыңары бөлек-бөлек мағыналық реңк
алып, жеке қалыптасуы мүмкін, бір сыңары ғана әдеби тілге енуі
мүмкін
B. Үш түрлі жағдайда: екі сыңары қатар қолданылады, біреуі
ғана
қолданылады, екеуі де қолданыстан мүлде шығып қалады
C. Тұлғасын сақтап, мағыналық дербестігінен айырылуы мүмкін
D. Синонимдік қатар түзуі мүмкін
E. Вариант сөздер тілдік қолданыстан мүлде шығарылып
тасталады
48. Вариант сөздердің қалыптасуына қандай фактор себеп
болады?
A. Адамзаттың жалпы тілдік тәжірибесінде сөз жасаудың
алғашқы әдісі ретінде туындайды
B. Фонетикалық, ішінара морфологиялық құбылыстар негізінде
қалыптасады
C. Кірме сөздердің көптеп енуі
D. Көне сөздердің ішінара сақталуы
E. Тілдер арасындағы араласу құбылысы
49. Вариант сөздер сөздікте қалай беріледі?
A. Әрқайсысы жеке реестерде беріліп, мағынасы түсіндіріледі
B. Тұлғалық жүйесіне орай қайталанып беріледі
C. Бір нұсқасы беріліп, қалғандары жақша ішінде көрсетіледі
D. Жеке мағыналық реңкке ие болғандары жеке реестрде,
басқалары және сөзі арқылы ажыратылып, қатар беріледі
E. Көп қолданылатын нұсқасы ғана сөздікке енгізіледі
50. Орфография нені айқындайды?
A. Жазба тiлдiң белгiлi бiр даму кезеңiндегi нормаларын
айқындайды
B. Сөздің дұрыс айтылу нормаларын
C. Белгілі бір кезеңге тән қолданыстағы сөздер қорын
айқындайды
D. Сөздердің жарыспалы нұсқаларын бір жүйеге келтіред
E. Әріптердің қолдану ережелерін айқындайды
51. Берілген сөздерде қосымшалардың жіңішке жалғануы немен
байланысты: рульге, осьтің, ролі
A. Сөздің соңғы буынына байланысты
B. Сөз ішіндегі дауыстыларғы қатысты
Достарыңызбен бөлісу: |