қызғанушылық сезімі пайда болады.
Тайпалық шеңберінде пайда болған теңсіздік сыртқа қарай бағытталып
басқа ру-тайпаларды соғыс, я болмаса, қорқытып көндіру арқылы жүре
бастайды. Ал мұның өзі мемлекеттің пайда болуына жағдай жасайды.
Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы мен өмір сүруі жөніндегі
ілімі.
Мемлекеттің пайда болуы, өмір сүріп соңында күйреуі - Ибн-Халдунды өте
қызықтырып, оның терең ойларын туғызған. Мемлекет, әрине, мүлік пайда
болған кезде дүниеге келеді. Оның өзегін уақытында өте биік дәрежеде
ұйымдасқан, ауыз-бірлігі биік ру, я болмаса тайпа құрайды.
Бірақ, уақыт өткен сайын мемлекет басшысы сол мемлекеттің басқару
жүйесін құрайтын өзінің туыстарынан бірте-бірте алшақтай бастайды.
Олардың орнына басқа топтардан адамдар тартылып, неше түрлі көтеріңкі
жағдайлар (привилегиялар) жасалып, оларға басқару істері тапсырылады. Осы
сәттен бастап мемлекеттің күйреуі басталады,- деген ойға Ибн-Халдун келеді.
Оның себебі – сол мемлекеттің негізін қалаған ішкі бірлігі мол алғашқы ру, я
тайпа қуылғаннан кейін оның орнына келген адамдар тек жалақы үшін ғана
қызмет етеді. Егер мемлекет үстіне қауіп төнсе, ол үшін жан-тәнін беретін
адамдар олардың ішінде тым аз.
Ибн-Халдун мемлекет пен өндірістің, бүгінгі сөзбен айтқанда
экономикамен өзара байланысын терең зерттеген ойшыл. Оның жасаған бұл
мәселе жөніндегі кейбір тұжырымдары бүгінгі біздің қал-жағдайымыздан
көшіріліп алынғандай.
Мемлекеттің өз табиғаты, өндірістің де өзінікі бар. Мысалы, тауарлардың
бағасы өндіріске жұмсалған қаражатқа, оны әкелуге кететін ақшаға, нарықтағы
сұранысқа т.с.с. байланысты,- дейді ойшыл. Оның сыртында қажетті түрде
салынатын салықтар да өндірелетін тауарлардың бағасын өсіреді.
Мемлекет, әрине, салықсыз өмір сүре алмайды. Ол бүгінгі мемлекеттің
басына келген кешегі көшпенділерге тәтті өмір сүру үшін, әскер ұстап
шекараны күзетіп және ел ішінде өзінің саяси қарсыластарымен күресу үшін
керек. Мемлекет, бір жағынан, салықтың көлемін өсіруі мүмкін, екінші
95
жағынан, экономикаға тікелей араласып ішкі және сыртқы сауданы бақылауға
алып, одан пайда табуы мүмкін.
Салық үлкен болса, онда халық әлсірейді, сонымен бірге мемлекеттің өзі де
әлсірейді,- дейді Ибн-Халдун (біздің үкіметке Ибн-Халдуннан осыдан 500 жыл
бұрын өмір сүрген дәріс алса да болғаны). Елдегі бай адамдар мемлекеттегі
өздерінің алтынын алып басқа жаққа кетеді. Қарапайым адамдардың өзі де
тамақ, киім іздеп Дүниенің төрт жағына қаңғып кетеді. Ал мұның бәрі де
мемлекеттің өзін жояды, өйткені, мемлекет - қоғамның бітімі (формасы), ал
оның материясы - ол сол елді құрайтын, оның өндірісінде істейтін адамдар.
Сонымен, мемлекет күйреді. Бірақ, ол мемлекет атаулының бәрінің де
жойылуы емес. Оның орнына басқа мемлекет бітімі келіп, ол да тарихтағы
өзінің қажетті сатыларынан өтіп, өз орнын жаңа мемлекетке береді.
Ибн-Халдун бойынша, әр мемлекеттің өз өмір сүру ғасыры бар. Оның
ұзақтығы орташа алғанда үш ұрпақтың өміріне тең. (Кеңес мемлекетінің пайда
болып күйреуін алайық, ол үш ұрпақтың шеңберінде болды. С.М.) Бірінші
буын сол мемлекеттің негізін қалап, өздерінен гөрі жалпы мемлекеттік
мәселелердің қамын ойлайды. Екінші буын жаңа пайда болып жетілген
мемлекеттің жинаған байлығын пайдаланып рахатқа батуға тырысады. үшінші
буын сол мемлекетті әлсіретіп, оның титығына дейін жеткізеді.
Сонымен, мемлекет пен цивилизацияның дүниеге келуінің негізгі себебі-
бір. Ол өндірістік дамудың негізіндегі байлықтың, артықшылықтың пайда
болуы. “Мемлекет өздерінің адамдарынан ақша жинап, басқарып отырған
адамдарға жұмсайды. Ол байлық қарапайым адамдардан келген мемлекет
лауызымдарына, одан қалса, солармен байланысты астанадағы адамдарға
жұмсалады.
Қайсыбір мемлекет пен цивилизацияның әлсіреп құруының алғы шарты ел
басқарған адамдардың аса қымбат заттарға ие болуға ұмтылуы, өмірден
барынша ләззат алуға тырысуы, өйткені, ол қымбатшылықты туғызып, салықты
өсіріп экономиканы күйретеді. Мемлекеттің соңғы сатыларында мораль
саласында азғындаушылық ашық көрінеді. Адамдар бұзылып, бір-бірін
алдайды, бір-біріне жау сияқты қарайды, қулық-сұмдық кең етек алады. Соның
бәрі- тек байлыққа жетуі үшін жасалады,- дейді Ибн-Халдун.
“Егер адамдар үйлерінің алдына жеміс ағашын отырғызбай, Кипарис
отырғызса, онда ол болашақ күйреудің нышаны. Өйткені, Кипаристің жемісі де,
жақсы исі де жоқ, оның тек әсем түрі ғана бар,- деп ой салады Ибн-Халдун.
Сонымен, Ибн-Халдунды ұқыпты оқыған адамға бүгінгі таңдағы болып
жатқан күрделі үрдістерді жете түсінуге жол ашылады.
Ибн-Халдун - сонау көне замандағы ой-пікірден бастап біздің заманға
дейінгі-біршама қоғамды терең зерттеп, өзінің артынан мол өшпес із
қалдырған. Оған қазіргі “ әлеуметтік философия мен саясаттанудың атасы
деген заңды биік баға берілген тұлға.
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:
1.
Әл-Кинди және Араб тілді философияның бастауы.
96
2.
Әл-Фарабидің онтологиясы және әлеуметтік-этикалық формасы.
3.
Ибн-Халдунның әлеуметтік-этикалық формасы.
4.
Ибн-Халдунның мемлекеттің пайда болуы жөніндегі ілімі.
5.
Ибн-Синаның философиялық көзқарастары.
6.
Ибн-Рошдтың потенциалды интелект жөніндегі ілімі.
Ойланыңыз:
1.
Біз бақытқа әсемдік арқылы, әсемдікке - философия өнері арқылы жетеміз,
ал олай болса, біз философия арқылы бақытқа жетеміз. Ал философияға ақыл-ой,
шындық арқылы жетеміз.(Әл-Фараби). Мұнда философияның қандай қызметі
туралы айтылып отыр?
2.
’’Адамның иманы жүзінде, адамгершілігі ниетінде ‘‘, дегенді қалай
түсінесіз?
3.
Ж. Баласағұн: '' Бала нені көрсе жастан ұядан, өле - өлгенше соны таныр
қиядан '', мұның мәні неде жатыр?
4.
'' Кімде кім тозаңдай жақсылық жасаса, міндетті түрде сауабын алады '',
бұл уағыз нені меңзеп отыр?
5.
'' Сендер жақсылыққа шақырып, жамандықтан сақтандыру арқылы игі
үмбет болдыңдар '', адамның қандай қасиеті туралы айтылған?
6.
'' Тозақ - өзімшілдіктен. Бейшаралық – надандықтан '', сіз не деп айтар
едіңіз?
7.
'' Алдау -күнә, арамдық - 2 есе күнә '',-ал сен не дер едің?
8.
'' Жақсылық - адамгершілік, ізгілік – жауапкершілік '', сіз мұны қолдайсыз
ба?
9.
'' Зұлымдық – күштен айырады. Жамандық, күнәхарлық - өзіңе деген
жауапсыздық'', сонда не істеу керек?
10.
'' Зәбірлемеу - нағыз адамгершілік '' , бұл қағаданың мәні неде?
11.
«Парасаты жеңсе адам- періштеден де жоғары тұрады, нәпсісі жеңсе-
хайуаннан да төмен дәрежеге түседі», - мұны қалай түсінесіз?
Реферат тақырыптары:
1.
Ислам, оның негізгі бағыттары.
2.
Ортағасырлық мұсылман философиясындағы кемелденген адам мәселесі.
3.
Ибн-Синаның ғылыми философиялық мұрасы.
4.
Ибн-Рушдтың діни философиясы.
5.
Ибн-Халдунның адам жөніндегі ілімі.
6.
Ибн-Халдун және қазіргі әлеуметтік философия.
7.
Әл-Фрабидің әлеуметтік – саяси көзқарастары.
97
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ:
Негізгі:
1. Мырзалы С.К. Философия. - Оқулық, Алматы: Бастау, 2008.
2.. Алтай Ж., Қасабек А., Мұхамбетәлi К. Философия тарихы.
-Алматы, 1999ж.
3. Зотов А.Ф.Современная Западная философия. – М.:Высшая школа,2012 .
4. Тұрғынбаев Ә. Философия , Алматы, 2001 .
5. Мұханов., Әйтiмбетова Г. Дiндер тарихы мен теориясы және еркiн ой.
(арнаулы және еркiн дәрiстер курсы). –Алматы. 1994.
6. Петрова В.Ф.,Хасанов М.Ш. Философия. - Алматы, Эверо,2014.
7. Сегизбаев О.А История казахской философии : От первых архаичных
представлений древних до философии развитых форм первой половины ХХ
столетия:Учебник для вузов. - Алматы: Ғылым,2001.
8. Нұрғали Ардақ.Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті. –
Алматы:Атамұра, 2000.
Қосымша:
1. Алексеев П.В.,Панин А.В Философия. – М.,:Проспект,2010.
2. Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казахской философии. –
Алматы: К-ИЦ ИФП КН МОН РК,2011.
3. Бегалинова К.К.,Альжанова У.К. Философия. Часть 1,2. – Алматы: Жібек
жолы, 2014.
4. Есім Ғ. Сана Болмысы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
5. Лавриенко В.Н. Философия. – М.: ИД Юрайт, 2011.
6. Кирабаев Н.С. Учебное пособие по курсу «Средневековое арбо-
мусульманская философия». – СПб.: СПбГУ,2005
7. Немировская Л.З. Философия: История и теория. – М.,Изд Россиийского
Нового Университета , 2007.
8. Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік – философиялық
талдау. – Алматы, БҒМ ФСИ баспасы,2000.
9. Орынбеков М.С. Предфилософия протоказахов. – Алматы: Өлке,1994.
10. Степанянц М.Т. Восточная философия: вводный курс. Избранные тексты.
– Москва: Восточная литература,2001.
98
1 тірек кесте. Әл-Фарабидің (ақыл-ой) жөніндегі ілімі
«Бірінші Барлық» (1 БАР) – белсенді ақыл (БА) Дүниеде 4 негізгі
интеллекті (ақыл-ойды) тудырады
1 Потенциалды интеллект ( ПИ) ақыл-ой ( АО)-жеке -пәнденің- заттардың
бітімін тану,білу мүмкіншілігі;
2 Актуалды (шындық, іс-әрекет) интеллект ( АИ) – болмыстағы заттардың
табиғатында , олардың ақыл-оймен танылып, оның бітімінің ақыл-ойда - өзінің
материалдық негізінен бөлініп өмір сүру мүмкіндігі жатыр.
Сонымен тану процесінде – заттардың бітімі – абстракциялау арқылы – ерекше
болмысқа ие болып, оймен жететін актуалды интеллектің
объектіне айналады.
3 Игерілген интеллект ( ИИ) – жеке-пәнденің дүниені , заттарды танып,
олардың мән-мағынасын өзінің жан-дүниесінің ажырамас бір бөлігіне
айнаудыруы жатыр
4 Іс -әрекеттік интеллект ( І/ Ә И) – Бұл күрделі ұғым. Ол ешқашанда материяда
болмаған: ол ол потенциалдық ақыл-ойды – шындыққа айналуына дәнекерлік
жасайды. (Мысалы: көз күн сәулесі заттарға түскенде – көз актуалды түрде –
дүниені көре бастайды) Сол арқылы Пи -актуалдіке айналады
АИ
ИИ
І / Ә И
1 БАР
ПИ
тудырад
ы
Болмыс
1 Барлық
тудырады
99
2 тірек кесте. Мұсылмандық – араб тілді философия
5 категориялы: рухани түп негіз -
Материя, форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт
Дүниетанымның 2 түрі:
Онтологиясы- 2 субстанция:
Әл-Кинди (800-870) – “араб
философы” деп, атаған
Гносеологиясы -1 саты:
логика мен математика, 2
саты: жаратылыстану, 3
саты: философия
Ақыл- ойдың- 4 түрі: 1-ші: мәңгі
әрекетшіл “белсенді ақыл- ой”. 2-
ші: ”бейжай, енжар ақыл- ой”. 3-
ші:”жол-жөнекей қосылған ақыл-
ой”, 4-ші: ”жарияшыл ақыл-ой”
100
3 тірек кесте. Әл-Фараби гносеологиясы
Әл-Фараби (870-950)
“2-ші ұстаз” атанған
Гносеологиясы :
-1-ші: теория
Теориялық білімге –
- логика, жаратылыстану
ғылымдары және метафизика
- логика,ғылым: жалған
білімнен тазартады
-2-ші:практика, тәжірибе
Таным:
-1-ші: сезімдік таным
- сыртқы,өзгеріп отыратын
жағын сипаттайды
-2-ші: ойлау танымы
- заттың ішкі сырын,мәнін
ашады
101
4 тірек кесте. Ибн-Сина философиясы
Ибн-Сина (980-1037)-‘‘Философтар патшасы’’ немесе
‘‘дәрігерлер атасы’’
Еңбегі ‘‘Сауығу кітабы’’ ,
медицина жайлы және
логиканы, физиканы,
математиканы, философияны
қамтыған.
Гносеологиясы
Жалпы ұғымдар
(универсалиялар):
1) Заттарға дейін, құдіреттің ақыл-
ойында.
2) Заттың өзінде, себебі ол сол
заттың мәні.
3) Заттан кейін адамдардың
санасында
Дүние негізгі 2 субстанция:
-материялық және идеялық
субстанциялардан құралған.
-Дүние эманация жолымен
құдайдан пайда болады,
өзінің мәні жағынан
материялы.
102
4 семинар. Қайта Өркендеу дәуіріндегі философия
1. Қайта Өркендеу дәуірінің ерекшіліктері. Антропоцентризм.
2. Н. Кузанский мен Н.Маклавеллидің философиялық идеялары.
3. Қайта Өркендеу Заманындағы ғылыми (сценистік) жетістіктер (Галилей,
Коперник, Бруно)
4. Діни реформация және оның капиталистік қатынастардың қалыптасуы мен
дамуындағы рөлі
Қайта Өркендеу дәуірінің ерекшіліктері
Қайта Өркендеу дәуірі (ренессанс
фр. )
Орта ғасырдан Жаңа Заманға
өту дәуірі болды. Оның шеңберін біз XIV – XVI ғ. ғ. белгілейміз.
Капиталистік экономикалық қатынастардың дамуынан, антропоцентризм
(адам) мәселесіне, саяси-әлеуметтік идеялардың тууына, ғылымға бетбұрыс
басталды.
Қайта Өркендеу заманындағы адам мәселесіне жаңаша бетбұрыс
Сонымен, адамның құдіреттілігі, оның Құдайдың өзімен парапарлығы -
Қайта Өркендеу Заманындағы ойшылдардың негізгі идеяларының біріне
айналды.
Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ойшы - ол
Лоренцо Валла (1407-1457) болды. “Ләззәт алу жөнінде” деген еңбегінде ол
адамның дүние-танымы оның ақыл-ойымен қатар сезімдік іс-әрекеті арқылы
ғана болады деген пікірге келеді. Ләззат - “жан мен дененің рахатқа батуы”
ретінде игілікті іс. Мұндай көзқарастың Орта ғасырлық аскеттікке (asketos,
грек сөзі,
құмартудан бас тарту, адамның өзін-өзі шектеуі) қарсы
бағытталғанын байқау қиын емес.
Өзінің “Адамның абыройы жөніндегі сөздер” деген адамды жаратылған
дүниенің даналығы, ұлылығы мен әсемдігінің айқын көрінісі ретінде қарайды.
Адамның таңдау еріктігі
ол Құдайдың берген ең құнды сыйы. Оны
Сократтың айтып кеткен “өзіңді тани біл” деген жолынан іздеу керек,ол
өмірдегі күресте шыңдалып, моральдық жетілудің терең тұңғиығына жету
керектігін ойшыл асыра көрсетеді.
Николай Кузанский - Қайта Өркендеу Заманы философиясының ұлы
тұлғасы
Николай Кузанский еңбегін “Ғылыми білімсіздік” деп атады.
Ондағы “ғылыми білімсіздік” деген қайшылықты ұғымның мән-
мағынасы бұл белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу жолында біз
анықталмағанды анықталғанмен, белгісізді белгілімен т.с.с. салыстырамыз.
Шексіздікті біз көз алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз,
біз оны еш нәрсемен салыстыра алмаймыз. Бұл адамның (әрқашанда
103
шектелген) ақыл-ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н. Кузанскийдің
ойынша ғылыми білімсіздікті тудырады.
Адамның шектелген ақыл-ойы шексіздікке, яғни Құдайға қарама-
қарсылықтың бірлігін түсіну арқылы жақындай береді. Шектелген заттарды біз
шексіздікпен байланыстырып қарауымыз керек. Ал адам оның сыртында ақыл-
ой иесі болғаннан кейін өзінің санасында бүкіл болмыстағы шынайы және
болуы мүмкін заттардың кейпін сақтайды. Адам сондықтан шығармашылыққа
жаратылған пәнде. Олай болса ол – адамдық Құдай (Humanus Deus).
Адам Құдайға әсіресе өзінің ақыл-ойы арқылы жақындайды. Ол күрделі
және үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол сезім мен елестеу (Sensus), ақыл-ой
(ratіo) және зерде (іntellectus). Ақыл-ой сезім мен зерденің арасындағы дәнекер.
Сезіммен тығыз байланысты ақыл-ой ғылымды тудырады.
Зерде арқылы біз Дүниедегі барлықтың ең терең алғашқы негіздеріне
дейін жете аламыз, метафизикалық сұрақтарға жауап береміз.
Н. Кузанский Сенім мен Зердені салыстыра келе, сенімді жоғары
тұтады. Бірақ ол соқыр сенім емес, өйткені “Зерде сеніммен бағытталады, ал
сенім зерде арқылы анықталады”. Тек Зерде арқылы ғана біз шексіз Құдайға
жақындай аламыз.
Олай болса, ең терең білімнің тайыздығы айқындала түседі. “Нағыз
білетін өзінің білмейтінін біледі”.
Макиавеллидің адам тұжырымдамасы
Н. Макиавелли адамның іс-әрекетінің ең терең түрткісі - ол оның
мүддесі деген тұжырымға келеді. Адамдардың мүдделерінің көптүрлілігіне
қарамастан, оның негізгісі -өзінің меншігін сақтау, және оны өсіруге, көбейтуге
тырысу. “Патша” деген еңбегінде Н. Макиавелли “Адамдар меншіктен гөрі
әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін”, дейді. Меншік жөніндегі мүддеден кейін
ғана абырой (onore) және сый-сияпат (onorі ) келеді дейді ұлы ойшыл.
Адам табиғатының өшпес өзімшілдігі қажетті түрде мемлекеттік
ұйымдардың пайда болуына әкеледі. Тек мемлекеттік күш, билік қана
адамдардың өзімшіл іс-әрекетіне тосқауыл қоя алады, өмірдегі тәртіп қалай
болуы керектігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды тудырады. Сонымен, Н.
Макиавеллидің ойынша мемлекет
адамдардың өздерінің іс-әрекеттері
арқылы дүниеге келеді, ал Құдайдың оған ешқандай қатысы жоқ деген ашық
пікірге келеді.
Христиан дінінің моральдық қағидалары өзінің қасиетті киелі адамдары
ретінде мүсәпірлерді, өмірдің қызығынан бас тартқан адамдарды, жұмаққа
өзінің батыл іс-әрекеті арқасында емес, өзінің көнбістігінің, зардап-азап
шегуінің негізінде барғысы келгендерді есептейді. Соңынан XIX ғ. Ф. Ницше
христиан дінінің моральдық қағидаларын сынағанда осы Н. Макиавеллидің
идеяларына ұқсас пікірлер айтады.
104
Ал мұның өзі Н. Макиавеллидің айтуына қарағанда кертартпалыққа
әкеледі. Ол өткен Грек және Рим тарихында болған көпқұдайлыққа сүйсіне
қарайды, өйткені, олар белсенді адамдарды, батырлықты паш еткен.
Дегенмен, қоғамға дін керек, өйткені езілген зардап шеккен халық дін
арқылы өзіне рухани сүйеніш тауып өмірдің қиындығына төзе алады,
мемлекеттік тәртіп дінсіз мүмкін емес деген ащы пікірге ұлы ойшыл келіп
тоқталады.
Н. Макиавеллидің фортуна (сәттілік) ұғымының мән-мағынасы
Қайта Өркендеу Заманындағы көп ойшылдар сияқты Н. Макиавелли де
өмірге деген самарқаулыққа теріс қарап, оған белсенділікті қарсы қойды. Ал
адамның өмірін ол фортунамен тығыз байланыстырды. Макиавелли
заманындағы фортуна ұғымы, көне замандағы фатумнан анағұрлым бөлек
(fatum-латын сөзі , тағдыр ). Егер фатализм адамның өмірі, жүріс-тұрысы мен
іс-әрекеті алдын-ала болжанған, онда ешқандай таңдау, еріктік, кездейсоқтық
жоқ, оған қарсы тұруға болмайды деп есептесе, фортуна ұғымы әлеуметтік
қажеттілікпен теңелгенмен ол ешқашанда адамның ерікті іс-әрекетін
толығынан жоя алмайды. Н. Макиавелли “елу де елу” формуласына жақын-
фортуна біздің іс-әрекетіміздің жартысын өзіне көндірсе, екінші жартысы
біздің өзіміздің еркімізбен өжеттілігімізбен, қайрат-күшімізбен байланысты
дейді. Сондықтан, “абайлаудан гөрі батылдық жақсы”, өйткені “ фортуна
әйел, ал онымен тіл табысу үшін оны оқтын-оқтын сабап алу керек”, неге
десеңіз ол “әйел ретінде жастардың досы, ал олар алды-артына қарамай
батылды түрде тарпа бас салып оны өз еркіне көндіреді ”.
Алдына үлкен мұрат-мақсаттар қойып, оларды іске асыру жолында
адамның батыл тиімді іс-әрекеттер жасауын Н. Макиавелли “вирту” ( vіrtu-лат.
сөзі, айбындылық, қайраттық ) деген сөзбен береді.
Алайда, толыққанды виртуды іске-асыру әрбір адамның қолынан келе
бермейді. Қарапайым адамдар әлбетте өте жақсы да, жаман да емес, өздерінің
жүріс-тұрыстарында “ортаңғы жолды” ұстайды, оның өзі үлкен нәтижелерге
ешқашанда әкелмейді. Ал тарихтағы ұлы тұлғаларға келер болсақ, олардың
жүріс-тұрысы, іс-әрекеті тіпті басқаша, олар алдына үлкен мақсаттар қойып
бүкіл сана-сезімін, еркін, күш-қуатын сол істі өмірге еңгізуге тырысады.
Н. Макиавелли ұлы адамдардың іс-әрекетінің нәтижелігі тек қана
олардың айбындылығы, виртумен ғана байланысты деген пікірден аулақ. Ұлы
адамдардың қайратты іс-әрекетінің жемістілігі сол заманның қойған
талаптарына сай келуінде.
Қорыта келе, “вирту” ұғымы жаңа гуманистік моральдың негізгі көрінісі
ретінде Қайта Өрлеу заманының негізгі құндылығына айнала бастады. Өзінің
мүдделерін өмірге кіргізу жолында адам фортунаны ауыздықтай алады. Адам –
ерікті, саналы, айбынды, күш-қуаты мол пенде, ол алдына қойған мұраттарды
іске асыра алады. Бұл Н. Макиавеллидің идеялары Жаңа заманның ой-өрісіне
105
зор әсерін тигізіп, жалпы алғанда, жүре келе Батыс менталитетінің өзегіне
айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |