т.с.с.
Жоғарыда көрсетiлген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда
“тәжiрибе
деген ұғымды қайта қарауға әкеледi. Олардың ойынша, бұл ұғым
материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қарама-қарсылығын
жояды. Тәжiрибенiң құрамдас бөлiктерiн алып қарасақ, оның физикалық және
психикалық элементтерден тұратынын байқаймыз. Егер бiрiншiсi - сыртқы
тәжiрибенiң мазмұнын көрсететiн болса, екiншiсi - iшкiнi көрсетедi. Ал элемент
дегенiмiздiң өзi нақтылай келгенде адамның түйсiктерi болып шықты. Олай
болса, олар субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъект жоқ,- деген пiкiрге
келедi. Мұны олар танымдағы “принципиалдық сәйкестiк
деп атады. Әрине,
субъект, яғни танымдық қабiлетi бар адам бар жерде - объект, яғни танылатын
жағалай дүние бар. Нағыз ақиқаттың өзi адамның жан-дүниесiнен өтiп, оның
168
неше-тұрлi тебiренiстерiн туғызып, адамның осы Дүниенi телегей-теңiз ретiнде
қараса, соның бiр тамшысы ретiнде сезiнгенде ғана пайда болса керек.
Сонымен қатар, танымның бұл жақтарын абсолюттеп шегiне жеткiзсек, әрине,
субъективтiк идеализм жолына түсiп кетуге әбден болады. Сондықтан,
марксизмде мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын.
Эмпириокритицизмнiң негiзгi қағидаларының бiрi “ ойлаудың тиiмдiлiгi
мен ғылымда тек суреттеу идеалына жету. Ойлау тиiмдiлiгiн олар организмнiң
өз-өзiн сақтау үшiн биологиялық қажеттiктердi өтеу жолындағы бейiмделуiнен
шығарады. Ғылымдағы ойлау тиiмдiлiгi “субстанция
, “себептiлiк
, “алғашқы
негiз
т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етедi,- дейдi олар.
Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердiң өзара байланыстарын
суреттесе болғаны. Сол кездегi ғылымдағы ашылған күрделi жаңалықтарға
философиялық-методологиялық тұрғыдан түсiнiк бере алмаса да, олар ХХ ғ
басында басталған ғылыми төңкерiске ғылыми қауымдастықтың көңiлiн
аударды.
Ендi мiне, бiз ХХ ғ 20-шi жылдарында пайда болған позитивизмнiң үшiншi
сатысы - неопозитивизмнiң өзiне келiп тiрелдiк. Негiзгi өкiлдерi - Мориц
Шлик (1882-1936 ж.ж.), Рудольф Карнап (1891-1970 ж.ж.), Людвиг
Витгенштейн (1889-1951 ж.ж.), Бертран Рассел (1872-1970 ж.ж.) т.с.с.
Олардың таным теориясына еңгізген жаңалықтары жөнінде қараңыз: 6(220-
223 б.б.)
ХХ ғ 50 жылдарынан бастап позитивизмнiң соңғы сатысы дүниеге келдi - оны
постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негiзгi өкiлдерi - Карл
Раймунд Поппер (1902-1994 ж.ж.) , Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре
Лакатос (1922-1974 ж.ж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.
К. Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң жеткiлiксiз
екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуындағы пайда болған ешқандай теория
“соңғы ақиқат
емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске шығарылуы мүмкiн.
Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың
болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны ол фаллибилизм (қателiк)
дейдi. Ғылымдағы бiлiмнiң дамуы негiзiнен алғанда неғұрлым әртүрлi
гипотезалардың көбiрек ұсынылуымен бiрге оларды фальсификациялаумен
(терiске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пiкiрлердi ұсыну)
байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседi.
Өзiнiң жалпы Дүниеге деген көзқарасында ол “ үш әлем
теориясын ұсынады.
Олар
:
физикалық әлем, яғни бiздi жағалай қоршаған дүние. Келесi -
ментальдық әлем (Платонның “идеялар әлемiне ұқсас). Үшiншi әлем - адамзат
жеткен шынтуайтты өмiр сүретiн бiлiм әлемi (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың
адамзат интеллектiне ұқсас).
К.Поппердiң ойынша, философия ғылым емес, өйткенi, оның негiзгi
қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бiрақ, ол адамға өмiрдiң мән-
мағнасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол
үшiн ол философияны биiк бағалайды.
Өзiнiң әлеуметтiк философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешқандай
169
заңдылықтар болған емес деген пiкiрге келедi. Осы тұрғыдан ол марксизмдi,
әсiресе “коммунизм
идеясын қатты сынға алады.
К.Поппердiң идеялары И. Лакатосқа зор әсерiн тигiздi. Ғылымның тарихи
дамуын зерттей келе ол “ ғылыми зерттеу бағдарламасы
атты танымдық
методологияны ұсынады. Қайсыбiр кемелiне келген ғылымда үне бойы жаңа
теориялар пайда болып бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал оның өзi сол
ғылымдағы қабылданған “зерттеу ережелерiмен
тығыз байланысты. Олардың
бiреуi (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сiлтесе, келесiлерi (терiс
эвристика) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенiн көрсетедi.
Қайсыбiр “ғылыми-зерттеу бағдарламасының
iшкi бұзылмайтын “ қатты
өзегi
болады - оған iргетасты терiске шығарылмайтын қағидалар ғана кiредi.
Ал оны қоршап тұрған “ қорғайтын шеңберге
келер болсақ, ондағы
гипотезалардың негiзгi функциясы - бағдарламаның өзегiн қорғау болып
табылады. Бiрақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса
толығынан жоққа шығарылуы мүмкiн. Онда оның орнына жаңа гипотеза келедi.
“Ғылыми-зерттеу бағдарламасының
әрi қарай өрлеу мүмкiндiгiн қалай
анықтауға болады
?
И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның теоретикалық
өсуi оның эмпириалық өсуiнен алда жүрсе, яғни теоретикалық түрде болашақта
ашылатын кейбiр деректердi болжай алсақ, онда ол - өрлеу үстiнде. Ал жаңа
ашылған деректердi соңынан теоретикалық түрде жалпылау, түсiну дегенiмiз -
ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын арада оның басқа “ғылыми-зерттеу
бағдарламасыменұ ауыстырылатынын көрсетедi.
Ғылымның даму тарихы - неше-түрлi зерттеу бағдарламаларының бiр-
бiрiмен сайысқа түсуi, олардың эвристикалық мүмкiндiктерiнiң ашылуы.
Ғылымның iшкi және сыртқы тарихы бар. Iшкi тарихқа идеялар мен
методологиялардың бiр-бiрiн ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына ғылымды
ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметi жатады.
Постпозитивизмнiң келесi iрi өкiлi - Томас Кун. Ол ғылым философиясы
ағымына жатады. Ғылым дегенiмiз - белгiлi “ғылыми қауымдастықтың
басын
қосып бiрiктiретiн әлеуметтiк институт. Олар белгiлi бiрегей теория,
методология, дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен
құндылықтарды мойындаған қауым. Олардың бәрiн бiрiктiретiн ғылымдағы
парадигма. Өзiнiң “ Ғылыми революциялардың құрылымы
деген еңбегiнде
Т.Кун “парадигма деп мен ғылыми қауымдастыққа белгiлi бiр уақыттың
шеңберiнде ғылыми мәселелердi шешу жолдарын көрсететiн барлығының
мойындаған ғылыми жетiстiктерiн айтамын
,- дейдi. Парадигма белгiлi бiр
ғылыми қауымдастықтағы методтар мен iзденiс жолдарын, ғылыми ақуалдың
қайнар көзiн құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол парадигмаға
қарағанда анағұрлым төменгi дәрежеде, өйткенi, қайсыбiр теория белгiлi бiр
парадигманың шеңберiнде пайда болады. Оны басқа парадигманың шеңберiнде
түсiну қиын. Ол үшiн оны қайта қарау керек.
Т.Кун парадигмаға соңынан екiншi ат бередi - ол дисциплинарлық (пәндiк)
матрица (негiз). Оның негiзгi элементтерi ретiнде ол символдық жалпылау
үлгiлерiн, концептуалдық (тұжырымдық) моделдердi, ғылыми қауымдастықтың
170
мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан шешiлген үлгiлердi
қарастырады. Ғылымдағы белгiлi бiр парадигманың үстемдiгi - оның дамуының
жақсы деңгейде екенiн көрсетедi - бiрте-бiрте тәжiрибелiк деректер жиналып
өңделедi, зерттеудiң жолдары зерттелiп жетiледi т.с.с. Бiрақ, ол үне бойы олай
болмайды - кейбiр ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың
шеңберiнде түсiнiлмейдi, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы
парадигманың құндылықтарына сенiмсiздiк пайда болады. Ғылымның
дамуында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, бiр-
бiрiмен күреске түсуiне әкеледi. Осының нәтижесiнде бiр жаңа парадигма
жеңiске жетiп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын мойындап,
нәтижелi зерттеулер жұргiзе бастайды. Сонымен, бәрi де тағы қайталанады.
Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас неопозитивизмнiң көп
ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар, Т.Кунның екiншi жетiстiгi - ол
тәжiрибелiк деректердiң неопозитивизмдегi басымдылығын терiске шығарып,
ғылымда парадигмаға тәуелсiз деректердiң жоқ екенiн дәлелдедi. Парадигманы
игерген ғалым деректердiң бәрiн соның “сәулесi
арқылы көредi. Деректер
теорияны сынамайды, керiсiнше, теория қандай деректердi тәжiрибеге еңгiзу
керек екенiн пайымдап анықтайды.
Постпозитивизмнiң келесi өкiлi - Пауль Фейерабендтiң ойынша, ғылымда
әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған теориялар жасалуы
керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекестiк пайда болып, ғылымның
дамуы тездейдi. Ғылыми теорияларда пайдаланатын терминдер әрбiреуiнде тек
өзiне ғана тән мазмұнға ие болады. Бiр теориядағы терминдер екiншi теорияға
еңгiзiлсе, олардың мазмұны дереу өзгередi. Сондықтан, оларды бiр-бiрiмен
салыстырып баға беру мұмкiн емес. Олай болса, әрбiр ғалым өзiнiң теориясын
жасауға мүмкiндiк алады. Бәсекестiктiң негiзiнде жеңiске жеткен теория
ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенiнен емес, ол - соны қолдайтын
қауымның насихатының жемiсi. Олай болса, ғылым - қоғам өмiрiндегi басқа
идеологиялық институттар сияқты - оның дiн, миф, философия т.с.с.
айырмашылығы шамалы. Сондықтан, олардың бәрi де тең құқылы болуы
қажет.
Бұл
қорытынды
неопозитивизм
ағымының
шығармашылық
потенциалының сарқыла бастағанын көрсетедi. Дегенмен, неопозитивизм
шеңберiндегi әр ағымның өз жағымды жақтары бар - олардың бәрi де ғылым
философиясында кеңiнен пайдаланады.
Феноменология
Дүниетаным мәселелерiмен айналысқан ХХ ғ келесi ағым - феноменология.
Негiзiн қалаған Эдмунд Гуссерль (1859-1938 ж.ж.) . Ойшыл өзiнiң
еңбектерiнде “Заттардың өзiне қарай
!
деген ұран тастады, өйткенi, сол
кездегi И.Канттың iзбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар
арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екiншi жағынан, ол
неопозитивистердiң шындықтың сезiмдiк деректердiң негiзiнде “тiкелей
берiлгенi
жөнiндегi қағидасына қарсы бағытталған болатын.
Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э.Гуссерль тағы да келесi
171
екi ұғымды бiр-бiрiне қарсы қояды. Олар бiлiм мен пiкiр. Еуропалық
мәдениеттiң дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенiнде.
Пiкiр дегенiмiз бұлдыр, айқын емес бiлiм, ол жеке мүдденiң шеңберiмен
шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретiнде “теория
деген грек сөзiн қояды,
ал оның алғашқы мағнасы - бимүдделi аңлау. Тек қана теорияға бағышталған
философия дүниенiң универсалдық көкжиегiн көре алады,- деп қорытады Э.
Гуссерль.
Ойшылдың өз алдына қойған негiзгi мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат
тәжiрибесi, тарихи процестен тыс өмiр сүретiн алғашқы құрылымын анықтау
болып табылады. Гуссерльдiң феноменi - ол бұрынғы классикалық
философиядағы басқа терең жатқанды көрсететiн сезiмдiк тәжiрибе арқылы
берiлетiн құбылыс емес, ол - өз-өзiн ашатын, табатын, тiкелей санаға айқын
көрiнетiннiң бәрi. Феноменология айқындығы тiкелей интуиция арқылы
көрiнетiн идеалдық мән-мағнаны зерттейтiн iлiм. Санадағы феномендер адамға
тiл арқылы берiледi. Сонымен қатар, оған адамның жан-дүниесiндегi
тебiренiстер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағнасы т.с.с. бәрi де жатады.
Таза сананың iргетасты ерекшелiгi - оның интенционалдығы (intentio,-
латын сөзi,- ұмтылу), яғни бiрдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы.
қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсiру, тiлеу, ой формалары т.с.с. бәрiнiң
де заттық мазмұны бар. Интенционалдық - сананың құрамдас бөлiктерiн неше-
түрлi мән-мағнаға толықтырады.
Өзiнiң iс-әрекетiнде адам аңқаулық көрсетiп, өзiнiң заттарға қалайша мән-
мағна бергенiн байқамай қалады да, оларды санадан тәуелсiз өмiр сүрiп жатқан
(объективтi) өзiндiк танылатын қасиеттерi бар құбылыстар ретiнде қарайды. Ал
шынына келгенде, санадан тыс өмiр сүретiннiң бәрiн жақшадан сыртқа
шығаруымыз керек, өйткенi, санада объект пен субъект бiр-бiрiне өтiп
ажырамайтын феноменге айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап,
оларға белгiлi-бiр мағна берiп, сол арқылы олармен қарым-қатынасқа түседi.
Бұл арада, бiр жағынан, дүние тануға бағытталған iс-әрекет- ноэзис бар, екiншi
жағынан, осы таным процесiнде ашылған мазмұн - ноэма бар.
Э.Гуссерльдiң ойынша, барлық ғылымның, жалпы дүниетанымның негiзiнде
“ өмiрлiк дүние
жатыр. Ол “барлық адамдарға мәлiм
, “тiкелей анық
,
“адамның көзi жеткен
, өмiрде кең қолданылатын, ол жөнiнде адамдар көп
ойланбайтын нәрселер. Сондықтан “өмiрлiк дүние
бұкiл адамның дүниетаным
негiзiнде жатыр. Ол “алдын-ала берiлген көкжиек
, адамның практикалық iс-
әрекетiнiң шынайылығы мен мүмкiндiктерiн көрсетедi. Ол қайсыбiр ғылым
саласынан бұрын пайда болған, сондықтан, барлық адамның тәжiрибе
мүмкiндiктерiнiң, дүниетанымының алғышартын құрайды. ұғымдық сараптау
арқылы жүретiн ғылыми таным - әрқашанда шектелген, толық емес, ал “өмiрлiк
дүние
- әрқашанда айқын, сондықтан оның мәртебесi анағұрлым жоғары.
“Өмiрлiк дұние
неше-түрлi мән-мағнаға толы, солар арқылы бiз заттарды
танып, оларға мән-мағна беремiз. Бiрақ, адамдардың көпшiлiгi дүниедегi
санадан тыс өмiр сүрiп жатқан заттарды танып-бiлiп жатырмыз деп ойлайды.
Ал, шынына келгенде, адам “өмiрлiк дүниеден
шығатын мән-мағнаны заттарға
172
таңады. Сондықтан, феноменология осы неше-түрлi мән-мағналар санадан
қалай пайда болатынын зерттейдi. Ол үшiн сананың алғашқы негiзiнде жатқан
таза формаларын зерттеу қажет. Оған жету үшiн Э.Гуссерль “эпохе
әдiсiн
қолданады. “Эпохе
дегенiмiз феноменологиялық редукция (қысқарту) арқылы
заттардың кеңiстiк пен уақыттың шеңберiндегi барлық өмiрдегi байланыстарын
“жақшаға алу
, “сөндiру
құралы. Осының арқасында, заттың “эйдосы
, яғни
таза идеясы, мәнi ғана қалады да, ол таза санаға ашылады.
Сонымен, таза сананы ашқанда, бiз одан “Абсолюттiк Мендi
(субъективтiк
ағымды) табамыз. Дүниедегi адамның iс-әрекетке түсетiн барлық заттары мен
құбылыстарына сана мән-мағна бередi екен. Олай болса, санадан тыс өмiр сүрiп
жатқан объективтiк шындық жоқ. Ал сана өзiн өзi арқылы түсiнiп, өзiн феномен
ретiнде қарайды.
Э.Гуссерльдiң феноменологиясы ХХ ғ көп ағымдарға өз ықпалын тигiздi.
әсiрсесе, герменевтика мен экзистенциализмге. Ендi сол бағыттарды талдауға
көшейiк.
Герменевтика
Герменевтика (germeneon,- грек сөзi,- түсiндiремiн) - сонау көне грек
заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда болды.
Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Библияның негiзгi
қағидаларын дұрыс түсiндiру өнерiне айналады.
Қайта Өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуiрде пайда болған мәдени
мұраларды қазiргi тiлге аудару қажеттiгi пайда болып, ол герменевтиканың
негiзгi iсiне айналады.
Жаңа дәуiрде ғана герменевтика бiрте-бiрте жалпы философиялық тұрғыдан
қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негiзiн қалаған немiс дiни
қайраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол Платонның барлық
шығармаларын алғашқы рет немiс тiлiне аударған адам. Оның ойынша,
герменевтика - басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсiнудiң өнерi, әңгiме
оның ойларының мазмұнынан гөрi оның сөз саптау мәнерiнде, үлгiсiнде деген
пiкiрде болды.
В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың iшкi сырын ашатын пән
ретiнде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып
қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын бiз практикалық iс-әрекет, таным
арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәрiс беру арқылы жеткiзсек, өткен адамзат
тарихының беттерiн, сол заманда өмiр сүрген адамдардың iшкi жан-дүниесiнiң
тебiренiсiн зерттеу үшiн сол замандағы ақуалға өту, түйсiну, тебiрену арқылы
ғана жетуге болады деген пiкiрге келедi. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда
өмiр сүрген ұлы адамдардың өмiр баянын, iшкi рухани тебiренiстерiн түсiнiп
қана баға беруге болады.
Феноменология ағымының негiзiн қалаушы Э.Гуссерльге келер болсақ, ол
белгiлi-бiр дәуiрдi жете түсiну үшiн сол кездегi қоғамның “өмiрлiк дүниесiнiң
ерекшелiгiн зерттеу қажет деген пiкiрге келедi. Сонда ғана сол дәуiрде өмiр
сұрген адамдардың өмiр сезiмiн, мәдени мұраларының мән-мағнасын ашуға
173
болады.
М.Хайдеггердiң ойынша, “болмыстың үйi - тiл
. Олай болса, герменевтика
iлiмiн тiлдi талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердiң сырын ашу, оны қайта өмiрге
еңгiзу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейдi.
Әрине, әр халық өз тiлi арқылы өзiнiң дүниесезiмi мен дүниетанымын,
көзқарасын қалыптастырады. Тiлде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған
өмiрлiк тәжiрибесi қорланады. Әсiресе, бұл қағиданы көшпендi өмiр салтын
ұстаған қазақ халқының өткен тарихын зерттегенде ұмытпағанымыз абзал.
М.Хайдеггердiң ойынша, адам тiл арқылы сөйлегеннен гөрi, “тiл адам
арқылы сөйлейдi
. Әрбiр сөздiң астарын ашсақ, онда неше-түрлi мән-мағна
жатқанын байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық мәдениеттен терең
сусындаған адам ғана герменевтика iсiмен айналыса алады. Аса көп халықтың
сыры оның ұлы азаматтары тудырған поэзияда жатыр. Онда халықтың
болмысының қайталанбас нәзiк жақтары берiледi. Сондықтан, әр iрi өлеңшi -
әрқашанда философ,- деп қорытады М.Хайдеггер.
Герменевтика ғылымына аса зор үлес қосқан немiс ойшылы Георг Гадамер
болды. Ол герменевтика iлiмiн тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын
әдiс ретiнде түсiнiп қана қоймай, оның онтологиялық (болмыстық) жағын
негiздедi. Оның ойынша, түсiну дегенiмiз - адамның дұниетанымының негiзгi
жағы ғана емес, ол оның өмiр сүруiнiң анықтаушы себебi, болмысының тәсiлi.
Г.Гадамер осы уақытқа дейiн герменевтикада кеңiнен қолданылған белгiлi
тарихи құжатты зерттегенде сондағы руханиятқа өту, түйсiну тәсiлiн үзiлдi-
кесiлдi терiске шығарады. Бiр дәуiрден екiншiге, өзiңнен басқаға өту мүмкiн
емес. Бұгiнгi таңдағы философ 2,5 мың жылға шегiнiп, Платонның, я болмаса
Анахарсистiң тұлғасына өтiп, солар сияқты өмiрдi сезiнiп қабылдай алмайды -
ол аңғырттықты көрсетумен тең болар едi. Әңгiме бiреудiң рухани өмiрiне
өтуде емес, керiсiнше, сол замандағы мәселелердi қазiргi заманға сай етiп
талдауда. Яғни, өзiң мен басқаның арасындағы айырмашылықты жою емес,
керiсiнше, оның жойылмайтындығын сезiне отырып, басқаның өмiр
тәжiрибесiн өз өмiрiңде қолданып қарауда, сондағы оқиғаны өз ақуалыңмен
ұштастыруда. Негiзгi мақсат - өткен оқиғаны ой өрiсте қайта құру
(реконструкция) емес, керiсiнше, жаңа мән-мағнаны тудыру (конструкция)
болып табылады.
Мұндай көзқарас герменевтика саласында көппiкiрлiктi тудырады.
Гадамердiң айтуынша, герменевтиканың iргетасты ақиқаты мынада : бiрде-бiр
адам ақиқатты танып-бiлiп, толығынан жеткiзе алмайды. Сондықтан, үне бойы
сұхбатты қолдап, басқаша ойлайтын адамға да сөз берiп, оның айтқанын наз
қойып тыңдап, түсiнуге тырысу қажет. Мiне, герменевтиканың терең өзегi
осында,- деп қорытады ойшыл.
Г.Гадамердiң еңгiзген тағы бiр жаңалығы - тұлғаның тебiренiсiн зерттеуден
гөрi оның ойының мән-мағнасына өту керектiгi. Зерттеушi жазылған мәтiннiң
әр жағындағы қалам иесiнiң тұлғасын көруге тырысудан гөрi оның ой-
тебiренiсiн тудырған затқа үңiлуi қажет. Бұл пiкiрден бiз Г.Гадамер iлiмiнiң
психологизмге қарсы екенiн байқаймыз.
174
Бiр дәуiр екiншiге ауысқан сайын жаңа мәдени ақуал дүниеге келiп, бұрынғы
көзқарастарды сынға алған жаңа философиялық, эстетикалық т.с.с. теориялар
пайда болғанымен әрқашанда белгiлi бiр тұрақты ой-өрiсi қала бередi. Ол - тiл,
оны өзгерту оңай шаруа емес. Тiлдегi қалыптасқан мәдениет тәжiрибесi
ұрпақтан-ұрпаққа өтiп, олардың өмiр салтына, iс-әрекетiне, ой-өрiсiне өз
ықпалын тигiзiп, сонымен қатар, олардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiне
мүмкiндiк бередi. Осы тұрғыдан алғанда, түсiнбеушiлiк - ол әр тiлде
сұхбаттасқанмен бiрдей. Олай болса, тiлге ұқыпты қарау, оны тыңдай бiлу,
ондағы ұмыт қалған сөздердi жандандыру арқылы герменевтика өзiнiң негiзгi
мақсаты - мәдениеттегi дәнекерлiк қызметiн iске асыра алады.
Экзистенциализм философиясы
Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi - экзистенциализм
(existentia,- латын сөзi,-өмiр сұру ) философиясы. Ол Батыс Еуропа
топырағында екi Дұниежұзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. ХХғ бiрiншi
жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгiсте миллиондаған қыршын
жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, заводтар мен фабрикалар, ауылдық
жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей
болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн
қалдырып, дүниетанып оны қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы замандағы
адамның өмiр сүруiне, оның қайшылықтарға толы дүние тебiренiсiне, оның
өмiрiнiң мән-мағнасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне әкелiп
соқты.
Мұндай ақуал, әрине, өткен ғасырда өмiр сұрген дат философы
С.Кьеркогердiң, немiс философы Ф.Ницшенiң, француз ойшылы Б.Паскальдiң,
орыс жазушысы Ф.Достоевскидiң ойларының өзектiгiн көрсетiп, олардың
еңбектерi экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар-көзiне айналды.
Экзистенциализм философиясының негiзiн қалаған ойшылдарға Мартин
Достарыңызбен бөлісу: |