Қазақстан республикасының білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#22977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды 

практикалық әрекеттер түріне айналдыру. 

           Биологияны  оқыту  әдістемесі  биологияны  оқытудың  заңдылықтарын 

белгілейді. 

Орта  мектептегі  білім  мен  тәрбие  берудің  маңызын  анықтайды.  Оқу  пәннің 

мазмұнын  қайта  қарайды,  толықтырады,  жақсартады.    Оқытудың  әдістерін 

жасап береді. Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін 

жақсартады. 

Алдыңғы  қатарлы  мұғалімдердің  тәжірибесін  негізге  ала  отырып,  оқу-тәрбие 

жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды. 

Биология  кабинетінің,  тірі  табиғат  мүйісінің,  оқу-тәрбие  алаңының 

ұйымдасуын,  керекті  көрнекі  құралдармен  жабдықталуын  практика  жүзінде 

тексеріп отырады. 

Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және 

әрбір  жеке  адамның  күнделікті  қызметіндегі  орнын  түсіне  отырып  қана,  жаңа 

жас  ұрпақты  тәрбиелей  алады.  Сондықтан  биология  пәнінің  мұғалімін  –  осы 

білімді  насихаттаушы  деп  есептеуге  болады.  Тек  биология  курсы  пәндерін 

оқыту  арқылы  ғана,  әдістерін  жетілдіру  нәтижесінде  тереңдете  дәйекті  түрде 

адамның  табиғаттағы  ролін  ашып    көрсетіп,  экологиялық  мәдениеті  мен 

сауаттылығын  арттырып,  өз  өміріне  сауаттылықпен  қарауды  жолға  қоюға 

болады. 

Әрбір  ғылымның  пайда  болуы  мен  дамуы  адамның  тіршілік  тілегін 

қанағаттандыруға бағытталған практикалық қызметіне байланысты. 

Сондықтан БОӘ биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек, нелерге 

оқыту  керек  және  биологияны  оқыту  процесінде  балаларды  қалай  тәрбиелеуге 

болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда болған. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 




13 

 

II. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет