Қазақстан республикасының білім және ғылым


  Мектеп  пәнінде  биологиялық  ұғымдарды  дамыту  теориясы  мен



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#22977
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
2.1  Мектеп  пәнінде  биологиялық  ұғымдарды  дамыту  теориясы  мен 

әдістемесі 

 

          Ұғым  –  білімнің    жинақталған    түрі    және    сонымен  қатар    биологияны 

меңгеру  үрдісінде  оқушылардың   ойлау  формасы.     

          Жекеленген    деректерді,    сыртқы      белгілерді  және      қасиеттерді    жазып  

алу,  оларды   қорту  және   жіктеу   эмпирикалық  ұғымдарға  әкеледі,  оның   

жай  түсініктен    айырмашылығы     шамалы.  Бұл   деректі   жазып   алатын  

білім,      ол    тек      құбылыстардың    сипаттауын    ғана    береді,      олардың    мәнін 

ашпайды.    Таным      тарихында    бұл    білімдері    мен      практика    бірте-бірте  

теориалық  ұғым  (білім)  құралатын  қор  болды. 

          Мектептегі      биологиялық      білім  беруде      әдетте    барлық    білім    

эмпирикалық    ұғым    қатарына      шығарылады.    Ұғымдарды      дамыту   

әдіснамасы   принциптері: 

Табиғи    нысандардың      немесе      олардың    көріністерін    қабылдаудан→олар  

жөніндегі    түсінікке  дейін,  түсініктен→ұғымға  дейін    қарапайым  

ұғымдардан→күрделі   бірнеше элементтерден  тұратын   : арнай ұғымдардан→ 

жалпы  биологиялық  ұғымдарға  дейін.  Таным  теориясында  ұғымдар 

абстрактлық ойлау сатысында шындықты бейнелеудің формаларының бірі. 

          Құбылыстарды  сипаттайтын  эмпирикалық  білімге  қарағанда,  теориялық 

білім  ғылымды  түсіндіріп,  мәнін  ашады  және  ғылыми    дүниетанымға,  әлем 

бейнесіне және практикалық проблемаларды тиімді шешуге негіз болады. 

          Эмпирикалық 

танымнан  теориялық  танымның  айырмашылығы,ол 

біртұтастықтан  шығады  да  оның  құрылымын  түсінуге,  элементтерінің   

байланысын,олардың  қызметі    мен    дамуын      түсінеуге    себеп 

болады.Теориялық    білімді      қалыптастыру    жолы-абстрактылықтан  

нақтылыққа        өрлеу      (шыңына  шығу).Абстраклық-айқын    емес,    анық 

көрінбейтін,  бірақ   әйткенімен   де   таным   нысанын   толық   анықтайтын, 

оның  жетілмеген ұрықтық формасы,бөлшегі . 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет