Қазақстан республикасының білім және ғылым



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#22977
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Танымның негізгі кезеңі –сезім (түйсік),қабылдау және елестету. 

Сезім  –ол  шындық  дүниені  бейнелейтін  түйсіну  формасы  ,ол  барлық  таным 

үрдесінің  алғашқы  баспалдағы.Олардың  негізінде  нысанның  тұтас  кейіпін 

беретін  ,оның  сыртқы  ерекшіліктерінің  жиынтығын  көрсететін  (яғни  жалпы 

алғанда  зат)қабылдау  болады.Қабылдау  ол    ұғыну  сезімі  үрдісінің  бастауы  . 

Қабылдау  негізінде  елестету  пайда  болады  .Елестету  –заттармен 

құбылыстарды  адам  санасында  тікелей  қабылдау  барысында  еске  түсіру 

(жаңарту).Осыдан ұғым пайда болады деуге болады.    

         Ұғымның  күрделілік  дәрежесі  заттар      мен  құбылыстардың    толық 

көрінуімен  анықталады.  Ұғым  күрделі  болған  сайын  ,оның  мазмұнында 

көптеген  заңдар  болады.  Осы  жағдайдың  оқушыларды    оқытуда  маңызы  зор, 

өйткені ұғым  неғұрлым  күрделі  болған  сайын (яғни,  оның  көлемі  толығырақ), 



14 

 

соғұрлым оқыту үрдісінде оны ашу жолы ұзақ болуы тиіс. Бұл – эволюциялық, 



эклогиялық, цитологиялық және т.с.с. көптеген  биологиялық ұғымдарға тән. 

        «Күрделірек ұғым» деген сөз  ол ұғымда көп белгілер,  көп ақпараттар бар 

деген сөз. Сонымен қатар ұғым мазмұнының күрделілігі тек ондағы белгілерді 

көрсететін элементтер құрамымен ғана емес, олардың сапалық  әртүрлілігімен, 

мінез- қылығымен және байланыстармен де анықталады. Осы ерекшелік әсіресе 

жалпыбиологиялық  ұғымдарға  тән.  Сондықтан  мектептегі  білім  беру  үрдісіне 

тән ерекше бір жағы ол- ұғым мазмұнының құрылымы  болып табылады.     

          Биологиялық  теориялық  ұғымдар.    Биология  пән  ретінде    логикалық 

ретпен    дамитын  және  өзара    байланыста    болатын    ұғымдар  жүйесі  болып 

есептеледі.  Теориялық  ұғымдарды    қалыптастастыру    кезеңдері  мынадай: 

алғашқы  тұтастық    абстракцияның  құрылуы  («жасушаның»)  –  оның  

байланыстарын үзбей бақылау—оларды абстрактылық  анықтамаларда көрсету 

– анықтамалар синтезі. 

        Сондықтан оның дамуы  теориялардың алмасуы барысында  жүзеге асады,  

өйткені оның оның мәнін  теория ашады. Мысалы, ген ұғымы  әуелі абстракция 

(  тұқым  қуалау  бірлігі)  сияқты  қалыптасады,  онан  соң  хромосомалық    теория 

деңгейінде  нақтыланып  содан әрі  генлік деңгейге дейін дамиды. 

        Теориялық білімді түсінуге  ықпал   ететін  не екенін де ескерген  орынды. 

Ол ақпараттың  нақты  логикалық  құрылымы, абстракциялар мен  ұғымдардың  

пайда    болуы    үрдістістерінің    ойша  айтылуы    және  абстракциялардың    әлем 

бейнесімен  және эмпирикалық  материалдармен ара қатынастарын  белгілейтін 

бейнелер  (нобайлар).  Әрбір  ұғым  бірте-бірте    дамытылады  ,  күрделенеді. 

Мысалы,  «жапырақ»  ұғымы    тақырып    бойынша    бірінші  сабақта    әлі 

қарапайым  ,  алғашқы,    тек  бір  ғана    білім    элементі  бар  ұғым  .  Оқушылар  

жапырақтың    жасыл  тақтасы    мен  сағағы  барын  ,  яғни  ,  сыртқы  формасы  

жайлы ғана қарапайым  ұғым алады. 

Осы  тақырыпты  оқу  соңына  қарай  «жапырақ»    ұғымы  күрделеніп    оқушылар 

олардың суды  буландыруын, әртүрлі өсімдіктер  жапырақтарының  бейімделу 

белгілерін (түк басу жапырақ  тақтасының кішіреюі,  инеге  айналу т.б.) біледі.  

«Жапырақ»    деген    күрделі    ұғым  морфология  ,  анатомия,  физиология    және  

жапырақ  экологиясы сияқты  ұғымдарды  жинақтап қорытады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет