Қазақстан республикасының білім және ғылым


Ұғымдарды  дамыту теориясы



Pdf көрінісі
бет9/12
Дата31.12.2021
өлшемі0,58 Mb.
#22977
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Ұғымдарды  дамыту теориясы

           Ұғымдарды  дамыту  дегеніміз  –  шын  мәнінде    білімді  бірте  –  бірте  

толықтыру  мәселесі  береді  ,    олай    болса    оқытудың    қандай  да  бір  кезеңінде  

оқу  пәніндегі  ұғым  мазмұнын  кеңейтеді.  Биологиялық    ұғымдарды  дамыту 

қарапайымнан  күрделіге  қарай  немесе    нақтыдан    талданып    қорытылғанға  

абстрактылыққа  қарай  жүруі мүмкін. 

Жалпы биологиялық  заңдылықтар жөніндегі  ұғымдар: ағзалардың жасушалық  

құрылысы,    мүшелердің    формасымен  функциясымен  байланысы,  ағзалардағы 

зат  және  энергия  айналымы,  өзін-өзі  реттеуі  ,  өзін-өзі  тудыруы,  көбею, 

органикалық  дүниенің дамуы т.б. 



           Оқыту  міндеттері  –ұғымдарды  жоспарлы  тудыру  мен  оны  дамыту 

болып  есептеледі.  Ұғымдардың    көпшілік  бөлігінің  дамуы  бағдарлама  




15 

 

мазмұнына,тақырыптардың  логикалық  тізбектестігіне  байланысты  сияқты. 



Дегенмен  осы  өткен  жылдарда  анықталғандай  осы  ұғымның  дамытылып 

жылжуында  біраз  ақтаңдақтар    бар.  Мысалы  ,балалар  6-шы  сынып  курсы 

соңында  өсімдіктер  мен    жануарлаға  тән  ерекше  белгілерді  олардың  қызметін 

байланыстыра  алмайды.  Оқушылар    біліміндегі  осындай  олқылықтар    мен  

білімді  меңгерудің  әлсіздігі  олардың  білімінің  қабылдау    деңгейінде  немесе 

алғашқы  қарапайым түсінік деңгейінде қалуынан болады . Бір сабақта немесе 

бір тақырыпта  қалыптастырылған ұғым басқа  ұғымдармен байланыстырып әрі 

қарай  дамытылмайды.  Ал  «әрбір  оқу  пәнін  оқыту  дегеніміз  білім  жүйесінің 

үздіксіз үрдісі » екенін есте ұстаған орынды (К.Ушинский). Ұғымдарды дамыту 

үшін  ұстаз  шеберлік  танытып,көп  күш  жұмсап  үнемі  мқсатты  бағытталған 

түрде  әртүрлі  әдіс-тәсілдерді  пайдалану  арқылы  шығармашылқпен  еңбек  ету 

керек.                                                   

           Биологияны  оқыту  әдістемесінде  ұғымдарды  қалыптастыру    мен 

дамытуға  бұрыннан  бері  зор  көңіл  аударылады.  Н.М.  Верзилиннің 

жетекшілігімен    «Биологиялық  ұғымдарды  дамыту  теориясы»  жасалды  (1956). 

Бұл  еңбек    биологияны  оқыту  әдістемесіне    маңызды  оқиға  болды.    Теория 

мектеп  курстарында  және жалпы алғанда биология  пәнінде оқу  материалын   

таңдауды  анықтауда    және  орналастыруда  ғылыми    қор  (база)  жасады,    оқыту 

әдістері  мен  тәрбиені  қайта  қарауға  әсер  етті.  Ұғымдарды  дамыеу    теориясы 

арнайы  зерттеулер    аясында,  оның  ішінде  биологиялық  ұғымдардың    арнайы 

топтарын  (табиғаттанушылық,  ,  экологиялық,  эволюциялық    физиологиялық, 

систематикалық,  генетикалық  т.б.)  дамудың    тиімді  әдістемесін    жасауда,  

оқушылардың  өз  беттерімен    ойлай  алуын  дамытуда,  орта  мектепте  

биологияны  оқыту  әдістерін  дамытуда  біраз бағыттарды  белгіледі. 

          Мұғалім    ұғымды  жетілдірудің    барлық    жолдарын,  оның  бір-біріне  

араласуы,    қосылуы  жағдайларын  білуі  керек.  Жалпыбиологиялық    басты 

ұғымдарды ажыратып,  олардың тақырыптан тақырыпқа ,  курстан курсқа қарай 

жылжуын бақылап отырған дұрыс. 

          Жасуша  жөніндегі    тақырыптарда  оқушылар    жапырақтың  қарапайым  

құрылысымен  танысып,  жекелеген  ұлалар  жөнінде    мағлұматтар  алады. 

«Жемістер» 

және 


«Тұқым» 

тақырыптарында 

олардың 

түрлерімен,  

құрылыстармен танысып  қарапайым  түсініктер алады. «Тамыр» тақырыбында 

құрылысы  мен    суды  сору    қызметі  жөнінде  мағлұмат    алады,    «Жапырақ» 

тақырыбында  оның ішкі  және сыртқы  құрылысы жөнінде түсініктер бар. Осы 

сыныпта  берілетін  зат  алмасу 

«Фотосинтез», 

«Жапырақтың  суды 

буландыруды» және «Өсімдіктердің тыныс алуы» деген тақырыптар күрделі де 

маңызды  зат  алмасу    ұғымы    жөнінде  мағлұмат  береді,  бұл  тіршілік 

әрекеттерімен    және  тіршілік  жағдайларымен    байланысты  болғандықтан 

ерекше  көңіл    аударуды    қажет  етеді.  Осы  жердегі    ұстаздың    міндеті 

ұғымдардарды  дамытуда жалпы өсімдіктерде қандай үрдістер жүретіндігі және 

олардың  байланысының қандай  жағдайларын түсіндіру. 

            Ұғымның  дамуына  себін  тигізетін:  оқу  материалын  баяндау  логикасы: 

қорытындылауды  талап  ететін  мәселелерді    қою:    анықтау,  салыстыру,  жіктеу 




16 

 

сияқты  қабілеттерді  жаттықтыру:    ескі  білімді  жаңамен  байланыстыратын  



қайталау жүйесі, шығармашылық  сипаттағы тапсырмалар, сұрақтар беру. 

Биологиялық  ұғым  тек    сол  уақытта  дұрыс  қабылданады,  егер  оқылатын 

құбылыс  не зат жөнінде  анық түсінік  болса, яғни тікелей  қабылдау, бақылау, 

көру  болса.  Биологияны  оқытуда  оған  тән  ерекшелік-  оқылатын  затты  қарау 

және зерттеу. 

            Ұғымдардың  алғашқы  пайда  болуына  аса  маңызды    болатын-  тірі 

нысандарды  көру.  Ұғымдарды  одан  әрі  дамытуда  тірі  нысандардан    басқа, 

әртүрлі  жасанды  көрнекіліктер:  кестелер,  сызбанұсқалар,  суреттер,  кинолар 

жақсы көмек болады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет