Олардың мазмұны, қызметі және оларды пайдалану ерекшеліктері Оқушының білім деңгейін өлшеп, бақылайтын бағдарламалық құралдар, олардың жасап- құрудың салыстырмалы жеңілдігіне орай кең қолдану өрісін тапты. Аспаптық жүйелердің бір қатар түрлері бар, олардың арқасында оқытушы тіпті бағдарламалау негіздерімен таныс болмаса да берілген немесе басқа да тақырып аясында бірқатар сұрақтар мен мүмкін жауаптарды топтастыра алады. Әдеттегідей оқушының міндеті берілген жауаптар тізімінен дұрысын таңдап алу. Осындай бағдарламалар оқушылардың білім деңгейін бағалау тапсырмаларын беруімен, тапсырманың дұрыстығын, олардың орындалуын тексеруде оқытушының жұмысын бұқаралық оқытуда біраз жеңілдетеді. Осыған байланысты оқушының білімін жиі бақылауға, өзіндік бақылауға, ынталандыруға, өтілген тақырыпты бекітуге үлкен мүмкіндік туындайды.
Электрондық тренажерлер практикалық қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыруға арналған. Осындай құралдар күрделі кезде оқытуда, тіпті төтенше жағдайларда өте тиімді. Жаттығуға арналған нақты талаптарды бірқатар себептерге байланысты қолданбайды (электр жабдықтаудағы үзілістер, апаттық жағдайларды жасау мүмкіншілігі, жоғары қауіп-қатер және т.б.). бұдан басқа, электрондық тренажерлер есеп шығарудағы қабілеттер мен дағдыларды өңдеуге қолданылады. Бұл жағдайда олар теориямен қысқаша мәлімет алуға, өз бетімен әртүрлі деңгейдегі жаттығулар, бақылау және өзін – өзі бақылауға мүмкіндік береді.
Математикалық және еліктеу үлгілеуге арналған бағдарламалық құралдар тәжірибелік және теориялық зерттеулердің шекараларын кеңейтуге мүмкіндік беріп, есептеуіш тәжірибеге физикалық тәжірибені қосуға мүмкіндік туғызады.
Бір жағдайларда зерттелген объектілері үлгіленеді, басқа жағдайда - өлшеу құрулары үлгіленеді. Мұндай құралдар бағалы лабораториялық жабдықтауларды алуға шығындарды қысқартып, лабораторияларда жұмыстардың қауіпсіздік деңгейін төмендетеді. Модельдеуші (үлгілеуші) бағдарлама құралдарына белгілі топтағы модель – объектіні қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етіп, заттық (пәндік) – бағытталған бағдарламалық орталарды жатқызуға болады.
Ақпараттық-іздеу бағдарламалық жүйелер енгізу, сақтау және пайдаланушыға ұсынуға арналған. Берілген жүйелер тізіміне гипермәтіндік және гипермедиалық бағдарламалар және жылдам мәлімет іздеп, ұйымдастыру қалыптастыруды жатқызуға болады. Сонымен қатар үлкен сұранысқа мәліметтер қоры (базасы) ие болған. Мәліметтер қоры оқытуды ұйымдастыру кезінде қолданыла алады. Оқыту мәліметтер қоры керек ақпараттарды талдау және іздеу мақсатымен өздік жұмыс үшін беріледі.
Автоматтандырылған оқытушы жүйе ( АОЖ ), әдеттегідей, салыстырмалы кішігірім көлемде беріліп, оқушының теориялық материалмен танысуын қамтамасыз етуін, білім деңгейін бақылау және жаттықтыру көлемінде беріледі.
Электрондық оқулықтар (ЭО) негізгі білімдік электрондық шығарылымдар балып табылады. ЭО жоғарғы ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалып, дидактикалық стандарт бірліктері мен бағдарламалары арқылы анықтайтын мамандық білім алатын стандартқа сай құрастырылуы тиіс. Бұдан басқа, ЭО интерактивтік қайта байланысты жүзеге асыруы шартымен оқыту процесінің дидактикалық толықтығы мен үзіліссіздігін қамтамасыз етеді. ЭО негізгі қасиеттерінің бірі, оның “қағазға” шығуында ерекше дидактикалық қасиеттердің жоғалтуына әкеледі.
Эксперттік оқытушы жүйесі (ЭОЖ) идеялардың және жасанды технологиялардың базасымен жасалады. Мұндай жүйе эксперт қызметтерін қиын тапсырмаларды шешуде үлгі бола алады. Сонымен қатар, ЭОЖ диалогтық қолдау процесс шешімінің негізінде стратегияны түсіндіру және тапсырмалардың тактикалық шешімін қамтамасыздандырады. Өкінішке орай, ЭОЖ жұмыс істеу барысында оқу процесінің дидактикалық циклі, оқушылармен кері байланыс алуы іске аспайды. Оқушының ЭОЖ жұмыс істеу барысында шешімді өздері іздеп табуға тура келмейді, сонымен қатар, дидактикалық цикл іске аспайды және дидактикалық цикл сияқты кері байланыс мүмкіндігі жоқ.
Интеллектуалды оқытушы жүйе (ИОЖ ) ең жоғары дәрежелі жүйелердің біріне жатады, сонымен қатар жасанды интеллект қорымен іске асады. ИОЖ оқу кезеңіндегі барлық есептердің шешуін басқаруға, оқушының жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып, есептің қойылуы мен шешімінің принциптерін іздеуден бастап, оның шешімді оптималды бағалауын жүзеге асырады. Мұндай жүйелер, әдеттегідей, нақтылыққа жақын тілде диалогтік әрекеттестікті қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар диалог барысында әлде бір әрекеттердің дұрыстығы ғана емес, шешім іздеу стратегиясы да, әрекеттерді жоспарлау да, бақылау амалдары және т.б. талқыланады. ИОЖ оқушы үлгісі негізінде оқытудың рефлексті басқару жүзеге асады. ИОЖ айырмашылығының белгісі, ол дайын түрдегі негізгі және қосалқы оқыту әсерлерінен құрылмайды, тек оларды регенерациалайды.
Жоғарыда айтылған теориялық материалдар дидактикалық мақсаттарда және оларды практикалық түрде қолдану меншігінде, ИОЖ компонентінің мүмкіндік қасиетін ИОЖ анықтай алады. ИОЖ-ны анықтау электрондық басылымдардың жалпы түсінігі арқылы жүзеге асады.
Электрондық шығару (ЭШ) графикалық, мәтіндік, цифрлік, сөйлеу, музыкалық, бейне, фото және басқа хабар түрінде болады. Бір электрондық шығарылымда ақпараттық көздер, ақпаратты құру және өңдеу құралдары, басқару құрылымдары болуы мүмкін. Электрондық шығарылымдар кез келген электрондық сақтаушыда жасалуы мүмкін, және де электрондық компьютерлік жүйеде жарық көреді.
Бұл жағдайда білім беру электрондық басылымдар студенттер мен оқытушылардың осы саладағы білім, қабілет және дағдыларды шығармашылық және белсенді меңгеруге сәйкес ғылыми-практикалық саладағы білімінің сәйкестігінен құралатын электрондық басылымдар болып табылады. Білім беру электрондық басылымдар көркем әзірленген және орындаудың жоғарғы деңгейлігімен, ақпараттық толықтығымен, методикалық құралдардың сапасымен, техникалық орындалу сапасымен, көрнекіліктерімен, қисында және баяндауымен ерекшеленуі тиіс. Білім беру электрондық басылымдар дидактикалық қасиеттерін жоғалтуынсыз қағаз түріне редукциялана алмайды.