Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ



бет22/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Полат Е.С.и др. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов педвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999-224стр.

  2. Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000

  3. Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного с информатикой профиля в Республике Казахстан. – Алматы: АГУ им.Абая, 1998-123с

  4. Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование. Основные направления работ по программе «Информатизация образования», ИнфО -1992 -№5,6

  5. Г.Т.Жақыпбекова Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі. Шымкент-2002

Лекция №11 Мектептің информатика курсы бойынша бағдарламалар мен оқулықтарға талдау
Жоспары

  1. Оқу бағдарламалары мен оқулықтарға қойылатын талаптар

  2. Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар

Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың ролі қазіргі ақпараттық қоғамдағы ақпараттық мәдениеттің негiзін құрайтын ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен қамтамасыз етiледi.
Бiлiм берудегi ақпараттық технологияның ЮНЕСКО институтының “Бастауыш бiлiм берудегi информатика (Бастауыш бiлiм берудегi информатика. Ұсыныстар. ИИТО, М 2000, 94-бет) ұсыныстарын, информатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және компьютердiң дидактикалық мүмкіндiктерi негiзге алынған. Информатика пәнiнiң мазмұны төмендегiдей:
Пәннің мазмұны оқушылардың ойлау қабiлетi математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет iргелi пәнінің ұғымдарын меңгертуге бағытталған.
Психолог ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша адамның жинақтаған бiлiмiнен гөрi, оның ойлау қабiлетiнің дамуы, талдау жасай бiлу қабiлетi, алынған ақпараттарды жалпылау және шешiмдер қабылдай бiлу сияқты қасиеттермен қарулануы қажет. Осы тұжырым негiзiнде пәннiң негiзгі мақсаты алынады.
Пәннің негiзгi мақсаты-жаңа буынды ерте жастан бастап жүйелiк ойлау қабiлетiн қалыптастыру.
Аталған мақсаттан келесi мiндеттер анықталады:
- Оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту
- Оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту
- Оқушылардың коммуникативтік (тілдік ойлау қабілеті мен шығармашылық бейімділігін дамыту
Оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетін және өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретінде қалыптастыру.
Жоғарыдағы аталған мақсаттар мен мiндеттерден информатика пәнiн оқытудың мақсаттары айқындалады және нақтыланады.
Бастауыш бiлiм берудегi информатика пропедевтикалық курс болып табылады және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптеріндегі қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерімен сипатталады.
Ақпараттық мәдениеттiң базалық ұғымдары туралы алғашқы мағлұмат бiздi қоршаған орта-зат, тiрi және өлi табиғаттағы нысандар, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тесiлдерi сияқты бiлiмдермен оқушыларды‚ қаруландырады.
Бағдарлама мазмұны оқушылардағы мына тақырыптармен танысуға мүмкiндiк бередi:
- ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктермен;
- ақпараттық процестiң негiзгi заңдылықтарымен;
- әрекеттi жоспарлау және оны сипаттау, нысан белгілерінің ерекшелiктерiмен;
- нысанды топтаумен және оны бөлумен;
- логикалық модельдермен және тұжырымдармен;
- орындаушы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдыларын меңгерумен;
- графикалық және мәтiндiк редакторларда жұмыс істеумен
- алгоритмдеумен және оның атқарушыларымен.
Сонымен, пәннiң мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдык iс-әрекеттерi дағдылары және үйренушiнiң ізденістік – танымдық мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды.
Информатика пәнін оқыту оқушыларды бiртұтас ақпараттық-бiлiмдiк ортаға бейiмделу негiзiне дайындайды.
Әрбiр курс тақырыптарға бөлiнген және олар таңдалынған курстың талаптарын қанағаттандырады. Курстың барлық тақырыптары жыл сайын компьютер сыныбындағы тәртіпті сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн кайталаудан басталады. Сонымен бiрге курстың әрбiр тақырыбы дамытушылық, дүниетанымдық және технологиялық салалар бойынша бiлiмдердi тереңдетiп отырады. “Ақпараттық процестер” сияқты ұғымдарды меңгерту қоршаған әлем туралы бiлiм мен абстрактiлi ойлай бiлу қабiлеті мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi талап етiледі.
Курс соңында оқушы оқу бағдарламасында көрсетiлген әрбiр тақырып жөнiнде бiлiм мен бiлiктiлiк жинағын алады: Жекелеген тақырыптар бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар, компьютердегi практикалық жұмыстар қарастырылған. Барлық бұл кезеңдер бағдарлама құрылымында көрсетiлген.
Кейбiр тақырыптарды меңгеруде басқа пәннен бiлiмдерi қажет болады. Бұл пәннiң пәнаралық сабақтастығы, және оқу процесiнде жаңа ақпараттық және коммуникациялы технологияны пайдалану негiзiнде пәндер сабақтастығы қамтамасыз етiледi.
Оқу бағдарламасын кұрастыру барысында сыныптың оқушыларының жас ерекшелiгi мен жалпы бiлiмдерді қабылдау деңгейi ескерiлген.
Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар
Ненi бiлуi тиiс
• компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн;
• көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн негiзгi жаттығуларды;
• компьютердiң негiзгi құрылғыларының қызметiн;
• пернетақта мен тышқан қолтетігінің атқаратын қызметі;
• нысан ұғымының мағынасын және оның қасиеттерін;
• ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктердi;
• ақпарат қасиеттерін;
• ақпарат көзі мен оны қабылдаушы туралы мағлұматтарды;
• ақпаратты кодтау туралы мағлұматты;
• тізбектің мағынасы мен мәнiн және онымен жасалатын әрекеттер реттілігін;
• «жиындар ұғымын»
• логика алгебрасының кейбiр түсiнiктерiн-тұжырым (айтылым), ақиқат, жалған және терiстеу ұғымдарын;
• «моделдер» ұғымын;
• графикалық және ақпараттық модельдер түсiнiгiн;
• алгоритм және оның түрлері-сызықты, тармақталу және циклді алгоритмдер туралы мағлұматты;
• «атқарушы», «орта» және «атқарушының командалар командалар жүйесі» ұғымдарын;
• графикалық редактордың мүмкiндiктерiн;
• нені үйренуі тиіс
• компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауіпсіздігін сактай бiлудi;
• көздің шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығуларды орындай білуді;
• компьютерлердің негiзгi құрылғыларының қызметiн орынды пайдалана білуді;
• қарапайым мәтiндердi теруде пернетақтаны пайдалана білуді;
• «тышқан» қолтетiгiн пайдалана бiлуді;
• нысандарға мысалдар келтiре бiлудi;
• нысандарға мысалдар келтiре бiлудi және олардың қасиетерін (түсін, пiшiнiн, құрамын, ұқсас және қарама-қарсыбелгілерін) анықтай бiлудi,
• нысан қасиеттерiн орынды пайдалана бiлудi;
• ақпарат көзi мен қабылдаушысын ажыратып, мысал келтіруді;
• кодтар кестесi көмегiмен ақпараттарды кодтай бiлудi;
• тiзбектерге мысалдар келтiре бiлудi;
• көрсетiлген белгiлерi бойынша нысан жиындарын ерекшелей бiлудi;
• графикалық және ақпараттың модельдердi анықтай білуді;
• сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдердi орындай бiлудi;
• атқарушының командалар жүйесi көмегiмен берiлген атқарушының алгоритмiн кұра бiлудi;
• графикалық редактор кұралдарын орынды пайдалана білуді білуі керек.
Мұнда сынып оқушылары шағын топқа бөлiнбей толық оқытылады. Компьютер электрондық тақта ролын атқару, оған оқушылар кезекпен шақырылып, олар оқу программасына сәйкес компьютерде командаларды орындау режимiнде жұмыс істейді. Сыныпта фронталды жұмыс жүргiзу үшiн сабақты көрнекі түрде өткізу мақсатында компьютердi проекторға немесе үлкен экранды теледидарға қосып қою керек. Информатика сабағын басқа пәндермен қосыла отырып еткiзу үшiн, сабақ кестесінде ол – сол пәндердiң алдына немесе артына койылуы тиіс.
Мұғалім компьютермен жұмыс iстеудiң карапайым тәсілдерін компак-дискiдегi электрондық оқыту программаларын пайдалануды, компьютермен мәтiнмен, графикалық бейнелермен жұмыс iстеудi уақыты болуы тиiс. Оқушының бұған қоса Интернет желiсiне қосылып, электрондық поштамен мәлiмет алмасу жолдарын бiлгенi дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет