Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ



бет21/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Полат Е.С.и др. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов педвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999-224стр.

  2. Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000

  3. Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного с информатикой профиля в Республике Казахстан. – Алматы: АГУ им.Абая, 1998-123с

  4. Ершов А.П. Компьютеризация школы и математическое образование. Основные направления работ по программе «Информатизация образования», ИнфО -1992 -№5,6

Г.Т.Жақыпбекова Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі. Шымкент-2002


Лекция №10 Төменгі сыныптарда информатика негіздерін оқытудың құрылымы: жеке курс, информатикадан практикум, математиканы, тілді және дүниетануды оқыту мазмұнына информатика элементтерін қосу
Жоспары

  1. Бастауыш мектепте информатика элементтерiн пәнаралық байланыс негiзiнде оқыту әдiстемесi

  2. Информатика оқу пәнi ретiнде

“Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейiнгi бiлiм беруді дамыту тұжырымдамасы жобасының «Бiлiм беру мазмұны мен деңгейлерi» - деп аталатын 4-тараудың 4.3,1- тармағында: Бiлiм беру мазмұнында информатика негiздерi мен шет тiлiнде ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудiң негізгі бағыттары көрсетiлiп белгiленген. Сондықтан, заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алғашқы дайындық курсы ретiнде ендiрудiң қажеттілiгi бүгiнгi күнгi педагогика саласындағы iргелi тың мәселелердің бiрi болып саналады.
Орта мектепте информатиканың жеке пән ретiнде оқытылуы, көптеген педагогикалық iзденiстер мен ғылыми әдiстемелiк еңбектердiң туындауының жандана түсуiне мүмкiндiк бередi. Информатиканың бүгiнгi қоғамдағы алатын орнын, ерекшелiктерiн ғылыми-әдiстемелiк тұрғыда негiздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргiзiлуде.
Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердiң iшiне С.Пейперт, Ж.Пиаже, Ю. Первин, Е.Коган, О.А.Красноперова, А. Витухновская мен А.Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е.Бидайбеков пен Ж.Қараевтың тұжырымдарымен Қ.Әбдиев, Ж.Сардарова және Г.Абдукаримованың зерттеу жұмыстары бастауыш мектептерде информатика элементтерiн пайдаланудың теориялық негiзi бола алады. Алайда, бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте информатика элементтерiн оқыту негiзiнде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөнiндегi мәселелер жеткiлiктi дәрежеде зерттелген жоқ. Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсiнiктерi мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндердi оқып үйренуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын бiлiммен, iскерлiкпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық коғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттiлiгi маңызды болып отыр. Мұндай келелi мәселелердi шешу, бастауыш мектепте информатика элементтерiн оқыту негiзiнде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық, психологиялық және педагогикалық жағынан негiздеудi қажет етедi. Бiрақ, бүгiнгi таңда информатика элементтерiн пәнаралық байланыс негiзiнде бастауыш мектепте оқытудың кажеттiлiгi мен оны оқу үрдiсiнде жүргiзуге тиiмдi оқу-әдiстемелiк құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткiлiктi дережеде болмауының арасында қарама-қайшылықтар бар. Осы қарама-қайшылықтан, бастауыш мектепте информатика элементтерiн пәнаралық байланыс негiзiнде оқытуды енгiзу арқылы оқушыларда алғашқы бiлiм, iскерлiк, дағдыларды қалай қалыптастастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық-педагогикалық алғы шарттарын анықтауға болады? - деген зерттеу меселесi туындайды.
Бүгінгі күнi дидактикада оқыту әдiстерiн талдап, іріктеудің түрлiше байқаулары өтiп жатыр. Оқыту әдiстерiн талдап ретке келтiру белгiлi бiр әдiстердi жүйеге келтiру зандылықтарын және ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды рөл атқарады.
Бастауыш мектепте информатика элементтерiн оқыту әдістеріне келер болсақ, төмендегi мәселелер туындайды:
- әрбiр пәндер бойынша жүргiзiлетiн оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткiзу керек?
- балалар бiлiмдi, iскерлiк пен дағдыларды игеруi үшiн, олардың белсенді танымдылық қызметін қалай ояту керек?
- оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың бiлiмдi болуына қалай көмектесу керек?
- ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?
Дәл бүгiнгi күнi ғылыми-техникалық үрдiстiң жоғары дәрежеде дамуы, оқытудың жаңаша, тиiмдi әдiстерiн іздестiрудi талап етуде. Оқыту әдiстерi дегенiмiз-бұл оқыту мiндеттерiн шешуге бағытталған мұғалiм мен оқушылардың бiрiккен iс-әрекеттерiнiң жүзеге асу тәсілдері. Оның негiзгi атқаратын қызметi, бiлiмдердi жай бере салу емес, мектеп оқушыларының танымдық қабiлеттерiн қалыптастыру мен сабаққа деген ынтасын ояту болып табылады.
Оқыту әдiстерiнiң кұрылымы - бастауыш мектепте информатика элементтерiн пәнаралық байланыс негiзiнде оқытудың әдiстемесiне қатысты анықталады. Әдiстеменi жаңарту барысында, оқыту құралдарының алатын орны ерекше. Ал, бiздiң оқыту әдістемемізге қолданылатын негiзгi техникалық құрал-компьютерлiк техника болып есептеледi. Компьютерлiк техниканың дидактикалық мүмкiндiктерін педагогикалық мақсаттарға пайдалану, бiлiм мазмұнын анықтауда, оқыту әдiстерi мен формаларын жетiлдiруде әсерiн тигiздi. Оның оқыту үрдiсiнде даралап және топтап оқыту тәсiлі өзiндiк танымдық зерттеу жұмыстарын жүргiзуге зор мүмкiндiктер жасайтындығы дәлелдендi. Бастауыш мектепте информатика элементтерi пәнаралық байланыс негiзiнде оқытуды жүзеге асыру, оқушылардың информатика элементтерiн оқып үйрену бойынша алған алғашқы бiлiмдерiн, iскерлiктерi мен дағдыларын қалыптастыруға және олардың сауат ашу, әліппе, ана тiлi, қазақ тiлi, математика мен бейнелеу өнерi пәндерiнен алған бiлiмдерiн нақтылап бекiтуге мүмкiндiктер туғызды.
Информатика элементтерiн пәнаралық байланыстар негiзiнде оқытуды орта мектептiң жалпы бiлiм беретiн пәндерiне пайдалана отырып, оқушылардың екi жақты пәндерден алатын бiлiмдерiн, iскерлiктерін және дағдыларын жетiлдiру бағытында дамытуға болады. Информатиканы оқыту әдiстемесiнде математика мен информатика курстары арасында пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшiн үлкен мүмкiндiктер бар. Информатика мен математика үшiн жалпы үғымдар: ақпараттар теориясы, шамалар, графиктер және функциялар болып табылады.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыруда дидактиканың негізгі принциптеріне сүйену қажет. Оқыту үрдісінде өзге пәндермен пәнаралық байланысты негізге ала отырып информатиканы оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптер қарастырып отыру қажет. Олар барлық пәндермен өзара тығыз байланысуда жалпыға бірдейлік қасиеті арқылы өз кезегінде жалпы дидактиканы өзінің негізгі категорияларымен байыта түседі. Пәнаралық байланыстың әр алуандылығын толық ашып зерттеу күрделі мәселе. Біздің міндетіміз бiлiм берудiң негiзiн қалауда және оқу пәндерiнiң негізі өзара байланысуының негізгі бағытын белгілеп қоюдағы байланыстарды орнықтыруда үлкен мүмкіндіктерін көрсету.
Информатика пәнiн бастауыш сыныптан бастап оқытудың ғылыми теориялық негiзi елiмiзде зерттелiп жатыр. Оның ішінде Д.С. Байғожанованың «Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі» атты ғылыми еңбегiн алуға болады. Еңбектің негізгі идеясы бастауыш бiлiм жүйесiнде информатика элементтерiн пәнаралық байланыс негiзiнде оқыту бағдарламасының жобасы жасалып, оны оқытудың әдiстемесi берілсе, онда бастауыш сынып оқушыларының бiлiмi, iскерлiгi, дағдысы мен логикалык ойлау қабiлеттерi жоғары деңгейде дамып оқу процесінің тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған. Ақпараттық технологияның жеделдетiп дамуына байланысты информатиканың мазмұны үзiлiссiз өзгеріп отырады. Сондықтан информатиканың курсын оқыту процесiн төменгі сыныптан бастаған тиiмдi екендiгi ғылыми-теориялық және практикалық жағынан негiзделген болатын.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды рөлiн мойындау болып табылады. Информатика ЭЕМ-ның көмегiмен информацияны iздеу, сақтау жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің әдiсi, тәсiлдерi мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-нiң көмегi арқылы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негiзгi ядросы болып табылады, ал қазiргi есептегіш техникалар оның материалдық базасы. «Ғылымның объектiсi» және оның тақырыбы ұғымдарының айырмашылықтары туралы дәл түсiнiк кез-келген ғылымның мағынасын ашу үшiн өте маңызды. Объект дегенiмiз зерттеушінің iс-әрекетi бағытталған шын өмiрдегi бір облыс, ал тақырып оны зерттеу объектiсiмен байланыстыратын буын. Сондықтан «ғылымның тақырыбы» ұғымы «ғылымның обьектісі» ұғымымен бiрдей емес, ол танымның объективті және субъективтi жақтарының диалектикалық бірлігін көрсетедi. Әр ғылымның өкiлдерi бiр объектiнi әр қырынан көредi, әртүрлi мiндеттер тұрғысынан қарайды. Оқыту әдіскердің де, психолог және кибернетиктердiң де зерттеу объектiсi бола алады. Олардың әрқайсысы бұл объектiден өзіне тән нәрсенi ғана ажыратады, зерттеу нәтижелерiн өздерінше түсiндiредi. Басқаша айтқанда, олардың әрқайсысы өз тақырыбы бойынша жұмыс iстейдi. Мамандардың бәрi бiр сабаққа келiп әрқайсысы өз ғылымы тұрғысынан талдайды. Дидакт мұғалiмнің қандай жалпы принциптердi жүзеге асырғандығын ойлайды; әдiскер оқыту әдiстерi мен сабақ материалының осы пәндi мектепте оқытудың мiндеттерi сәйкес болуына назар аударады, Психологты ерекше қызықтыратын оқушылардың сабақты ұғынуы, ұғынудың жалпы заңдылықтарының көрiнуi, ал кибернетикке оқыту тура және керi байланысы бар басқару жүйесi болып көрiнедi.
Мектеп информатикасы программалық қамтамасыз етуді зерттейтiн сала ретiнде анықталады. Мектеп информатикасын программалық қамтамасыз ету орта мектептiң информациялық басқару және оқыту жүйелерiн қамтиды, оның құрамында осы жүйелердi жобалауға арналған сериялық құралдар бар. Мектеп информатикасын оқу әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету үшiн ол курс бойынша оқу программалары, әдiстемелiк құралдар, оқулықтар жасалуы қажет. Қазіргі ЭЕМ-нiң мектептегi оқу тәрбие процесiне енгiзiлуi компьютерлендiрудiң барлық проблемасын шеше алмайтыны анық. Бұл жерде оқытуды компьютерлендірудің екi түрлi негiзгi бағыты бар екенiн ескеру қажет, олар компьютер оқу объектiсi және компьютер оқу құралы ретінде.
Информатиканы орта мектепте оқыту жөнiнде қалыптасқан әртүрлi көзқарастар бар. Мектептегi информатика курсының мазмұны мен әдiстемелiк ерекшелiктерi мынадай:
1. Мектептегi «Информатика» курсының мазмұны «информация - алгоритм - ЭЕМ» деген үш iргелi ұғымға негізделеді. Ол бiр жағынан пәннiң информатика ғылымымен байланысын қамтамасыз етсе, екiншi жағынан оқушылардың теориялық дайындық деңгейiн меңгеруi үшiн берiледi.
2. «Информатика» курсының маңызды ерекшелiгi оның басқа пәндермен тығыз байланысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет