Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ


Лекция №14 Информатиканы тереңдетіп оқытудағы жаңа технология Жоспары



бет27/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Лекция №14 Информатиканы тереңдетіп оқытудағы жаңа технология
Жоспары

  1. Кәсіби-бағдарланған технологиялар

  2. Құрылымдық-логикалық технологиялар

  3. Интеграциялық технологиялар

  4. Ойын технологиялары

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми - зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, ... білім беру мен ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады»-деп атап көрсетілген. Бұл бүгінгі таңда білім беру саласында мазмұнын жаңаша мазмұнмен тереңдету негізінде кәсіби мамандарды даярлаудағы негізгі мәселелердің бірі. Бұл мәселелерді шешу болашақ маманның жоғары оқу орындарындағы кәсіби сапалы білім алуынан туындайды. Өйткені, оқушылардың тұлғалық жетік қалыптасуы маманның кәсіби шеберлігі мен мақсатқа бағытталған дайындығы мектептегі педагогикалық технологияларды қолдану – жоғары мектептегі информатика мамандығындағы негізгі талаптардың бірі.


Жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың кәсіби – шығармашылық қабілетін, табиғат процесінің құрылымын және теориялық негіздерін эстетикалық көзқарастарын байымдау, баға беруін, танымдық белсендігін дамытуға бағытталған.
Мектептің қазіргі жағдайында танысу кезеңі жеткіліксіз зерттелген. Өйткені, мұғалімдерді бастауыш сыныптарда және төменгі буын сыныттарында сабақ жүргізуге қайта дайындау; мектепке дейінгі балалармен жұмыс жүргізетін мамандар дайындауда әлі де бірқатар мәселелер шешімін тапқан жоқ.
Информатика пәнінің мұғалімдерін даярлаудың қазіргі кездегі қалыптасқан жүйесі оның құрылымын, ұйымдастыруын, мектеп практикасымен және білім беру жүйесіндегі инновациялық үрдістермен өзара байланысын қайта қарауды талап етеді. Бұл жоғары оқу орнында мамандар даярлаудың сапасын арттыруды, мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, оның шығармашылық қабілетінің арттыруына мүмкіндік жасауды және оқу - тәрбие үрдісін жетілдіруді қамтамасыз етуді, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалануды көздейді. Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді пайдалану оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсартуға жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.
Кәсіби-бағдарланған технологиялар оқытудың кәсіби бағыттылығы есепке алынған және болашақ мамандардың қызығушылығына, бейімі мен қабілетіне бағдарланған педагог пен студенттің психологиялық, жалпы педагогикалық, дидактикалық тұрғыдан өзара іс-әрекетінің жүйесі.
Құрылымдық-логикалық технологиялар – оқыту жүйесін кезең бойынша ұйымдастыру, сол арқылы әрбір кезеңде оқытудың мазмұнын, формасын, әдістерін және құралдарын сәйкестендіріп таңдап алуды, нәтижелерді кезең бойынша диагностикалауды есепке алу негізінде дидактикалық міндеттерді қою мен шешудің логикалық бірізділігін қамтамасыз ету.
Интеграциялық технологиялар - бұл курстар оқу тақырыптары, оқу проблемалары және басқа да оқытуды ұйымдастыру формалары деңгейінде әртүрлі пәндік білім, білік, дағдының интеграциясын қамтамасыз ететін дидактикалық жүйелер.
Ойын технологиялары – оқу-тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әртүрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Тренинг технологиялары – белгілі бір шешімдерді орындауға бағытталған іс-әрекеттер жүйесі. Оған тұлғаны интеллектуалды дамыту және басқару міндеттерін шешу бойынша жүргізілетін психологиялық тренингтерді, іскерлік қарым-қатынас, тұлғаны дамыту, коммуникативтік біліктер тренингтерін де жатқызуға болады.
Ақпараттық компьютерлік – технологиялар – ЭЕМ-дер мен олардың желілері, әсіресе дербес компьютерлер арқылы ақпаратты алуды, қайта жасауды, сақтауды және пайдалануды көздейтін дидактикалық жүйелер.
Проблемалық оқыту технологиялары – оқытудың эвристикалық әдістерін пайдалану арқылы оқу проблемаларын және жайғдайаттарын шешуге бағытталған дидиктикалық жүйелер.
Диалогтық технологиялар – мұғалім мен оқушының өзара іс-әрекеттерінде диалогтық ойлау негізге алынатын ұйымдастыру формасы мен оқыту әдісі.
Аталған жаңа педагогикалық технологиялардан басқа келешегі мол «кейсстади» (нақты оқу жағдайаттарын пайдалану арқылы оқыту), рефлексия (өзін-өзі тану, өзіне-өзі баға беру әдісі және оқушылардың оқу материалын белсенді қабылдауын қамтамасыз ететін педагогикалық технология), жобалау әдістерін қолдану арқылы оқыту технологияларын ерекше атап өтуге болады.
Жоғарыда көрсетілген жаңа педагогикалық технологиялардың түрлері қазіргі жағдайда оқу процесінде қолдануға неғұрлым тиімді, білім берудің мемлекеттік стандартында анықталған оқытудың мазмұнына ешбір нұқсан келтірмейді, керісінше, оқу пәндерінің типтік бағдарламасында көрсетілген мақсатқа оқытудың бұрыннан қалыпасқан әдістерімен өзара бірлікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл педагогикалық технологиялар философиялық, психологиялық және адамгершілік тұрғыдан гуманистік сипатқа ие болады, болашақ мамандардың адамгершілік және интеллектуалдық жағынан дамуын, өз бетімен әрекет етуін, қарым-қатынас жасау қабілетінің артуын қамтамасыз етеді.
Жоғарыдағы мақсат міндеттерді орындауда болашақ мамандар информатиканы оқыту әдістемесі пәнінде проблемалық оқыту апталық, пікір сайыс, дебат, дөңгелек үстел, іскер ойындар, ақпараттық технологияны пайдалану, тағы басқа әдістерін қолдануға болады.
Проблемалық оқыту - дәріс, тапсырмаларды орындау, сұрақтар қою әдістері арқылы жүзеге асады. Информатика пәндері бойынша проблемалық дәрістерде оқушылардың эстетикалық танымын тереңдету мақсатында әртүрлі әдістемелік тәсілдер пайдалынылады. Мысалы, қазақ дәстүрлері туралы материалдар беріліп, оған қатысты шешілмеген проблемаларды ортаға салып, халықтық педагогиканың элементтерін пайдалану, ой – пікірлер тыңдау - басты мақсат. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін мына жұмыстар атқарылады:

  • ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу (оқушылардың – ғылыми практикалық конференцияларына ғылыми баяндамалар дайындау);

  • іс – тәжірибеде бақылау;

  • эксперимент жүргізу;

  • проблемалық ситуацияның шешуші жолдарын, әдіс – тәсілдерін ұсыну;

  • өз ойларын қорытындылау.

Жаңа технологияны сабақ үрдісіне қолдану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыру үшін мұғалімге көп ізденіс керек. Сонымен қатар, сыныбындағы оқушыларының қай пәнге қабілетті екенін байқап, ары қарай дамытуға көп көмегін тигізу қажет. Осы технология дамыта оқыту идеасын жүзеге асыруға, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін дамытып, білім саласының артуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет