Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ


Лицей мен жаратылыстану-математикалық және гимназия мен гуманитарлық бағыттағы мектептердегі кәсіптік информатика курсы



бет26/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Лицей мен жаратылыстану-математикалық және гимназия мен гуманитарлық бағыттағы мектептердегі кәсіптік информатика курсы
Педагогикалық шығарма инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжірибелердің негізгі мақсаттары:

  • Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін даярлаудың сапалық деңгейін көтеру;

  • Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру үрдісін үйлестіру;

  • Педагогика теориясы мен практикасы бойынша жаңа инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжірибелерді зерттеу, үйрену, насихаттау және тарату;

  • Университет-мектеп-мұғалімдер білімдерін жетілдіру институттары арасындағы жаңа үштік байланысты жандандыру.

Педагогикалық жаңа инновациялық технология мен озық іс-тәжірибелер төмендегідей 2 бағытта жұмыс істеуді көздейді:

  1. бағыт. Ғылыми-зерттеу жұмыстары:

        • Жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды оқып үйрену, зерттеу.

        • Жаңашыл мұғалімдердің озық іс-тәжірибелерін зерттеу;

        • Оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыратын, оқушылардың жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз ететін шығармашылық зерттеу жұмыстарын жүргізу;

        • Педагогикалық конференциялар, оқулар ұйымдастыру.

II-бағыт. Оқу-әдістемелік жұмыстары (ғылыми-әдістемелік бағыт):

        • Оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін ескере отырып, саралап оқыту мазмұнын, формасын және әдістерін анықтау;

        • Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды пайдалануды қарастыратын әдістемелік көмекші құралдарды оқу, пайдалану;

        • Инновациялық технологиялар мен озық іс-тәжірибелер оқу, педагогикалық семинарлар, дөңгелек үстел, әдістемелік кеңес ұйымдастыру.

Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияларды пайдаланатын дәстүрлі емес ашық сабақтар беру, шығармашылық есеп тыңдау, сыныптан тыс жұмыстар жасау тиіс.
Оқу-тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі – мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы керек. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады.
Осыған орай, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың алғы шарттарын жасау қажет.
Мектеп мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары:

  • инновация туралы білімі;

  • инновацияны жан-жақты меңгеруі;

  • инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеруі;

  • инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары;

  • практикада қолдану.

Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді талап етеді. Осыған орай, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқу-тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана, біз саналы да білімді азамат тәрбиелей аламыз. Ал қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің жаңа технологияларды пайдалану практикасын дамытсақ, мұғалім оны өз сабағында орынды пайдалану арқылы еңбек тәжірибесін дамыта алады. Оқушылардың қабілеттерін арттырып сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, өздеріне сенімді, білімді азамат етіп алады.
Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Теориялық тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық технология педагогикасының категориясы ретінде қарастырылады, оның мәні, құрылымы айқындалады; педагогика іс-әрекеті, әр-түрлі саласындағы (дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздері оқып-үйреніледі; педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі; педагогикалық теориясының негіздері ашып көрсетіледі.
Ғылыми қолданбалы бағытта нақты педагогикалық идеялар мен тұжырымдарға негізделген жаңа педагогикалық технологиялар жобаланады; мұғалімдерге педагогикалық технологияларды оқытудың теориясымен әдістемесі зерттеледі.
Ғылыми педагогикалық зерттеулерге жасалынған талдау жаңа педагогикалық технологиялардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның онан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру-стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық қуаты анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет