Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ



бет29/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Полат Е.С.и др. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: Учебное пособие для студентов педвузов и системы повышения квалификации педкадров. Москва: «Академия», 1999-224стр.

  2. Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000

  3. Г.Т.Жақыпбекова Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі. Шымкент-2002

  4. Машбиц Е. И. Психолого-педагогические проблемы компьютерезации обучения. – М.: педагогика 1988.



Лекция №15 Информатика курсын бағдарламалық қамтамасыз ету


Жоспары

  1. Информатика курсын бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері мен қызметі (курс тараулары мен жеке тақырыптар бойынша).

  2. Оқытуда телекоммуникациялық технологиялар мен мультимедиа құралдарын пайдалану



Информатика курсын бағдарламалық қамтамасыз етудің түрлері мен қызметі (курс тараулары мен жеке тақырыптар бойынша).
Оқытуда телекоммуникациялық технологиялар мен мультимедиа құралдарын пайдалану
Мультимедиа жүйелерінің пайда болуы адам қызметінің көптеген облыстарында: компьютерлік тренингте, бизнесте және кәсіби қызметтің басқа салаларында революциялар тудырды. Мультимедиа технологияларын кеңінен пайдаланатын салалардың бірі білім беру саласы болып табылады. Ең кең тараған анықтамаға сәйкес мультимедиа (мультимедиа құралдары) ақпараттың әр түрлі типін: мәтіндерді, суреттерді, сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды, фотосуреттерді, бейне және аудио үзінділерді және т.б. құрудың, сақтаудың, өңдеу және цифрлік түрде жаңғыртудың компьютерлік құралдарын білдіреді. Олай болса, қысқаша мультимедиа ретінде әр түрлі форматтағы ақпаратты (мәтін, дыбыс, бейне және т.б.) комбинирленген түрде ұсыну деп түсінуге болады.
Мультимедиа аудиовизуальды ақпаратты өңдеудің төмендегідей жаңа тәсілдерін пайдалану арқылы оқытудың түрткілерін көтеру және оқытуды қарқындату мүмкіндігін қамтамасыз етеді:

  • ағымдағы экранның өріс шегінде де, алдағы (келесі) экранның өріс шегінде де визуалды ақпаратты «басқару» (қою, орын ауыстыру);

  • әр түрлі аудиовизуальды ақпараттарды контаминациялау (ысыру);

  • анимациялық әсерлерді реализациялау;

  • визуальды ақпаратты түрлендіру (нақты сызықтық параметрлерін үлкейту немесе кішірейту, бейнені созу немесе сығу);

  • аудиовизуальды ақпаратты дискретті түрде беру;

  • бейнені түстендіру;

  • аудиовизуальды ақпараттың таңдалған бөлігін, кейінен оның орнын ауыстыру үшін немесе лупамен қарау үшін, бекіту;

  • экранның кез келген бөлігін екпінді ету мүмкіндігі бар, бір экранда аудиовизуальды ақпараттарды көп терезелерде ұсыну (мысалы, бір «терезеде» бейнефильм, басқасында – текст);

  • шынайы өмірде өтіп жатқан үрдістерді, жағдайларды шыңайы уақытта демонстрациялау (бейнефильм).

Негізінде, мультимедиа жүйелері мәтіннен де әдемірек құралдардың көп арсеналдарымен қамтамасыз етеді. Мультимедиа программалары ақпаратты мәтін түрінде ғана емес үш өлшемді графика, дыбыстық сүйемелдеу, бейнелік, анимациялық түрде де ұсынады. Ашық білім беруде АКТ-ның мультимедиалық құралдарын пайдаланғанда иллюстрацияның ролі айтарлықтау өседі.
«Иллюстрация» терминінің екі негізгі мәні бар:

  • қандай да бір мәтінді толықтыратын немесе оған түсініктеме беретін бейне ( сурет, фотосурет және т.б.);

  • көндіріп және қызықтырып түсіндіру үшін мысалдар келтіру.

Осылардың біріншісі дәстүрлі кітап түріндегі оқулыққа сәйкес келеді, ал екіншісі – мультимедиалық оқу электронды басылымдарындағы иллюстрацияның ролін айтарлықтай дәл бейнелейді. Енді барлық мультимедиялық АКТ құралдары көрнекі және көңілден шығатындай етіп, яғни ашық білім беру жүйесіне кірістірілетін оқу материалының күрделірек, негізгі, басты кезеңдерін түсінікті түрде түсіндіру үшін пайдаланылуы керек. Сонымен, иллюстрация – оқу электрондық басылымдардың құрылымындағы басты, маңыздырақ ішкі жүйе болып табылады.
Иллюстрация келесі құрылымдық компоненттер түрінде ұсынылуы мүмкін:

  • бейнелер (мысалы, теориялық)

  • екіөшемді және үшөлшемді графика

  • дыбыс ретінде

  • анимация

  • бейне көрсетілімдер ретінде

АКТ оқыту құралдарында жаңа иллюстрация түрлерінің пайда болуы, қағаз тасымалдауыштарда бастырылып шығарылған, дәстүрлі оқулықтарда қолданылған алдынғы тәсілдерден мүлдем бас тартуды білдірмейді. Дәстүрлі оқу кітаптарын иллюстрациялау және полиграфиялық безеңдіру аймақтарында едәуір тәжірибе жинақталған. Осыған байланысты иллюстрацияның өзі, басылымның элементтерін кеңістікте топтастыру ерекшеліктері, жеке элементтердің басым көрсетілуі (көзбен қарағанда), қабылдаудың физиологиялық жақтары (баспаның айқындығы, қаріп ерекшеліктері т.б.) ерекшеленеді. Қазіргі уақытта арнайы бағыттағы АКТ құралдарын құру үрдісінде көптеген білім беру бағыттары мен оқу пәндері бойынша мультимедиалық энциклопедиялар жасалған. Оқытудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, оқу үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігін беретін ойындық ситуациялық тренажерлар және мультимедиалық оқыту жүйелері құрастырылған. Егер компьютерге адам тілін танитын (айыра алатын) құрылғы қосылған болса, онда пайдаланушы сөйлеу арқылы дисплей пернетақтасының көмегімен көрініс барысын басқара алатын, диалогтық кино құрылады. Мультимедиа жетістіктерін пайдаланатын, графиктерді өңдеу технологияларының жеке бір түрі автоматтандырылған жобалау жүйелері болып табылады. Олар машина құрастыруда, автокөлік құрастыруда, өнеркәсіп құрылыстарында, дизайндарда және т.б. жобалық-құрылымдық жұмыстарды автоматтандыру үшін арналған. Мультимедиа ерекше перспективаларды ашық білім беру мен қашықтан оқыту үшін ұсынады.
Мультимедиалық оқу мәліметтерінің әр типінің интеграциясы, икемділігі және интерактивтілі қасиеттерінің арқасында, және де қатысушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру және олардың мотивацияларын көтеруге көмектесу мүмкіндіктерінің арқасында мультимедиа өте пайдалы және жемісті оқыту технологиясы болып табылады.
Ақпаратты ұсынудың басқа құралдарымен салыстырғанда сандық мультимедианың маңызды артықшылықтарының бірі болып интерактивтілікті ұсынуы болып табылады. Интерактивтілік дегеніміз қолданушының сұраныстарына жауап ретінде ақпаратты ұсыну үрдісін білдіреді. Интерактивтілік анықталған аралықта ақпаратты ұсынуды басқару мүмкіндігін береді: оқушылар баптауларды өздігімен өзгерте алады, нәтижелерді қарастыра алады және қолданушының нақты қалаулары туралы программа сұраныстарына жауап қайтара алады. Олар сонымен қоса материалдың ұсынылу жылдамдығын және олардың жеке тұлғалық академиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратындай қайталау сандарын орната алады. Және де, мультимедиалық АКТ құралының басқа, адамның белсенді қатысуын талап етпейтін, ақпаратты ұсыну құралдарынан айырмашылығы – оның қатысушылардың қажеттіліктеріне бағдарланған пайдаланушымен өзара қарым-қатынасты ұсыну мүмкіндігіне ие болуы.
Мультимедиа технологиялары мультимедиалық ақпараттың көптеген түрлерін үйлесімді және саналы үйлестіру мүмкіндігін береді. Бұл компьютердің көмегімен мәліметтерді төмендегідей түрлі формаларда ұсыну мүмкіндігін береді:

  • кескіндер, олармен қоса сканерден өткізілген фотосуреттер, сызбалар, карталар және слайдтар;

  • дауыс жазбасы, дыбытық әсерлер және музыка;

  • бейне жазба, күрделі бейне әсерлер және анимациялық түрлендірулер;

  • анимациялар және симуляциялар

Ереже бойынша, әдемі суреттермен және анимациялармен сүйемелденетін презентациялар, статикалық мәтіндерге қарағанда, визуалды түрде тартымдырақ болады және олар, ұсынылған материалды толықтыратын, лайықты эмоциялық деңгейді ұстана алады. Мультимедиа түрлі оқыту стилдерінің мазмұнында қолданыла алды және оны түрлі адамдар қабылдай алады: кейбір студенттер оқу арқылы білім алғысы келсе, басқалары – есту арқылы, енді біреулері – бейнетүсірілімдер арқылы және т.с.с. оқуды қалайды. Сонымен қоса, мультимедианы пайдалана отырып, студенттер оқу материалымен әр түрлі жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады – материалды қалай меңгеретіндігін, қосымшаның интерактивті мүмкіндіктерін қалай пайдаланатындығын, және де өзінің әріптестерімен ортақ жұмыстарын қалай жүзеге асыратындығын студент өзі шешеді. Сонымен, студенттер ашық білім беру немесе қашықтан оқыту үрдісінің белсенді қатысушылары болып табылады.
Студенттер өзінің дербес мүмкіндіктері мен қалауларына оқу үрдісін икемдей отырып, оған әсер ете алды. Олар өзін қызықтыратын материалды қарастыра алады, бір материалды керегінше бірнеше рет қайталай алады және бұл олардың дербес қабылдауының көптеген тосқауылдарын жоюға көмектеседі. Сонымен, сапалы мультимедиа құралдарын пайдалану ашық білім беру мен қашықтан оқыту үрдісін, студенттер арасындағы әлеуметтік және мәдени айырмашылықтарына, олардың дербес стильдеріне және оқу қарқынына, олардың қызығушылықтарына қарағанда, икемдірек ету мүмкіндігін береді Мультимедиалық қосымшалар ортақ білім алуды жеңілдету үшін де пайдаланыла алады. Студенттердің кішігірім тобы бір мультимедиалық қосымшамен бірігіп жұмыс істей алады. Бұл олардың әріптестермен диалогтық дағдысын дамытады. Мультимедианы пайдалану ашық білім беру мен қашықтан оқытудың бірден бірнеше аспектілеріне кері әсер етуі мүмкін. Біріншіден, мультимедиа ақпаратты қабылдау және жете түсіну сияқты оқытудың когнитивті аспектілерін ынталандырады. Екіншіден, қатысушылардың мотивтерін көтере алады. Үшіншіден, мультимедиа оқып үйренушілердің коллективті тану мен ортақ жұмыс дағдыларын дамытуға көмектесе алады. Төртіншіден, оқу мультимедиа құралдары қатысушылардың тереңірек білім алуын теориялық тұрғыдан дамыта алады, сонымен қоса, тереңірек түсінуді қалыптастыруға көмектесе алады. Мультимедиалық өнімдер білім берудің әр түрлі аспектілері үшін кең көлемді мүмкіндіктерді ұсынады. Ашық білім беруде қолданылатын мультимедиа құралдарының негізгі артықшылықтары мен мүмкіндіктеріне келесілер жатады:

  • оқу үрдісінде оқып үйренуші бірнеше қабылдау арналарын бірмезгілде пайдаланады, соның негізінде бірнеше түрлі сезім мүшелері арқылы алынатын ақпараттың интеграциясына қол жетеді;

  • күрделі шынайы эксперименттер жүргізу мүмкіндігі;

  • үрдістерді динамикалық ұсынудың негізінде абстрактілі ақпаратты визуализациялау;

  • оқу материалын қатысушының интерпретациясымен байланыстыра және қарастырылатын материалды кең көлемдегі тарихи, қоғамдық, оқу контексіне көмкерлей отырып, қатысушылардың интерпретациясы мен когнитивті құрылымын дамыту мүмкіндігі.

Ашық білім беру жүйесінде пайдаланудың көзқарасы бойынша маңызды болып келетін мультимедианың басты сипаттамасының бірі-мультимедиалық қосымшалардың интерактивтілігі болып табылады.

Ашық білім беруде мультимедиа жүйелерін пайдалану кезінде мультимедиа оқу құралы және байланыс құралы ретінде қарастырылуы мүмкін екендігін ұмытпағанымыз жөн. Түрлі ашық академиялық контекстерде мультимедиалық өнімдер және Интернет қызметтері, қатысушылардың дайындық деңгейі, білім беру мен желілік технологияларға негізделген қоғамның жаңа қажеттіліктеріне сәйкес келуі үшін жасампаз дағдыларды қалыптастыруда да, сыни ойлау қабілетін дамытуда да қолданылуы мүмкін. Сонымен қоса, мультимедиа құралдары нақты пәндік аймақтарда да, бірнеше пәндік аймақтардың түйіскен жеріндегі пәндерде де ашық білім беру үрдісін жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін.
Ашық білім беру жүйесінің тиімділігіне, оқу үрдісі өтіп жатқан орта да айтарлықтай дәрежеде әсер етеді. Бұл түсінікке оқу үрдісінің құрылымы, оның шарттары мен қол жетерлігі (қоғам, кітапхана, мультимедиалық ресурстардың орталықтары, компьютерлік зертханалар және т.б.) жатады. Бұл мағынасында мультимедиалық қосымшалар, ашық білім берудің көптеген жоспарларында қолданылатын көптеген мүмкін болатын білім беру аймақтары ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ашық білім берудің жоспарларында оқып үйренушілер зерттелетін пәндік аймақ туралы ойланады және өздерінің әріптестерімен және оқытушыларымен, оқу барысын және нәтижелерін талдай отырып, диалогқа түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет