Қазақстан республикасының бiлiм жәНЕ



бет4/30
Дата16.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#116517
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
лекция МПИ

Колданбалы білім берудің мақсаты - оқушының ЭЕМ-дегі жұмыс нәтижесін практикалық мақсатқа қолдана білуге бағытталады. Практикалық мақсаты - оқушыларды ақпараттық қоғамға дайындауды, еңбекке баулуды көздейді.
Дамытушылық мақсаты-оқушының ақыл-ойын, шығармашылық қабілетін дамытуға, жеке тұлғасын қалыптастыруға және информатика пәніне қызығушылығын арттыруға бағытталған. Дамытушылық мақсаты оқушыларда бірін-бірі толықтырып отыратын логика-алгоритмдік және жүйелі-қисынды ойлау түрлерін дамытуды көздейді. Логика-алгоритмдік ойлаудың қасиетіне катаң логикалық тұжырым жасай білу, ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында индукциялық және дедукциялық ой қорыту, өзіне қажетті іс-әрекетті алгоритмдік тілде жаза білу іскерлігі жатады. Бұл көбінесе, толық емес индукцияға ұқсас ойлауда көрініп, компьютермен практикалық жұмыста маңызды роль атқарады. Ойлаудың алгоритмділігі дәлелдеуді қажет ететін пікірлерді қамтамасыз етеді. Ойлаудың бұл екі түрін бір-бірінен ажыратуға болмайды, оларды өзара тығыз байланыста болады деп қарастыру қажет.
Логика-алгоритмдік ойлау түрі берілгендердің қасиеттері туралы логикалық тұжырымдар жасау және іздеу жүйелеріне сұраныстар беру арқылы қалыптасады. Оған компьютерде жұмыс істеуде кездесетін қиындықтарға талдау жасау, пікірлерді формальдандыру, оларды алгоритмдік тілде жаза білу іскерліктерін дамыту мәселелері жатады. Мұнда логикалық тұжырым жасай білу мен оны компьютерде өңдеу -қажеттілігі үнемі сақталады.
Ұғымдар арасындағы пәнішілік, пәнаралық байланыстарды көре білу мұғалімнің жүйелі ойлайтындығын көрсетеді. Ал, ойлаудың қисындылығы болашақ мұғалімге оқытудың көптеген әдістері мен формаларының ішінен нақты жағдайға тиімділерін топтауға; оқушының білімді игерудегі жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасауға; басқа пәндерге компьютерді қолдануда оқыту мақсаттарын әртүрлі етіп тұжырымдауға; пәнішілік және пәнаралық байланыстарды іздеуге көмек береді.
Жүйелі-қисынды ойлау белгілеріне - заттар мен құбылыстарды тұтас, өзара тығыз байланысты құрылым ретінде қарастыру; болған жағдайларға объективті көзқараспен қарау; мектеп пәндеріндегі ұғымдарды өз орнымен қолдану жатады. Мысалы, "Алгебра және анализ бастамалары" пәнінде функция-сәйкестік, "Геометрия" пәнінде функция - қисық, ал "Информатика" пәнінде функция - берілген аргумент бойынша нәтижені есептеу алгоритмі. Сонымен, оқушы жүйелі-қисынды ойлауды қалыптастырудың нысаны болса, информатика мұғалімі үшін ол кәсіби шеберлікті дамытудың белгісі.
Информатика пәнінде казіргі кезде жүйелі-қиыстырылған ойлау түрі сирек қолданылады. Өйткені, оқу пәнінің жоғары, төмен, жалпы, теориялық секілді деңгейлерінің ара-жігі анықталмағандықтан пән мазмұнының байланысы оқушыға біртұтас жүйе ретінде көрінбейді.
Сондықтан, мектеп пәндерінде өтілген материалдарды
қайталау, еске түсіру, пысықтау сабақтарында компьютерді
көрнекі құрал ретінде пайдалану тиімді. Мысалы, геометрия
пәнінде оқушылардың көпшілігі кеңістік фигураларының
анықгамаларының, қасиеттерінің және қималарының
байланысын еске түсіруде қиналады. Мұндай кезде информатика
аралық пәннің ролін атқарады.
Мұғалім оқушылардағы бірін-бірі толықтырып отыратын логика-алгоритмдік және жүйелі-қисынды ойлау түрлерін дамыту мәселелеріне көңіл бөлуі қажет.
Информатика маманы алғашқы кезде сабақтарды әдістемелік тұрғыдан талдауда, оқыту мақсатын тұжырымдауда қиналуы мүмкін. Кейбір тәжірибелі мүғалімдердің өзі оқу материалын жақсы меңгергенімен оқытудың мақсатын анықтау кезінде қиындықтарға кездесуі мүмкін. Туындаған қиындыққа байланысты "өзім не білсем, соны оқытамын" - деген принципті ұстанып, оқытудың негізгі нысанынан ауытқып, оқыту мақсатын өз еркінше анықтаумен шектелген дұрыс емес. Сондықтан оқу процесіне компьютерді қолдану тиімді болғанымен, оның мектептегі басқа пәндерге қолданысын зерттеп, жүйелеу қажет.
Ол үшін:
1 сыныптан 11 сыныпқа дейін компьютер көмегімен оқытудың бағдарламалық жүйесін жасау;

  • мектеп пен университет арасындағы байланысты жетілдіру;

  • пәндерді оқытуда компьютерді көрнекі құрал ретінде қолданудың кешендік жүйесін жасау мәселелері зерттелуітиіс.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет