Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет12/45
Дата30.10.2022
өлшемі2,15 Mb.
#46201
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

бүгін, батыр - қорқақ) арқылы халық дамуының бір қалыпта, бір орында 
тұрып қалғанын, яғни оның статикалық күйін бейнелейді. Ал мекендік 
қатынасты білдіретін жатыс септігіндегі кісенде жаны сөзімен синкреттік 
тіркес жасағандықтан бірден назар аудартады да, бұл күйдің бір қалыпта 
тұрғандығын тіпті күшейте, әсерлі ете түседі, ал жан сөзін, яғни халық 
ұғымын анықтап тұрған ерікке ұмтылған ұшқыр тіркесі келесі шумақтағы 
қыран құс символына әкелетін баспалдақ іспетті. Эмоционалды-экспрессивті 
әсер-қуаты айқын қырқылды етістігін қос қанат поэтизмімен тіркестірген 
ақын образды, көркем түрде сол кездің тарихи, саяси-әлеуметтік шындығын 
көрсетеді: патшалық Ресейдің құзырындағы қазақ елі өз жерінен де, 
мемлекетінен де айрылған еді. Сол себепті де қаламгер халық туралы өз 
ойының шырқау шегі деуге болатын аса қуатты күндей күшті, күркіреген
эпитеттерімен анықтаған ел сөзін экспрессивті тынды жедел өткен шақтағы 
етістігімен тіркестіріп, халықтың статикалық күйдегі портретін өте көркем 
тиянақтайды. Осы шумақтағы ассонансқа құрылған жолдарда стильдік 
белгісі айқын сөздер, синонимдер, сөз семантикасының кеңеюі ақынның жан 
дүниесіндегі күйзелісті, дәрменсіздікті білдіреді. Мәселен, асқар – поэтизм; 
Алтай – барлық түркі жұртына ыстық биік тау аты; алтын – жарқыраған 
асыл, қымбат металл; ана - әр адамға өмір берген ең қымбатты да аяулы жан; 
ақын контексінде асқан сөзінің мағынасы кеңейгені байқалады, әдетте, 
батыр – елі, жері үшін жанын аямайтын асқан күш иесі, ал хан бүкіл 
жұртына билігін жүргізетін ақылы да, айласы да елден асқан жан екенін 
ескерсек, осы ұғымдарды қатар қойып, асқан жандар тіркесімен айқындап, 
жалпылауы бұл сөздердің тура мағынасына елден ерек күшті әрі ақылды 
көшбасшы деген мән үстегені даусыз. Сондай-ақ есте жоқ, ұмытылды 
синонимдері осы сөздік аямен (контекст, окружение) қабысып, ақынның сан-
алуан жан толқынысын көрсетеді, күйзеліс, шарасыздықпен қатар, өкініш, 
риза болмау, өткенді аңсау сияқты адам көңілінің аса нәзік толқыныстарын 
да байқататындай.
Өлеңнің үшінші шумағындағы жалпыадамзаттық құндылық атаулары – 
дерексіз зат есімдер жеке тұрып та экспрессоид бола алатынын зерттеушілер 
әр уақытта айтып жүр [51; 52]. Аталған сөздер ақынды да, оқырманды да 
түрлі ассоциацияларға жетелейді. Аллитерацияға құрылған жауыз тағдыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет