Қазақстан республикасының білім жәНЕ


тұрған мына кең дала – тірі адам)



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата30.10.2022
өлшемі2,15 Mb.
#46201
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы

тұрған мына кең дала – тірі адам), кейіпкерлерді (аспаннан түскен үшеу – 
жердегі жалғыз, жапанда қалған үшеу – есерсоқ жалғыз, неміс шпионы – 
жиырма төрт кісілік десант), прецедентті текстерді (Інжіл мен ВКП(б) 
қысқаша курсы) қарсы қоюдан байқалады. Автор өз кейіпкерлерінің 
әрқайсысын жеке-жеке сипаттап жатпайды, тек олардың іс-әрекетін көрсету 
арқылы астарлы түрде мінездеме береді. Кейіпкерлердің бірер сөзбен 
берілген портретіндегі коннотация (ұшқыш орыс; дөңгелек жылтырбет 
қазақ; қоңқақмұрын, көккөз, сірә, кавказдық гүжбан қара) олардың іс-
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


33 
әрекеті арқылы біртіндеп жағымсыз бояуы қоюланып (ұшқыш жер тебінді, 
ышқына зекірді, жерге түкірді, тіксініп атып тұруға айналған шомбал 
ұшқыш, ызалана бастаған, тапанша қабына қолы екі-үш рет барып 
қайтқан ұшқыш, ұшқыш жарылып кетті, ашулы ұшқыш, ұшқыш 
тістеніп; домалақ бет, мықыр қазақ, кінәлі қазақ), Стамбектің 
күнделігінде олардың шын бет-бейнесін танытатын эмоционалды-
экспрессивті сипаттаумен алмасады (Менің қандас туыстарым – озбыр мен 
жандайшап ажалға өздері сұранып тұрды; Үшінші – дағыстандық жігіт 
өте мейірбан адам екен). Автордың өз кейіпкерлеріне қарым-қатынасы да 
астарлы түрде берілген, яғни олардың әрқайсысын тек жалпы есіммен атау 
және Стамбектің оларға тіл қату реті арқылы көрсетілген: 
 Үй иесі манағыдай емес, өңі жылыған, бірақ сол үнсіз қалпы, босағада 
тұрған үлкен торсықты толғай пісіп, ағаш саптаяққа құйды да, гүжбан 
қараға әкеп ұсынды. Гүжбан қара қазаққа берді, қазақ – орысқа ұстатты. 
Келесі аяқ қазаққа ұсынылды – гүжбан қара ішті. Соңғы аяқ орысқа 
тартылды – қазақ ішті ..; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет