Қазақстан Республикасының Білім және



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата07.04.2017
өлшемі1,47 Mb.
#11278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2 - міндет. Тура жүгіру техникасын үйрету. 
Бұл  әдіс  алдымен  жүгіруді  кӛрсетуден,  содан  кейін 
техниканың  жекелеген    элементтерінің  дұрыс  орындалуына 
жағдай жасалады. 
Алдымен  ақырын  темпте,  содан  кейін  үйрене  келе  
жылдамдықты  арттыра    жүгіру  -  оқытудың  ең  басты  тәсілі 
болып саналады. 
Жүгірудің  техникасын  үйрету  барысында  жаттықтырушы 
мынадай басты талаптарды есте сақтауы тиіс: 
-
 
тура бағыт; 
-
 
сермелетін  аяқ  санының  алға  қарай  қозғалуымен  бірге 
итерілетін аяқтың толық түзелуі; 
-
 
вертикаль кезінде жіліншіктің сермейтін аяқты орауы; 
-
 
қолдың бос және батыл жұмысы; 
-
 
кеуде мен бастың тура қалпы; 
-
 
табанды  алдыңғы  бӛліктен  жерге  жылдам  және  жұмсақ 
қою қалпы. 
3 - міндет. Бұрылыс арқылы жүгіру техникасы. 
Бұл  техниканы  меңгеру  кезінде  стадионның  жүгіру 
жолында  радиусы  20-10  м  шеңбер  бойынша  әртүрлі 
жылдамдықтағы  жүгірістер  қолданылады.  Оқыту  барысында 
вираж арқылы дененің бұрылысқа қарай еңкеюін және бұрылыс 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

119 
 
жақтағы  емес    қолдың  кеңірек  және  кӛбірек,  яғни  денеге 
кӛлденең жұмыс істегенін қадағалау қажет. Кеуденің шеңбердің 
ішіне  еңкеюі  жүгірістің  жылдамдығына  және  бұрылыстың 
тіктігіне  байланысты.  Аяқ  табанын  бұрылысқа  қарай  ұшымен 
бұрған  жӛн.  Әрі  ішке  қарай  бұрылыс  жақтағы  аяқ  емес,  екінші 
аяқ  кӛбірек  бұрылады.  Бұрылыстан  кейін  тура  жүгіру  кезінде 
жылдамдықты  сақтап,  еркін  кең  құлашты,  адымды  жүгіріске 
назар аударған дұрыс. 
Бұл  әдістің  жетістігі  кӛбінесе  жаттығушылардың  тура 
жүгіруді қалай меңгергендеріне байланысты. Егер вираж арқылы 
жүгірген  қиын  түсіп  жатса,  онда  тура  жүгіру  жаттығуларына 
оралған дұрыс. 
4-міндет. 
Жоғарыстарт  және  старттық  шапшаңдық 
техникасын үйрету.  
Жоғары  старт  техникасын  үйрету  берілген  жүгіруді 
кӛрсетуінен  басталады.  Кейін  жүгірушіге    «Сӛреге!»,  «Марш!» 
командасы    кезіндегі  негізгі  тұрысы    және  старттық 
ұмтылысының ерекшеліктерін үйретеді.. Жаттығушылар тобына 
бірден  старттық  тұрысты  оқып  алған  дұрыс.  «Сӛреге!» 
командасы бойынша жаттығушылар бір немесе бірнеше қатарға 
тұрып,  старттың  басты  дене  тұрысын  сақтайды.  Оқытушы 
барлық жаттығушыларды қарап шығып, қажет болған жағдайда 
оларды 
дұрыстайды. 
«Сӛреге!» 
командасы 
бойынша 
жаттығушылар  белгілі  бір  бӛлікті  жүгіріп,  қайта  келеді. 
Үйренудің  алғашқы  кезеңінде  жаңа  бастап  жүрген  спортшылар 
тұрақты  дене  қалпын  сақтап  үлгеру  және  уақытылы  ыңғайлы 
қалыпта  белгі  арқылы  жүгіруді  бастау  үшін  алдыңғы  және 
орындалған командалардың арасындағы кідірісті созуға болады. 
Кейін бұл кідіріс қысқартылады . 
Сӛреден  шығу  және  сӛрелік  шапшаңдыққа  үйрету 
барысында  алдымен  жаттығушылар  жеке-жеке  жарысады. 
Оқытушы 
қашықтыққа 
жүгіруге 
кӛшкенде 
қолдардың 
жұмысына,  белсенді  итерілуіне,  еңкеюдің  сақталуына  және 
кеуденің дер кезінде тіктелуіне  назар аударады. 
5-міндет. Мәреге жету техникасын үйрету. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

120 
 
Мәреге жету  – бұл жылдамдықты азайтпай соңғы 10-15 м 
қашықтықты  ӛтетін  жүгіріс.  Мәреге  жету  техникасының 
таныстырылуы мәре жолағын кесіп ӛту тәсілін  баяндау арқылы 
және жүгірушінің ӛзіндік қалпын кӛрсету арқылы ӛтеді. Мәрелік 
ырғудың  техникасын  үйрету  кеуденің  алға  еңкеюі  мен  қолды 
артқа бұрып жіберуден және аяқты алға қоюдан басталады. Бұл 
қозғалыстарды кеуденің бұрылысымен, мәре жолағын оң немесе 
сол иықпен қиып ӛту арқылы орындауға болады, бірақ секірмеу 
және  құламау  керек.  Жүрістегі  мәрелік  ырғудың  дағдысын 
меңгеріп алған соң, оны үйренуге кӛшуге болады. 
6-міндет.  Жалпы жүгірістехникасы  мен  жаттығушылардың 
жеке ерекшеліктерін жетілдіру. 
Орта  және  ұзын  қашықтыққа  жүгіру  техникасыноқыту 
барысында  жаттығушылардың  жеке  ерекшеліктерін  анықтап, 
олардың  жалпы  жүгіру  техникасын  жетілдіру  жолдарын 
айқындау қажет. 
Жетілдіру  барысында  физикалық  дайындығының  деңгейін 
арттыруына  және  жүгіру  техникасындағы  қателіктерді  жоюға 
кӛмектесетін арнайы дайындық жаттығуларына кӛп кӛңіл бӛлген 
дұрыс. 
 
Қысқа қашықтыққа жҥгіру техникасын ҥйрету 
әдістемесі. 
 
1-міндет.  Жүгіру  ерекшеліктерімен  таныстыру  және 
жаттығушыларға  қысқа  қашықтыққа  жүгіру  техникасына 
байланысты дұрыс құралған кӛрсетілім ұйымдастыру. 
Бұл мәселені шешу үшін жаттығушылар шамалы және орта 
жылдамдықпен 60-100 м жүгіріп ӛтулері қажет және анықталған 
қателіктерді  белгілеу  керек.  Жүгірудің  қайталау  саны  әрбір 
жаттығушыға  әр  түрлі  болуы  мүмкін.  Ол  жаттығушының  ӛзіне 
тән қашықтықты қалай жылдам жүгіріп ӛтуіне байланысты. Сол 
уақытта жүгірген кезде қайталанған қателіктер анықталады. 
Жаттығушыларды  жүгірудің  рационалды  техникасымен 
таныстыру 
мақсатында 
кӛпшілік 
мақұлдаған 
тәсілдер 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

121 
 
қолданылады:  түсіндіру,  жанды  кӛрсетілім,  фотосуреттерді, 
бейнебаяндарды, суреттерді кӛрсету. 
2-міндет.  Тура қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету. 
Бұл  мәселені  шешуінің  басты  құралы  болып  әр  түрлі 
қашықтықтағы  (60-100м)  шамалы  және  орта  жылдамдықпен 
ӛтілген  дүркінді  жүгірістер:30-40  метрге  арнайы  жүгіру 
жаттығулары  –  санды  жоғары  кӛтеріп  жүгіру,  сирақты  лақтыру 
жүгірісі,  секіру  қадамымен  жүгіру.  Осы  жаттығулардың 
барлығы  еркін,  бірте-бірте  үдемелі  жиілікпен,  соңынан    кәдімгі 
жүгіріске ӛту арқылы орындалады. Арнайы жүгіру жаттығулары 
алдымен  жеке,  содан  кейін  бүкіл  топпен  орындалады.  Бұл 
жаттығуларды  қайта-қайта  орындаған  кезде,  әрбір  сабақта 
жүгіру 
техникасындағы 
қателіктер 
жойылады: 
санның 
жеткіліксіз  кӛтерілуі,  итеру  кезіндегі  аяқтың  толық  түзелмеуі, 
кеуденің  артық  иілуі  немесе  ауытқып  кетуі,  шынтақтың 
кеудеден алыс орналасуы және т.б. 
Әрбір жаттығудан кейін басты қателіктерге назар аударып, 
келесі  қайталауда  сол  қателіктерді  жойған  жӛн.  Жӛнсіз  3-4 
қателіктерді бір уақытта кӛрсету қажет, себебі жаттығушы ӛзінің 
айтарлықтай  қателіктеріне  ден  қойып,  жою  керек,    әйтпесе 
жүгірудегі кемшіліктері жойылмай қалады. 
3-міндет. Бұрылыс бойынша жүгіру техникасын үйрету. 
Бұрылыс  бойынша  жүгіру  техникасынының  негізгі 
жаттығулары  жүгіру  алаңының  бұрылыстарында  50-80  метрге  
жылдамдықпен    жүгіру.  Алдымен,  жаттығулар  шеткі  (6-8) 
жолдарда, кейін 1-2; әртүрлі жылдамдықпен шеңбер радиусы 20-
10 м жүгіру; қол қимылдары. 
Үйрену барысында кеуденің бұрылыс ортасына дер кезінде 
иілуін  және  қимылдардың  еркіндігін,  аяқ-қол  жұмысының 
ӛзгеруін бақылау қажет. 
4-міндет.  Тӛменгі  старттың  және  старттық  екпіннің 
техникасын үйрету. 
Үйретудің 
басты 
тәсілдері: 
старттық 
қалыптардықалыптастыру  дағдысы;  «Сӛреге!»,  «Дайындал!» 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

122 
 
командаларын    қалыптардың  әртүрлі    орналасуымен  (ұзындық 
және ені бойы) орындау. 
5-міндет. Мәреге жету техникасын үйрету. 
Оқыту  мәреге  жету  мағынасын  түсіндіруден  және  мәреге 
кеудемен және иықпен жетудің амалдарынан басталады:. Басты 
тәсілдер:  мәреге  жету  кезіндегі  30-40  метрге  жылдам  жүгіру; 
мәре  қақпасына  қарай  қолды  артқа  жіберіп  әртүрлі 
жылдамдықпен алға қарай еңкею; әртүрлі жылдамдықтағы жүріс 
пен  жүгіру  кезіндегі  мәре  қақпасына  иықпен  бұрылып    алға 
ырғу.Мәренісәтті  меңгеру  үшін  жаттығуларды  алдымен  ӛз 
бетінше, кейін топтасып орындаған дұрыс. 
6-міндет. 
Жүгіру 
техникасын 
жалпы 
және 
жатттығушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып  
үйрету. 
Жалпы  жүгіру  техникасын  меңгеру  кезеңінде  үйрену 
техникасын  егжей-тегжейіне  дейін  нақтылып  және  дұрыс 
дағдыларды  бекітуқажет.  Ӛз  қимылдарын  бақылай  отырып, 
еркін  жүгіруге  қол  жеткізген  маңызды.  Техниканы  жетілдіру 
кезінде  арнайы  жаттығуларды  кӛп  мӛлшерде,  олардың 
қиындығын біртіндеп арттыра отырып қолданған дұрыс. 
 
Эстафеталық жҥгіру техникасын ҥйрету әдістемесі. 
 
Эстафеталық  жүгіру  жеңіл  атлетиканың  командалық  түрі 
болып  саналады  және  оның  түрі  ӛте  кӛп.Эстафетадағы  сәттілік 
кӛптеген себептермен байланысты, ең бастысы ол – эстафеталық 
таяқты жоғары жылдамдықпен тапсыру және қабылдау. 
Эстафеталық 
жүгірістің 
кәдімгі 
жүгірістен 
еш 
айырмашылығы жоқ. Эстафеталық жүгіріс техникасын үйретуді 
қысқа қашықтықтағы жүгірісті меңгеріп алғаннан кейін бастаған 
жӛн. 
1-міндет.Эстафеталық жүгіру техникасымен таныстыру. 
Эстафетаны тапсыру жайлы кӛрсетілім эстафеталық жүгіріс 
түрлерін  баяндаудан,  түсіндіру  және  эстафеталық  таяқты 
―астынан‖  және  ―үстінен‖  тәсілдерімен  20-метрлік  аймақта 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

123 
 
жоғары  жылдамдықпен  тапсыру  техникасын  кӛрсетуден 
басталады.  Содан  кейін  эстафеталық  жүгірудің  негізгі 
ережелерімен таныстыру қажет. 
2-міндет.Эстафеталық  таяқшаны  тапсыру  техникасын 
үйрету. 
Эстафеталық  таяқшаны  тапсыру  жұптасып,  алдымен 
орнында,сосын жүрісте және    шағын жылдамдықтағы жүгірісте 
ӛткізіледі.  Сол  мақсатпен,  жаттығушыларды  бір-бірінен  1-2  м 
ара қашықтықта екі қатарға, қай қолымен эстафеталық таяқшаны 
беруіне  байланысты  оңға  не  солға  сап  түзейді.  Оқытушының 
командасы бойынша бірінші қатарда тұрған жаттығушылар түзу 
сол  (оң)қолын  артқа  апарады,  ал  екінші  қатарда  тұрған 
жаттығушылар  командадан  кейін  аз  кідірістен  кейін  таяқшаны 
тапсырады. 
Содан  кейін  жаттығушылар  бұрылып,  орындарымен 
ауысады. Сол қолдан оң қолға тапсырып жатқан кезде, тапсыру 
қатарындағы жаттығушылар жарты қадамға оң жаққа ауысады. 
Бұл  қозғалыстарды  меңгеріп  алған  соң,  таяқты  тапсыру 
жүгірісте  жасалады:  қабылдаушы  оқытушының  командасы 
бойынша  қолын    таяқты  алу  үшінсозады,  ал  тапсырушы  қабыл 
даушы  дайын  болғанда  команда  бойынша  эстафеталық 
таяқшаны қолына береді. 
 
Бүкіл  жаттығуларды  бастар  алдында  команданы  оқытушы 
береді,  кейін  –  эстафеталық  таяқшаны  тапсырушы.  Бұл  оқыту 
кезеңінде  таяқшаны  қабылдаушылар  эстафетаны  тапсыру 
уақытында  бастарын  бұрмағандарын,  қол  мен  таяқшаны  беру 
қалпын  қадағалағандары  жӛн.  Сондай-ақ,  қолды  артқа  жіберіп 
жүгіруге  болмайды,  ал  таяқты  тапсырушылар  асықпағандары 
дұрыс,  қолдарын  эстафеталық  таяқшадан  командаға  дейін 
немесе  командамен  бір  уақытта  созбағандарын  бақылаулары 
керек. 
Бұл  қателіктердің  себептерін  түсіндіріп,  оларды  жою 
жолдарын кӛрсету қажет. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

124 
 
3-міндет.Эстафеталық  жүгіру  кезіндегі  старт  техникасын 
үйрету. 
Старт техникасын меңгеру үшін жаттығушыларды бір қолға 
сүйену қалпында стартты қабылдауларын үйрету керек  
Жарысқа  кірісуші  сол  аяғын  алға  қойып,  оң  қолына 
сүйенеді,  ал  сол  қолы  жоғары  артқа  апарылады.Басын  тӛмен 
түсіріп,  жүгіруші  серіктесінің  бақылау  белгісіне  жақындауын 
бақылайды. 
Қабылдаушының  жолдың  сыртқы  сызығы  бойынша  екінші 
және  тӛртінші  кезеңдерінде,  ал  ішкі  сызық  бойынша  үшінші 
кезеңде жүгіргенін бақылау қажет. 
Жарысқа  кірісуші  таяқшаны  шынашақ  және  кішкентай 
саусақпен  тӛменгі  жағынан  ұстайды.  Қолды  старттық  сызыққа 
қою  қажет,  жерге  бас  бармақпен,  ал  екінші  жақтан  –  ортаңғы 
және  сұқ  саусақпенсүйенеді.  Қолды  жерден  алған  соң, 
эстафеталық таяқты бүкіл саусақтармен ұстау қажет. 
Жаттығушылар  старт  техникасын  меңгеріп  алған  соң, 
серіктесін  бақылау  және  бақылау  белгісін  пайдалану  стартына 
кӛшуге болады. 
Әр  жаттығушылар  жұбына  бақылау  белгісі,  жылдамдықты 
ескере  отырып    жеке  таңдалады.  Бұл  қашықтық  8-11  метрге 
сәйкес келеді және бірнеше рет жүгіруден кейін таңдалады. 
Фора  кӛлемін  анықтау  үшін  1  кестені  қолдануға  болады. 
Бұл кестеде спортшылардың нәтижелері есептеледі. 
 
Бақылау белгісіне дейінгі қашықтықты есептеу 
 
Қабылдаушы 
жүгірушінің 26м(с) уақыты 
 
Тапсырушы 
жүгірушінің 
соңғы 25 м (с) уақыты 
2,5 
 
2,7 
3,0 
3,2 
3,5 
3,7 
10,0 
12,0 
7,4 
9,3 
4,2 
5,8 
2,3 
3,9 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

125 
 
4,0 
4,2 
4,4 
4,6 
15,0 
17,0 
19,0 
21,0 
12,0 
13,9 
15,7 
17,6 
8,3 
10,0 
11,7 
13,3 
6,5 
7,8 
9,4 
10,9 
 
4-міндет.  Эстафеталық  таяқты  20-метрлік  зонада  жоғары 
жылдамдықпен тапсыру техникасын үйрету. 
Бұл міндетті шешудің негізгі құралы эстафетаны бірте-бірте 
ұлғайған жылдамдықпен зонада дүркінді жүгіріспен тапсыру. 
Бақылау  белгісіне  дейінгі  ара  қашықтық  осы  жүгірістердің 
барысында  нақтыланады.  Эстафета,  тапсыру  зонасының  екінші 
жартысында,  жоғары  жылдамдықпен,  жарыстың  ережелерін 
сақтау арқылы тапсырылады. 
Эстафеталық  жүгірісінің  басқа  түрлерінде,  эстафеталық 
таяқшаны  тапсыру  жеңілдеу  болып  келеді,  себебі  жарысқа 
қатысушылардың  жүгіріс  жылдамдығы  тӛмен.  Эстафетаны 
қабылдаушы ӛзінің жылдамдығы мен серіктесінің жылдамдығын 
соңғы 
10 
м 
қашықтықта 
салыстыруы 
қажет. 
Егер 
тапсырушының  жылдамдығы  тӛмен  және  тӛмендей  берсе,  онда 
эстафетаны  тапсыру  зонасының  басында  қабылдаған  абзал,  ал 
егер  тапсырушының  орнықты  жылдамдығы  сақталса,  онда 
қабылдау, тапсыру зонасының екінші жартысында жасалады. 
5-міндет.  Эстафеталық  жүгіріс  техникасын  тұтас  үйрету 
және оны жетілдіру. 
Эстафеталық  таяқшаны  жоғары  жылдамдықта  тапсыру 
кезіндегі  қиындық  эстафеталық    команданың  жоғары  нәтижеге 
жетуінде шешуші рӛл атқарады. 
Эстафеталық  таяқшаны  беру  кезіндегіжақсы  техникада 
нәтиже  басқа  100  метрге  жүгіруге  қатысатын  командалардың  
нәтижелеріне  қарағанда  2,5-3  с  кӛп  болады.4х100  м 
эстафетасына  жүгіру  үшін  команда  құру  кезінде  мынадай 
ерекшеліктерді  ескерген  жӛн:  жүгірушілер  жүгірудің  бірінші 
және  тӛртінші  кезеңдерінде  110  м  жүгіреді,  ал  екінші  және 
үшінші кезеңдерінде жүгірушілер 120 м жүгіреді. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

126 
 
Сондықтан,  бірінші  кезеңге  тӛменгі  старт  техникасын 
жақсы  меңгерген  және  бұрылыстарда  тез  жүгіре  алатын 
жүгірушілерді қою керек. 
Екінші  кезеңде  жоғары  деңгейдегі  арнайы  шыдамдылығы 
бар  және  эстафеталық  таяқшаны  қабылдау  және  беру 
техникасын жақсы меңгерген жүгірушіні қою керек. 
Үшінші  кезеңдегі  қатысушы  айтылған  қасиеттерден  басқа 
бұрылыстарда жақсы жүгіру қажет. 
Тӛртінші кезеңге жылдам, эмоционалды және 100 м жүгіру 
кезінде  ең  жоғарғы  нәтижеге  ие  болған  жылдам  жүгірушіні 
қойған дұрыс. 
Эстафеталық 
жүгіру 
техникасын 
меңгерген 
кезде 
эстафетаның 
барлық 
дистанцияларын 
максималды 
қарқындылықпен жүгіріп ӛту ӛте маңызды. 
 
 
Тосқауылды жҥгіру техникасын ҥйрету әдістемесі. 
 
Тосқауылды  жүгіру  жеңіл  атлетиканың    ең  бір  айырықша 
күрделі  түрі  болып  саналады.  Бұл  жүгірудің  күрделілігі 
жүгіруші нақты ырғақты және старттан соңғы тосқауылға дейін 
қадамдардың  ұзындығын  айқын  сақтап,  артық  вертикалды 
ауытқуларға  жол  бермеу,  жақсы  қозғалыстардың  үйлесімдігіне 
ие  болу,  жамбас  буынында  күш  пен  ептілік,  икемділік  пен 
шапшаңдық болуы керек. 
1-міндет.Тосқауылды жүгіру техникасымен таныстыру. 
Таныстыруды  жүгіру  техникасын  қашықтықта  кӛрсетуден 
бастаған дұрыс. 
Жүгіру  техникасын  2-3  рет  кӛрсеткен  жақсы,  содан  кейін 
жаттығушылардың  ӛздеріне  ӛз  беттерінше  бірнеше  рет  биіктігі 
40-50  см    2-3  тосқауылдардан  және  7-8  м  қашықтыққа  жүгіруді 
ұсыну  керек.  Тосқауылды  жүгіру  техникасын  кӛрсету 
барысында  жаттығушылардың  тосқауылға  батыл  жүгіріп 
келуіне,  тосқауылдан  секіру  және  тосқауылды  жеңу  мен 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

127 
 
жүгірудің  арасындағы  ырғақтың  арақатынасына  кӛңіл  бӛлген 
дұрыс. 
2-міндет.Тосқауылды жеңу техникасын үйрету. 
Тосқауылды  жүгіру  спортшыдан  жақсы  ептілік  пен  жамбас 
буының шапшандылығын талап етеді. Сондықтан, бұл мәселені 
шешпей  тұрып,  жаттығушыларды  бұлшықеттің  ептілігі  мен 
икемділігіне бағытталған жаттығулармен таныстыру қажет. 
1.
 
Бір  аяқпен  тіреліп  тұрып,  басқа  аяқпен  алға  және  артқа 
сермеу . 
2.
 
Сүйенішке бетпен тұрып, түзу аяқпен оң және сол жаққа 
сермеу жасалады. 
3.
 
Алға еңкейіп жүріп және қолды жерге жеткізу. 
4.
 
Алға  қарай  ұмтылу  және  кеудемен  серіппелі  теңселу 
жасау, содан кейін алға қарай еңкейіп, шынтақпен жерге 
жету керек. 
5.
 
Гимнастикалық  қабырғаға  арқамен  тұрып,  тізені  бүгіп, 
табанның ұшын турникке жеткізу керек. Жамбасты алға 
шығарып, белді бүгу керек. 
6.
 
Аяқтарды  кең  қойып,  оң  және  сол  аяқпен  кезектесіп 
серіппелі тербеліп, жүрелеп отырып тұру керек. 
7.
 
―Тосқауылды қадам‖ қалпына отыру (сермейтін аяқ алға 
қарай созылған, итеретін аяқтың табаны бүгілген). 
8.
 
Алдыңғы  жаттығудағыдай  бастапқы  қалып  сақталады. 
Қолмен  жерге  тіреліп,―кең  қадам‖  қалпын  қабылдап, 
жоғары  қарай  кӛтерілу.  Табанды  жерден  алмай, 
―тосқауылды қадам‖ қалпына ауысу. Итерілетін аяқ алға 
қарай созылған, ал сермейтін аяқ арт жақта. 
9.
 
Аяқты  табанмен  гимнастикалық  ―атқа‖,  тосқауылға 
немесе басқа тірекке қою, алға қарай еңкею. 
10.
 
Тосқауылға,  гимнастикалық  қабырғаға  немесе  ―атқа‖ 
бүйірмен  тұрып,  тізеден  бүгілген  аяқты  тірекке  қою. 
Кеудемен  екінші  аяқ  жаққа,  сосын  иық  пен  қолды  бір 
уақытта қарама қарсы тұрған аяқ жаққа алға-тӛменеңкею 
керек. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

128 
 
Бұл  жаттығулар  бара-бара  күрделенеді.  Жаттығушылар 
біртіндеп  бүкіл  аталған  жаттығуларды  меңгеріп  алулары  керек. 
Келесі  жаттығулар  барысында,  жүгірушілер    тосқауылды 
ептілікті меңгерген кезде, жаттығу саны мен қайталау саны азая 
түседі. 
 Ептілік 
пен 
бұлшықеттің 
икемділігіне 
қарай 
жаттығушылар кедергіні жою техникасын үйренуге кӛшеді. 
Қорытынды 
жаттығуларды 
тосқауылды 
жүгірудегі 
қимылдарды орындау керек.. 
Бірінші  кезекте  аяқпен  серпу  және  қиындыққы  кіру 
техникаларын меңгерген дұрыс. 
1.
 
Гимнастикалық  қабырғаға  немесе  кедергіге  арқамен 
сүйеніп  тұрып,  кедергінің  үстінде      сермейтін  аяқпен  кӛтерілу 
және  оны  тіктеу  жасалады.Сосын  аяқты  бастапқы  қалпына 
келтіреді. Тіреніш аяқты бүкпеу керек.Тосқауыл жүгірушіден 1-
1,20 м жерде тұруы керек. 
2.
 
Тосқауылдардың  арасында  тұрып  және  оларға  қолмен 
сүйеніп, жамбасты алға беріп, сермейтін аяқты кӛтеру керек. 
3.
 
Итеретін  аяқпен  секіріп,  секірген  сайынсермейтін  аяқты 
тізе  буынынан  бүгіп  жәнежазып,  тік  бұрышта  ұстау 
керек.Итеретін аяқ бүгілмейді. 
4.
 
Жаттығуды  жасаған  кезде,  сермейтін  аяқтың  жамбасы 
бірнеше  рет  ―аттың‖  деңгейінен  жоғары  кӛтерілгенін,  содан 
кейін  тізе  буынынан  толық  тіктелуіне  кӛңіл  бӛлген  дұрыс.  Қол 
бір  мезгілде  сермелетін  аяққа  «лақтырылады»    және  кеудемен 
еңкейеді. Бірте-бірте жаттығу күрделенеді. 
Кейін  үйрету  барысында  итеретін  аяқ  жұмысының 
техникасын меңгеру үшін қорытынды жаттығулар қолданылады. 
1.  Тосқауылдың  кӛлбеу  беткі  жағын  итеретін  аяқтың 
табанымен сырғанау. 
2.  Қолмен  гимнастикалық  қабырғаға  немесе  тосқауылға 
тіреліп,  тосқауыл  арқылы  итеретін  аяқты  ауыстыру.  Бұл 
жаттығуларды  орындаған  кезде,  сүйенетін  аяқтың  тізесі 
бүгілмегенін қадағалау қажет. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

129 
 
3.  Бір-бірінен  50-60  см  қашықтықта  тұрған,  әр-түрлі 
биіктіктегі  екі  тосқауылдан  итеретін  аяқты  бір  бүйірден 
ауыстыру. 
Келесі  жаттығулар  сермейтін  және  итеретін  аяқ 
қозғалыстарын  және  кедергіден  шығуды  үйрену  үшін 
қолданылады. 
       1.  ―Үлкен  қадам‖  қалпында  ―атқа‖  отырып,  бір  уақытта 
сермейтін аяқты түсіріп, снаряд арқылы итеретін аяқты апару. 
        2. Аяқты тосқауылдың үстінде ұстап , тосқауылды итеретін 
аяқта ―түрегеп тұру‖ қалпында бағындыру. 
Жаттығуды  орнында  және  тосқауылға  жақындағанда 
орындауға болады. 
3-міндет.  Жүгірудің  техникасы  мен  ырғағын  тосқауылдар 
арасында үйрету. 
Бұл  мәселені  шешу  үшін  жерге  биіктігі  50-60  см,  бір-
бірінен  7  м  қашықтықта  3-5  тосқауылдар  қойылады.  Старт 
сызығынан  бірінші  тосқауылға  дейінгі  қашықтық  7-7,5  м. 
Жаттығушылар  жоғары  старт  қалпынан  бірінші  тосқауылға 
дейін  4  қадам,  ал  кедергілер  арасынан  3  қадам  жасап, 
қашықтықты жеңулері қажет. 
Жүгіру  ырғағы  келесідей  болуы  керек:  бірінші  үш 
қадамның  уақыттары  бірдей,  ал  тӛртінші  жылдам.  Оқытушы 
дауыспен  немесе  шапалақпен  берілген  ырғақты  белгі  береді, 
мысалы: ―Бір, екі, үш – гоп! Бір, екі, үш – гоп!‖ 
Жүгіру  ырғағын  меңгеру  үшін  қадам  ұзындығы  бойынша 
жолды  белгілеп  шығу  керек.  Шамамен  арақатынасы  келесідей 
болуы керек: бірінші бӛлік 105 см, екінші – 130 см, үшінші – 150 
см, тӛртінші – 140  см, итерілу  орнынан тосқауылға дейін – 170 
см. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет